ШЖМ тәрбиеліе іс-шараларды ұйымдастыру
Шағын мектептегі тәрбие процесінің ерекшелігі мынадай жағдайлармен анықталады:
Тәрбие жұмысының сапасына тұрғындардың, мұғалімдердің, оқушылардың аздығы әсер етеді. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы, үйірме жетекшісі лауазымдары жоқ. Нәтижесінде мектеп балаларымен және ересек тұрғындармен тәрбие жұмысының орталығына айналады, ал мұғалім оны ұйымдастырушы және жүзеге асырушы. Ауылдық жерде өсетін балаларды өмір көбірек тәрбиелейді. Балалар әр жастағы ұжымдарда тәрбиеленеді. Жылы жүзділігімен, ашықтығымен, үйірсектігімен ерекшеленеді. Бірақ, кейбір балалар ашушаң, төбелесқор, ұстамсыз, ұқыпсыз, жауапкершілігі жоқ болып келеді.
|