Шжм – дағы білім сапасы көбінесе сыныптардың дұрыс жинақталуымен анықталады. Екі сыныпты бір сынып комплектіге жинақтағанда оқушылар саны 15 адамнан аспауы керек. Бірінші сынып оқушыларын, сондай-ақ мектепалды даярлық сыныптарын сынып- комплект құрамына қоспаған жөн. Бұл кезеңде баланың психофизикалық денсаулығына және мәнез – құлқына ықпалын тигізетін, психикалық қобалжуын күшейтетін жаңа жағдайға бейімделуі жүріп жатады.Білім беру мазмұны білім берудің жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік білім беру стандартымен анықталады. Шжм- ның үлгілік оқу жоспарының ерекшелігі- жас ерекшеліктері әр түрлі жастағыларды біріктірілген сынып кешендерде оқыту негізінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшелігін айқындау болып табылады, яғни вариативтік және оқушылық компонент сағаттарының көбейтілуін анықтайды. Қазіргі заманғы технологиялар дәстүрлі сыныптық- сабақтық жүйемен қатар білім беру процесінің баламалы нысандары мен әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Білім алушылардың оқу танымдық іс әрекеті оқу материалын өтудің және алынған нәтижелерді өлшеудің жеке білім беру бағдарламары мен технологиялық карталары арқылы басқарылатын арнайы ұйымдастырылған өзін – өзі оқытуды қарастырады. Шжм-нің білім беру процесін ұйымдастыруда республиканың барлық мектебін кең жолақты Интернетке қосуды талап ететін қашықтықтан және теле- оқыту мүмкіндіктерін пайдаланған орынды.