Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып 2 Мұнай және газдың қасиеттері





Мұнай мен газ кен орындарын игеру және оны пайдалану ісі шамамен алғанда бір ғасырға жуық уақыттан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде бұл байлық көзі туралы жинақталған тәжірибелер де аз емес. Осыған қарамастан мұнай, газ және олар тектес заттардың пайда болуы жайында деректер түбегейлі анықталып біткен жоқ деуге болады.

Физикалық шамаларды анықтайтын қысым, температура және тағы басқа факторлардың ықпалымен мұнай және газ бірінші физикалық күйден екіншісіне ауысып отырады. Заттардың бір – біріне түрленуі салдарынан сапа жағынан алғанда бұрын белгілі затттан басқа өзіндік ерекшелігі, қасиеті бар жаңа өнім пайда болды. Сонымен қатар мұнай мен газ өздері түзілген төл жыныстан бөлек басқа жынысқа ауысуға қабілетті. Осының бәрі мұнайдың пайда болуы жөніндегі зерттеуді қиындатады.

Қазір осы проблеманы шешу екі бағытта жүргізіліп отыр. Бірі – анограникалық бағытта ұсынса, екіншілері осы пайдалы қазбалардың органикалық пайда болуын жақтайды. Мұнай және табиғи газдың анограникалық пайда болуының негізгі қағидаларын 1877 жылы Д.Н.Менделеев тұжырымдаған, ол жоғары температура мен қысым жағдайында ауыр металдардың карбидтеріне қызған су буы әсер еткенде жер қойнауында көмірсутектері түзілуі мүмкін деген. Реакция нәтижесінде сұйық түрінде мұнай емес, көмірсутектерінің буы, яғни мұнай мен табиғи газдың құрамдас бөлігі пайда болады деген қағиданы ұсынған.

Мұнай мен табиғи газдың органикалық тұрғыда түзілуі жөніндегі болжамның негізін қалаған орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов болды. Ол 1759 жылдың өзінде – ақ мынадай тұжырымға келген: жер қойнауында оттегінің жеткіліксіздігінен хайуанаттар мен өсімдіктердің органикалық қалдықтары қысым мен температураның, бактериялардың катализаторлардың (сазбалшық және әк) әсерінен шіри бастайды. Басқаша айтқанда, органикалық қалдықтардың ыдырауынан мұнай мен газдың құрамдас бөлігі – көмірсутектері түзіледі. Өте ұп – ұсақ қосылыс түріндегі мұнай тау жынысына жайылып, сіңе бастайды. Уақыт өте келе шөгінді жыныстар біртіндеп қалыңдай түседі. Жинақталған жиынтық шөгінділердің қуаттылығының артатыны соншалық, мұнай үсті – үстіне тау қысымына ұшырайды. Тау қысымының әсерінен мұнай кеніші түзіледі. Ол бара – бара едәуір кеуекті (құм – тасты және әктасты) жынысқа ауысады.

Мұнай мен табиғи газдың органикалық тұрғыда пайда болуы жөніндегі көзқарасты дүние жүзі оқымыстыларының көпшілігі мойындап та отыр. Бұл болжам ғалымдарды мұнай мен газды шөгінді тау жыныстарының қалың қабаттарынан іздестіру ісіне қарай бұрды өйткені бұған қазіргі бізге белгілі деген мұнай және газ кен орындарының осындай шөгінді қабаттары, қатпар – қатпар тау жыныстарының терең қойнауынан табылып отырғаны дәлел.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 2292. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия