Студопедия — Тақырып 3 Магмалық тау жыныстары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып 3 Магмалық тау жыныстары






Жоспар:

1. Тау жыныстарының түрлерін үйрену жолдары

2. Геохронологиялық кестемен жұмыс жасау

 

Геология жердің құрамы мен құрылымын, оның табиғи дамуының тарихын және де ондағы тіршіліктен туып, өршуін зерттейді.

Жер бірнеше қабаттардан тұрады: сыртқы қабаты — жердің қабығы (5-70 км. тереңдікке шейін), мантия (2900 км. тереңдікте) және өзегі (6371 км.тереңде). Олардың әрқайсысының химиялық құрамы, физикалық қасиеттері және жағдайы әртүрлі.

Жер қабығы басқа қабаттарға қарағанда толығырақ зерттелгенде де, мантия мен өзегінің қүрамы мен құрылысы әлі де болса толық анықталмаған.

Жер қабығының үстіне су қабығы немесе (гидросфера) және ауа қабаты (атмосфера) орналасады. Гидросфера жер бетінің 7.1% аумағын жабады. Атмосфераның төменгі шегі кұрлық пен мұхиттың бетінен басталады да одан жоғары 1000 километрге дейін тарайды.

Жер қабығының құраушы Жер қабығы тау жыныстарынан қүралады да, олар минералдардан түзіледі.

Минералдар деп жер қабығының физика-химиялык табиғи процестерден пайда болған өзінің химиялық қүрамы мен физикалық қасиеттері түрақты қосындыларды айтады.

Жер қабығы - Жердің ең тысқы жіңішке қатты қабаты. Жердің 1%-дан кем көлемін құрайды. Қалыңдығы мұхиттердің астында 5 км-ден бастап, тау тізбектерінің астында 60 км-ге жетеді. Жер-іспетті планеталардың беті көбінесе қатты, астындағы жатқан тығыздығы жоғары тау жыныстарына дейін құрамы әртүрлі боп келеді деп, қабық боп саналады.

Минерал — әдетте табиғи түрде кездесетін, кристалдық құрылымы бар бейорганикалық зат.

Тау жыныстары - бір немесе бірнеше минералдардан құралып, жер қабығында өзіне тән геологиялық денелер түзеді.

Жаралу тегіне байланысты тау жыныстары магмалық, шөгінді және метаморфтық болып үш үлкен топқа жіктеледі.

Магмалық тау жъныстары - жер қойнауында болатын шикізатты балқыма-ерітіндінің (магма) жер бетіне жетіп (оны енді лава дейді) қатаюынан немесе жер қойнауында кептеліп кристалдануынан пайда болады. Магмалық жыныстар көбіне кристалды кұрылымды болып, нығыз, ұдайы өте қатты біркелкі массивтер түзеді. Олардың үлгісі ретінде тереңде кристалданған гранитті, немесе жер бетінде төгілген базальтты атаған жөн. Әрине, бұл жыныстар арасынан жан-жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтарының табылуы мүмкін смес.

Шөгінді тау жыныстары - жер бетінде су бассейндерінің түбінде органикалық және анорганикалық заттардың шөгуінен пайда болады. Байырғы жыныстардың экзогендік процестер әсерінен бұзылған түйіршіктері мен жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтары біртіндеп шөге келе қат-қабаттар түзеді. Шөгінді тау жыныстары жаралу тегіне байланысты үгінді (механикалық шөгінділер), химиялық (хемогенді), органогенді және аралас топтарға жіктеледі.

Үгінді жыныстар - тозып-бұзылған жыныстардың сынық-үгінділерінің шайылып, кейіннен бір тұста шөгуінен пайда болады.

Осылайша дөңбектастар, малтатастар, қүм және құмтастар, аргилиттер, балшық тақтатастар түзіледі.

Хемогенді жыныстар - тұздардың қанық ерітінділерінен немесе химиялық реакциялар әсерінен түнған заттар. Олардың басты топтары: әктаста р, кремнийлі, темірлі, галоидты,күкірт қышқылды тұздар.

Әктасты жыныстарға ізбестастар, оолитті ізбестастар, ізбесті туфтар, доломиттер т.б, жатады. Кремнийлі жыныстарға ыстық бұлақтар суынан тұнған кремнийлік туфты атауға болады. Сонымен қатар, яшмалар, тұнған кремнийлі тақтатастар соларға жатады.

Органогенді жыныстар өсімдіктердің, жәндіктердің азды-көпті қалдықтарынан тұрады. Ең жиі тарағандары: ізбестастар, қабыршақтар, ақ бор, трепелдер және каустобиолиттер.

Аралас тау жыныстары жоғарыда терілген жыныстардың қоспасынан тұрады. Мысалы — балшықты ізбестас, мергел, құмқұмайтты ізбестас, опокалар.

Метаморфтық тау жыныстары деп байырғы шөгінді, магмалық типті метаморфтық тау жыныстарының теренде батып өзгеруінен жаралған жыныстарды атайды. Осылайша өскен температура мен қысым әсерінен бұрынғы нығыз, сом магмалық жыныстар тақталанады, ал шөгінді жыныстар кристалл қүрылымды жынысқа көшеді.

Сонымен тау жыныстары әжептәуір өзгерістерге ұшырап, жаңа қасиеттерге ие болады. Бұлардың негізгі ерекшелігі жер қойнауындағы жойқын қысым мен температурадан құрылымы кристалдық, түзілімі тақталанған болуы. Көптеген метаморфтық жыныстардан кварциттерді, мәрмәрді, әртүрлі тақтатастардан, гиейстерді атаған жөн.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 2840. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия