Тау жыныстарының геологиялық жасы
Тау жыныстарының геологиялық жасын жыныс қабаттарының бір-бірімен кезектесіп алмасуын реттеу арқылы анықтайды. Органикалық қалдықтардың, құрылымы мен құрамын, тік және горизонталь бағыттардағы арақатынастарды реттеу арқылы ғалымдар жер жүзіне лайықты стратиграфиялық шкала жасаған. Ол жер қабығының дамуының басты-басты тарихи-геологиялық зандылықтарын меңзейді. Оған қоса және соған пара-пар геологиялық мезгілдің кезектесуін көрсететін геохронологиялық кесте де жасалды. Геохронологиялық кестенің әрбір бөлшектері организмдердің тасқа айналған қалдықтарымен межеленген. Бірақ та ең көне архей және протерозой эраларында организмдер қалдықтары өте сирек кездесетіндіктен ол екеуін кезеңдерге жіктеу қиынға соғады.
Кесте 3.1 Геохронологиялық кесте
НӘ /1, 2/, ҚӘ /1/ Бақылау сұрақтары: 1. Тау жынысы қандай топтарға бөлінеді 2.Тау жыныстарының геологиялық жасы 3. Геохронологиялық кесте кезеңдері
|