Тақырыбы: Бұрғылау әдістері
Жұмыстың мақсаты: Бұрғылаудың механикалық әдістерін таңдау Жұмыстың тәртібі: Ұңғы бұрғылауда жүргізілетін операциялар
Ұңғы бұрғылаудың неше түрлі әдістері бар. Ол әдістердің барлығы үлкен екі топқа бөлінеді: қашаулар қолданатын механикалық әдістер және қашаулар қолданбайтын физикалық-механикалық әдістер. Бұрғылаудыңмеханикалық әдістеріне мыналар жатады: 1. Соққылылап бұрғылау. Оның екі түрі бар: штангамен және арқанмен бұрғылау. 2. Айналма бұрғылау. Оның екі турі бар: роторлы бұрғылау, турбинамен бұрғылау, электробұрғымен бұрғылау, колонкалық бұрғылау (қатты қоспамен, алмаспен, бытырамен), шнекпен бұрғылау. 3. Айналсоқ бұрғылау. Бұл әдістің екі түрі бар: гидросоққышпен бұрғылау және пневмосққышпен бұрғылау. 4. Дірілді бұрғылау. Бұған таза дірілдің әсерімен бұрғылау, вибро-соққымен бұрғылау және магнитострукциялық бұрғылаулар жатады. Қашаулар қолданбайтын немесе физикалық-математикалық әдістерге мыналар жатады: - термобұрғылау. Оның өзі отпен және плазмамен бұрғылау болып екіге бөлінеді; - қопарумен бұрғылау. Ол ағындық және ампулалық қопарғыш бұрғы болып бөлінеді; -гидравликалық бұрғылау. Оған гидроимпульсті, гидровакуумдық, гидродинамикалық, кавитациылық әдістер жатады; -электрлік әдістер. Жоғарыда көрсетілген қашау қолданбайтын әдістерден, тен қана отпен бұрғылау ғана карьерлерде қопару ұңғыларын бұрғылау үшін қолданады. Қалғандары лабораториялық зерттеулер стадиясынан шыға алған жоқ.
|