Тақырыбы: Газлифт скважиналарын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Зерттеу әдістері және тәсілдері Жұмыстың тәртібі: Орнатылған және орнатылмаған режим әдісі. Зерттеу әдістері және тәсілдері 1. Орнатылған режим әдісі. 2. Орнатылмаған режим әдісі. 3. Максимович тәсілі. 4. АзНИИДН тәсілі. Әдетте, газлифт скважиналарын сынамалы өнім әдісімен зерттейді. Зерттеудің мақсаты: 1. Скважина өнімі және қысым айырмасы арасындағы байланысты орнату, өнімділік коэффициентін анықтау. 2. Скважина өнімі және жұмыс агентінің арасындағы байланысты орнату арқылы, газлифт көтергішті пайдаланудың оптималдық режимін орнату. Скважина түбіндегі қысымды тереңдік манометрі арқылы немесе жұмыс агентінің айдау қысымы арқылы анықтайды.Манометрлер арқылы зерттеу жұмыстарын барлық кезде жүргізу мүмкін емес. Оның себептері: 1. Манометрлерді түсіруіне СКҚ тізбегіндегі газ аралас сұйық қозғалысының жоғарғы жылдамдығы әсер етеді. 2. Манометрлерді ұстап қалуын ескерту үшін құбырлар тізбегінің төменінде воронка орнатылған жағдайда ғана манометрлерді түсіруге болады. Сол себептен, газлифт скважиналарын тереңдік манометрлерді қолданбайтын қысқартылған әдістер бойынша зерттейді, яғни скважина түбіндегі қысымды сағадағы жұмыс агентінің қысымы бойынша анықтайды. Ол үшін Максимович және АзНИИДН тәсілдерін қолданады. 1. Максимович тәсілі кезінде скважина сағасындағы кері қысым өзгереді және жұмыс агентінің шығыны тұрақты болады. 2. АзНИИДН тәсілі: скважина сағасындағы кері қысым тұрақты және жұмыс агентінің шығыны өзгереді. АзНИИДН тәсілімен зерттеу нәтижесінде скважина өнімі және газ шығыны арасындағы байланысты графикпен көрсетеді, қисықтарды құрады.
сурет. Сұйық өнімі мен газ шығыны арасындағы байланыс қисықтары: 1 – сұйық өнімі; 2 – газ шығыны
Игеру процесінің сатысына байланысты скважинаның пайдалану режимін айына немесе кварталына бір рет орнатады.
|