Студопедия — Мухамедиева Раушан Абдугалиевна, 1952 г.р.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мухамедиева Раушан Абдугалиевна, 1952 г.р.






"Милость Аллаха". Сағиева Ару - 5 место

Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар.

Рас, Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді

(Құран Кәрім 16:18)

..Ыза толқынының кеудеме қалай келіп тірелгенін сездім! Есіме қайдағы-жайдағылардың бәрі түсіп, айналамдағы әр зат,әр құбылыс мендегі ашу мен ренішті одан бетер қыздыра түскендей болды. Енді оны басу мүмкін еместей, бір айқайлап, айналама жеті басты айдаhарша отымды шашсам ғана арманыма жетіп, жеңілдейтіндеймін..Осы мақсатта бөлмемнен шықтым..

Үйіміздің «мәртебелі тақсыры» тағы сол күнделікті орнында күндегі әдетінен айнымай отыр. Қолындағы ноутбугімен некеге тұрғандай, қызғыштай қорғап, жанынан тастамайды тегі.. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қолы босаса әйелдерімен қалжыңдасып, баласымен, немерелерімен ойнар еді, бұл болса біздің барымызды да білмейтіндей. Әлде сол интернетінің қияли әлемінде қиялдап кетті ме? Мен қазір сөйлесем, естімейтінде шығар. Қайдан естісін, айнала азан-қазан. Құдды бір мал базарында жүргендейсің, не деген сұмдық, тыныштықта отырып, демалып, тіпті асықпай ғибадат жасайтын да мүмкіндік жоқ. Шаршап кеттім! Мейлі не болса о болсын! Бойымдағы бар ашуымды тілімнің ұшына жинап күйеуімнің басына төңкере салсам ба қазір!? Қан қысымым көтеріліп, өз жүрек дүрсілімді өзім естіп тұрғандаймын. «ТОҚТА! Талай мәрте мұсылман әйелдің бейнесін оқыдың, Ал қазір соның бәрін сызып қойып, «егер адамдарға Алладан басқа біреуге сәжде қылыңдар»десе, әйелдің күйеуіне сәжде жасауын бұйырар едім»деп, дәрежесін сеннен еселеп көтеріп қойған адамыңды ренжітпексің бе? Ойға алған амалыңның қаншалықты төмен, қаншалықты әдепсіз екенін өзің де білесің? Мұсылмандығыңды еске ал!» Жоқ, есіме салмаңдар!!! Дәл қазір мен «әйел адамның жары алдындағы міндеті, күйеудің разылығы - Алланың разылығы» деген тақырыпты ашқым кеп тұрған жоқ! «Ендеше, бар да Аллахтың өзіңе нәсіп еткен сансыз нығметі мен шексіз мейірімділігін жоққа шығар!»

Тыныштық. Бұл не сезім, не дауыс өзі? Үнемі не ашумен, не ренішпен, не ерегесіп бір амал жасамақ болсам, тас қақпан кедергі боп алдымнан шыға келеді. Мен ол сезімнің елегінде кетіп сол дауыстың айтқанын тыңдағаннан әр уақыт бақыттың есігін ашып, жаным жәй табады дей алмаймын, бірақ тыңдамай қойған кездерімнің соңы үнемі өкініш пен ұятқа әкеп тірейтін! Не деп кетті соңғы сөздерінде?! «Аллахтың маған көрсетілген шексіз мейірімділігін жоққа шығар»деді ме?

Аллахтың мейірімділігі. Дәл қазір кеудемді кернеген ашу отын жаздың салқын жаңбыры боп басыңдаршы! Көзімді тұмшалаған қара түнекті таңның алтын арай нұры боп жарқыратыңдаршы. Бұл дүниені ойлаумен жүрегім кірлесе керек, бұршақ боп, қар боп келіп тазартыңдаршы мені! Ей, Мейірімді Раббым, әлсіз құлыңды шайтанның тұзақтарынан құтқара көр!

Кішкентай ұлым жылап, ойымнан селт еткізіп оятты. «Айналайыным, келе ғой» деп қолыма алдым. Бала көздерімен күле қарап, аузын ашып, көзін жұмып, өзіне тиісілі нәрсесін сұрап тұр. Әкесінің қасында шауып жүрген қызыма қарадым. Оның былдырлап шығып келе жатқан бал тілі тек менің емес, күйеуімнің де назарын өзіне аударды. Компьютерін шұқылап отырған ол, қызыма ұмтылып «ұстап алдым! Жаным, аяғың тоңып қапты қой! Шұлығымыз қайда?» деп табандарын сүйіп жатыр. Жанды жадырататын неткен сүйкімді бейне бұл!? Әп-сәтте ұлымды құшақтап келген ізіммен қайта кеттім! Бөлмеме барып баламды емізіп отырғанымда ойыма перзентханада жатқан кезде көрген әйелдер келе бастады. Тоғыз ай көтеріп, аяғында сол баласының иісін де сезе алмай зар илеген аналардың дауысын қалай тез ұмытқам?! Сап-сау боп дүниеге келген қызының аузына кенеттен жара шығып, іріңдеп, ерні жыртылғандықтан шырқырап жылаған сәбиін емізе алмай зыр жүгірген құрбымды есіме алдым! Иә, бөпеңді аман-есен қолыңа алуың бір бақыт болса, сол баланың себебімен Аллахтың бойыңы беріп тұрған сүтін еш қиналмай емуі де ойлап отырсаң Жаратушымыздың шексіз нығметінің, асқан мейірімділігінің белгісі емес пе?

Балаларым – балапандарым! Осылар үшін кейде ойыңдағы затты да ала алмайсын, ал алсаң, оны орнынан таба алмайсың! Тырнақтап жинағаның осылардың себебінен етектеп төгілуі де мүмкін! Бірақ бұл дүниені қолдануда, оған байланбауда, риясыз көңіл мен шынайылықта олардан асқан үлгі, тәрбиеші жоқ. «Балалы үй- базар, баласыз үй – мазар» деген емес пе? Әлгінде басыма тиген шудын да себебі –осылар. Қолдарындағы барлық шиқылдайтын-пиқылдайтын ойыншықтарын қосып қойып, ол аз болғандай екеуі бірге қосылып айқайлап жүр! Дегенмен осылардың бал тілінсіз, жадыраған күлкісі мен айқайынсыз өмір неткен сұрықсыз. Маған шексіз мейірімділік көрсетіп, бұ дүниенің ең басты сәні- балаларымды маған нәсіп еткен Аллахыма сансыз мадақтар мен шүкірлер болсын!

Күйеуім қызын арқалаған күйі: «Мен екеуміз қарайтын бір нәрсе іздеп едім! Юсуф пайғамбар туралы сериал таптым! Бірге қарайық, көргендер жақсы пікір қалдырыпты» деп шығып кетті. Шынымды айтсам, кірерге тесік таба алмай ұялып қалдым! Осыдан бес минут бұрын түймедей нәрседен пайда болған ашумен оның көңілін түсіріп, ауыр сөздер айтудың шақ алдында тұрдым. Бірақ бірнеше жыл бұрын Аллахтан иманымның жартысы болар, дүниемнің тірегі болар мұсылманға жар қылуын сұрап дұға жасамап па едім? Әр пенденің өз сынағы бар. Күйеуім де менің себебімнен ет жақындарынан талай ауыр сөз естіп, небір қиыншылықтар көрді. Бірақ менің исламға сай жүруім үшін оның бәріне шыдап бағып, қасымда қорғаным бола білді. Қалайша осының бәрін ұмыттым? Өткенімді иман көзімен бір шолып шығып, бүгінгіммен салыстырсам, менің жарым да Аллахтың маған жолдаған шексіз мейірімділігі, үлкен нығметі екеніне көзім жетеді.

Қиын кезде сабыр сақтап, қателессем тез сабама түсіп кешірім сұрауыма және ең бастысы, сол қателіктердің алдын-алуға себеп болатын – Иман! Нығметтердің ішіндегі ең асылы, ең бастысы, ең бағалысы.

Қызық пен шыжыққа толы студенттік уақытымның соңғы жылдары болатын. Бірақ сол бал-бұл жанған шақтарымда айналама қарай жүріп көп құрбыларымның қателіктеріне де куә болдым. Имансыз талай адамдардың, соның ішінде үлкендердің біз сияқты сәні мен сымбаты жарасқан қыздарды айналшықтап, «ағалық қамқорлығым» деп азғырумен, араңдатушылықпен айналысатынын көре бастадым. Осының бәрі соңғы курсқа жеткенде әбден жанымды жеп, бір уақыттары дүниеден түңіліп кетуіме де себеп болып еді. Фен-шуй, астрология, психологияне керек жанымдағы жараның емін әртүрлі кітаптардан, спортттан, қыдырудан, жаңа таныстықтардан іздей бастадым. Рас, олардың әсерімен жарам жазылғандай болғанымен, уақыт өте келе қайта қанталап, өзі туралы есіме салатын. Сонымен 4 курстың күзінде мен ораза ұстауға ниеттендім. Және оразам дұрыс болуы үшін барлық әңгімелерді тиып, бос уақытымда діни кітаптарды оқып, музыка, кино дегенді мүлдем қойғам. Сол аралықта көп нәрсені білдім, кей заттарға деген бұрынғы көзқарасым да өзгере бастады. Намаз оқуға деген ниет пайда болды. Оған да қажет кітаптарды сатып алып, ішіндегі сүрелерді жаттап та алғам. Бірақ қанша тырыссам да кітап бойынша түсініп оқи алмадым. Әрине, кез-келген намаз оқитын адамға келіп, маған түсіндіріп жіберуін сұрасам да болар еді. Бірақ мені Исламдағы кей амалдардың орындалу міндеті қатты қорқытты. Бейне бір тау шатқалында тұрғандай едім. Не бұрылып мен үшін еш қызығы, еш пайдасы қалмаған баяғы тірлікке қайта оралу, не алдымда төселген Исламның терең теңізіне секіру. Шатқалдан теңізге секірмекші болған адам да енді қайтып артындағы өмірге қайта оралмайтынын ойлайтын болар. Мен үшін де Ислам - сондай қорқынышты, сондай жат еді. Мен үшін Ислам- өзімді өлтіру дегенмен пара-пар болатын. Оған секірсем, көп нәрсе өзгеретінін, өзгертуге тиіс болатынымды, кей арман-мақсаттарыммен қош айтысу керек болатынымды түсіндім. Сондықтанда шатқал басында тұрып, ойға батқан өмірімнің кезеңі осы 4 курсымның мүбәрәк Рамазан айына келді. Бәлкім мен ойлана келе, қой мына өмір қызық екен, мен әлі жас екем, қызық дүниемен қош айтыспай тұра-түрайын деп теріс айналар ма едім... Иә, иә мен тіпті алдымда төселген терең теңізге қызыға әрі қимай қарап, артқа қайта бұрылған да болатынмын. Рамазанның біткеніне 1 апта болар-болмас уақыт өткенде бөлмеме құрбым келіп, өзімен бірге түнгі клубқа шақырды. Бұл уақытта мені қыдыру деген нәрсе қызықтыруы былай тұрсын, тіпті жиіркендіре бастаған кез еді. Дегенмен досымның көңілін қимай келісімімді бергем. Сол жерде жарқыраған шамдар мен жастық жігерін би мен сәнге құртып жатқан ортаның әсеріне түстім бе, аз уақыттан соң жанымды мазалаған сұрақтардың жауабын тапқандай да болдым. «Әлі жаспын. Осының бәрін қалай қиям, мынадай боп сәнденіп киіне алмаймын. Қаласам дәл қазір осы би алаңының ханшайымына айналам, басымды қайдағы жоққа ауыртып қайтем.» деп бұрылдым. Иә бұрылып, бұрынғы өміріме алғашқы қадамымды жасаған да едім.

Би алаңынан әбден шаршап кеп орындығыма құладым. Демалып отырып, әдеттегідей жан-жағыма қарап, өзім бір тамаша жаратылған жандай боп басқаларды сынай бастадым. Темекі мен ішімдікке ешқашан әуес болған емеспін, әсіресе паровоз сияқты түтінін будақтатқан қазақ қыздарын көрсем, шекем тырыса қалатын. Сол жолы да айналамдағы сүйріктей саусақтарына темекісін қыстырғын қаракөздерімізді көріп, ашулана бастадым. Кенет қарсы үстелден ай десе - аузы, күн десе - көзі бар тамаша сұлу қызды көзім шалды. Бейне бір хор қызы дерсің. Әлгі арудың қасында бәріміз жәй бір жаратылыс боп қалатын болармыз. Сөйтсем қасымдағы құрбым да оны байқап, сұлулығына таң қалып отыр екен. «Көрдің бе, құдай да қалай ғып бере салады біреулерге сұлулықты?» деді ойымды дәп басып. Сол кезде екеуміз үшін де әйелдің бар бақыты сұлулығында сияқты боп көрінді. Өзі де бір ерекше жан іспетті. Темекі тартып, құтырып билеп жатқан жоқ. Қасындағы ханзадасына жымиып, еркелеп отыр. Еркек былай тұрсын әлгі қыздың ерекше сұлулығына отырған баршамыз аузымыз ашылып, көзімізді ала алмай қалдық. Бір заматта темекінің иісіне әбден өкпем толса керек, басым айнала бастады. Жүгіріп далаға шықтым, сыртта тұрып та Алладан сондай сұлулықты алған әйел не деген бақытты деп армандаумен болғам. Қасыма ойымдағы сұлудың ханзадасы келді, бір досын күтіп алуда. Аман саулықтан соң сұлуымның ханзадасы машинасына мінді де, тайып тұрды. Үстел басында жалғыз қалған арудың қасына енді оның досы жайғасты. Міне қызық, әлгі біз аузымызды ашып, көзімізді жұмып отырған аруымды досы да дәл сол жігіттей аймалап, сүйгенін көргенде менің көзім ашылғандай болды. Хас сұлу болғаныңнан не пайда, кеудеңде арың болмаса. Әркім сенің көркіңе таңқалғанымен, шын мәнінде қолжаулық сияқты сүртініп, келесі біреуге бере салуға болатын болса? Енді мен темекінің иісінен емес, осы ортада отырғанымнан жүрегім айныды. Осы бәленің бір бөлшегі боп, осы азғындыққа қосылып отырғаным үшін өзімнен жиіркеніп кеттім. Тысқа атып шығып, такси ұстадым да, бөлмеме келдім. Таңға дейін көз ілмедім. «Намаз оқып үйренейік» деген шағын кітапшамды бастан аяқ он шақты рет оқып шыққан болармын. Қанша тырыссам да рукух, ракаат деген сынды сөздердің мағынасын түсіне алар емеспін. Сығалап таңның да атып келе жатты. Бөлмемнен балконға шығып, тау жақтан ескен салқын самалмен кең тыныстадым. Неткен сұлулық! Неткен керемет шақ! Бәрі де өздерін жаратқан Аллахқа мадақ айтып тұрғандай. Құс екеш құс та алтын күнмен қатарласып Жаратушысы туралы жар салып тұрғандай болды маған дәл сол сәт. Сонда кеудесінде жаны бар, көрерге көзі бар біз, адамдар, осылай түнімізді думандатумен, таңымызды, тіпті бүкіл өмірімізді ұйқымен өткізіп алып жатқа жоқпыз ба?

Бөлмеме кіріп, кітабымды қайта қолыма алдым да, жуынатын жерге бардым. Суреттерге қарап дәрет алуды үйренгеніме бірнеше уақыт болған еді. Шатасып кетпес үшін тағы бір қарап шығып, дәрет алдым да, шкафтан жабық киім іздей бастадым. Жөні дұрыс киім таба алмаған соң, астымдағы простыняны денемді толық жабатындай етіп басыма орадым да «Аллаху әкбар» деп сәждеге бас қойып, фатиха сүресін оқығам. Әрине, ол кезде мен намазды толық әрі өз дәрежесіне сай дұрыс оқыдым дей алмаймын. Тіпті оны намаз деп айтудың өзі қиын. Дегенмен дәл сол сәт, мен, Ислам атты бейтаныс теңізге секірген едім...

Қуанарлығы, ол теңіз ойлағанымдай қиын әрі қорқынышты емес екен. Рас, менің өмірім өзгерді, кей өзгерістер тіпті уайыммен, көз жаспен де келді. Дегенмен мен адасып жүрген сансыз қыздан еш артық емес едім, қараңғылықта жүрген сансыз адамнан ақылдырақ та емес едім. Бірақ Ұлы Раббым мені өзінің тура жолына салуды қалады. Осылайша өзінің шексің Мейірімділігін танытты маған!

Иә, Раббым, мен бір жетім едім, маған пана болдың. Мен бір адасқан жолаушың едім, маған жол көрсетер жұлдыз болдың! Мен бір қараңғылықта едім, алтын арай нұр болдың. Жалғыз едім, жабырқаулы едім, жыларман едім, мені шексіз бақытқа бөледің. Иә, Алла, саған қасиетті Құраныңда үлгі еткеніңдей жалбарынамын: “ Раббым! Сен маған қайырдан не жіберсең де мұқтажбын” [28:24].

Сағиева Ару, 1987

"Милость Аллаха". Ляйля Молдабек - 4 место

Мейірім.

- Арай, қызымыздың атын Мейірім деп қоямыз, Мейірім!

Айдостың көзіне жас үйіріліп, көңілі босап кетті. Ол бұл күнді асыға күтіп еді. Аурухананың алдында тұрған дүйім елге қарамастан, қуанышы қойнына сыймай, екінші қабатта терезеден қарап тұрған әйеліне қызының атын қайталай берді. Айдостың толқынысын байқаған бір ер адам қасына келіп: "Нәрестеңіздің бауы берік болсын! Есімі көп қойыла бермейтіндерден екен, неге Мейірім деп қойып жатырсыз" - деп күлгендей болды. Айдос ер адамға бұрылып: "Бауырым, бұл Алланың мейірімі түскен сәби" деп жауап берді. Қасында тұрған кісі еш түсінбестен, жымидыда кете берді. Ал Айдостың ойына сынға толы қилы тағдыры есіне түсті.

Осыдан бір жыл бұрын Айдос Арайдың құрсақ көтергенін естіп, қатты қуанған болатын. Себебі олар жылдар бойы сәби сүйе алмай, осы бақытты сәтті көп уақыт күтіп еді. Аллаһ Тағаланың қалауымен Арайдың аяғы ауыр болды. Жүктілігі қалай өтіп жатқанын білу үшін, бір күні ерлі-зайыптылар емханаға барды. Дәрігер Арайды ішке кіргізіп, ультра дыбыспен тексеретінін айтты. Айдос дәлізде отырып, құрсақ көтерген Арай емес, өзі сияқты өте қатты қобалжыды. Жарты сағаттан аса уақыт өтті-ау дегенде, Арай дәрігердің кабинетінен шықты. Әйелінің көзі қызарып жылағандай болып көрінді. Айдостың денесі шымырлап, Арайды сұрақтың астына алды. Тұла бойы қалтырап, көзін жастан тыйа алмай Арай күйеуіне дәрігердің сөзін жеткізді. Ультра дыбыстық зерттеу баланың жатырдан тыс, жатырдың түтігінде біткенін көрсетіпті. Егер ол жақын арада жатырдың ішіне түспесе, әйел өмірін аман алып қалу үшін, ота жасап түтіктегі ұрықты алып тастайтынын айтыпты. Мұны естіген Айдостың төбесінен жай түскендей болды. Алайда, жүрегі қан жылап тұрсада, бірден есін жиіп әйелінің көзінше ұнжырғасын түсірмей: "Арай, алдын ала жамандық шақырмай, жақсылықтан үміттенейік" деп қосағын жұбатады. Әдетте адам баласы, іштей күйзеліп, жаны тыныштық таппаған сәтте бірден Алланы еске алып, одан көмек сұрайды. Айдоста әйелін үйге апарып, өзі мешітке қарай жол тартты. Алланың үйіне кіргеннен ол маңдайын сәждеге қойып, егіле жылады. Ол бұл қалыпта ұзақ отырды. Іштей тілегені бір-ақ нәрсе еді, сәбиінің анасының жатырына түсіп, аман-есен дүниеге келуі. Сыртынан бұл көріністі бақылаған мешіт имамы Айдосқа жақындап, оның басын көтергенін күтіп отырды. Ер адамдардың тек ерекше жағдайда ғана көзіне жас алып, қатты қынжылатынын ойлаған имам, бұл жас жігіт үшін Аллаға дұға етті. Екі сағаттан аса уақыт өткенде ғана, Айдос басын көтеріп, дұғасын жасап бетін сипадыда кетейін деді. Мешіт қызметкері шығып бара жатқан Айдосты тоқтатып, мән жайды сұрай бастады.

- Бауырым, кешіріңіз, мен сіздің сыртыңыздан неше сағат бойы бақылап отырмын. Қатты қиналып тұрғаныңыз көрініп тұр. Бәлкім сізге көмек қажет шығар?

Айдос ұялғанынан үндемей: "Жоқ, маған көмектесуге сіздің шамаңыз жетпейді" - дейді.

" Менің шамам жетпесе де, бір бастан екі бас жақсы деген, мүмкін мазалап тұрған мәселемен бөліссеңіз, бір шешімін табармыз" - деп имам жігітті сөзге тартады. Айдос та жанын жегідей жеп бара жатқан жарасымен бөлісейін деп, бәрін айтып береді. Жігіттің әңгімесін тыңдап болған имам: "Расында да бұл өте күрделі мәселе екен. Бауырым сіз қатты уайымдамаңыз, дәрігер сіздерге әлі де үміт бар екенін айтты емес пе? Ең бастысы Алла тағаланың өте мейірімді екенін ұмытпай, көп-көп дұға етіңіз, намаз оқыңыз. Әрбір ісіміз Алланың атымен басталғаны дұрыс. Себебі іштегі бар мұң-мұқтажымызды ақтаруға да, мейірім-рақымынан үміт етуге де жалғыз Алла тағала лайық. Қасиетті Құран Кәрімде «Тулаған әрбір жүрек тек Алланы еске алу арқылы ғана тыныштық табады» делінген. Құлын қуандырып, әйеліңізге сонша жылдан кейін құрсақ көтеруді нәсіп еткен Алла өте шебер және өте мейірімді. Қалай болғанда да, Алла қайырлысын нәсіп етсін". Айдос ойланып тұрып: "Мен намаз оқи алмаймын" деп мешіт қызметкеріне қарайды. Имам миықтан жымиып: "Шын жыласа соқыр көзден жас шығады" деп атам қазақ босқа айтпаған. Алла разылығы үшін құлшылық етуге ниет еткен адамға, намаз үйрену түкке тұрмайды" - дейді. Осы күннен бастап Айдос бес парыздың бірін орындай бастады. Уақыт өте берді, Айдос пен Арай күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалды. Алайда, Айдос намаз бастағалы бері жан дүниелері өзгере түсті. Екі жас ертелі-кеш бір Аллаға дұға етіп, тәуекелге бел буды. Әр бес күн сайын Арай ультра дыбыстық зерттеуден өтіп отырды, алайда, жатыр түтігіндегі ұрық жатырға түспей, дәрігерлер ота жасау күнін де белгілеп қойды. "Бұйырғаны осы болар, әйелім аман қалса, Алла тағала әлі де бала нәсіп етер" деген оймен оянған Айдос әйелімен ауруханаға жиналды. Үйлерінен шыққаннан ерлі зайыпты бір-біріне бір ауыз сөз қатпады. Ауруханаға жеткенде жанына әбден батқан болу керек, Арай шыдай алмай Айдосты қушақтап алып: "Кіргім келмейді Айдос, кіргім келмейді" деп жылайды. Айдос үндемей, Арайдың бетінен сүйіп, қолын қыса ұстап, әйелін ауруханаға ертіп кіреді. Екеуі екінші қабатқа көтеріліп, ота жасайтын бөлімге барады. Оташы дәрігер ота жасалар алдында, тағы бір рет жатырды ультра дыбыстық тексеруден өткізіп, ұрықтың орналасқан жерін анықтау керек екенін айтты. Киімін ауыстырып, Арай кабинетке кірді. Оташы дәрігер ультра дыбыстық аппаратпен тексеріп отырып: "Не может быть" деп орысша таңқалды. Онсызда қорқыныштан жанын шүберекке түйіп отырған Арай, дәрігерге үрейлене қарады. Оташы дәрігер аппаратты тастай салып, кабинеттен жүгіріп шықты. Оны көрген Айдос кабинетке асыға кірді.

- Арай не болды?

- Білмедім. Дәрігер ешнәрсе түсіндірместен қорқынышты нәрсе көргендей атып шықты - деп жылайды.

Он минуттан соң оташы дәрігер қасында екі басқа дәрігермен ішке кірді. Олар кіре салысымен аппаратпен жатырды тексере бастады, тіпті Айдостың тұрғанына мән бермеді. Кезек-кезек мониторға қарап, барлығы таңқалды. "Вот видите, эмбрион спустился в матку. Я в своей практике такое первый раз вижу" деді оташы дәрігер. Ол Арайға күліп қарап: "Мамочка операция отменяется, поздравляю вас, вы можете сохранить беременность и если все будет хорошо родить ребеночка" деді. Мұны естіген Арай енді одан сайын жылай бастады. Ал Айдос көзі жасқа толып тұрсада, өзіне ерік бермеді, тек әйеліне күлімсірей қарап, іштей Аллаға шүкіршілігін білдірді.

Жер бетінде ананың мейіріміне жетерлік ешбір сезім жоқ, ана өз баласы үшін жанын қияды. Бұл оларға Алладан берілген қасиет. Біз таң қалатын ана мейірімі мен әлемдегі бүкіл мейірім атаулы Алланың жүз рақымдылығының бірі ғана. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла тағаланың жүз рақымы бар. Тоқсан тоғызын өзінің жанында сақтады. Дүниеге тек бір рақымын түсірді. Жаратылыстың бір-біріне деген мейірім-рақымы, ананың балаға деген мейірімі, жануарлардың өз төлдеріне жұмсақтығының бәрі осы бір рақымның себебімен. Қиямет болған кезде Ол бір рақымын тоқсан тоғызға қосып, жүз рақымдылық етіп ашады. Әрбір рақымдылығы жер мен көктің кеңдігіндей. Ол күні шынайы мағынада жазаға лайық болғандар ғана құрдымға кетеді» деген. Қасиетті Құранның «Бақара» сүресінде: «Алла тағала имандарыңды жоймайды. Еш күмәнсіз, Алла адам баласына тым жұмсақ, аса рақымды» десе, «Ағраф» сүресінде: «Менің рақымым барлық нәрсені тегіс қамтиды» деп өзінің шексіз рақымшыл екенін айтады. Иншалла, баршамызға Алланың мейірімі түссін!







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 505. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия