Бақылау
Сұрақтар: 1.Биологиялық нысандардың спектрлік сараптамалары 2.Спектроскопиялық (спектрометриялық) әдістер 3.Атомдық спектральдық анализ (АСА) 4.Атомдық-абсорбциялық С. а. (ААА) және атомдық-флуоресценттік С. а. (АФА). 5.Молекулярлық спектрлік анализ (МСА)
Сауалнамалық тапсырмалар: 1. Кез келген заттан өткендегі жарық қарқындылығының кемуі, және соның есебінен жарық энергиясының энергияның басқа түріне айналуы: A) жарықтың шашырауы B) дисперсия C) интерференция D) дифракция E) жарықтың жұтылуы 2. Ортада таралатын жарық шоғының мүмкін болатын барлық бағыттарда ауытқуы: А)жарықтың шашырауы В)дисперсия С)интерференция D)дифракция E)жарықтың жұтылуы 3.Спектрометрдің монохроматоры қандай қызмет атқарады? A)когорентті жарық алу үшін B)толқын ұзындығы бірдей жарық алу үшін C)толқын ұзындығы әртүрлі жарыққ алу үшін D)ультракүлгін сәуле алу үшін E)инфрақызыл сәуле алу үшін 4.Фотохимиялық реакцияны қандай жарық бере алады? A)жүйеден өткен жарық B)жүйеге түскен жарық C)жүйенің жұтқан жарығы D)жүеден шашыраған жарық E)когорентті жарық 5.Затқа түскен жарық қарқындылығының одан шыққан жарық қарқындылығына қатынасының ондық логарифмі.... A)жұтылу коэффициенті деп аталады B)жұтылу спектрі деп аталады C)шашырау көрсеткіші деп аталады D)өткізгіштік көрсеткіші деп аталады E)оптикалық тығыздығы деп аталады 6.Оптикалық тығыздық заттың қандай қабілеттілігін көрсетеді? A)жұтылу қабілеттілігін B)өткізу қабілеттілігін C)шашырату қабілеттілігін D)сындыру қабілеттілігін E)жарықтың түсін өзгерту қабілеттілігін 7. A) Планк теңдеуі B) Резерфорд теңдеуі C) Джоуль-Ленц теңдеуі D) Бугер- Ламберт –Бер теңдеуі E) Эйнштейн теңдеуі 8. Боялған ертінділердегі жарық толқындарының жұтылу көрсеткіші ертіндідегі заттың концентрациясына тура пропорционал. Бұл заң: A) Бугер-Бер-Ламберт B) Бугер-Бер C) Бер D) Рэлей E) Тиндаль 9. A) жұтылу көрсеткіші B) өткізу көрсеткіші C) шашырау көрсеткіші D) спектрлік құрамы E) оптикалық тығыздығы 10. Концентрациялық колориметрия әдісі қандай құбылысқа негізделген? A) Жарықтың шашырауына B) Жарықтың дисперсиясына C) Жарықтың жұтылуына D) Жарықтың поляризацисына E) Жарықтың шашырауына
1.Фотоэлектрлік эффект - жарықтың затпен әсерлесуі кезінде пайда болатын құбылыстар тобы. 2.Фотоэлектрондық құрылғылар – фотоэффект құбылысына негізделген құрылғылар. 3.Сыртқы фотоэффект – жарық әсерінен заттан электрондардың ыршып шығуы. 4. Фотоэлемент – жұмыс принципі сыртқы фотоэффект құбылысына негізделген құрылғы. 5. Электрондық-оптикалық түрлендіргіш – спектрдің бір аумағынан екінші аумағына кескінді түрлендіруге арналған құрал. 6. Абсорбциялық спектрофотометрия – фотобиологиялық үрдістерді жұтылу спектрлерінің көмегімен зерттеу әдісі. 7. Спектрофотометрия — шығару және жұтылу спектрлері көмегімен ерітінділерді және қатты заттарды зерттеудің физика-химиялық әдісі. 8. Шығару спектрі - шығарылатын жарық интенсивтілігінің толқын ұзындығына тәуелділігі. 9. Жұтылу спектрі - затқа түсетін жарықтың жұтылу интенсивтілігінің толқын ұзындығына тәуелділігі. 10. Фотоколориметрия — боялған ерітінділерде жарықтың жұтылуы бойынша зат концентрациясын сандық анықтау. 9.Тақырыбы: Биологиялық жүйелерді зерттеудің оптикалық әдістері.(Микроскоп, Рефрактометр) Сабақтың мақсаты: Оптикалық микроскопта кескінді алудың физикалық негізін, оның сипаттамаларын, жарықтың сыну көрсеткішін анықтауды оқып үйрену. Электронды оптиканың элементтерін, электронды микроскоптың, рефрактометрдің жұмыс істеу принципін және оның мүмкіндіктерін оқып үйрену. Көздің оптикалық жүйесі. Берілген тақырып бойынша есеп шығару әдістемесін меңгеру.
Оқытудың міндеті: - оптикалық, электрондық микроскоптарда кескінді алу, рефрактометрдің комегімен жарықтың сыну көрсеткішін анықтау мүмкіндіктерін, физикалық негізіндерін үйрену - көрудің биофизикасын, көзді оптикалық жүйе ретінде қарастыру. Құзыреттілікті қалыптастыру саны:білімділік,практикалық дағдылар Негізгі сұрақтар: 1. Микроскоптың оптикалық жүйесі, объектінің кескінін салу. 2. Оптикалық микроскоптың үлкейтуінің формуласы. 3. Максималды және пайдалы үлкейту. 4. Микроскоптың рұқсат ету шегі және мүмкіндігі 5. Электронды микроскоп, электронды оптиканың элементтері 6. Көз көру мүшесі. 7. Жарықтың шағылу және сыну заңдары 8. Шекті түсу және сыну бұрыштары 9. Толық ішкі шағылу құбылысы
Оқыту және сабақ беру әдістері: 1. Негізгі және бақылау сұрақтарды талқылау 2. Зертханалық жұмысты орындау нәтижелерін талқылау 3. Тест тапсыру
Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері: Ø Компьютерде сауалнама тапсыру (студент берілген тақырып бойынша минималды білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын сауалнамаға жауап беруі тиіс). Ø зертханалық жұмысты орындау, қателерді есептеу және өлшеулер нәтижелерін графиктік түрде көрсету Ø оқыту материалдарын талдау кезінде пікір алмасу
|