Пәннің мақсаты, басқа салалармен байланыстылығы.
Щебінь – часточка ґрунтова елементарна вуглуватої форми розміром 4-20 см (за В.В.Охотіним). Щільність покриття – заповнення поверхні ґрунту рослинами при розгляданні рослинного покриву зверху. Щільність складення ґрунту – маса абсолютно сухого г. в одиниці об'єму непорушеної будови (г/см3). Залежить від гранулометричного складу, природи мінералів, вмісту органічних речовин, структурного стану г. тощо. Щільність твердої фази ґрунту – відношення маси ґрунту до маси рівного об'єму води, взятої при температурі +4°С. Ш.т.ф.г. залежить від мінералогічного складу та вмісту гумусу. Дәрістік сабақтар конспектілері
Дәріс Тақырыбы: Машина бөлшектері туралы жалпы мағлұматтар Пәннің мақсаты, басқа салалармен байланыстылығы. «Машиналарды құрылымдау негіздері» пәнінде, өндірісте, халық шаруашылығында кеңінен таралған машина мен тетіктердің жалпы бөлшектерінің құрылымы мен есептеу жолдары және олардың құрылымын құру (конструирование) мәселелері карастырылады. Бұл ілім болашақ мамандардың техниканы толық меңгеріп, адамзатқа керек заттарды өндіретін немесе тұрмысын жеңілдетін машина мен тетіктердің жаңа үлгісін жасауға баулыйды. Бұл пән студентердің жалпы техникалық және жалпы инженерлік дайындықтарын жинақтап іс жүзінде пайдалана білуге үйретеді. Сондықтан ол математика, физика, теориялық механика, материалдар кедергісі, металдар технологиясы, өзара ауыстырымдылық пен стандарт негіздерімен тығыз байланысты және осы аталған пәндерден алған білімге сүйенеді. “Машиналарды құрылымдау негіздері ” пәнін оқып бітірген студент төменгі мәселелерді біліп шығуы қажет. 1. Машина бөлшектерінің құрылымы мен жұмыс істеуі, қолдану орны. 2. Машина бөлшектерінің істен шығуы мен есептеу жолдары. 3. Машина бөлшектері мен тораптарының құрылымын жасау, есептеу жолдарын автоматтандыру негіздері. Сондай-ақ, бұл пәнді толық оқып бітірген студент төменгі мәселелерді шеше білуі қажет. 1 Берілген техникалық тапсырмаға сай машина тораптарын құрастыра білу. 2 Құрастыруға керекті әдибиетті, анықтамаларды, МЕСТ-ті, қалыптасқан құрылымдарды пайдалана білу. 3 Құрастыру жұмысын технология, экономика, стандарт, жөндеу жұмыстары, кауіпсіз жұмыс істеу, экология шарттарына сәйкес жүргізе білу. 4 Материалдарды таңдап, талғап орынды пайдалана білу. 5 Есептеу, сызу жұмыстарын құрастыру құжаттарының бірыңғай жүйесіне сәйкес орындау. 6 Есептеу, сызу жұмыстарын жүргізуде электронды-есептегіш машиналарын пайдалана білу, қарапайым бағдарламаны құрастырып, дайынын пайдалана білу. Пәнді оқытуда ЭЕМ-ді пайдалана білу қажет, әсіресе курстық жобалау жұмысын жұргізуде керек. Сондай-ақ дәріс оқу кезінде машина бөлшектерін ықтималдық әдіспен есептеу, олардың сенімді жұмыс мерзімін анықтау сияқты жаңа әдістерді пайдалану қажет.
1.2 Даму жолдары (өз бетімен) Машина бөлшектері курсын тұңғыш рет 1881 жылы Петербург технологиялық институтының профессоры В.Л.Кирпичев жазып, жарыққа шығарды. Одан кейінгі оқу құралдарының авторлары – Москва жоғары техникалық училищесінің профессорларын П.К.Худяков, А.Н.Сидоров және М.А.Саверин. Сондай-ақ әлемге аты шыққан «орыс авиациясының атасы» Н.Е.Жуковский алғаш рет математиканы пайдаланып бұранда орамына түсетін күш кернеуінің есептеу жолын белгіледі. Россия Академиясының мүшесі, атақты математик Леонарда Эйлер дүние жүзінде алғаш рет тістердің пішінін эвольвента ретінде жасауды ұсынды және де белдікті берілістердің есептеу теориясын ашты. Бұлардан кейінгі ғалымдарды алатын болсақ, машина бөлшектерін беріктікке есептеу жолдарын дамытқан академиктер С.В.Серенсен мен И.А.Одингті атауға болады. Профессор Н.П.Петров гидродинамикалық үйкеліс теориясының авторы болса, профессор А.К.Зайцев оны одан әрі дамытуда көп еңбек сіңірді. Тісті берілістерді тексеруде акдемик Е.А.Чудаков, профессорлар А.И.Петрусевич, В.Н.Кудрявцев елеулі табыстарға жетті. Қазіргі кезде біліктердің, мойынтіректердің және қораптардың қатаңдығын есептеу жолдарын дамытқан, машина бөлшектері курсының авторы профессор Д.Н.Решетовты атап өткен жөн. Сондай-ақ бөлшектеді пісіріп қосу әдістерін тапқан, олардың технологиясын дамытқан академик Е.О.Патонның еңбектері де бүкіл әлемге белгілі. Біздің елде мойынтіректерді тексеру, олардың есептеу теориясы профессор В.Н.Трейер мен Н.С.Спициннің басшылығымен дамыды.
|