Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жарықтың түрлері. Кіндік бауының жарығы. Балалардың, ересектердің кіндік жарығы





 

Кіндік жарық тары кіндік (сақ инасынан) шең берінен шығ ады. Кіндік шең бері қ атты, қ озғ алыссыз тіндерден қ ұ ралады. Кіндік жарық тары барлық жарық тардың 5% қ ұ райды.

Жарық тың келесі тү рлерін бө леді: кіндік бауының іштен пайда болатын жарығ ы, балалардың жү ре пайда болатын кіндік жарығ ы, ересектердің кіндік жарығ ы.

1) Кіндік бауының іштей пайда болатын жарығ ы іштің алдың ғ ы бетінің кемістігі 3000-5000 нә рестенің біреуінде кездеседі. Бұ ның жарық қ апшығ ы жоқ. Сондық тан оны айқ ын жарық деп атауғ а да болмайды. Іш қ абырғ асының кемістігі (жыртығ ы, саң ылауы) арқ ылы кіндіктен жоғ арыда амнионды қ абыршақ пен жабылғ ан іш мү шелері кө рініп тұ рады.

Мұ ндай кемістікпен туғ ан нә рестелердің кө пшілігі перитониттен қ айтыс болады. Инфекция сырттан кемістік арқ ылы енеді. Кішкене кемістіктер тыртық танып жазылады.

Аумақ ты кемістіктер жедел операциямен жойылса, мұ ндай кемістіктермен нә рестелер сауығ ып жақ сы ө седі. Операция екі тә сілмен орындалады: кемістіктің қ атты тіндерін жә не кемістіктің бетін жабатын қ абыршақ кесіліп алынып жараның шеттері бір бірімен тігіледі.

Екінші (Ольгаузен) тә сілінде ішперде кесіліп алынбайды, оны ішке батырып кемістіктің шеттері бір біріне тігіледі.

2) Балалардың кіндік жарығ ы - кіндік жарасының нашар жазылуында ерте байқ алады. Бұ л жарық тардың аумағ ы кішкене, олар оң ай ішке енгізіледі, жарық қ апшығ ы жұ қ а, жұ мсақ, жарық, сирек қ ысылады.

3) Ересектердің кіндік жарығ ы - кө п бала тапқ ан жә не семіз ә йелдерде - кішкене тү йіншектен ө те ү лкен " ісікке" дейін ө седі. Жарық қ апшығ ы бірнеше бө лшектен қ ұ ралуы мү мкін, кө бінесе жарық орнына тү спейтін жө не қ ысылғ ан болады. Жиі копростаз береді жә не іштің тік бұ лшық еттерінің айырылуымен бірге кездеседі.

Кіндік жарық тарының диагнозын анық тау қ иын емес. Тек ө те семіз ауруларда қ иындық байқ алады. Кіндік жарық тары жиі қ ысылады. Егер шарбы майы қ ысылса аз уақ ытта оның шіруі жарық флегмонасына ә келеді. Шарбының қ ысылуы жедел емес, ұ зақ уақ ыт бойы дамиды. Сондық тан оғ ан ауруда, дә рігерде кө ң іл бө лмеуі мү мкін. Бұ л диагноздың кешігіп анық талуына, оғ ан байланысты операцияның кешігуіне соғ ады.

Кіндік жарығ ын емдеу - жас нә рестелерде консервативті болуы мү мкін. Бұ л ү шін жасанды бандаж (кү міс тиыннан жасалғ ан), пластырь қ олданылады. Нә рестенің жалпы жағ дайын жақ сартады (тазалық, тамақ тандыру). Конервативті ем нө тиже бермесе 7-8 жаста операция жасалады. Кіндіктен тө мен доғ а тә різді тілікпен тері мен тері асты май қ абатынан тұ ратын лоскут жасалып, оны жоғ ары қ арай тартып тұ рып жарық қ апшығ ы ашылады да, оны теріден айырады. Қ апшық тілінеді, оғ ан енген шарбы ішке енгізіледі. Қ апшық тың мойыны байланады, содан соң кесіліп алынады.

Кіндік сақ инасы жібек жіппен қ ө лденең бағ ытта толық тігіліп бітеледі. Тері кесіндісі ө з орнына қ ондырылып тігіледі.

Ересектердің кіндік жарығ ын операциямен емдеу қ иын. Ө йткені бұ л жарық тармен қ оса тік бұ лшық еттерінің диастазы жиі кездеседі. Семіз ә йелдердің майлы " алжапқ ышы" да операцияны қ иындатады. Мұ ндай жағ дайда алдымен артық терімен тері асты май қ абатын кесіп алып тастайды. Ал кіндік сақ инасын Лексер тә сілімен кисетті тігінмен жабады, оның ү стінен тік бұ лшық еттердің шеттерін бір біріне тік бағ ытта тігеді.

Іштің ақ сызығ ының жарығ ы - орта жастағ ы ауыр жұ мыспен шұ ғ ылданатын ер адамдарда кездеседі. Жарық ісігі іш қ абырғ асы шандырының саң ылауларынан шығ ады. Негізінде бұ л саң ылаулардан қ ан тамырлары жә не жү йке ө теді. Іш қ уысының қ ысымы кө терілгенде, ауыр жұ мыс жасағ анда аталғ ан апоневроз саң ылауларынан алдымен ішпердеге дейінгі май қ абаты шығ ады. Бұ л кезең де ақ сызық та кішкене тү йіншек анық талады (ішпердеден алдындағ ы липома). Одан ә рі липома ө зімен қ оса ішпердесін тартып сопақ ша етіп созады.

Осылайша іштің ақ сызығ ының жарығ ы пайда болады. Бұ л жарық тың эпигастральды, параумбиликальды тү рлері бар.

Тө с шеміршегі тұ сының жарық тары кішкене, олар жиі қ ысылады жә не жабысқ ақ тық қ а тез ұ шырап кө бінесе орнына тү спейтін болады. Бұ л жарық кейде ешбір жағ дайсыз белгі бермейді, ал кө бінесе іштің шаншып ауыруы, кебуі, жел шық пауы, лоқ суы, тә бетінің нашарлануы байқ алады. Аталғ ан кө ріністердің басқ а аурулармен байланысты (асқ азанның қ абынуы, ойық жарасы, қ атерлі ісігі) болуы мү мкін.

Диагнозды ажырату - алдымен жоғ арыда аталғ ан ауруларды ажырату қ ажет. Ақ сызық тың жарығ ында ауыр жұ мыс іш ауыруын кү шейтеді, ауырсыну сезімі тағ аммен байланысты емес. Кажет жағ дайда қ арын сө лін тексереді, рентгендік тексеріс жү ргізіледі.

Ақ сызық тың жарығ ы тек операциямен емделеді. Операция онша ауыр емес, оны новокаинмен жансыздандыру арқ ылы орындайды. Жарық қ апшығ ын немесе ішпередесі бетінің шел майын алып тастаудан бұ рын ішпердесі тілініп, оның іші тексеріледі. Бұ л ішекті немесе басқ а жарық ішіндегі мү шенің тігіліп кетпеуінен сақ тандырады.

Жарық қ апшығ ының мойны байланып, қ апшық немесе тері асты майы кесіліп алынады. Шандырдың тесігі кө лденең бағ ытта тігіледі. Жарадан қ ан ағ уы сапалы орындалып, шел майымен тері жарасы тік бағ ытта тү йінді тігіндермен капрон немесе лавсан жібімен тігіледі.

3-ші науқ ас 44 жасар ә йел - клиникағ а тү скенде кіндік айналасының ауырсынуына шағ ымданады. Ауырсыну ауыр жұ мыстан соң ғ ана емес тыныштық та да сезіледі. Науқ астың жалпы жағ дайы қ анағ аттанарлық.

Іштің бетін тексергенде кіндіктің ''ісінгені'' жә не кіндік сақ инасының кең ейгені (бір саусақ ты ө ткізеді) анық талады. Ісік кө лемі 3 см-ден. астам жә не ісік ішке кірмейді.

Диагноз - кіндіктің орнына тү спейтін жарығ ы. Бұ л диагноз аурудың шағ ымы, кіндік ісігі, кіндік сақ инасының кең еюі негізінде қ ойылады.

 

1.4. ОПЕРАЦИЯДАН СОҢ Ғ Ы ЖАРЫҚ ТАР (Hernia postoperativa) Операциядан соң ғ ы тыртық тың жарығ ы кө бінесе аппендэктомиядан соң байқ алады. Ә сіресе деструктивті аппендиксті алып тастағ аннан кейін жә не тығ ын, дренаж қ олданылғ аннан соң пайда болады. Операцияны орындауғ а себеп болғ ан аурудың тү рі онша маң ызды емес. Ең маң ызды себеп қ абыну ү рдісі жә не ішті жара арқ ылы дренаждау, тығ ындау.

Жарық тың бұ л тү рінде жарық қ ақ пасы операциядан соң ғ ы тыртық та. Кейде қ ақ па кішкене жің ішке (аппендэктомия операциясынан кейінгі), кейде дө ң гелек жә не ү лкен аумақ ты, кейде белгілі формасыз. Қ ақ па шеттері қ атты, тыртық танғ ан тіндерден тұ рады. Кейде жарық қ ақ пасын іштің тік бұ лшық еттері қ ұ райды. Операциядан соң ғ ы жарық тың бетін жарық қ апшығ ымен жабысқ ан тыртық тіндері жабады. Кейде бұ л тыртық тіндер ішкі мү шелерге де жабысады. Кейбір аурулардың тыртық танғ ан терісінде жаралар байқ алады. Кейде жарық қ апшығ ы жоқ - іш мү шелері тікелей тыртық танып ө згерген терімен жабылады. Ал қ ейде жарық қ апшығ ы бірнеше бө лек камералардан қ ұ ралады. Жарық операциядан соң ғ ы алғ ашқ ы 5-6 айда басталады. Бұ л жараның ұ зақ уақ ыт толық жазылмағ андығ ын дә лелдейді. Егер жара екіншілік бітіспен жазылса - жаң а тіндер созылып жарық тың пайда болуына қ ажетті жағ дай туады. Жарық пайда болуына жараны тігудің, ә сіресе фасциямен апоневрозды жақ сылап жібек жібімен тігудің маң ызы зор. Тігін жіптеріне қ оса жарық басталуына ә р тү рлі жалпы асқ ынуларда (қ олқ а, ө кпе қ абынулары, жө тел, іш кебуі) ә сер етеді.

Операциялық жараның бағ ыты да ө те маң ызды. Мысалы холецистэктомияда қ олданылатын Кохер-Федоровтың қ иғ аш тілігінде іш бетінің бұ лшық еттері, шандыры жарақ аттанатындығ ынан операциядан соң ғ ы жарық жиі байқ алады.

Жарық тың аумағ ы кейде кішкене, кейде ө те ү лкен. Ауру адамның іші ауырады, толады, сыздайды. Кейбір ауруларда диспепсиялық кө ріністер - лоқ су, ішінің ө туі байқ алады. Аурулардың кө пшілігінде ішкі мү шелердің ауыр жабысқ ақ тануы орын алады. Бұ л қ ан тамырлары жә не жү йенің қ ысып ауыру сезімін кү шейтеді. Жабысқ ақ тардың созылуы, жабысқ ан мү шелердің тартылуы, бұ ралуы, қ ысылуы, аталғ ан шағ ымдармен сезімдерді кү шейте тү седі. Мұ ндай аурулар наркотиктер қ абылдауғ а мә жбү р болады.

Диагнозды анық тау киын емес. Кө збен іштің деформациясы жә не іш бетінің тыртығ ы кө рінуінің ө зі диагнозды анық тайды. Бірақ та бұ л " ісікте" қ андай іш мү шесі барлығ ын, оның жағ дайын, іштегі бұ зылыстарды, оларғ а байланысты жедел немесе жоспарлы операция қ ажеттілігін, операция ү стінде қ андай қ иындық тар кездесетінін шешу қ ажет. Бұ л сұ рақ тарды шешу ү шін ішек-қ арынның рентгенографиясы жасалады.

Операциядан соң ғ ы жарық тек операциямен емделеді. Консервативті ем еш нә тиже бермейді.

Ө те ү лкен жарығ ы бар науқ асты операцияғ а дайындағ анда кү ніне бірнеше сағ ат оларды шалқ асынан жатқ ызып, жарық ты орнына тү сіріп, ү стін қ ұ мды жастық пен бастырып қ ояды. Бұ ның қ ажеттігі келесі жағ даймен байланысты. Операциядан кейін орнына салынғ ан жарық ішіндегі мү шелер іш қ ысымын кө тереді. Ал бұ л жү рек жә не тыныс мү шелерінің жағ дайына ә сер етеді. Аталғ ан жә не басқ аша даярлық тардан ө ткен науқ аста операциядан соң ғ ы кезең дегі асқ ынулар сирек кездеседі. Науқ асты тө секте жатып зә р жә не дә рет шығ аруғ а ү йрету керек. Жалпы даярлық барлық лапаротомияғ а дайындаудағ ыдай (ванна, тазарту клизмасы, операция жасалатын аймақ тың шашын, тү гін қ ыру) орындалады. Жарық тың орналасқ ан орнына, аумағ ына байланысты операция техникасы бір бірінен ө згеше болады. Кейбір жарық тарда (мысалы, аппендэктомиядан соң ғ ы) іштің бетінің ә р бір қ абаттары қ айта қ ұ ралады. Ал жарық қ апшығ ы алынып тасталады.

Егер жарық пен қ оса іштің тік бұ лшық еттерінің ажырауы байқ алса, оларды бір біріне тігу қ ажеттігі туады. Кейде бұ ғ ан қ оса Сапежко тә сілімен іш қ абырғ асының шандырын екі қ абаттап дубликатуралап тігу немесе Мейо тә сілімен іш шандырларын кө лденең інен екі қ абаттап тігу қ олданылады. Кейінгі уақ ытта ө те аумақ ты жарық тардың кемістігін жою ү шін синтетикалық материалдар, аутотері пайдаланылады. Трансплантат іштің ә лсізденген орнын қ алың датады, кү шейтеді, сонымен жарық қ айталануын азайтады.

Операциямен емделмей ұ зақ уақ ыт операциядан соң ғ ы жарық пен жү рген адамдарда келесі қ атерлер кездесуі мү мкін: жарыктың қ абынуы, қ ысылуы, іш мү шелерінің жарық қ ақ пасы арқ ылы тері астына шығ уы (эвентрация).

 

1.5. ДИАФРАГМАНЫҢ ЖАРЫҚ ТАРЫ (Hernia diaphragmatica)

 

Гиппократ заманынан белгілі. Бірақ оның толық ерекшеліктерін Амбруаз Паре (1579 ж.) анық тағ ан. Бұ л жарық та кө к еттің жыртығ ы арқ ылы іш мү шелерінің кеудеге, немесе кеуде мү шелерінің ішке еніп кетуі байқ алады. Кө бінесе ішкі мү шелер кеудеге енеді. Бұ ғ ан себеп кеуде қ уысындағ ы қ ысымның тө мендеуі жә не кеуде мү шелерінің аз қ озғ алғ ыштығ ы.

Кө к еттің жыртығ ы туа біткен жә не туғ аннан кейін пайда болуы мү мкін. Жарық тың бұ л тү рінде жарық қ апшығ ы жоқ. Сондық тан бұ ны " жарық " деп атау шартқ а сай келмейді.

Кейін пайда болғ ан кө к ет жарығ ының жаракатпен байланысты жә не байланыссыз тү рлерін бө леді. Жарық бекіген, байланғ ан, қ ысылғ ан жә не бос болуы мү мкін. Бос жарық та іш мү шелері қ еудеге ө з бетінше кіріп-шығ ып тұ рады. Байланғ ан жарық та кеудеге енген мү шелер кө к ет жыртығ ында қ ысылып қ алады.

Іш пен кеуде аралығ ының кө кеті релаксациясы - бұ л ауруда кө кет жыртылмайды, ол созылып босаң сиды. Осы жерден ішкі мү шелері кеудеге созылғ ан кө к етпен бірге енеді.

Іштей пайда болатын кө к ет жарық тары кейін пайда болатын тү рінен жиі кездеседі. Кө бінесе жарық кө к еттің ө ң еш ө тетін тесігі тұ сында пайда болады да мұ ны ө ң еш тесігінің жарығ ы деп атайды. Ауру қ ұ сық, кекірік, кеуденің ауырсынуын, гү рілдеуін қ ейде жө тел, дене кө геруін береді.

Кө кет жарығ ы қ арын, тіпті жү рек ауруларына ұ қ сас кө ріністер береді. Сондық тан " стенокардия" диагнозымен емделіп жү рген ауруғ а рентгенді тексеріс жү ргізілсе кө к ет жарығ ы анық талады.

Ұ зақ уақ ыт кө к ет тесігінде қ ысылғ ан мү шенің некрозғ а ұ шырауы мү мкін. Бұ л перитонитке, плевритке ә келіп науқ асты ө лімге ұ шыратады.

Кө кет жарығ ы диагнозын қ ою қ иын. Кө бінесе асқ азанның ойық жарасы, плеврит, стенокардия деген диагноздар қ ойылады. Тек рентгендік тексеріс диагнозды айырады. Қ ате диагнозғ а сү йеніп кеуде пункциясын жасау инфекция жайылып ірің ді ү рдіс басталуна ұ шыратады. Бұ л аскынуды кездестірмеу ү шін алдымен рентгендік тексерісті орындау қ ажет. Кө к ет жыртығ ын, іш мү шелерінің кеудеге енгенін анық тау диагнозды шешеді, ауыздан рентген контрасты дә рі ішкізіп жасалатын рентгендік тексеріс жарық қ а қ андай мү шенің енгенін, оның аумағ ын кө рсетеді.

Кө кеттің жарақ аттан соң ғ ы жарығ ы былайша басталады. Уақ ытында анық талып тігілмеген кішкене жарақ ат арқ ылы іштің шарбы майы, ішек, қ арын кеудеге еніп кө к ет жарасын кең іте тү седі. Кө кет жыртығ ы кең болса іштің бірнеше ү лкен аумақ ты мү шелері шапшаң кеудеге еніп тыныс бұ зылуына (ентігу, дене кө геруі), жү рек жағ дайы нашарлануына, асфиксияғ а ә келеді. Бұ ндай ауыр жағ дай бә сең деп жарақ аттанғ ан жұ мыска кірісіпте кетеді. Бірақ та ә р уақ ыттан соң аталғ ан ауырлық тар жә не диспепсиялық бұ зылыстар қ айталанып тұ рады.

Кө кеттің травмалық жарығ ын анық тау ү шін анамнезді толық анық тау қ ажет. Кандай жарақ атқ а ұ шырады, кеуде жағ дайы ө згердіме? (кеудеде шалпыл, гү ріл естіледіме), денеде жарақ аттан соң ғ ы тыртық тар қ алай орналасқ анына сұ йеніп

дә рігер кө к ет жарақ атының мұ мкіндігін шешеді.

Оқ пен, пышақ пен торакоабдоминальды (ішті жә не кеудені қ оса жарақ аттау) жарақ аттанғ анда жарадан соң ғ ы тері тыртығ ы біреу ғ ана болуы мү мкін. Кеуде немесе іш арқ ылы енген оқ не пышақ кө к етті жыртады. Егер алғ ашқ ы операцияны орындағ анда кө к ет жарасы анық талынбаса ол тігілмесе келешекте жарық пайда болатыны сө зсіз. Алғ ашқ ыда кө к ет арқ ылы кеудеге енген іш мү шесі бос, қ озғ алғ ыш, қ ейінде олар жабысқ ақ танып ө з орнына қ айта тү спейтін болады. Бұ ндай жарық қ ысылымғ а ұ шырайды. Кө кет жарасының шеті қ атайады, тарылады. Сондық тан жарық тың 30% астамы қ ысылымғ а ұ шырайды. Бұ л ішек-қ арын байлануының қ ө ріністерін (ауыру, қ ұ су, іштің кебуі, газбен дә реттің шық пауы, аурудың жағ дайы ның нашарлауы) береді. Мұ ндай жағ дайғ а ұ шырағ ан ауруды жедел операцияғ а алмаса ол шоктен, уланудан ө ліп кетуі мү мкін.

Кө кет жарығ ын ең алдымен оның релаксациясынан айыру қ ажет. Бұ л ү шін рентгенография зор кө мек береді. Жыртылмай тек доғ аша иіліп созылғ ан кө к ет кө лең кесі анық талынса - релаксация болғ анын дә лелдейді.

Қ ажет болса пневмоперитонеум (ішке стерилъденген ауа жіберуден кейін орындалатын рентгенография) орындалады. Ауа кө кет жарығ ында кеуде қ уысына енеді (№ 8 сурет).

Кө кет жарығ ы операциямен емделеді. Операция кеуде немесе іш арқ ылы эндотрахеальды жалпы наркозбен жә не релаксант пайдалануымен орындалады. Кеудені VІІІ-ІХ кабырғ алар арасымен ашады. Кеудеге енген іш мү шелерін босатып оларды ішке енгізеді де кө кет жарасын тігеді. Кейде кө кетті лавсанмен, фасциямен жамап кү шейтеді.

Кө кет релаксациясы да операциямен емделеді. Созылғ ан кө к етті қ абаттандырып тарылтып тігеді немесе аллопластикамен кү шейтеді.

Сирек кездесетін жарық тар - тө с шеміршегінің жарығ ы (ксифоидальды), жарты айшық тә різді жолдың (Спигелийдың), Пти ү ш бұ рышының жарық тары, тө рт бұ рышты аймақ тың (Грюнфельд - Лесгафт), қ ұ йымшақ тесігінің (f. ischiadicus) жарық тары. Сирек кездесетін жарық тарғ а ә йелдерде кездесетін бұ т арасы – бұ т аралығ ы, жапқ ыш тесігінің жарық тары да жатады.

4-ші науқ ас 63 жасар іштің бетінің кей жағ ының ісінуіне, іштің ауырсынуына шағ ымданып клиникағ а тү сті. Бұ дан 8 жыл бұ рын шап жарығ ына операция жасалғ ан. Ал бұ дан екі жыл бұ рын басқ ыштан қ ұ лап ішін қ атты соғ ып алғ ан. Іш мү шелерінің жарақ аты деген диагнозбен лапаротомия жасалып, қ уық тың жарылғ аны табылғ ан. Операциядан соң ғ ы кезең ауыр ө ткен. Операция жарасы ірің деп эвентрация (іш бетінің жарасы толық ашылып, ішектер тері бетіне шығ ып кеткен) орын алғ ан. Эвентрация қ айталанып тігілген. Бұ дан соң жара ұ зақ уақ ытта екінші бітіспен жазылғ ан. Іш беті терісінде кө птеген тыртық тар. Іштін тік еттерінің жиектері бір-бірінен алшақ танғ ан, олардың арасы екі алақ ан сиятындай. Іш бетінің зор кемістігі анық талады. Ауру жө телгенде осы кемістік арқ ылы тері астына іш мү шелері шығ ады, іш ауырады.

Диагноз: іш бетінің операциядан соң ғ ы жарығ ы.

5-ші науқ ас 65жасар, отан соғ ысына қ атынасқ ан. 1945 ж. кеуденің оқ пен жарақ атынан емделген. Онда еш операция жасалынбағ ан. Ұ зақ жылдар аздап іш ауырсынуы байқ алатын. Ақ ырғ ы жылы іш ауыруы кү шеюіне байланысты рентгендік тексеріс орындалынғ анда сол жақ плевра қ уысындағ ы неғ айбыл қ араң ғ ылық анық талынады. Рентген суретін тү сіргенде қ арынның кө к еттен ө тіп плевра ішінде орналасқ андығ ы кө рінеді. Сонымен, соғ ыстағ ы кеуде жарақ аттарында кө к еттің қ оса жарақ аттанғ андығ ы себебінен, алғ ашқ ыда кішкене жарақ ат кең ейе келе кө к еттің жарығ ы пайда болып қ арынның іштен кеудеге ауысуына ұ шыратты. Бұ л диагноздың дә лелдері - рентгендегі қ арынның кеудеге енгендігі, іштің, арқ аның жарақ аттан соң ғ ы тыртық тары.

 

1.6. ІШ ЖАРЫҚ ТАРЫНЫҢ АСҚ ЫНУЛАРЫ (СЫРТҚ Ы ЖАРЫҚ ТАР)

 

1. Жарық тың қ ысылуыө те қ ауіпті, жедел операцияны қ олдануды қ ажет ететін жағ дай. Жарық қ абына енетін мү шелер жарық қ ақ пасында, қ апшық мойнында, кейде жарық қ апшығ ының тыртық танғ ан бө лшегінде қ ысылады.

Қ ысылым кө бінесе орта жастағ ы жә не қ артайғ андарда қ ездеседі. Аумағ ы кішкене, қ апшығ ының мойны тар жә не тыртық танғ ан жарық тар жиі қ ысылады. Қ ысылудың пайда болуы, жарық тың қ анша уақ ыттан соң орын алуымен байланыссыз. Қ ысылу жарық тың алғ ашқ ы кезең інде де байқ алуы мү мкін. Оғ ан іштің барлық мү шелері ұ шырауы мү мкін, бірақ кө бінесе ащы ішек жә не шарбы майы ұ шырайды. Пайда болу механизміне байланысты қ ысылудың келесі тү рлерін бө леді:

Эластикалық қ ысылу - жө телдің, ауыр жү к кө терудің, кү шенудің салдарынан іштегі қ ысымның жоғ арылануынан жарық қ ақ пасы созылып, ол арқ ылы жарық қ абына ә деттегіден кө п іш мү шелері шығ ып, олар сырттан қ ысылады.

Нә жістік қ ысылу - кө бінесе қ артайғ ан ауруларда байқ алады. Жарық қ апшығ ына енген ішектін жоғ арғ ы ә келгіш бө лшегінде нә жістің кө п жиналуы салдарынан ішектің тө менгі - ә кеткіш бө лшегі қ ысылады.

Бұ дан ә рі жарық қ ақ пасының жарық қ а енген мү шені қ ысуы кү шейіп нә жістік қ ысылуғ а эластикалы қ ысылу қ осылып аралас қ ысылуғ а айналады (сурет № 6).

Қ ысылғ ан мү шеде қ ан жә не лимфа айналы нашарлайды. Венозды қ ан айналысының бұ зылуы салдарынан ішек қ абырғ аларына, ішіне, жарық қ апшығ ы ішіне транссудация дамиды.

Ішек кө гереді, ішек шіруі оның кілегейлі қ абатынан басталады. Ең ауыр ө згеріс странгуляциялы сала тұ сында байқ алады. Уақ ыт ө те келе қ ысылғ ан ішектің гангренасы басталып, ішекке кө кшіл-қ ара тү сті кө птеген субсерозды қ ан қ ұ йылуы байқ алады.

Ішек босаң сығ ан, оның перистальтикасы жоқ, ішек шажырқ айының тамырының соғ уы тоқ тағ ан, жарық суы қ ойыртпақ талғ ан, оғ ан қ ан араласқ ан, иісі сасық, ішек шіріп тесілсе нә жістік перитонит жә не флегмона басталады. Ішек тү йілуінің анық - іштің қ атты тұ рақ ты ауырсынуына толғ ақ тә різді ауырсыну қ осылады, жел жә не дә рет шығ уы тоқ тайды, қ ұ сық пайда болады. Одан ә рі жарық бетінің терісі қ ызарады (флегмона).

Бұ л аталғ ан сыртқ ы қ ысылуынан, ө згеше жарық тың ішкі тесігінде қ ысылуы мү мкін. Сондық тан жарық тың сыртқ ы ісігі байқ алмаса сыртқ ы тесікке қ оса ішкі тесікті саусақ пен тексеру қ ажет. Жарық тың ішкі қ ысылуында шап арнасына енгізілген саусақ пен кішкене, қ атты ауырғ ыш тө мпешік терең тесікте анық талады.

Қ ысылғ ан жарық тек жедел операциямен емделеді. Қ ысу сақ инасын тілуден бұ рын жарық қ апшығ ын ашып, қ ысылғ ан мү шенің ішке еніп кетуіне жол берілмейді. Операцияны орындаудың қ елесі кезең дері бар:

I жұ мсақ тіндерді апоневрозғ а дейін тіліп, жарық қ апшығ ын ашады,

II - Жарық қ апшығ ын жарып, жарық суын қ ұ рғ атады. Қ ысылғ ан мү шені ішке енгізбей ұ стайды.

III - Қ ысылғ ан жарық тың терең тесігін, оғ ан жабысқ ан ішекті кесіп алмау ү шін мұ қ иат тілу.

ІV - Қ ысылғ ан мү шенің жағ дайын анық тау. Бұ л ө те жауапты кезең. Ішектің тірілігін оның қ ан айналысы негізінде, ішектің тү сінің тү зелуі, странгуляция жолағ ының жоғ алуы, субсерозды гематомалар жоқ тығ ы, ішек қ озғ алысының жақ саруы анық талады.

V - Ө лі ішектің резекциясы ө згерген жарық тың шетінен жоғ арғ ы бағ ытта 30-40 см.жә не тө менде - 10 см. қ ашық тық та орындалады.

Жылжымалы жарық та қ ысылғ ан, ішпердемен жабылмағ ан мү шелердің жағ дайы анық талып, соқ ырішек некрозы анық талынса, тоқ ішектің оң бө лімін алып тастау операциясы жасалып, ащы ішекпен кө лденең тоқ ішек арасының анастамозы орындалады. Қ уық некрозында оның резекциясы жә не эпицистостома орындалады.

VІ- Жарық каналымен қ ақ пасының пластикасы.

Қ ысылғ ан жарық флегмонасында операцияны орталық лапаротомиядан бастайды. Шіріген ішектің резекциясынан соң флегмонаны хирургиялық аластаудан ө ткізеді, бірақ та жарық қ аналының пластикасы жасалмайды. Комплексті емдеу тә сілдеріне жалпы жә не жеке антибактериальды терапия кіреді. Аурудың болжамы ішектің қ ысылу уақ ытымен байланысты. Алғ ашқ ы 6 сағ атта ө лім 1, 1%, 6-24 сағ атта - 2, 1%, 24 сағ аттан кейін - 8, 2% жетеді.

Суреттер № 6.   а – Жарық тың эластикалық қ ысылуы б - Жарық тың нә жістік қ ысылуы

 

Ішек резекциясынан соң ғ ы ө лім - 16%, ал жарық флегмонасынан соң -24% жетеді.

Қ ысылғ ан жарық ты аурудың ө зі немесе басқ а адамның кү шпен ішке енгізудің асқ ынулары: жарық қ апшығ ы жә не оның ішіндегі мү ше іштің бетіне жабысқ ан болса кү шпен енгізілген жарық қ апшығ ы немесе оның ішіндегі мү ше жыртылуы, орнына жалғ ан тү суі мү мкін (№ 5, 7 суреттер).

Сурет № 7. Жарық тың ретроградты қ ысылуы   Сурет № 8. Ө ң еш тесігінің жарығ ының тү рлері а) сырғ анақ ты (аксиальді) жарық тар 1. Кардиофундальды 2. Карынның толык (тотальді) 3. Қ ысқ а ө ң еш б) ө ң ешпен қ атар жарық тар (параэзофагеальды): 4. Фундальды 5. Антральды

Жарық аурулары туралы арнайы ә дебиеттер:

1. Воскресенский Н.В., Горелик С.Л. - Хирургия грыж брюшной стенки. М., Медицина, 1965

2. Крамаренко Ю.Ю - Внутренние брюшные грыжи и кишечная непроходимость. М., медгиз, 1956.

3. Крымов А.П. - Брюшные грыжи М., 1950

4. Кукуджанов Н.И.- Паховые грыжи. М., 1969.

5. Лобачев С.В., Виноградов О.И. -Ущемленные грыжи и их лечение. М., 1958.

6. Тихов П.И.- Брюшные грыжи. Томск, 1914.

7. Тоскин К.Д., Жебровский.В.В. - Грыжи брюшной полости. М., Медицина, 1990.

8. Искендерли В.А. - Хирургическое лечение бедренных грыж, 1966.

9. Иоффе И.Л. - Оперативное лечение паховых грыж. М., Медицина, 1968







Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 13193. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия