Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сурет – Дисульфидті байланыстың түзілуі




 

Дисульфидті байланысты түзетін цистеиннің екі молекуласы бір-бірінен қашықта полипептидтік тізбек бойымен орналасуы да мүмкін. Алайда, полипептидтік тізбектің спираль немесе қатпар түзе иілуіне байланысты цистеин молекулалары жақын орналасып, белок молекуласының үшіншілік құрылымын тұрақтандыруда маңызды роль атқаратын дисульфидтік байланыс түзуге мүмкіндік береді. Мұндай берік, ковалентті байланыстардың болуы белоктарда тұрақтылық пен жасушаішілік ортада оларды денатурациядан қорғауға мүмкіндік беретін протекторлық қызмет атқарады.

 

Ковалентті емес байланыстар – оңай үзілетін әлсіз байланыстар. Ковалентті емес байланыстардың энергиясы аз, олар екі түрлі қызмет атқарады:

1. Өздерінің көптігіне байланысты олар белок молекуласының конформациялық тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

2.Екі молекуладан функционалды комплекстердің түзілуіне қатысады. Бұл белгілі бір құрылымдық комплементарлықты талап етеді. Мысалы, антиген-антидене, фермент-субстрат жұптарын алуға болады. Әлсіз байланыстар ферменттердің қатысуынсыз пайда болады, үзіледі. Ковалентті емес байланыстарға сутектік, иондық, гидрофобтық байланыстар жатады.

Сутектік байланыстар – полипептид тізбектерінің жеке бөлімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Олар бір немесе екі полипептид тізбектеріндегі жақын орналасқан карбонил тобындағы біршама теріс заряды бар оттегі мен амин тобындағы біршама оң заряды бар сутегінің арасында түзіледі (3а сурет). Амин қышқылдарының (серин, треонин) бүйір тізбектерінде сутек атомдары (серин, треонин) гистидин азотындағы, карбониль тобындағы оттегі атомы, α-амин тобы сияқты электрондарға бай атомдармен сутектік байланыстар түзуге қабілетті.

 

Иондық байланыстар әр түрлі зарядтары бар функционалды топтардың электростатикалық әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады. Мысалы: моноаминодикарбон қышқылының СОО- қалдығы, диаминомонокарбон қышқылының NН3+ тобы (сурет. 3.б). Сутектік және иондық байланыс полярлық сипатқа ие, олардың түзілуінде су маңызды орын алады.

 







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 1617. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2020 год . (0.001 сек.) русская версия | украинская версия