Ферменттер, анықтамасы
Ферменттер- табиғаты белоктық заттар болып келетін биологиялық катализаторлар, олар жануар ағзасындағы биохимиялық реакциялар-ды жылдамдатады, немесе тежейді. 2. Ферменттердің әсер ету жағынан бейорганикалық катализаторлар-мен ұқсастықтары: 1)Фермент пен бейорганикалық катализаторлар активтену энергиясын төмендетеді; 2) Фермент пен бейорганикалық катализаторлар энергетикалық мүмкіндігі бар реакцияларды ғана тездетеді; 3) Фермент пен бейорганикалық катализаторлар реакциялардың бағытын, тепе- теңдігін өзгертпейді, тек оның тепе- теңдікке жетуін тездетеді; 4) Фермент пен бейорганикалық катализаторлар реакция кезінде жұмсалмайды және өнімнің құрамына кірмейді. Ферментативтік катализдің механизмі. Ферменттің үш әсер ету сатысын айқын көрсетуге болады: 1) фермент- субстрат комплексінің түзілуі; 2) фермент- субстрат ком-плексінің фермент- өнім комплексіне айналуы; 3) фермент- өнім комплексінің фермент пен өнімге ыдырауы. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің жалпы қасиеттері сонымен қатар олардың бейорганика-лық катализаторлардан айырмашылықтарын да көрсетеді. - ферменттердің табиғаты белоктық болғандықтан, олар белоктың он түрлі қасиеттерін көрсетеді; - ферменттердің құрылысы өте күрделі; - ферменттер өте жоғары субстраттық және абсолюттік арнайылықты көрсетеді; - ферменттер өте жоғары биологиялық белсенділікті көрсетеді, ол ферменттің субстратқа деген ынтықтығынан туады және олар активтену энергиясын өте қатты төмендетеді. ферменттің белсенділі-гінің өлшем бірлігі – катал; - ферменттер өте жайлы жағдайда әсер етеді; - ферменттер – белсенділіктері реттелетін катализаторлар. Ферменттердің күрделі құрылымы. Жай (бір компонентті) және күрделі( екі компонентті) ферменттер. Химиялық табиғаты жағынан тек белоктардан тұратын бір компо-нентті-жай ферменттер болады. Мысалы, пепсин, трипсин , -амилаза. Күрделі( екі компонентті) ферменттер жай белоктан- апоферменттен және табиғаты белок емес простетикалық топтан- коферменттен тұрады. Мысалы, лактатдегидрогеназа ( ЛДГ) - жай белок + НАД+ . Апофермент субстраттық арнайылықты, ал кофермент арнайылық әсерді қамтамасыз етеді. Ферменттің активті орталығының құрылысы (ФАО), оның рөлі. ФАО- ол фермент молекуласындағы амин қышқылдарының қалдық-тарының ерекше түйдектеле орналасуы арқасында бірден субстратты байланыстыруды қамтамасыз ететін орталық. ФАО –катализдейтін реакцияға жауапты каталитикалық орталықтан (арнайылық әсері) және субстратқа ынтықтығы жоғары арнайылықты байланыстыратын орталықтан тұрады(субстраттық арнайылық) .
|