АГ синдромының диагностикасы
1. Отырған, жатқан қалпында АҚ 2-3-рет өлшеу; 2. Бойының ұзындығын, дене салмағын, бел мен мықын айнала шеңберін өлшеу, бел/мықын өлшемдерінің қатынасын есептеу; 3. Гипертониялық ретинопатияның дәрежесін анықтау үшін көз түбін тексеру; 4. Жүрек-қантамыр жүйесін тексеру: жүрек көлемін, тондардың өзгеруін, шулардың болуын; жүрек жеткіліксіздігі белгілерін; ұйқы, бүйрек және шеткері артерияларының патологияларын, қолқа коарктациясын; 5. Құрсақ қуысын тексеру (тамырлық шулар, бүйректердің ұлғаюы, қолқаның патологиялық пульсациясы); 6. Шеткері артериялардың пульсациясын және аяқтардағы ісіктерді анықтау; 7. Цереброваскулярлы патологияны анықтау үшін жүйке жүйесін тексеру Міндетті зерттеулер,емнің алдында нысана ағзалардың зақымдалуы мен қауіп факторларын анықтау қажет: - несеп анализі; - жалпы қан анализі лейкоформуласымен; - қан анализі (калий, натрий, креатинин, глюкоза, жалпы холестерин және жоғары тығыздықтағы липопротеидтер); - 12 тіркемедегі ЭКГ. Емдеу принциптері. Біріншіден науқасқа дұрыс күтім керек. Дереу тез арада седуксен немесе дроперидол дәрілері құйылуы тиіс.Лазикс 40-80мг корглюкон 0,06%-1мл бәрін бірден қанға салу керек. Бұлшық етке клофелин 0,01%-0,5мл, 25%магний сульфат-10мл,50%, анальгин-2мл жіберіледі. Егер қан қысымы түспесе 20минуттан кейін пенталгинді қанға тамызады. Кейін ганглиоблокаторлар қосылады. Осындай жедел жәрдем көсетілгеннен кейін науқас ауруханаға жет- кізілуі тиіс. 3. Жүрек патологиялары бар науқастардың негізгі шағымдары:ентігу, жүрек тұсының ауырсынуы, жүрек қағуы, жүректің дүрсілдеуі, ісіну, жөтел, қан түкіру, бас ауыру, бас айналу. Қарау. Ауру адамның жалпы сыртқы түріне, төсектегі қалпына, терісі мен көрінетін кілегей қабаттарының түсіне қарайды. Осы кезде цианоз бар ма жоқ па анықталады. Жүрек аурулары бар науқастарда шеткері цианоз, яғни акроцианозды (мұрын ұшы, құлақ қалқаны, еріндері, тілі, саусақтардың тырнақты фалангалары) жиі байқаймыз. Митралды стенозы бар науқастарда бозарған беттегі цианоздық реңді қызару байқалады ("facІ)es mІ)tralІ)s"). Мойын аймағын қарағанда тамырлар жағдайына көңіл аударған жөн. Дені сау адамдарда ұйқы артериясының тек болмашы ғана пульсациясын байқаймыз. Қолқа қақпағының жеткіліксіздігінде бұл пульсация өте байқалады және «каротидтер биі» деген атқа ие. Оңқарыншалық жеткіліксіздігі бар, үшжармалы қақпақтың зақымдалуымен жүретін науқастарда мойын көктамырларының ісінуі байқалады. Жүрек аймағын пальпациялау. Пальпация арқылы жүрек ұшының түрткісін, жалпы жүректің соғуын, жүрек тұсындағы пульсацияларды, кеуде дірілін анықтауға болады. Жүрек ұшының түрткісін анықтау үшін оң қолдың алақанын жүрек тұсына қоямыз, саусақтар қолтыққа бағытталып 3-ші, 4-ші қабырғалар аралығында анықталуы тиіс. Алақан жүрек ұшын басып жатуы тиіс. Сонымен жүрек ұшын анықтаған соң, оның жалпы сипатына мән береді: жүрек ұшының жатқан жерін, оның аумағын, күшін, биіктігін, серпімділігін зерттей қарайды. Қалыпты жағдайда жүрек ұшы түрткісі ортаңғы бұғана сызығынан 1-2 см оңға қарай 5-ші қабырға аралықта жатады. Адам тік тұрса өзгерістер болмауы тиіс. Жүрек ұшының солға ығысуы сол қарынша кеңейгенде (миокардтың зақымдалуы, жүрек ақаулары) кездеседі. Плевра қуысында сұйықтық жиналуы жүректі және оның ұшының түрткісін сау жағына қарай ығытырады, ал плевроперикардиалды жабысулар оларды ауру жағына қарай ығыстырады. Аускультация. Жүрек-тамыр жүйесін тексерудегі физикалды әдістердің ішіндегі ең маңыздысы жүректі тыңдау болып табылады. Аускультацияда жүректің жұмысы кезінде туындайтын дыбыстар бағаланады (тондар, шулар). Жүрек аускультациясының жалпы ережелері тура өкпе аускультациясының ережелеріндегідей. - жүректі дем алудың әр фазасында тыңдау қажет: жүректі дем алмай тұрғанда тыңдаған өте дұрыс, неге десеңіз бұл кезде өкпедегі дыбыс жүректің дыбысына кедергі болмайды. - жүректі жатқан және тұрған (отырған) қалыпта кезектестіріп тыңдаған жөн. - кейбір жағдайларда жүректі физикалық жүктемеден кейін қайта тыңдаған дұрыс, ол дыбыстардың өзгерістерін анықтауда маңызы зор болып келеді. Жүректі төменде көрсетілген тәртіппен тыңдайды: ең бірінші жүрек ұшынан екі жармалы қақпақша, екінші қабырғааралығы оң жақтан қолқа қақпақшасы, кейін сол жақ екінші қабырғааралығында өкпе артериясы қақпақшасы, төстің төменгі жағында семсер тәрізді өсіндіні негізінде үшжармалы қақпақша, ең соңында Боткин нүктесі ол үшінші мен төртінші қабырғаның арасында төстің сол жағында орналасады. Қалыпты жағдайда сау адамдарда бес нүктенің бәрінде де екі тон естіледі: І тон қарыншаның систоласында пайда болады, сондықтан оны систолалық деп атайды. ІІ тон қарыншаның диастола фазасында пайда болады, сондықтан оны диастолалық деп атайды. І дыбыс (тон) қысқа үзіліспен, яғни қарыншаның систола фазасынан тұрады. ІІ дыбыс (тон) ұзақ үзіліспен, яғни қарыншаның диастола фазасынан тұрады. Перкуссия – бұл әдіс арқылы жүректің көлемін,оның орналасуын,шекарасын,кескін үйлесімі,сол сияқты қан тамырлары шоғырынығ енін де анықтауға болады.Перкуссия жасағанда төменгі көрсетілген ережелерді басшылыққа алған жөн.Науқастың қалпы: жүрек перкуссиясын жасағанда науқас тік тұруы тиіс,екі қолы төмен түсірілген,ал халі ауыр,өздігінен тұра алмайтын науқастарды төсекте жатқан қалпында да перкуссия жасайды.
|