Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тыныс алу жиілігін, пульсті және артериалдық қан қысымын зерттеуді жүргізу.Диагностикалық маңызы.





Тыныс алу жиілігі. Қалыпты жағдайда тыныс алу саны минутына шамамен 16-20- дай болады. Оны санау науқасқа білдірмей жүрілуі тиіс. Науқастың қолын алып, тамыр соғуын тексергендей, осы қолды әйелдерде кеуде үстіне, ерлерде құрсағына қойып, бір минут ішінде қолдың неше рет дем алғанда көтерілгенін санаймыз. Жаңа туған нәресте 40-45 рет дем алады. Жас ұлғайған сайын тыныс алу жиілігі азаяды. Ұйқы кезінде тыныс алу минутына 14-15-ке дейін төмендейді., ал ол физикалық ауырлық көтергенде, не жүгіргенде, эмоцияға берілген кезінде, тамақ ішкенде жиілейді. Тыныс алу жиілігінің патологиялық жиіленуі (tachipnoe) науқастардың дене қызуы көтерілген жағдайларда және өкпенің әр түрлі аурулары кезінде кездеседі.(өкпе қабынуы, туберкулез, инфаркт, өкпе эмфиземасы т.б.). Тыныс алу жиіленуі кезінде өкпеде газ алмасуының бұзылуының әсерінен қанда көмірқышқылы көбейіп тыныс алу орталығының тітіркендіруін туындатады. Жиі тыныс алу плевраның зақымдалуы кезінде де кездеседі (экссудативті плеврит, гемоторакс, пневмоторакс), бұл ауруларда өкпенің сығылуы нәтижесінде тыныс алу беті кемиді. Миозиттер, құрғақ плеврит, қабырғалар сынғанда, невралгияларда тыныс алу жиілеп, тыныс терең болмайды.
Тыныстың сиреуі (bradipnoe) тыныс алу орталығының қызметінің сырттай және іштей қысылғанда, немесе басылғанында болатын ауруларда байқалады. Олар ми ісігінде, миға қан құйылғанда, менингиттте, кейбір жұқпалы ауруларда, анемияларда т.б. ауруларда кездесуі мүмкін. Тыныс алудың сиреуі көмекейдің тарылуы мен көмекейдің шырышты қабатының ісінуінде, әсіресе ол кеңірдектің ісіктерімен қысылғанда кездеседі. Бұл жағдайларда ауаның өтуі кедергілер арқылы өткендіктен шулы тыныс пайда болады.

Артериалдық пульсті анықтау. Сол жақ қарынша жиырылғанда қан қолқаға үлкен қысыммен өтеді. Бұл кезде қан тамырларының қабырғалары, оның эластикалық қасиетіне байланысты керіліп, қайтадан жиырылып қозғалысқа келеді. Сонымен қан тамырын, яғни тамырды тексеру дегеніміз- солжақ қарыншаның систоласының әсерінен артериалдық қан тамырларына беріллу тербелесін зерттеу. Қан тамырларының қабырғаларының кеңеюі, оның тербелу амплитудасы биік емес, оны көзбен байқау қиын, сондықтан да тамырдың қасиетін пальпация әдісімен анықтаймыз.

Пульсті білезік артериясында анықтайды, білезік жілігінің біз тәрізді өсіндісін білезік етінің сіңірінің ортасында, теріні басып зерттейді. Білезік артериясының топографиялық ерекшелігін еске ала отырып, қан тамырды сүйекке тақап, оның сипаттамасын анықтайды.

Пульсті ұйқы артерияларында да анықтауға болады. Пульсті a. dorsalis pedis артериясында анықтаудың үлкен маңызы бар. Оның нашар әлсіз сезілуі немесе тіпті жоқ болуы бітелінетін эндоартериттің белгісі болып есептеледі.

Пульсті екі білезік артерияларын бір сәтте зерттеу арқылы анықтайды. Қалыпты жағдайда тамырдың соғуы екі қолда бірдей. Бірдей болмайтыны, оның толқыны шеткі артерияларға жетпейді, қан тамырларының толуы да бұзылады (puesus differens), бір жағындағы шынтақ білек немесе бұғана асты артерияларының тарылуы, лимфа бездері үлкейгенде, ісік және аорта аневризмасымен қан тамырларының басылуы мүмкін. Сол жақ жүрекше екі жармалы тесіктің тарылуында үлкейіп, ол сол жақ бұғана артериясын басады. Бұл симптом Попов-Савчеев симптомы деп аталады.

Пульсті екі білезік артериясын тексере отырып, науқастың бір қолынан қан тамырларына сипаттама береді.

Бұл үшін дәрігер науқастың қолын білезіктің сырт жағынан қапсыра ұстап, үлкен саусақты сырт жағынан орналастырып, 2,3,4 саусақтарымен ішкі бетінен білезік артериясын сүйекке басып, анықтайды. Оған сипаттама беру үшін, қан тамырларының қабырғаларының жағдайын саусақпен тамырдың бойымен және көлденең басып сипап анықтайды.

Пульстің сипаттамасы. Қалыпты жағдайда пульстің бір минуттағы саны 60-80-ге тең. Тамырды ¼ және ½ минутте санап болған санды төртке көбейтіп немесе екі еселейді, оны толық бір минутте деп санайды және тамырмен бірге жүректің ұшынан тыңдап, жүректің бір минуттағы жиырылу саны пульспен бірдей болуы қажет. Мұны пульстің кемістігінің бар не жоғын анықтау үшін жасайды (pulsus defficiens).

Жүректің жиырылуы, оның жиілігі қан тамыры артериясының тербелісінен артық болады. Пульстің саны әр түрлі себептердің әсерінен өзгереді, біресе жылдам, біресе жәй болады. Жылдам пульс (pulsus frequens) жүректің жылдам жиырылуынан болады – синустық тахикардия.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 914. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия