Студопедия — Ндірістің технологиялық процессінің сипаттамасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ндірістің технологиялық процессінің сипаттамасы






№1 Кезең - өндірісті дайындау

Өндірістік аймақ шаңдану, ластануды минимум жасайтындай және өндірістік қателіктер мүмкіндігін жоққа шығаратындай етіп жобаланған және салынған (СанПин №3.01.078.02 п.3).

 

Инфузиондық ерітінділерді жасау кезінде микробтық контаминацияның алдын алу үшін ауа тазартуды, микроклиматты, ауаны, жарықтандыруды, өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылғыларды, қызметкерлерді және технологиялық киімді дайындаудың технологиялық және санитарлық әдістері қарастырылған. (СанПин №3.01.078.02 п.п.3-8).

Өндірістік ғимараттар ауаның механикалық бөлшектермен және микроорганизмдермен ластану деңгейіне қарай – категориялық(«таза») және категориялық емес болып топталады.

 

Кесте 8 - Ауаның бөлшектермен ластануы бойынша өндірістік ғимараттарды топтау

 

Ғимараттар тазалығының класстары Бөлшектердің максималды рұқсат етілу саны
Технологиялық операциялардың және ғимараттардың атауы Количество в 1 м3
Бөлшектердің көлемі Өмір сүре алатын микроорганизмдер
>0,5 мкм >5 мкм
         
«А» Контейнерді өніммен толтырудың жергілікті аймағы, микробиологиялық зертхана     1 ден аз

 

 

         
«C» Контейнерлерді өндіру және толтыру бөлмесі, микробиологиялық зертхана, шығын материалдары және қызметкерлерге арналған ауа шлюздері      
«D» Ерітінділерді дайындау бөлмесі, шикізат және қызметкерлерге арналған ауа шлюздері, коридор, екінші киінуге арналған бокс алды және карантин қоймасы Анықталмаған Анықталмаған  
Категориялық емес ғимараттар Стерильдеу бөлмесі және контейнерлерді стерильдеуден кейін суытатын, дайын өнімді және қаптама сақталатын орын СанПин №3.01.078.02 п.п.5,6; ГОСТ 12.1.005-88 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. «Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар».
                 

 

Технологиялық құрылғыларды дайындауға жуушы және дезинфекциялаушы және стерильдеуші заттармен алдын ала тазалау жатады. Ауаның микробтық контаминациясын бақылау жұмыс алдында седиментациялық әдіспен аптасына екі рет жасалады.

«Таза» бөлмелердегі температура 180С деңгейінде, 65% дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылықта сақталады.

«Таза» ғимараттардың және жұмыс орындарының жарықтандылуы ҚР 2.04-05-2002 СНиП «Жасанды және табиғи жарықтандыруға» сәйкес жасалады.

 

Желдету ауасын қосу

Өндірістік бөлмелердегі ауа тазалығын ауа тазарту жүйелері арқылы іске асырады. Ауаны тазалау жүйесі ауаны тазалаудың үш сатысынан тұрады (ГОСТ Р 51251-99):

Дөрекі тазалау фильтрлері - F7;

Жұқа тазалау фильтрлері- F9;

Жоғары тиімділікті фильтрлер НЕРА –Н13.

«Таза» бөлмелер үшін жоғары тиімділікті Н13 классты НЕРА фильтрлері қолданылады, ауа алмасудың 15-20 еселігі жасалады, оның жылдамдығы 0,4тен 0,8 м/с арасында болады, артық қысым (7-46 Па).

Климаттық құрылғының ауа камераларының ішкі және сырты беті ағымдағы (сутек тотығының 0,5% жуғыш зат қосылған 1% ерітіндісімен) және толық (сутек тотығының 3% ерітіндісімен 5-6 күнде бір рет) тазартылып отырады.

Өндірістік бөлмелерді (ғимараттарды) дайындау

Өндіріс бөлмелерінің қабырғасы және төбесі жеткілікті механикалық беріктікке ие, статикалық электрленуі шектелген, коррозияға ұшырамайтын, улы емес материалдармен қапталуы керек. Еденнің беті тегіс және су өтпейді, жууға ыңғайлы болуы керек (СанПин №3.01.078.02 п.п.5,6).

Әр түрлі өндірістік бөлмелерді тазартуға тазарту материалы және тазалау құралдары бөлінеді, олар міндетті түрде таңбаланады, қатаң түрде мақсаты бойынша қолданылады және арнайы бекітілген орында немесе шкафта сақталады.

Швабралар пластмасса немесе сабы бүлінбеген металл болуы керек.

Жуушы және дезинфекциялаушы ерітінділерге пластмасса немесе дат баспайтын болаттан жасалған таңбаланған металл шелектер қолданылады.

Қабырғаларды, төбені, есікті, терезелерді және де бөлменің басқа беткі қабаттарын сүртуге түксіз матадан жасалған шүберек қолданылады. Еденді жууға қатты матадан жасалған шүберек қолданылады.

Өндірістік бөлмелерді тазалау және дезинфекциялауды арнайы кейімде, қажет болған жағдайда респираторда жүргізу керек.

Өндірістік бөлмелер ылғалды тазалаудан өтеді. Еден ауысымда кем дегенде бір рет, ал қабырға мен есіктер - кем дегенде аптасына бір рет жуылады. Қол жуатын раковина және санитарлық орындар күн сайын тазаланып дезинфекцияланады (СанПиН №3.01.078.02. п.7).

Жуатын және дезинфекциялайтын құрал ретінде жуу затары және басқа да рұқсат етілген дезинфекциялаушы заттар қосылған сутек тотығын қолданады.

«Таза» бөлмелердің тазалауын ылғалды әдіспен әр ауысымнан кейін жасап отырады.

Жұмыс барысында қажет болған жағдайда, тазалауды бастау алдында өнімнің және басқа да қалдықтарды жинауды іске асыру керек. Алғашында оларды арнайы ыдыстарға жинайды, ал содан кейін қалдықтың сипатына байланысты не қоқысқа шығарады, немесе өндірістік ғимараттардың сыртындағы таңбаланған контейнерлерге салады, одан кейін жоюға немесе қайта өңдеуге жіберіледі. Жинауды бөлшектермен ауаны ластамау үшін баяу жүргізеді және тазалыққа қойылатын талаптары қатаң бөлмелерден бастайды.

Ылғалды тазартуды 3% тотығына 0,5% жуу затын қосу арқылы жасайды. Ауада көгеру анықталған жағдайда, сутек тотығының концентрациясы 4%ға дейін өседі, ал ауадан споражасаушы микрофлора сорылып алынғанна кейін - 6%ға дейін.

«Таза» бөлмелердің есігі, қабырғасы, терезесін (100-150) мл/м2 есебімен дезерітіндімен тазалайды. Қабырғаларды жоғарыдан төмен қарай жуады.

Бөлмелерді толықтай тазалау 5 күнде бір рет (құрылғы профилактикасы күнінде) немесе микробиолог микробтық контаминациясын анықтағаннан кейінгі талабы бойынша бірден жасалады.

Бөлмелерді тазарту кезінде ауа тазарту жүйесі тоқтаусыз істеп тұрады.

Тазалау алдында барлық құрылғылармен электр құрылғылары токсыздандырылады.

Бөлмедегі микробтық контаминацияны бақылау өндіріс процессі кезінде аптасына 2 ре және екі аптада бір рет бөлмені дезинфекциялаушы ерітіндімен тазалаудан кейін іске асырылады. (СанПиН №3.01.078.02 12 Қосымша).

Құрылғыны және құралдарды дайындау

Технологиялық құрылғыларды дайындау технологиялық процесске дейін және кейін іске асырылады. Құрылғылардың дайындық сапасын СанПиН №3.01.078.02 ға сәйкес жүргізу керек.

Құрылғыларды жуу кезінде түксіз матадан жасалған шүберектер қолданылады. Микроорганизмдердің тұрақты формаларының пайда болуының алдын алу үшін дезинфекциялаушы заттарды 5-6 күн сайын кезектестіре қолданады.

Құрылғының микробтық контаминациясын анықтау таңдамалы түрде аптасына екі рет технологиялық процесс барысында және аптасына бір рет дизерітіндімен бөлмелерді тазартудан кейін жасалады.

Құрылғының микробтық контаминациясын бақылауды тампондармен шаю көмегімен іске асырады. Құрылғы бетінен бір шайындыны алу үшін ылғалдандырылған тампондармен зерттелуші объекттің көлеміне байланысты (25 – 100 см2) көлемді аймақты сүртеді. Кішігірім заттардың барлық беттерін шаяды (СанПиН №3.01.078.02 Қосымша 12).

Ауыстыру киімін бақылау, оны жуу және тазалауды СББ бақылаушысы іске асырады және стерильді технологиялық киімі қозғалысын тіркеу журналында тіркеледі.

Стерильді киміді қораптарда сақтау мерзімі үш тәуліктен аспайды.

Технологиялық киімнің микробтық контаминациясын бақылау аптасына екі рет технологиялық процесс барысында А,С,D класстағы ғимараттарда таңдамалы түрде аптасына 2 рет, киімді стерилдеуден кейін 2 аптада бір рет жасалады. (СанПиН №3.01.078.02 Қосымша 12).

Қызметшілерді жұмысқа даярлау

А,С,D тазалық классына жататын ғимараттарда жұмыс жасайтын қызметкерлер жеке гигиена ережелерін қатаң сақтайды, тұрақты түрде ду қабылдайды, аптасына кем дегенде 2 рет бастарын жуады.

Күнделікті ауысым басында өндірістің барлық қызметкерлері профилактикалық медициналық тексерістен өтеді.

Қайызғақ бар, әр түрлі деңгейдегі тері ақауына ие, патогенді микрофлора тасымалдаушылары, аллергиялық және тері ауруларымен ауыртаны, сонымен қатар алкогольдік сусындар ішкен адамдар жұмысқа жіберілмейді.

Қызметкерлердің өндірістік ғимараттар ішіндегі қозғалысы орындалатын өндірістік операцияларына байланысты бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады. Жұмыс уақытында ғимарат ішінде босқа жүруге тыйым салынады.

Өндірістік ғимараттарға кіру және шығу қатаң шектелген.

Жалпы цехтық киім сақтау орнында қызметкерлер үстіңгі киімін, бас киімін және көше аяқ киімін шешеді. Ауысу аяқ кімін және киімін киеді.

Бокс алдында қызметкерлер жеке заттарын шешеді және жеке берілетін шкафқа салып қояды, одан кейін аяқ киімін шешіп келесі жаққа атап өтеді, ол жерде жеке аяқ киімін киеді және екінші екінші бокс алдына өтеді. Кіру алдында қолын жуады, қолын құрғатып және дезерітіндісімен тазалайды (СанАиН № 3.01.078.02).

Екінші бокс алдында А,С,D тазалық классында жұмыс жасайтын қызметкерлер қолдарын дезерітіндімен жуады, полэфирлі матадан жасалған мүшекте сақталған стерильді техологиялық киімді киеді.

Осыдан кейін қызметкерлер шлюзге барады, ол жерде қолын дезерітіндімен тазалап жуады, және стерильді қолғаптар киеді. Дезинфекциялаушы ерітіндіні тұрақты микроорганизмдер қалыптасуының алдын алу үшін 5-6 күн сайын кезектестіру керек.

«Таза» ғимараттан шығу қажеттілігі туындаған жағдайда қызметкер екінші бокс алдына өтеді, ол жерде технологиялық киімді шешеді, оны арнай қақпағы бар бакқа салады. Қайтып келген кезде қызметкер толық дайындықтан өтіп, стерильді технологиялық киімнің жаңасын киеді. Жұмыс кезінде қолғаптарды әр 2 сағат сайын 76% этил спиртімен тазартады. Жұмыс аяқталғаннан кейін қолға жұмсартатын заттар (крем, қолға арналған сұйықтық) жағуға кеңес беріледі.

Қызметкерлердің қолдарының микробтық коммутацисын басқару өндірістік процесс кезінде А,С,D тазалық классындағы ғимараттардың қызметкерлерін таңдау арқылы аптасына 2 рет және қолды дезинфекциялаушы ерітіндімен тазалағаннан кейін екі аптада бір рет жасайды. (СанПиН № 3.01.078.02 Қосымша 12).

 

Су дайындау

Инфузиондық ерітіндіні, сонымен қатар стерильдеу мақсатындағы таза суды өндіру үшін артезиан суы тазаланады және көпсатылы су өндірісі процесінде дайындалады.

АР (таза) су өндірісі торабы таза су алу үшін қажет және көптеген функционалдық бөліктерден тұратын бір блок ретінде жинақталады. Негізгі құраушылардың арасындағы байланыс құбырлардың және оларға бекітілген қақпақтармен және реттеуші арматурамен орнатылады. Тораптың бірінші функционалдық құраушысы алдын ала тазалау болып табылады.

Алдын ала тазалау

Алды ала тазалау фильтрі технологиялық қажеттіліктерге арналған судан үлкен бөлшектерді, бөгде заттарды алып тастауға қызмет атқарады және осылайша шөгінділердің пайда болуынан сақтайды.

Жұмсарту

Жұмсарту құрылғысы екі параллель қосылған, ионалмастырушы шайырмен толтырылған екі ыдыстан тұрады. Алайда технологиялық қажеттіліктерге арналған су әрқашан тек бір ыдыс арқылы ағып өтеді, ал екінші ыдыс дайындық режимінде тұрады. Жұмсарту құрылғысында технологиялық қажеттіліктерге арналған суда болатын Mg2+ және Ca2+катиондары ионалмастырушы шайырмен байланысады және осының әсерінен технологиялық судың ағынына жойылады. Жұмсартудан кейін автоматты түрде өлшеуші құралдың көмегімен Mg2+ және Ca2+ иондарының концентрациясы тексеріледі. Концентрация артық болған жағдайда дайындық режимінде тұрған ыдыс қосылады. Бірінші ыдыстағы ионалмастырушы шайыр NaCl реттелетін су ерітіндісі есебінен мөлшерлеуші сорғымен регенерацияланады. Регенерация аяқталғаннан кейін бұл ыдыс дайындық режиміне ауысады.

Тазартудың реттілігін қадағалау үшін қалдық кермектілікті өлшеуге арналған құрылғы орнатылады.

Тазалаудың реттілігін бақылағаннан кейін қалдық кермектіліті өлшеуге арналған құрылғы орнатылады.

Суды алдына ала тазалау және жұмсартудан өткізгеннен кейін жұқа тазартуға жіберіледі.

Жұқа тазарту

Жұқа тазарту арнайы тесігі 0,5мкм арнайы тазартушы элементте іске асады және технологиялық қажеттіліктерге арналған судан ұсақ бөлшектерді және басқа да заттарды жоюға арналған. Осының есебінен ерекшеліктерге сай кезекті кері осмостың жұмысы қамтамасыз етіледі. Фильтрдің тазалаушы қабілеті фильтрге дейін және кейін орнатылған монометрлердің көрсеткіші бойынша, қысымның өзгерісімен бақыланады.

СО2 бейтараптандыру

NaOH су ерітіндісін қосу есебінен технологиялық қажеттіліктерге арналған суда СО2 байланысы орнайды, себебі ол судың рН көлеміне айтарлықтай әсер етеді. NaOH ерітіндісінің қажетті мөлшері рН өлшемімен анықталады және тікелей су ағынына сорушы шланг арқылы қауіпсіздік үшін пластмасса ваннаға орнатылған, мөлшерлеуші ыдыстағы мөлшерлеуші сорғымен іске асырылады.

СО2 толықтай жоймаса, рН көлеміне қарай кері осмостан кейін су сапасын анықтау мүмкін болмайтын еді. СО2 бейтараптандыру кезінде пайда болатын карбонат-анионы және қосылатын Na+ катиондарын кері осмоста сенімді түрде жоюға болады.

Дехлорлау

Технологиялық қажеттіліктерге арналған суды дехлорлау тұрақты және реттелетін NaHSO3 ерітіндісімен тікелей су ағынына сорушы шланг арқылы қауіпсіздік үшін пластмасса ваннаға орнатылған, мөлшерлеуші ыдыстағы мөлшерлеуші сорғымен іске асырылады.

Мөлшерленетін NaHSO3 көлемі Redox өлшемінің көмегімен автоматты түрде реттеледі. Дехлорлау мембранадан кейін орнатылған кері осмосты қалдық хлормен бүлдіріп алмас үшін қажет.

Дезинфекция

Технологиялық қажеттіліктерге арналған суды дехлорлау тұрақты және реттелетін H2O2 ерітіндісімен тікелей су ағынына сорушы шланг арқылы қауіпсіздік үшін пластмасса ваннаға орнатылған, мөлшерлеуші ыдыстағы мөлшерлеуші сорғымен іске асырылады. Дезинфекция процессінсіз судың және осмос торабының биологиялық тазалығына кепілдік беру мүмкін емес.

Кері осмос

Кері осмостың екі құрылғысында да алдыңғы технологиялық кезеңдерден кейін қалған аниондар мен катиондарды жою іске асырылады, ол арқылы қажетті су тазалығына қол жеткізіледі. Осмостың әр кезеңінің алдында қысымды көтеру блогы орналасқан, ол берілетін ағын қысымын осмостың сәйкес кезеңіне лайықты қысымға дейін көтереді. Осмостың әр кезеңінің алдында бірінші қысымды көтеру блогының алдында ағын бөлігі кері бағытталады.

Кері осмостың СІР торабы

Жылына 1-2 рет кері осмостың мембраналарын арнайы ерітіндімен тазартып отыру керек, ол арнайы СІР құрылғысындағы химикаттардан дайындалады. СІР құрылғысы мөлшерлеуші ыдыстан және басқарылатын қақпақтар арқылы мөлшерлеуші шлангтар жүйесінен тұрады. Бұл процессті жүргізбестен кері осмос торабының тиімді жұмысына кепілдік берілмейді.

Басқару

АР суын өндіріс торабын басқару дисплейі және баспа құралы бар автономды таратушы шкафта жасалады. Дисплейге негізгі өлшеу-бақылау құралдарының параметрлері мен көрсеткіштері шығарылған және олар баспа құралынан диаграмма түрінде шығарылады. Құрылғыны электр қуат көзіне қосу үшін арнайы кабель қолданылады.

Барлық тораптың үздіксіз жұмыс жасауы үшін жеткілікті деңгейдегі регенерацияға, бейтараптандыруға, дезинфекцияға, дехлорлауға, СІР қолданылатын ерекше тазалықтағы химикаттар, сонымен қатар шығын материалдары мен қосымша бөліктер жеткілікті болуы керек.

АР суын тарату және сақтау торабы

АР- ыдыс

АР-ыдыс оқшауланбаған сыйымдылығы 7200 л, дат баспайтын болаттан жасалға вакуумды резервуар болып табылады, және тазау су өндірісінен алынға суды суық сақтауға қызмет атқарады. Сақтауда тұрған таза суды дезинфекциялау термикалық жолмен іске асады. Рециркуляциялық келте құбырлардың арқайсысы шашыратушы шармен жабдықталған. Резервуардағы судың температурасын өлшеу ыдыс түбінде орналасқан Pt100 тетікшесі арқылы іске асады. Резервуарға ауа жіберу және шығару стерильдік фильтр арқылы іске асады. Толтыру деңгейін бақылау өлшеудің гидростатикалық принципі бойынша манометрлік өлшеу өзгерткішінің көмегімен жасалады. Сонымен қатар, ыдыс қатты толып кетуден сақтайтын сақтандырғышпен жабдықталлған. Таза су өндірісі жұмысын жалғастырғандықтан, АР балғын суы ыдысты айналып өтіп қайтадан АР өндірісіне түседі, және ол жерді өндірістік науалар жүйесіне кетеді.

Қажет болған жағдайда ыдысты тікелей өндірістік науалар жүйесіне ағызу арқылы босатуға болады.

Aqualoop тарату жүйесі термикалық дезинфекцияға арналған жылу алмастырғышты, таза су айналымына және құбырлар жүйесіне арналған, сақиналық құбыр түрінде жасалған, таза суды тұтынушыларға тарататын сорғыны қамтиды. Айналым сорғысы оны толықтай босатуға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған. Сақиналы құбырлы жүйедегі қысым тұрақты жиілік реттегіші бар сорғымен сақталады. Осы мақсаттарға сақиналы құбырдың айналымының бас жақ бөлігінде қысым өлшегіш орнатылған. Сақиналы құбырдың ішіндегі ағынның минималды жылдамдығы шығын өлшегішпен өлшенеді. Таза судың өткізгіштігін анықтау және бақылау үшін сақиналы құбырдың айналымында өткізгіштікті өлшеу қарастырылған (Pt100 температура өлшеуші тетігімен).

WFI (ЕАС) өндіріс торабы

WFI (ЕАС) Pharmasill MS 504 HPS типті өндіріс торабы таза судан екпеге арналған суды өндіруге арналған. Осы мақсатта су ағысқа қарсы ЕАС өндіру құрылғысы арқылы ағып өтеді, ол бірнеше жылу алмастырғыштарынан тұрады, және сонымен бірге буланады. Жылу тасымалдаушы ретінде жылыту буы қолданылады. Пайда болатын таза бу конденсацияланады, содан кейін тоңазытқышта суытушы су көмегімен WFI-ыдысқа беріледі. ЕАС өндіріс құрылғысы төрт саты түрінде жасалған.

WFI-ыдыс 7,5м3пее ироғае кезде су жіберу тоқтатылады. ЕАС өндіру тоқтайды. Сонымен бірге алынған ЕАС өндірістік науалар жүйесіне шығарылатын болады.

Басқару және технологиялық кезеңдер

ЕАС өндіру құрылғысы орталықтандырылмаған тәуелсіз басқарумен жабдықталған, ол тарату шкафында орналасқан. Бұл басқару көмегімен келесідегідей технологиялық операциялар іске асырылады:

1. Іске қосу;

2. ЕАС өндіру;

3. ЕАС сапасы сай болмаған жағдайда ЕАС жою;

4. Шламды жою;

5. Тазарту;

6. Өшіру.

ЕАС сақтау және тарату торабы

WFI-ыдыс

WFI-ыдыс- оқшаулануы бар 9100л жалпы сыйымдылығы бар дат баспайтын болаттан жасалған вакуумды резервуар, ЕАС өндіріснде алынған ЕАС ыстық күйінде сақтауға қызмет атқарады. Бұл резервуар вакуумның әрекетіне шыдайтын қысыммен жұмыс жасайтын ыдыс түрінде жасалған және жылыту буымен тікелей жылытуға арналған екі еселі жейдемен жабдықталған. Резервуарды жылыту ыдыстың ішіндегі суды >85⁰ С температура диапазонында ұстап тұру үшін қажет. Ол микробиологиялық ластанудың алдын алу үшін жасалады. Айналымдық келте құбырлардың әр қайсысы шашырату шарымен жабдықталған. Осының арқасында ыстық ЕАС бетін үздіксіз тазалау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бұл мүмкін микробиологиялық ластанудан сақтану шарасы болып табылады. Резервуар ішіндегі судың температурасын өлшеу Pt100 тетігі көмегімен жасалады.

Толу деңгейі гидростатикалық принцип бойынша манометрлік өлшеуші өзгерткіш көмегімен бақыланады. Сонымен қатар резервуар қатты толып кетудің алдын алатын сақтандырғышпен жабдықталған. Қажет болған жағдайда резервуарды тікелей өндірістік науалар жүйесіне ағызу арқылы босатуға болады.

Бұл резервуарды сақиналы құбыр жүйесінен тәуелсіз стерильдеуге болады. Резервуарда таза бумен стерильдеу кезінде пайда болатын бу конденсаты ыдыстың кәрізі арқылы таза пар конденсатына беріледі. Ерітіндіні дайындауға арналған ыдысты стерильдеу кезінде температураны бақылау үшін бұл құбыр Pt100 температура өлшеу тетігімен жабдықталған.

WFI80 тарату жүйесі

Aqualoop жүйесіне екі орталықтан тепкіш сорғылары енеді, олар сақина кейпінде жасалған, ЕАС жекелеген тұтынушыларға жеткізу үшін оқшауланумен жабдықталған құбыр жүйесіндегі ЕАС айналымын қамтамасыз етеді. Айналым сорғылары толықтай босатылуы мүмкін және оларды таза бумен стерильдеуге болады. Екінші сорғы тек резерв ретінде дайындалған. Айналым сорғысын резервтік орындау бір сорғы істен шыққан жағдайда өндірістің ұзақ уақытқа тоқтап қалуының алдын алу мақсатынды жасалған. Сорғыны тек таза бумен жекелеген стерильдеу және монтаж/демонтаж қажет.

Сақиналық құбыр жүйесінің төменгі нүктелерінде Pt100 бар температураны өлшеу өзгерткіштер және конденсатты таза будан бұруға арналған конденсат бұрмасы қарастырылған.

WFI- ыдыс және Aqualoop тарату схемасы автаркиялық басқарумен жабдықталған, оған тарату шкафы және су сору кешені енеді (Still).Осының арқасында ЕАС тұтынушыларға автоматты түрде бұру, ЕАС айналымдағы суының қажетті көлемін және температурасын ұстап тұру қамтамасыз етіледі.

Таза буды туындату және тарату жүйесі

Таза бу PSG 100 DTS типті таза бу өндіріс торабында таза судан алынады және таза буды тарату жүйесіне беріледі. Бұл жүйе негізінен құбырлардан тұрады, олар арқылы кез-келген тұтынушыны қамтамасыз етуге болады. Таза будың жасалу көлемі шығынға байланысты реттеледі және 0 ден 100% ге дейін реттеледі.

Таза буды іріктеу кезінде таза бу генераторының колоннасындағы қысым төмендейді. Қосымша реттеу үшін булануға жылытылатын бу көмегімен берілетін таза су таза буға айналады. Таза бу генераторын таза сумен толтыру деңгейін төмендеткен жағдайда таза суды қосымша құю іске асырылады. Жүйені тазалау және стерильдеуді қамтамасыз ету үшін ол құбырдың соңына қосылған, сонымен қатар таза бу конденсаты жүйесіне қосылған.

Таза бу жекелеген технологиялық аймақ тұтынушыларына қажет, ол аймақта нақты құрылғыны стерильдеу процессі қажет болады. Стерильдеу жүргізілмесе технологиялық процесс тоқтатытылуы тиіс.

№3 кезең - Пасконат ерітіндісін дайындау:

Ерітіндіні дайындау процессін автоматты басқару ерітіндіні тек таңдалған ерітінді дайындау линиясын жуу және стерильдеуден кейін ерітінді дайындауға бағдарламаланған, әйтпесе технологиялық процесстің бұғатталуы орын алады.

ЕАС шаю

Ерітінді дайындау линиясын шаю технологиялық процессін бастар алдында В0210 (В0220) реакторы құйылыс тесігіндегі V221 (V261) тетігінің және өндірістік науа шығысы V223 (V263) және тазартылған линияға өнім берудің V225 (V265) тетіктерінің жабықтығын тексеру керек. F0215 (F0225) аэрофильтрі артындағы V243(V275) тетігі ашық болуы керек.

FQIRS 0100-015 шығын өлшегішінде W0129 жылу алмастырғышы алдында судайындау аймағымен келісу бойынша V171 және V161 тетіктері көмегімен 5000 л/с тең ЕАС80 шығыны қойылады.

ОР А0100+S02 басқару пультінде «В0210 (В0220)» функциясын іске қосып, шаю суының берілген көлемін – 500 л жасау керек.

В0210 (В0220) реакторына V237 (V282) енгізу тетігін ашу. Шаю басталғаннан кейін автоматты түрде V235 (V280) пневматикалық қақпағы ашылады, ал ЕАС 20 кері сақина линиясының V147 пневматикалық қақпағы жабылады. ЕАС80 В0210 (0220) реакторына шарлы шаю бүріккіші арқылы түседі және FQIRS 0100-015 шығын өлшегішімен мөлшерленеді. Араластарғыш белгіленген минималды 300 литр деңгейіне жеткенде қосылады. Белгіленген минималды араластыру уақыты 10 минут.

Реактор толғаннан кейін V235(V280) пневматикалық қақпағы және В0210 (В0220) реакторына V237(V282) енгізу тетігі жабылады. V243 (V275) жауып және 0,5Мпа қысымды Н240 (Н272) кранды ашып және сығымдалған ауа жіберуде V242 (V274) тетігін жауып жасау керек. Реактордың магниттік араластырғышы 10 минут аяқталғаннан кейін өшеді. Реактор түбіндегі V221 (V261) тетігін ашу керек. Босатуды тазаланған линияны шаю үшін фильтрлер арқылы іске асырады.

Тазартылған линияны шаю үшін тазарту линиясындағы V225, V226 (V265, V266) тетіктерді шаю сулары F0230, F0231 (F0240, F0241) фильтрлері арқылы өтуі үшін ашу. Жиналып қалған ауаны шығару үшін V247, V250 (V285, V288) тетіктерін ашу. Шаю сұйықтықтарын өндірістік науаларға ағызу үшін V229 тетігін, Н233 кранын (V269, Н295) ашу керек. Рактор босағаннан кейін V225, V229, Н233 (V265, V269, Н295) тетіктерін жауып, V233 тетігін ашу арқылы шаю суларын рекатордан ағызып, тетікті жабады. V222 (V262) сынама таңдау тетігін ашып реактордың босағандығын тексеру. Фильтрлердің корпустерін босату үшін V248, V251, V228 (V286, V289, V268) жәнеV247, V250 (V285, V288) ашып және қалдық суды ағызу керек. Реакторда қалған қысыммен құбырлар мен фильтрлерді тазарту үшін V225 (V265) тетігін ашу. Тазарту линиясындағы V248, V251, V228 (V286, V289, V268) тетіктерін, сонымен қатар V247, V250 (V285, V288) тетіктерін жабу.

Қалдық қысымды түсіру, V243 (V275) тетігін ашу.

Тазарту линиясының және реактордың шаю суларының сынамаларын СОП ПР 0.104-05 сәйкес алады. Қанағаттандырарлық нәтиже болмаған жағдайда тазарту линиясын шаю қайталанады. V243 (V275) F0215 (F0225) аэрациолық фильтрінің тетігін жабу. Шаю процессі аяқталды.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 223. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия