Студопедия — Латекс және одан жасалған бұйымдар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Латекс және одан жасалған бұйымдар






Латекстер дисперстік фазасы сфера тәрізді бөлшектерден (глобулдан) тұратын коллоиддық жүйе.

Табиғи латекс — құрамында каучук бар өсімдіктің сүт тәрізді шырыны. Синтетикалық латекстер — эмульсиялық полимеризация нәтижесінде пайда болатын синтетикалық каучуктардың сулы дисперсиясы. Синтетикалық каучукқа пластиктердің мысалы, поливинилхлорид, поливинил ацетат дисперсиялары да жатады.

Жасанды латекстер (жасанды дисперсиялар) — «дайын» полимерлерді суда дисперстегенде пайда болатын өнім. Ережеге сай, мұндай латекстерді каучуктен алады, ерітіндіде полимеризациямен синтездеу арқылы, мысалы, бутилкаучукті, изопрендік каучуктерді.

Синтез процессі кезінде пайда болған көмірсутектегі каучук ерітіндісін сумен эмульгирлейді, ал сосын көмірстутекті айдап шығарып жібереді.

Латекстердің тұтынушылық қасиеті (кесте1.) одан алынатын бұйымдар мен материалдардың қасиеттерін анықтайды. Латекстерді қолдану каучкутің қатты түрлерінен мүлдем дайындауға келмейтін, мысалы, жұқа тігіссіз медициналық қолғаптар алуға мүмкіндік береді. Негізінен медициналық мақсаттағы бұйымдар жасау үшін табиғи латекс қолданылады.

 

Кесе 1. Түрлі полимерлер негізінде алынған латкестердің тұтыну қасиеттері.

Латекс типтері Полимер типтері Құрғақ қалдық, % созылғыштық, мн сек/м2, немесе спз Орташа диаметр глобул, нм
Табиғи центрифугаланған Цис-Полизопрен 61—62 500—600  
Синтетикалық хлоропрендік (неопрен 750) Полихлоропрен      
Синтетикалық бутадиендік карбоксилаттық (СКД-1) Бутадиен сополимері метакрил қышқылымен   2—5 100—130
Жасанды изопрендік (СКИ-3) Цис -Полизопрен 58—60 400—500  

 

Медициналық мақсаттағы латекстен жасалған бұйымдарды алудың технологиялық процессі келесі негізгі стадиялардан тұрады:

1. латекс қоспасын дайындау;

2. латекс бұйымының жартылай фабрикатын алу;

3. гельді тығыздату;

4. дайын бұйымды кептіру;

5. дайын бұйымды вулканизациялау;

6. сапасын бақылау, орау және таңбалау.

Латекс қоспасын дайындау. Ережеге сай,латекс қоспасының құрамына кәдімгі резеңке қоспасының ингредиенттерінен басқа беттік-активті заттар (беттік-активті заттар), қоюландырғыштар, антисептиктер, көбікжарғыштар және басқалар кіреді.

Латекс бұйымдардың жартылай фабрикаттарын батыру әдісімен алады. Бұл үшін 60—100°С дейін ысытылған бұйымды модельдейтін форманы латекс қоспасы бар ваннаға батырады. Форманың бетінде пайда болған гельдің жұқа қабаты ауамен кептіріледі, сосын қайтадан батырылады. Бұйымның қажетті қалыңдығына жеткенше осылайша бірнеше рет қайталанады. (2 мм артық емес).

Гельді тығыздау. Форманы оның сыртындағы алынған бұйымымен бірге суы бар ваннаға батырады да бөлме температурасында ұстайды. Нәтижесінде гель тығызданады.

Дайын бұйымды кептіру ауа камерасында40—80 °С температурада 10—15 сағат аралығында.

Дайын бұйымды вулканизациялау арнайы камераларда температурасы 100—140 °С ыстық ауамен жүргізіледі. Ол үшін бұйымды камераға орналастырады да қажетті температурада әр бұйымның өзіне тән технолгиялық регламентіне сәйкес қажет уақыт аралығында ұстайды.

Сапасын бақылау, орау және таңбалау Мемлекеттік стандартқа немесе кәсіпорынның техникалық шартының талаптарына сәйкес жұргізіледі.

Резеңкенің түрлі қасиеттерін өлшеу және түрлі физикалық сынамалар жүргізу резеңкені алудың барлық стадияларында басты рөл атқарады.

Механикалық сынамалар үлгілерге және арнайы дайындалған консрукцияларға, сондай ақ дайын бұйымдарға жүргізіледі.

Дайын бұйымдардың сапасын сынаудың түрлері:

· дайын бұйымдардан кесіліп алынған лабораторлық үлгілерге сынама жүргізу;

· дайын бұйымдарға арнайы универсалды қондырғыларда сынама жүргізу;

· дайын бұйымдарды пайдаланудағы сынама.

Механикалық сынама өткізілуіне байланысты негізгі 3 топқа бөлінеді:

· жалпы тәсілдер материалдардың механикалық қасиеттерінің сандық сипаттарын анықтауға мүмкіндік береді;

· арнайы тәсілдермен шартты көрсеткіштер анықталады;

· бақылау тәсілі бір түрлі материалдан дайындалған әрбір партияларды сынамалау үшін жүргізіледі, бақыланатын материалдың берілген норма көрсеткіштерінен ауытқуының болмауын анықтау үшін жүргізіледі.

«Қартаюға» сынама. «Қартаю» себебі – жарықтың, жылудың, ауаның әсерінен және т.б. Практикада сынама жүргізу үшін «қартаюға» табиғи және жасанды жағдайлар туғызылады. Табиғи жағдайлар - бұл арнайы туғызылған жағдайлар емес, «қартаю» факторлары регламенттелмеген. «Қартаюдың» табиғи әдісі резеңке бұйымдарды сақтау мен пайдалану жағдайларына өте сәйкес келеді, бірақ қзақ уақытты талап етеді. «Қартаюды» тездету үшін резеңке бұйымдардың үлгілерін біраздаған созуға ұшыратады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі:

1. Дәріс конспектісі.

2. 13 қаңтар 2004 жылғы №522 ҚР «Дәрілік заттар туралы» Заңы.

3. 9 қараша 2004 жылғы № 603-II ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы.

4. Под редакцией О.А.Васнецовой «Медицинское и фармацевтическое товароведение», практикум. Баспа тобы ГЭОТАР-МЕДИА, - Мәскеу, 2005 ж. Беттер.349-358; 469-478.

Қосымша:

1. С.З.Умаров, И.А.Наркевич, Н.Л.Костенко, Т.Н.Пучинина. «Медицинское и фармацевтическое товароведение». – Мәскеу, баспа үйі ГЭОТАР-МЕД, Мәскеу, 2004 ж. Беттер 273-277.

 

 

ТАҚЫРЫП СҰРАҚТАРЫ:

1. Фармацевтикалық тауарлардың қауіпсіздігі нені білдіреді?

2. Тұтынудағы қауіпсіздік немен байланысты?

3. Экологиялық қауіпсіздік нені сипаттайды?

4. Жасанды тауарлар деген не?

5. Фальсификация белгілері қандай?

6. Жалған дәрілік заттарды жасауға қандай факторлар ықпал етеді?

7. Резеңке құрамына нелер кіреді?

8. Резеңке бұйымдарды дайындаудың технологиялық процессі қандай операциялардан тұрады?

9. Резеңке бұйымдарды қандай тәсілдермен алады немесе формалау әдістері?

10. Дайын резеңке бұйымдардың сапасын бақылау қалай жүргізіледі?

11. Резеңкеден қандай бұйымдар жасалынады және қандай әдістермен?

12. Латекстен қандай бұйымдар дайындалады?

13. Латекстен бұйымдар алудың технологиялық прецессі.

14. Латекс бұйымдардың сапасын бағалау қандай әдістермен жүргізіледі?

 

ТАҚЫРЫП: ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

МАҚСАТЫ:

Студенттердің фармацевтикалық және медициналық тауралардың жіктелуі, кодтау, ассортименті; фармацевтикалық және медициналық тауарларға маркетингтік зерттеу жүргізу, маркетингтік зерттеудің жоспарын жасау бойынша бағдарлама материалдарын игеру деңгейін тексеру.

 

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

Өткен тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау.

 

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ:

 

1 вариант

1. Өртке қауіпті және жарылғыш қаупі бар заттарды сақтауға арналған бөлмелерге қойылатын талаптар.

2. Таңу материалдары және олардың қолданылуы.

3. Қалыптау арқылы алынған резеңке санитария және гигиена бұйымдары және олардың қысқаша сипаттамасы.

4. Минералды суларды сақтау, тасымалдау және таңбалау.

5. Келесі түсініктерге анықтама беріңдер: «дәрілік зат», «дәрілік препарат», «дәрілік қалып».

6. Тығындау заттарының жіктелуі.

7. Дәрілік заттардың жалғандық белгілері.

 

2 вариант

1. Жарылғыш қаупі бар дәріік заттарды сақтау ережесі.

2. Дәкенің негізгі сапалық көрсеткіштері.

3. Резеңкеден жасалған санитария және гигиена бұйымдарының негізгі функционалдық қасиеттері.

4. Минералдану дәрежесі бойынша минералды сулардың жіктелуі.

5. Дәрілік заттардың жіктеелуі.

6. Тығындау заттарына қойылатын талаптар.

7. Фармацевтикалық факторлар және олардың сипаттамасы.

 

3 вариант

1. Жеңіл тұтанатын және жеңіл жанатын сұйық заттарды сақтау ерекшеліктері.

2. Мақтаның негізгі сапалық көрсеткіштері.

3. Тіс пасталарын таңбалау, буып-түю, сақтау, тасымалдау.

4. Бөтелкелерге құйылған минералды сулардың жіктелуі (емдік, емдік-асханалық, асханалық).

5. «Дәрілік заттардың қауіпсіздігі» нені білдіреді?

6. Буып-түю материалдарының тазалық көрсеткіштері.

7. Тауарларды фальсификациялау деген нені білдіреді және фальсификация түрлері?

 

4 вариант

1. Медициналық эфир мен наркозға арналған эфирді сақтау ерекшеліктері.

2. Медициналық мақтаның негізгі сапалық көрсеткіштерін анықтау.

3. Резеңкеден жасалған санитария және гигиена бұйымдарының ерте ескіру белгілері.

4. Ассортименті шектеулі тауарлар.

5. Дәрілік заттардың тиімділігі.

6. Буып-түю материалдарының қорғаныш қасиеттері.

7. Дәрілік заттардың экологиялық қауіпсіздігі деген нені білдіреді?

 

5 вариант

1. Жарылғыш қаупі бар заттармен жұмыс істеу тәртібі.

2. Таңу материалдарына қандай талаптар қойылады?

3. Резеңкеден жасалған санитария және гигиена бұйымдарының кеш ескіру белгілрі.

4. Минералды сулардың жіктелуі.

5. Енгізу тәсілі бойынша дәрілік заттардың жіктелуі.

6. Буып-түю материалдарының қоршған ортаға тұрақтылық көрсеткіштеріне не жатады?

7. Латекстен қандай бұйымдар дайындалады?

 

6 вариант

1. Оттегі баллондарын қолдану ережелері.

2. Дайын таңу материалдары.

3. Шприцтеу арқылы дайындалған резеңкеден жасалған санитария және гигиена бұйымдары және олрдың қысқаша сипаттамасы.

4. Минералды суларды тасымалдау және сақтау.

5. Консистенциясы бойынша дәрілік заттардың жіктелуі және олардың қысқаша сипаттамасы.

6. Буып-түю материалдарының тазалық көрсеткіштеріне не жатады?

7. Латекстен бұйымдарды алудың технологиялық процесі.

 

7 вариант

1. Тез тұтанатын және тез жанатын сұйық заттардың негізгі қауіпті қасиеттері және олардың қысқаша сипттамасы.

2. Дайын таңу заттарын дайындауда қолданылатын шикізаттың негізгі түрлері және олардың сипаттамасы.

3. Резеңкеден жасалған санитария және гигиена бұйымдарын сақтау ерекшеліктері.

4. Шектеулі ассортименттегі тауарлардың жіктелуі.

5. Көмекші заттар, қолднылуы және олардың сипаттамасы.

6. Табеткалы дәрілік қалыптарды буып-түю үшін не қолданылады?

7. Латекстен жасалған бұйымдардың сапасын бағалау қандай әдістермен жүргізіледі?

 

8 вариант

1. Өртке қауіпті заттармен жұмыс істеу ережесі.

2. Медициналық гигроскопиялық мақта: алыну, сипаттамасы және қолданылуы.

3. Резеңке бұйымдарды қандай әдістерді қолданып дайындайды?

4. Жасанды минералды сулар.

5. Физикалық, физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты дәрілік заттарды қандай топтарға бөледі?

6. Сұйық дәрілік заттарды буып-түю үшін не қолданылады?

7. Дәрілік заттардың қауіпсіздігі және тиімділігі.

 

9 вариант

1. Оттегі баллондарын сақтауды ұйымдастыру.

2. Таңу материалдарын стерильдеу әдістері.

3. Дайындау тенологиясы бойынша санитария және гигиена бұйымдары қалай жіктеледі?

4. Қолданылуы бойынша минералды сулардың жіктелуі.

5. Сақтау бөлмелері қандай құралдармен қамтамасыз етілуі керек?

6. «Скин-бума».

7. Резеңке бұйымдардың сапасын бағалау әдістері.

 

10 вариант

1. Өртке қауіпті және жарылғыш заттарды сақтауға арналған бөлмелерге қойылатын талаптар.

2. Таңу материалдарының сапасының негізгі көрсеткіштері.

3. Бумаға қандай талаптар қойылады?

4. Фармацевтикалық тауарлардың қауіпсіздігі нені білдіреді?

5. Металлдан жасалған медциналық бұйымдарды сақтау.

6. Резеңке бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесі қандай операциялардан тұрады?

7. «Фармацевтикалық факторлар».

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі:

1. Дәріс конспектісі.

2. 13 қаңтар 2004 жылғы №522 ҚР «Дәрілік заттар туралы» Заңы.

3. 9 қараша 2004 жылғы № 603-II ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы.

4. Под редакцией О.А.Васнецовой «Медицинское и фармацевтическое товароведение», практикум. Баспа тобы ГЭОТАР-МЕДИА, - Мәскеу, 2005 ж. Беттер.349-358; 469-478.

Қосымша:

1. С.З.Умаров, И.А.Наркевич, Н.Л.Костенко, Т.Н.Пучинина. «Медицинское и фармацевтическое товароведение». – Мәскеу, баспа үйі ГЭОТАР-МЕД, Мәскеу, 2004 ж. Беттер 273-277.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 783. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия