Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

КІРІСПЕ




Доверь свою работу кандидату наук!
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

 

На основе результатов лабораторной работы, выполненной на ЭВМ кафедры ЭВМ, можно сделать чледующий вывод, что для решения сложных задач эффективно использовать компьютерные сети, тем самым производя расчеты на нескольких ЭВМ одновременно. Это в значительной степени увеличивает скорость выполнения программы вобщем. Но на основе зависимости общего времени выполнения задачи от числа ЭВМ можно сделать вывод, что нужно грамотно формировать кластеры, т.е. выбирать оптимальное количество ЭВМ для решения конкретной задачи, а иначе время сэкономленное за счет разбиения задачи на части будет меньше времени, затраченным на обмен данными между машинами, в следствие чего имеем низкую производительность. Эти выводы можно сделать на основе выше приведенной диаграммы. Из нее становится очевидным, что на двух ЭВМ задача решается почти в 2 раза быстрее, чем на одной, а на трех уже уступает по скорости в сравнении с одной машинной.

 

Выполнил:    
Проверил: Гурчин И.И.  

 

Е.Жұматаева

ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ӘДЕБИЕТТІ БІЛІМДЕНУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫМЕН ОҚЫТУ

 

монография

Павлодар2012

Кереку


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

 

 

Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы

Е.Жұматаева

ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ӘДЕБИЕТТІ БІЛІМДЕНУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫМЕН ОҚЫТУ

монография

Павлодар 2012


ББК 74.202

Ж

 

Е.Жұматаева

Жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту. /Монография. – Павлодар: «Кереку»– 2012. – 224 б.

ISBN

 

Редакция алқасы:

С. Өмірбаев (бас редактор), Р. Кадысова (жауапты редактор), А. Беисова, З. Искакова, А. Асаинова, С. Кабдиева, М. Жаркумбаева

 

Пікір жазғандар:

Әбдікәрімұлы Б. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Галиев Т.Г. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

 

Монографияның «Кіріспе» бөлімінде оқытуға орай жарық көрген еңбектерге талдау жасалған. Дидактиканың шығу тарихын әлемдік педагогиканың ғылыми тұжырым-түйіндерінен іздейді.

Дидактиканың жүйесі, оның мазмұны пәндердің ішкі құрылымынан туындайтын пәлсапалық сарынына бағынышты болу үрдісі басыңқы сипатында жинақталған. Бұл бағытта автор «оқыту», «оқу», «оқытудың мазмұны», «білім мазмұны» т.б. ойлау әрекетін іске қосатын дидактиканың амал-тәсілдерін әдеби арналарды ізгілікті пішінге бағамдау тұрғысында дәлелдеп берген. Бұл нысананы ашу үшін дидактика аспектісіне қатысты терминдерге ерекше ыждаһаттықпен көңіл бөліп, оның оқыту үдерісінде қолданылу мәністеріне түрбірлеп, жіктеп, теориялық ұғымдарды айқындауға назар аударған.

 

Баспаға ұсынған С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі.

 

 

ББК 74.202

 

ISBN

 

 

© «С.Торайғыров атындағы

мемлекеттік университеті» Павлодар 2012

©Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және

білім берудің инновациялық технологиялары ҒПО


КІРІСПЕ

Қазақ әдебиетінің мектепте оқытыла бастау тарихында Орталық Партия Комитетінің «Бастауыш және орта мектеп» туралы /1931/, «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта кұру туралы» /1932/ қаулыларының ерекше маңызы болды. Осы кезден бастап қазақ мектебінде қазақ әдебиетін оқыту, бағдарламасын түзу, оқулықтар жасау идеясы туды. 1934 жылы тұңғыш рет қазақ әдебиеті мен қазақ тарихының мектептік бағдарламалары /15-8 сыныптар үшін/ жарық көрді.

Бағдарламаның жасалуы қазақ мектептерінде әдебиет пәнін оқытудың жаңа белесі болып табылады. Осы бағдарлама бойынша қазақ әдебиетінің тарихы жүйеге келтіріліп, мектепте ақын-жазушылар творчествосы оқылатын болды. М. Жолдыбаев, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев жазған «XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» оқу кітабының шығуы /1933/ осы саладағы маңызды қадам болып табылды. Мұнда қазақ әдебиеттану ғылымы тарихында тұңғыш рет әдебиет тарихының материалдары мектеп көлемінде жүйеге түсіп, революцияға дейінгі әдебиеттің көрнекті өкілдері мен олардың шығармалары мектеп оқушыларына ұсынылды. Әдебиетті оқу кітаптарынан бұл жылдары шыкқан М. Жолдыбаев. Ә. Қоңыратбаев, М. Қаратаев құрастырған 4-сьшыптың /1934/, С. Сейфуллин мен Ө. Тұрманжанов құрастырған 5-сыныптың /1935/ А. Әлібаев пен Ә. Қоңыратбаев құрастырған 3-сыныптың /1936/ оқулықтарын атау ләзім. Әрине, аталған оқулықтардың мектепте қазақ әдебиетін оқытуда атқарған маңызымен бірге елеулі олқылықтары да болды. 1937-1938 жылдары шыққан әдебиет хрестоматиялары /5-сынып - Ә, Тәжібаев, 6-сынып - М. Әуезов, 7-сынып - Д. Әбілов, 8-сынып - С. Мұқанов пен Қ. Бекхожин, 9-сынып - әуелі Үсеков, кейін Е. Ысмайылов пен Т Акшолақов, 10-сынып - М. Жанғалин мен С. Ерубаев/ да бұл салада бірталай тәжірибе жинақтауға себепкер болды.

Әдебиеттік оқу белгілі бір шығарманы мазмұн мен түр бірлігі негізінде оқытуға бағытталды. Тарихи-әдебиеттік проблемалардан оқушы мен мұғалімнің назары шығарманың идеялық-көркемдік жақтарын ашуға, оның құрылысы мен тіліне аударылды. Әдебиеттік оқу орта мектептің 5-7 сыныптарында өткізілетін болды. Әдебиет тарихын мектепте осы кезден бастап 6-10 сыныптарға бөліп оқыту принципі жүзеге асырыла бастады. 8-сыныпта ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихының алғашқы мәліметтерін қамту, 9-сыныпта XIX ғасырдың II жартысындағы және XX ғасыр басындағы әдебиетті оқыту, 10-сыныпта кеңес әдебиетін оқыту принципі қабылдаңды. Әдебиет тарихын мектепте оқытудың жаңа үлгісі негізінде оқулықтар жасау ісіне бұл кезде Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев сынды әдебиетші ғалымдар атсалысып, қазақ әдебиеті тарихының мектептік курсын жасауға, сол жобамен кейін үлкен әдебиет тарихын негіздеуге аса мол еңбектер сіңірді.

Қазақ әдебиетінің пән ретінде мектепте оқытыла бастау тәжірибесі әдебиетті оқытудың әдістемесін де туғызып, қалыптастырды. Бұл жөніндегі алғашқы тәжірибелер бізде отызыншы жылдардың аяқ кезінде жинақтала бастады. Бұған «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орта мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті» /екеуі де 1939/. «Әдебиеттік оқу материалдары» /1940/ атты мақалалар жинақтары дәлел .

50-жылдардан бастап әдебиет сабағын оқытудың проблемалық әдістері кеңінен сөз бола бастады. Сабақты проблемалық тәсілмен оқытудың ғылыми-теориялық тәжірибелері жинақталып, мектеп өміріне ене бастады. Осы жылдары «Мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың методикасы» жинағы, Ә. Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту методикасы», А. Көшімбаевтың «Қазақ әдебиетін орта мектепте оқыту методикасының мәселелері» гәрізді кітаптары жарыққа шығып, пәнді оқыту ісінің жақсартылуына ықпалын тигізді.

60-жылдары Ә. Дайырованың «Орта мектепте Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармаларын оқыту», Ә. Қоңыратбаевтыі «Әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері», 1968 жылы «Мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» атты еңбектері жарыққа шыққан.

1970 жылдары С. Қалиевтің «Мектепте Ғ. Мүсірепов шығармаларын оқыту әдістемесі», сондай-ақ «Мектепте шығармаларды оқыту жолдары» еңбегі, 1974 жылы Ә. Қасымбекованың «С. Сейфуллин өмірі мен шығармашылығын оқыту жолдары» атты құралы, Қ. Әміровтың «Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі» көмекші құралы, Т.Ақшолақовтың «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту» монографиясы, Р. Сүлейменованың «Оқушылардың әдебиеттен өздігінен орындайтын жұүмыстарын ұйымдастыру» еңбектері жарияланды. 80-90 жылдары С. Дүкенбаевтың «Мектепте драмалық шығармаларды оқыту» /1995/, Т. Ақшолақовтың «Көркем шығарманы талдау» /1983/, Ә.Қасымбекованың «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдіру жолдары» /1989/, Т. Жабағиннің «С. Торайғыров шығармаларын мектепте оқыту методикасы» /1991/, 1997 жылы Қ. Бітібаеваның «Әдебиетті оқыту методикасы» басылып шықты.

1990 жылдардан былай қарай прозаны оқыту жайлы тың пікірлер, соны ғылыми түйіндеу жайлы айтыла бастады. Мәселен, аталған зертгеулердің ішінде Қ. Бітібаеваның «Әдебиетті оқыту әдістемесі» /«Рауан», 1997/ оқулығы назар аударарлық. Бұл оқу құралында жүйе бар, бағдарламаның сынып бойынша сатыларына жіктеме берілген. Сонымен бірге, әрбір мәтіннің оқытылуы жайлы әдіс-тәсілдер амалы анық, айқын сұрыпталған. Әрбір еңбекте ішкі және сыртқы жүйе болады және олардың үндестігі болады. Сыртқы жүйе мемлекеттік стандарт көздеген мүдде мен мақсат, ал ішкі жүйе ұстаздың оқытуды үлгілеу шеберлігін көздейді. Бұл оқулықтың кемшілік жерін осы жүйеге байланысты екендігін ашып айтқан жөн. Еңбекте сыртқы жүйе мынадай кезеңдерден тұрады. 1-кезең 1-4 сыныптар, 2-кезең 5-8 сыныптар, 3-кезең 9-11 сыныптар. Ал оқу құралының тақырып ашу үрдісінде /процесінде/ бұл кезеңдермен жіктелген нысаналарды байқаймыз. Кезеңге бөлу барысыңда ішкі жүйе жоқ. Десек те, бұл оқу құралының маңызды жерлері де бар. Мәселен, «Проблемалық талдау жолдары» деген бөлімінде автор нақтылы көріністер мен құбылыстарға тоқталған /68-бет/. Әдісті қайшылықта алады, жай сұрақтар, проблемалық сипаттағы сұрақтар. Екі бағанға бөлу арқылы көрсеткен сұрақтар бойынша /талданып отырған М. Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» повесіндегі Бақтығұл бейнесі/ көркем туындының неіізінде жатқан идеяны, көркем туынды көтерген проблемалық сұрақтар арқылы талдау барысында байқаймыз. Аталып отырған еңбектің шыққан уақытында өзінше маңызы болды. Дегенмен, қазіргі өмір ағымына сай бүгінгі тандағы әдебиет пәнін өткізудің оқытудың мақсаты, ұстанымы мүлде өзгергендіктен, бұл еңбектің оқу құралы ретіндегі ролі солғындады.

 







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 583. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.021 сек.) русская версия | украинская версия