Студопедия — Кедендік баждар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кедендік баждар






1) кедендік баждар;

2) кедендік алымдар.

Сонымен, Қазақстанның салық жүйесі және басқа міндетті төлемдер түрлері айтарлықтай дифференцияланған. Салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде және сәйкес ережелерде көрсетілген.

Мемлекеттік салық қызметі органдары Қазақстанда Қаржы министрлігімен және облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қала аудандарындағы, сонымен қатар қаржы полициясымен көрсетілген. Салық қызметі салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы республика заңдарының орындалуына бақылау жасайды.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі. 1[9-12]; 8 [15-19]; 14 [16-25]; қосымша 18[26-45]; 19[12-20]; 25[10-26].

Бақылау сұрақтары:

1) Салықтардың жетілуінің негізгі кезеңдері

2) Қазақстан Республикасының салық жүйесінің жетілу кезеңдері

3) Бюджетке төлемдердің салықтан айырмасы не?

4) Салықты экономикалық категория ретінде мінездеме беретін нышандары қандай?

5) Салықтың фискальдық қызметінің мәні неде?

6) Салықтың бақылау қызметінің қажеттілігі неде?

 

2-дәріс. Салық жүйесі

Салықтың әдістері мен нысандары, салық қызметі органдары мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Салық жүйесі – көптеген салық түрлері, салық төлеушілер, салық жинау әдістері, салық жеңілдіктерінің болуына байланысты күрделі модель болып келеді.

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады.

Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен тұрады.

Салық салу элементтері мыналар:

- субъект

- объект

- салық көзі

- салық ставкасы

салық өлшем бірлігі

- салық оклады

- салық жеңілдіктері

- салық төлеу мерзімі мен тәртібі

- салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері

- салық төлеуін бақылау

- салықтық жазалау шаралары

Осы элементтерге жеке –жеке тоқталатын болсақ:

Салық төлеуші (субъект) – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға.

Қазақстанда салық төлеушілер:

- резидент және резидент емес заңды тұлғалар;

- Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтғы жоқ адамдар болып жіктеледі.

Салық объектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және т.б. көптеген тауарлық – материалдық игіліктер.

Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.

Салық ставкасы – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді.

Пайыздық салық ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық (тұрақты) болып бөлінеді.

Прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады.

Пропорционалды ставкалар керісінше, салық салынатын табыстың мөлшеріне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады.

Регрессивті салық ставкасы - салық салынатын табыс мөлшерінің өсуіне қарай салық ставкасының төмендеуі. Тұрақты салық ставкасы салық объектісінің көлемінен тәуелсіз бірыңғай сома түрінде белгіленеді.

Салық өлшем бірлігі – есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі.

Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін салық сомасы.

Салық жеңілідіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден толық босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту т.б. жатады.

Салық төлеуші шегерімдерді жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді.

Салықты төлеу мерзімі – салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты.

Салық төлеу тәртібі белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезіндегі белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Салық төлеушінің құқығы:

- қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы, салық қызметі органдарынан ақпарат алу;

- салық қатынастары мәселелері бойынша өз мүдделерін қорғау және оны өзі, не өз өкілі арқылы білдіру;

- салық бақылауы нәтижелерін алу;

- салық бақылау нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде салық қызметі органдарына түсіндірме табыс ету;

- жеке шотынан салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай –күйі туралы көшірме алу;

- Салық Кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау;

- салық құпиясының сақталуын талап ету;

- салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттарды табыс етпеу.

Салық төлеушінің міндеттері:

- салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындау;

- салық қызметі органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындау, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне қедергі жасамау;

- нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беру;

- салық есептілігі мен құжаттарды заңға сәйкес тәртіппен табыс ету;

- сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жады бар бақылау касса машиналарын міндетті түрде пайдалана және тұтынушының қолына бақылау чегін бере отырып жүргізу;

Салықты төлеуді бақылау: - салық заңдарының орындалуын, мемлекетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын және олардың уақтылы төлену мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексеру. Салықты төлеуді басқаруды тек қана салық қызметі органдары жүзеге асырады.

Салық салу қағидалары:

Салық мехнизмінің қызметі белгілі қағидаларға сүйеніп іске асырылады. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі салық ісін мынадай қағидаларға негізделіп жүргізілуін талап етеді:

- міндеттілік қағидасы бойынша салық төлеуші салықтық міндетін толық және белгіленген мерзімде орындауы тиіс;

- нақтылы қағидасы бойынша Қазақстан Республикасындағы бюджетке төленетін төлемдер мен салықтар нақты болуы тиіс;

- әділеттілік қағидасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жалпыға бірдей салық жүйесі қолданылады;

- жариялылық қағидасы бойынша салықты реттеуіш нормативтік құқықтық кесімдер ресми басылымдарда жарық көреді.

Салық ісін тиімді ұйымдастыру мақсатында салықтарды белгілі топтарға бөліп жіктейміз.

Салықтарды мынадай ерекшелік белгілері бойынша жіктейміз:

    1. Салық салу объектісіне байланысты;
    2. Қолдануына қарай;
    3. Салық салу органына байланысты;
    4. Экономикалық ерекшелігіне байланысты;
    5. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай;

Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.

Салықтарды әр түрлі принциптер бойынша бөлуге болады:

- мемлекет пен төлеушінің қарым –қатынастары және салық салу объектісіне байланысты; пайдалануы бойынша; салық жинаушы органы, экономикалық сипаты бойынша.

Бірінші сипаты бойынша салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей салықтар табыс немесе мүлікке ғана (табысқа, пайдаға, мүлікке және жерге салынатын салық) салынады.

Тікелей салықтарөз кезегінде нақты және жеке болып бөлінеді.

Нақты салық мүліктің пайдалану тиімділігіне емес, сыртқы сипатына байланысты салынады; нақты тікелей салықтарға жер, мүлік, ақша капиталына салынатын салықтар жатады.

Жеке салықтарда табыс қана емес, төлеушінің қаржылық жағдайы да ескеріледі, мысалы, отбасы жағдайы. Оған мыналар жатады: табысқа салынатын салық, сый мен мұраға салынатын салық, жан басына және т.б. салықтар.

Жанама салықтар – тауар, қызметтер бағалары арқылы (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кедендік баждар) алынады. Салық сомаларының иесі тауар және қызметтерді өткізгесін мемлекетке тапсырылады.

Пайдалану сипаты бойынша салықтар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы салықтар мемлекетке түсіп, белгілі бір пайдалану барысында тұлғасыздандырады. Арнайы салықтар белгілі бір мақсатқа ие болып келеді (мысалы: әлеуметтік салық, зейнетақы төлемдері үшін пайдаланылады).

Салықты жинайтын және оны билейтін органына байланысты орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтар болып бөлінеді.

Объектінің экономикалық сипаты бойынша салықтар табысқа және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді: біріншісі – салық төлеушінің кез келген объектіден алған табысына салық салу, екінші жағдайда – бұл тауарлар мен қызметтерді тұтынғанда төленетін шығындарға салынатын салық.

Салық салу объектісін есепке алу және бағалануы бойынша салық алудың төрт тәсілі бар: кадастрлық, декларация бойынша, төлем көзіне байланысты, патент бойынша.

Кадастрлық әдіске сәйкес салық салу және есепке алу қамтамасыз ету объектілерінің тізімі негізінде, оның табыс әкелу нормасын (әсер мүліктік) көрсете отырып, нақты табысын ескермей жүзеге асады.

Салық төлеуші декларацияда табыс көлемін, керекті жеңілдіктерді, шегерімдерді ескере отырып, салық сомасын есептейді.

Төлем көзіне байланысты салықты табысты алған жердегі бухгалтерия есептеп, төлетеді.

Патент негізінде салық әр түрлі қызметтен табыс алуға байланысты бөлінеді. Бұл бойынша салық төлемін анықтау және ескеру өте қиын.

Салықтық есептің екі әдісі пайдаланылады: кассалық;және есептеу әдісі. Кассалық;әдіске сәйкес табыстар мен шығындар жұмыстарды жүргізу кезінен бастап қызметтерді, мүліктерді қабылдау және ол бойынша төлеу жүргізіледі. Төлеу уақытынан тәуелсіз есептелінетін есептеу әдісі бойынша табыстар мен шығыстар жұмыс жүргізу уақытынан есептеледі. Екінші әдіс – салық қызметтері үшін қолайлы және оны Қазақстанның барлық салық төлеушілері қолданады. Оның төлеушілер үшін кемшілігі – салық төлемдерін жеткізу уақытында болмаған жағдайдың өзінде төленіп, айналым қаржыларының оқшаулануына әкеліп соғады.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі. 1[9-12]; 8 [15-19]; 14 [16-25]; қосымша 18[26-45]; 19[12-20]; 25[10-26].

Бақылау сұрақтары:

1. Салықтарды жүйесі дегеніміз не?

2. Салықтарды жүйесі міндеттері қандай?

3. Қандай салық салу әдістерін білесің?

4. Тікелей және жанама салықтар қалай ажыратылады?

5. Қандай салық салу қағидалараы бар?

 







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1345. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия