КІРІСПЕ
http://seyfullah.tauhid.biz/ М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасы «Телекоммуникациялар жүйелері мен байланыс желілері» Пәні бойынша Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» (РЭТ) бакалавриат мамандығы үшін Алматы - 2014 М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасы БЕКІТЕМІН Оқу және әдістемелік жұмыс проректоры Е.Т. Ауесбаев Ж. «Телекоммуникациялар жүйелері мен байланыс желілері» Пәні бойынша Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» (РЭТ) бакалавриат мамандығы үшін Алматы - 2014 Таңдау бойынша компоненттің «Телекоммуникациялық желілердің негіздері» элективті пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» (РЭТ) мамандығының бакалавриат студенттері үшін, пәннің жұмыстық оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Пікір берушілер: Касимов А.О. – т.ғ.к., доцент, ҚазҰТУ Бахтиярова Е.А. – т.ғ.к., доцент, КазККА
Автор: Джунусова Д.Т.
Берілген әдістемелік нұсқаулар студенттерді замануи жалпы қолданыстағы телефондық желілердің, сымсыз желілердің, ақпарат тарату желілердің және олардың негізінде құрылған конвергенттік желі – келесі ұрпақтағы байланыс желі NGN (Next Generation Network) жобалау ерекшеліктерімен таныстыруға арналаған. Желідегі жүктемені есептеу, желі сенімділігін есептеу мәселелері қарастырылған.
Әдістемелік нұсқаулар «Радиотехника және телекоммуникациялар» (РТ) кафедрасының отырысында талқыланды және қолдау туралы шешімге ие болды («07» сәуір 2014ж. Хаттама № 15)
Әдістемелік нұсқаулар «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» факультетінің оқу-әдістемелік бюросында қолдау тапқан («20» мауысым 2014ж. Хаттама № 10)
Әдәстемелік нұсқаулар академияның Оқу-әдістемелік кеңесінде кеңесінде ашық басылымға шығаруға және оқыту үдерісіне қолдануға ұсынылды («26» мамыр 2014ж. № 5)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазіргі телекоммуникациялық желілерді құрған кезде желілік деңгейдің үш түрі болады: біріншілік желінің деңгейі, екіншілік желінің деңгейі және электрбайланыс қызметі мен жүйелер деңгейі. Байланыстың әр нақты негізгі желісі біріншілік желінің мамандандырылмаған (алуан түрлі) деңгейі болып табылады, ол желілердың жиынтығын және олардың типтік физикалық тізбектерін, типтік тарату арналары мен желілік күре (тракт) жолдарын қосуды білдіреді. Яғни, біріншілік желі (БЖ) – бұл таратудың типтік универсалдық цифрлық арналардың негізгі торабы, немесе желілік түйіндер, желілік коммутация станцияларының немесе біріншілік желінің соңғы құрылғыларының негізінде құрылған және олардың тарату желілерін қосатын көліктік желі. БЖ негізінде әртүрлі екіншілік желілерді (ЕЖ) құрады және қалыптастырады. Желілік түйіндер жататын біріншілік желінің түріне байланысты оларды магистралдық, ішкі аймақтық, жергілікті немесе корпоративтік, ведомстволық (мекемелік) желінің аталуы бойынша атаймыз. Пайдаланушыларға дейін арналарды жеткізу үшін арналған ЕЖ мамандандырылған болып табылады және біріншілік арналар немесе пайдалы жүктеменің ағындары үшін БЖ-ні таратудың типтік арналардың негізінде құрылады. Электр байланысының түрлері бойынша мамандандырылған жүйелер, өзінен белгілі қызметтерді пайдаланушыларға ұсынуды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жинағын білдіреді. Олар жүйелер және электр байланыс қызметтерін құрайды, яғни ЕЖ-ні және бірқатар қосалқы жүйелерді қосады. Телекоммуникациялық желілердің қазіргі жағдайы біріншілік және екіншілік желілердің интеграциясының процесітерін күшейтуімен және БЖ негізінде мультисервистік желісіне БЖ және ЕЖ-ні айналдыруымен сипатталады, яғни цифрлық біріншілік желінің екі деңгейлі жаңа құрылымы – көліктік желісі және жеткізу желісі пайда болады. Жеткізу желісі – бұл арналар және “соңғы миля” желілері арқылы сигналдарды қолданушылардан көлік желісінің порттарына және кері таратылуын қамтитын желі. Телекоммуникациялық желінің сәулеті деп, желінің физикалық, логикалық, құрылымдық элеметтерінің, солардың арасындағы байланыстың және олардың өзара әрекеттесу ережелерінің жиынтығын атаймыз. Иеархиялық - жоғарыдан төменге деген тәртіпте бүтін элементтері мен бөлшектерінің орналасуы. Қатынастық дегеніміз жүйедегі сыртқы – ортамен және ішкі – элементтер мен қосалқы жүйелер арасындағы көптеген байланысты айтамыз. Барлық телекоммуникациялық желілер қызметтер түрі бойынша жіктеледі: жалпы қолданыстағы телефондық желілер, радиотелефондық желілер (транкинг, ұялы және спутниктік байланыс), компьютерлік желілер және деректерді беру желілері.
|