Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жер сілкінісі





Жер сілкінісі жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Жер қыртысында тектоникалық қозғалыс тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді.

Немесе қабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер дүмпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады.

Қазақстанның оңтүстігі және оңтүстік-шығыс аймақтарында тұрғандары үшін жер сілкіністер мен одан туындайтын құбылыстар (селдер, қар көшкіндері, бөгеттердің бұзылуы, химиялық жарылыс - өрт қаупі күшті кәсіпорындардағы апаттар т.б.) едәуір қауіп тудырады. Егер жер сілкінісі мен оның зардаптарына алдын ала дайындалса, одан келетін әлеуметтік-экономикалық зиянды елеулі азайтуға болады. Негізінде әртүрлі сейсмикалық қауіпті аймақтың әрбір тұрғыны жер сілкінісі туралы белгілі бір дәрежеде хабардар болуы, қауіпсіздік іс-қимыл дәрежелерін білуі және ол пайда болғанда дұрыс іс-қимыл жасауы қажет.

Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады. Осындай толқындар көлемді (жер денесіне таралады) жер үстіңгі бетіндегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді екі түрлі болады. Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісін болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады. Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады. Олар әдетте, келесі қатты соққыны әкеледі.

Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады.

Гипоцентр – алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі. Қазақстан аймағында жер қабатының сілкініс ошағының ең жоғарғы тереңдігі 50 км аспайды.

Эпицентр – бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі.

Жер сілкінісі жиі жағдайда жердің жоғарғы қабатындағы жарық жарылыстармен қоса қабат жүреді. Сілкіну шамасы (жер сілкінісінің үдемелілігі) ғимараттардың бүліну деңгейімен, жер бетінің өзгеру сипатымен анықталады және балмен есептеледі.

Әртүрлі елдерде жер сілкінісі үнемділігін бағалау үшін қолданылатын сейсмикалық өлшемдердің көптеген мөлшері (елу шамалы) пайдаланылады.

Рихтер шкаласы бойынша (Калифорния технологиялық институтының профессоры Чарльз Ф.Рихтер) бұрын соңды тіркелген жер сілкінісінің ең күшті магнитудасы 8,9 балмен өлшеген. Салыстырмалылық 1988 жылғы Армян жер сілкінісінің магнитудасы 8,0, Қытайдағы (Ганьсу) 1920 жылғы жер сілкінісінің күші 8,6 болған.

Әртүрлі балдағы жер сілкіністерінің төмендегі белгілерінің адамдардың мінез-құлқы мен іс қимылына, сілкіністердің мүмкін болатын әсеріне, құрылыстар мен ғимараттардың жағдайына, жер қабатындағы табиғи құбылыстарға, жер қабатындағы және жер бетіндегі судың жағдайының өзгеру белгілеріне назар аударуға болады.

1 балл. Жер сілкінісі сезілмейді. Тербелістің үдемілілігі адамдардың сезіну деңгейінен төмен болады, жер сілкіністі тек сейсмографтар ғана байқап тіркейді.

2 балл. Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі. Тербелісті ғимараттың ішіндегі тыныштықта, жоғарғы қабаттарда болатын жекелеген адамдар ғана сезеді.

3 балл. Әлсіз жер сілкінісі.

4 балл. Елеулі жер сілкінісі. Ғимараттың ішіндегі көп адамдар сезеді, ал ашық жерлерде аз ғана адамдар сезеді. Терезе, есік, ыдыстар сылдырлайды. Жиһаз дірілдейді. Ілулі заттар жеңіл түрде тербелісте болады.

5 балл. Ұйқыдан оянып кету. Жер сілкінісін ғимараттың ішіндегі барлық адамдар, ашық далада көптеген адамдар сезеді.

6 балл. Қорқу. Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді. Көп адамдар қорқып көшеге жүгіріп шығады. Үй жануарлары да қора қопсыдан шығып кетеді. Құдықтардағы су деңгейі мен су көздерінің көлемінде өзгерістер байқалады.

7 балл. Ғимараттардың зақымдануы. Көптеген адамдардың бойын үрей қорқыныш билеп, үй жайлардан жүгіріп шығады, кейбір адамдар үшін аяқпен тұру қиындайды. Көптеген темір бетонды, каркасты ғимараттарда жеңіл зақымдану болады. Ірі блокты ғимараттар мен кірпіштен салынған үйлердің қабырғаларында шамалы жарық-сызықтар пайда болып, түтін тартатын трубалардың бір бөліктері құлай бастайды. Су лайланып, бетінде толқын пайда болады.

8 балл. Ғимараттардың қатты зақымдануы. Қорқыныш пен үрей билейді. Кейбір жерлерде ағаш бұтақтары сына бастайды. Ауыр жиһаздар жылжып, кейде құлайды. Саманнан және саз балшықтан тұрғызылған көптеген үй-жайлар мен қора-қопсылар қирайды. Кірпіш үйлердің көпшілігінде түтін тартатын трубалар құлап, қабырғаларда саңылаулар пайда болады.

9 балл. Ғимараттардың жаппай зақымдануы. Жаппай үрей адамдардың көпшілігі аяғымен тұра алмай, құлайды. Жануарлар азан-қазан, сергелдеңге түседі.

10 балл. Ғимараттың жаппай қирап-бүлінуі. Көптеген панелді темір бетонды және ағаштан салынған ғимараттардың жеке бөліктері қирап қалады. Көпір, бөгеттер едәуір зақымданады.

11, 12 балл. Жер бедерінің өзгеруі. Жер бетіндегі және жер астындағы барлық құрылыстар бүлінеді немесе қирайды. Жаңа көлдер пайда болып, өзендер бағытын, саласын өзгертеді. Үлкен аймақтарда таулар құлап қирайды.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1134. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.091 сек.) русская версия | украинская версия