Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Еліктеуіш сөздер






Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. Мысалы: Мылтық тарс етті; қарға қарқ етті деген сөйлемдерді алсақ, ондағы тарсдеген сөз мылтықтың атылуынан туған дыбыстың атын білдірсе, қарқ деген сөз қарғаның дыбыстау мүшесінен (қарқылдауынан) шыққан дыбыстың атын білдіреді.

Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері

Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін сөз еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуге тиіс:

дыбыстық құрамы,

буын жүгі,

айтылу ырғағы.

Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек, олардың дыбыстарының тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге болады. Оған еліктеу сөздердің, мысалы, мынадай үлгілері айғақ.

Арс, борс, гүрс, дүрс, мырс, тарс, тырс т. б.

Борт, бырт, күрт, кірт, морт, сарт, сырт, шарт, шырт т. б.

Жап, жып, лап, лып, сап, сып, тап, топ, тып, шап т. б.

Барқ, бырқ, жарқ, зырқ, зірк, күрк, қорқ, ірк т. б.

Аңқ, еңк, дөңк, дүңк, діңк, күңк, қаңқ, қоңқ, саңқ, сұңқ, шаңқ, шіңк, ыңқ т. б.

Былқ, кілк, қолқ, қылқ, солқ, селк т. б.

Балп, болп, былп, елп, жалп, желп, жылп, салп, сылп, шалп, шолп, шылп, үлп т. б.

Жамп, күмп, қомп, томп, тымп, сымп т. б.

Даң, дүң, тың, қаң, құң, маң, шаң, шұң, шың т. б.

Ар, быр, дар, дыр, дір, күр, қор, қыр, сыр, шар, шыр т. б.

Баж, быж, бұж, гүж, күж, қыж, шаж, шыж т. б.

Ақ, бақ, бық, қақ, қық, сақ, тық, шақ, шық т. б.

Жалт, жылт, кілт, қылт, мылт, сылт, талт, тылт т. б.

Гу, ду, зу, лау, сау, су т. б.

Барп, борп, қорп, сарп, тарп, тырп т. б.

 

2.Шақ категориясы - белгілі бір әрекетті немесе қалыпты көрсететін етістіктің үш нақты мезгілі: осы, өткен немесе келер шақты білдіруі.[1]

Абсолютті шақ - сөйлеу сәтіне байланысты анықталатын тура мағынасындағы шақ (Мен оқып жүрмін. Мен оқығанмын. Мен оқимын).

Келер шақ - сөйлеу кезінен кейін, алдында болатын іс.

Екінші келер шақ (алдыңғы келер шақ) - сөйлеу кезі жағынан кейінгі, бірақ басқа құбылыстың немесе мезеттің алдында болатын, іс.

Гипотетикалық келер шақ - келер шақтағы ашық рай мағынасындағы шартты бағыныңқы сөйлем баяндауышы.

Дереу келер шақ (жақын келер шақ)- тура сөйлеу кезінен кейін (әдетте осы шақ формаларында немесе сипаттама құрылыстар арқылы жасалатын) шаққа қатысты іс-қимыл белгісі.

Жай келер шақ - абсолютті келер шақ.

Күрделі келер шақ - салыстырмалы келер шақ.

Негізгі шақ - синтаксистік бірлік ретіндегі берілген сөйлем еліктегі басқа шақ формасына қарамастан берілген етістік формасының сөйлеу сәтіне ғана қатыстылығын білдіретін шақ категориясы.

Бұрынғы өткен шақ -

Бұл мағынасында болымсыз етістіктің өткен шақ тұлғасы көп мәртелі мәнде қолданылады (говаривал, хаживал). Бұл тұрпатында осы (хаживаю) мен/немесе келер шақтың (буду хаживать) қатыстық тұрпаты жоқ.

Бұрынғы өткен шақ белгісіз уақыт ішінде ертеде болған, қайталанатын іс-кимылды көрсетеді: Здесь барин сиживал один (Пушкин). Я делывал с ними грибные набеги (Некрасов).

Бұл тұлға бывало демеулігімен жиі қосылады: Бывало, писывала кровью она в альбомы нежных дев (Пушкин).

Демеулік болуы бұл тұрпатқа бұрынғы іс-қимылды мұлде жоққа шығару мэнін бермейді: Такой маленький лошадки Гаврик еще никогда не видывал (Kamaee). Жалпы тұрпат ескірген;

Плюсквамперфект сияқты.

Инклзивті шақ - сөйлеу сәтіне қатысы бар перфект формасының қолданылуы (Мен оны екі жылдан бері танимын; ағылш. I've known him for two years).

Осы шақ - етістіктің грамматикалық формасы, іс-қимылдың сөйлеп тұрған уақытпен бір мезгілде, әдеттегідей, созылыңқы тұрде болып жатқанын көрсетеді. Мысалы: Қазақ тілінде іс-қимылдың нақ осы сәтте, әдеттегідей, сол сияқты созылыңқы мағынасы нақ осы шақ арқылы, ал іс-қимылдың ұздіксіз, күн сайын және үнемі болып тұратын мағынасы ауыспалы осы шақ арқылы беріледі.

Шұғыл осы шақ - осы шақтың аяқталған тұрпаты сиякты.

Табельді осы шақ - кейде осы шаққа қолданалатын, өткен шақтың мәнінде және әлдебір автордың жазбасының үзіндісі ретінде ұсынылатын пікірді жеткізу үшін пайдаланылатын атау.

Белгілі шақ - Перфектпен пара-пар.

Қатыстық шақ - іс-қимылдың салдарлығын, яғни іс-әрекеттердің бұрын не келешекте бір-бірінен кейін болғандығын білдіретін шақ формасының қолданылуы.

Өткен шақ - нақты грамматикалық мағынасы анықталмаған, сөйлеп тұрған сәтке дейін өтіп кеткен іс-қимылды білдіреді.

Алда келер шақ - Екінші келер шақпен пара-пар.

Ауыспалы шақ - жай (талдау емес, синтетикалық) формалармен берілген шақ.

Өткен шақ (лат. praeteritum) - етістіктен болған іс-эрекет, қимылдың өткен кезде, сөйлеп тұрған мерзімнен бұрын біткендігін көрсететін етістік шаққтарының бірі. Өткен шақ формалары синтетикалық және аналитикалық болып келеді. Кейбір тілдерде бір етістік мәні мен қолданылатын құралдарымен ерекшеленетін Өткен шақ бірнеше түрін жасайды. Қазақ тілінде жуықта болған сенімді іс-әрекеттің іске асқаны жедел өткен шақ түрінде беріледі. Қимыл-әрекеттің өте ертеде, бұрын өткенін сөйлеушінің оның қасында болмай, басқа айғаққа сүйеніп оқып, естіп хабарлағандай етіп жеткізуі ежелгі (бұрынғы) өткен шақ түрінде болады.

Күрделі шақ - шақтың құрмалас (сараптамалық, перифрастикалық) формасы.

 

10 билет

1.Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір бірімен салыстыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр.Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы :

1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.

2) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.

3) Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді.

4) Шылаулар түрленбейді.

Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпыкөмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.

Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер

Жалғаулықтар

Сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар өз ара тең бірыңғай сөздерінің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өз ара тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен ( бен, пен ), да ( де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті,т.б. Мысалы: Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық - болды сегіз (Абай Құнанбаев) дегендегі пенен, менен, пен жалғаулықтары тек я бұрынғы, я соңғы сөзге ғана емес, екі жағындағы сөздердің екеуіне де бірдей қатысты болып, оларды бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылып тұр. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады.Ондай мағыналық қатынастар мыналар:


1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, бенен, пенен), да (де, та, те)және әрі.


2. Қарсылықты қатынасты біліретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.


3. Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.


4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, т.б.

Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.

Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан, жалғаулықтар:

салаластырғыш жалғаулықтар және

сабақтастырғыш жалғаулықтар деген екі топқа бөлінеді.

2.

11 билет

1.Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.[1]

Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы ұғым бермейді.

Көңіл-күй одағайлары

Көңіл-күй одағайлары - адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер. Олар:

а) жағымды көңіл-күйді білдіретіндер (Алақай! Паһ-паһ! Бәрекелді! Ура! т. б.);

ә) жағымсыз эмоцияны білдіретіндер (Әттең! Әттеген-ай! Қап! Түге! Пішту! Бай-бай- бай! т. б.);

б) әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл- күйді білдіретіндер (Пай-пай, шіркін, Алатау! Пай-пай, мыналар төбелесетін болды ғой!) болып бөлінеді.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1874. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия