Етістіктің қимыл атау формаларының қатысуымен құрылған құрмалас сөйлемдер.
Жай сөйлем құрамына енген сөздердің бірімен бірі грамматикалық тығыз байланыста тұратыны сияқты құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер де өзара байланыстырылады. Тек сондай байланыстың арқасында ғана жай сөйлемдердің бастары бірігіп, күрделі байланыста сөйлем мүшелері арасындағы байланыстар сияқты бірде теңдің қатынасқа негізделген салаласа байланыс болса, бірде біріне бірі меңгерілу, бағыну негізідегі сабақтаса байланыс болады. Жай сөйлемдер байланысының булай артүрлі болуы – оларды байланыстырушы дәнекерлердің, амал тәсілдердің ар алуандылығында. Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер көсемше формалы етістіктер, есімше формалы есімшелер, шартты рай формалы етістіктер және етістіктің басқа да кейбір түрлері арқылы байланысады. Енді солардың кейбіріне тоқталып өтелік. Көсемше – етістіктің ең бір тиянақсыз категорияларының бірі. Оның сөйлемдегі негізгі мағынасы мен функциясы басқа бір етістік арқылы берілген іс әрекеттің қалай болған амал тәмілін білдіру, яғни іс әрекетті сындық, мезгілдік жағынан анықтау. Көсемше синтаксистік қызметіне байланысты сөйлемде пысықөтауыш және баяндауыш қызметін атқарады. Құрмалас сөйлемдерді жасаудағы көсемшенің бұл екі қызметінің ішінде баяндауыштық қызметі ерекшеленеді. Құрмалас құрамына енетін жай сөйлемдерді бір бірімен байланыстыру функциясында көсемшелердің үш түрінің үшеуі де қолданылады, бірақ олардың қолданылу дәрежесі және мағыналық құбылыстары біркелкі болмайды. Көсемшенің –ып, -іп, -п формалары құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдік компоненттерді бір субъектінің істеген істеген іс әрекет, қимыл қозғалысмтарын бір бірімен ұщтастырып, іргелестіріп береді: Түлекең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кетті. -а, -е, -й формалары алдыңғы формаларға қарағанда әлдеқайда тиянақсыз. Ол басыңқы сөйлемдегі белгілі бір мүшеге меңгеріліп, соны түрлі жағынан сипаттап, пысықтауышқа қойылатын бір сұрауға жауап болып, онымен қалыпты тұрлаусыз мүше тәрізді қатынаста тұрады: Ол белгіленген уақытта келе алмай, біз біраз кешігіп қалдық;. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі формаларының құрмаластың құрамындағы компоненттерді байланыстыудағы қызметі екі түрлі мағыналық арнаға саяды. Біріншісі, басыңқы компонентте баяндалатын іс әрекет жай күйдің қай мезгілден бері солай бола бастағанын, яғни оның басталуы шегін білдіреді: Дәулет армияға аттанғалы, марфуға Кетоғайға келмеген еді. Екіншіден, бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс әрекет жай күйдің мақсаты білдіреді: Қорен қалмақ алғалы, Қамап жатыр қалың топ. 135.Етістіктің аналитикалық форманты. Етістіктің аналитикалық форманты деп жетекші етістікке қосылып айтылатын қосымшалар мен көмекші етістіктен құралған, етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясына қатысты мағынаны білдіретін морфологиялық көрсеткіштерді айтамыз. Аналиткалық форманттар 3 түрлі жолмен жасалады: 1) аналитикалық фор. Күрделі етістіктер арқылы. 2) аналитикалық форм. Ет, еді, екен, емес, жоқ көмекшілері арқылы. 3) аналитикалық форм. бірімен-бірі кірігу арқылы. 1)Қазақ тілінде аналитикалық форманттар тікелей күрделі етістіктен жасалған, ал күрделі етістіктің өзі көсемшелі еркін сөз тіркесінен қалыптасқан. Мысалы: жинап ал, бөліп ал, қосып ал т.б 2) аналитикалық форманттар ет, еді, екен, емес, жоқ көмекшілері синтетикалық формадағы етістіктерге тіркесіп, жиі қолданудың нәтижесінде түрлі аналитикалық форманттар қалау рай, шақ, болымсыздық категорияларының аналитикалық форманттары қалыптасқан. –ған еді, -п еді, -атын еді, -са игі еді, -ғай еді, -ар еді т.б. 3) екі аналитикалық форманттардың бір мағынаға көшіп, бірімен-бірі бірігуінен күрделенген аналитикалық форманттар қалыптасқан. Кқрделену арқылы жасалған аналитикалық форманттарға мыналар жатады: -п келе жат, -п бара жат, -п келе жатыр, -п бара жатыр, -п кеп жібер т.б. Бұл күрделенген аналитикалық форманттардың құрамы бірнеше морфемадан тұрғанына қарамастан, олар бір мағына береді, бір морфологиялық көрсеткіштің қызметін атқарады. Күрделну арқылы жасалудың алғашқы екі тәсілден айырмасы бар. Күрделенен аналитикалық форманттар тілде қалыптасқан аналитикалық форманттардан біріккен. Қазақ тілінде қолданылатын аналитикалық форманттар осы үш жолдың бірімен жасалады. Етістіктің аналитикалық форманты деп жетекші етістікке қосылып айтылатын қосымшалар мен көмекші етістіктен құралған, етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясына қатысты мағынаны білдіретін морфологиялық көрсеткіштерді айтамыз. Аналитикалық форманттар, негізінде, жетекші сөзге қосылған бір қосымша мен бір көмекші етістіктен құралады. Аналитикалық форманттар тілімізде өте жиі қолданылады. Сондықтан олар сан жағынан өте көп. Бірақ, соған қарамай, олардың компоненттерінің орны мейлінше берік, құрамы тұрақты болады. Аналитикалық форманттардың жасалуының мына сияқты жолдары бар. Олар жетекші етістікке қосылып айтылған қосымша мен көмекші етістіктердің бірлестігі түрінде жасалады.Мысалы, барып ал, көріп ал дегендегі –п ал форманты.Бұл жерде ал етістігі, жетекші етістік пен көсемшенің - п жұранғы арқылы жалғасып тұр. Осы жалғасым арқылы ал етістігі субъектінің қимылды өзі үшін жасауын білдіретін көрсеткішке айналған. Ал етістігі көсемшенің –п жұрнағысыз бұл мағынаны бере алмайды. Сондықтан олар бірге, бір бірлестікте қаралуы керек. Міне осындай бірлестіктер (-п ал) етістіктің аналитикалық форманты деп аталады. Мұндай форманттың күрделі түрі де болады. Мысалы, құлап бара жатыр деген аналитикалық формалы етістік -а жат (бара жатыр) жалаң форманттың алдына көсемшенің -п жұрнағы қосылған сөзді қосып айту арқылы –п бара жатыр деген күрделі формант түрінде айтылған. Аналитикалық форманттар көсемше, есімше, рай, шақ көрсеткіштері қосылған жетекші етістіктерге ет, еді, екен, емес, жоқ көмекші сөздерді тіркеп айту арқылы жасалады. Мысалы: барып еді, көрген екен, болар емес. Мұндай форманттар етістіктің қандай грамматикалық категориясының қосымшасы арқылы жасалса, сол категорияға қатысты болады. Аналитикалық форманттар жасауға көсемшенің -п, -а, -е, й жұрнақтары актив қатысады. Бұл жұрнақтар арқылы -п ал, -а ал, -е ал, -п бер, -а бер, -е бер сияқты көптеген формалар жасалған. Есімшелер арқылы жасалған аналитикалық форманттар есімшенің – қан, -ар, -атын, -ушы жұрнақтары мен еді, бол көмекші етістіктердің тіркесінен -қан еді, -ар еді, -атын бол сияқты формант түрінде жасалады. Шартты райдың, қалау райдың жұранқтары да қатысады. Мысалы: - са еді, -са игі еді, -ғай еді т.б. Етістіктің рай категориясы. Сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер және олар арқылы берілу жүйесі моральдік (рай) категория деп аталады. Етістіктің райлары (ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай болып) тқртке бөлінеді. Райлар шақ, жақ, категорияларымен тығыз байланысты болады. Шақ тұрғысынан алып қарағанда, етістіктің райларын шартты түрде екі топқа бөліп, біріншісіне ашық рай, екіншісіне бұйрық, шартты, қалау райларды жатқызуға болады. Өйткені, ашық рай өткен шақ, осы шақ, келре шақ болып үш шақта айтылады. Ашық райда баяндалатын іс қимыл осы үш шақтың бірінің мәнін береді. Етістіктер болымды, болымсыз түрінде тұрып, белгілі рай мағыналарында қолданыла береді. Райлар тұлғалық көрсеткіштер жағынан бірдей емес. Ашық райдың арнаулы аффиксі жоқ, бірақ оның әр түрлі шақ формалары бар. Басқа райларда рай формаларын туғызатын өзіндік тұлғалары болады. Олар өзінің ретіне қарай жаққа және жекеше, көпше болып өзгереді. Ашық рай – шақ, жақ, жекеше көпше формалары тұрғысынан етістік райларының ең толығы және негізгісі, болымды және болымсыз мағынасындағы ақиқат іс қимылды ашық рай жай түрде баяндайды, сондықтан да оның шақтық формалары көп болады: Менің де балалық шақтан өлеңге талабым болатын. Бұйрық рай – сөйлеушінің тыңдаушыға немесе сол тыңдаушы арқылы үшінші жаққа бұйыра сұрай айтқанбелгілі бір іс әрекет, қимылды білдіреді. Сондықтан да бұл райда алдағы уақытта орындалуға тиісті іс қимыл, әрекет сөз болады: Жастар, өзіміздің заман үшін, өзіміздің жер үшін жауға оқ атайық! Шартты рай- істің қимылдың орындалу мүмкіншілігі екінші бір істің орындалуына тығыз байланыстылығын, шарттылығын көрсететін етістіктің түрлері етістіктің шарттты райы деп аталады: барса, келсе, алатын болса, т.б. Қалау рай – етістіктің қалау райы жасалу жағынан, мағыналары жағынан басқаларына қарағанда ерекшеленеді. Іс әрекет, қимыл істеуге сөйлеуші іс қимыл иесінің қалау тілек, ниетін білдіретін етістіктер қалау делінеді: оқығайсың, барса игі еді, бармағай еді, т.б. Адам сөйлегенде я жазғанда белгілі бір жайт туралы жалаң хабар беріп қана қоймайды, соған қатысты өзінше түйген көзқарасын, көңіл қошын, ой құбылысын да қоса білдіріп отырады. Өйткені ондайда көңіл, ой құбылысы арқылы айтылатын хабардың анықтығы, шындығы, күдіктілігі, болжалдығы сияқты жай-жапсарлар да, сондай-ақ, қуаныш, реніш, өкініш, өтініш сияқты көңіл-күйлер аңғартылып отырады. Сөйлеушінің я жазушының көңіл қошының осындай сәттері модальдік реңк деп аталады. Сөйлеу тілінде көңіл қошына, ой көлеңкесіне қатысты әр қилы реңктер,әдетте, сөйлемдегі сөздердің, сөз бөлшектерінің, сөз тіркестерінің түрлі-түрлі қарым-қатынастарынан туады, солардың мағыналарынан көрініп отырады. Тілдегі осындай, бір-біріне қатысты, жеке-жеке модальдық мағыналардан жалпы грамматикалық категория құралады. Сөйтіп, сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер және олар арқылы берілу жүйесі модальдік категория деп аталады. Модальдік категорияның етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі етістіктің райы деп аталады. Етістіктің райы – мазмұн жағынан да, форма жағынан да – аса бай категория. Мысалы: мен барайын, мен барайыншы, мен бара қояйын, мен барсам етті, мен барсам керек, менің барғым келеді….тәрізді жай сөйлемдердегі етістік формаларын алсақ, олардың әрқайсысында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ модальдік мән бар. Осы мысалдардан-ақ рай категориясы етістіктің граматикаланған синтетикалық және аналитикалық формаларының бәрімен де байланысты екені көрінеді, демек, рай категориясы шақ формаларымен де, амалдың жүзеге асу сипатын білдіретін формаларымен де, есімше мен көсемшенің формаларымен де және етістіктің кейбір өзге түр-формаларымен де байланысты болады. Амалдың ақиқатқа қатысын білдіруіне қарай, етістік райлары іштей сараланып, анық және неғайбыл райлар болып екі салаға бөлінеді. Ашық райда арнаулы грамматикалық көрсеткіштер болмайды, ал неғайбыл райда арнайы грамматикалық көрсеткіштер болады. Неғайбыл рай арнаулы формалары мен модальдік мағыналарына қарай: бұйрық рай, шартты рай, қалау рай деп аталатын үш түрге бөлінеді.
|