Студопедия — Етістіктің өткен шақ формасы, оның жасалу жолдары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Етістіктің өткен шақ формасы, оның жасалу жолдары.






Сонымен, етіс категориясы деп амалдың (іс-әрекеттің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше, субъекті мен объектінің амалға қатысын білдіретін формалардың жүйесін атаймыз. Бұл формаларда сөз тудыру қабілеті де, сөйлемдегі сөздердің синтаксистік құрылысын өзгерту қабілеті де болады. Етіс жұрнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге, күрделі етістіктердің түр-түрлеріне де керегінше жалғана береді. Етістер жұрнақтарының түрлеріне, олардың мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді: 1) негізгі етіс, 2) өзгелік етіс, 3) өзгелік етіс, 4) ырықсыз етіс, 5) өздік етіс.

Негізгі етістің;арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістіктердің де негіздері жатады. Әдетте, етістік негізінің субъекті мен объектіге қатысы я субъекті мен объектінің етістік негізіне қатысы сол негіздің бастапқы лексикалық семантикасына қарай анықталатындықтан, оның семантикалық еркшелігі, грамматикалық қызметі туралы арнайы сипаттама беру қажет болмайды, өйткені тілдегі әрбір етістік негізі өзіне лайықты формалары мен функцияларында жұмсала береді (олар оқыды; біз келдік; тақтайды шегелеп қойдық; инені сабақтадым). Сөйтіп, негізгі етіс деп өзге етіс формаларына таяныш – негіз болатын, солардың түрлерін, мағыналарын, қызметтерін салыстырып айқындайтын форманы айтамыз (бар, кел, сөйле, шөлде, ақта, арала, қарайла, құрсаула, оян, қуан, еңбек сіңір, ән сал, түсініп ал)

Ортақ етіс –с (-ыс, -іс) жұрнағы арқылы негізгі етіс формасынан жасалады. Бұл жұрнақ негізгі етістікке амалды (істі) кемі екі я одан да аса субъекті қатысып жүзеге асыратындықты білдіретін мән үстейді, демек, бірнеше субъектінің қатысы арқылы жүзеге асатын амалды білдіреді. Мысалы: айтыс, әкеліс, апарыс, көріс, келіс, қарас, таныс, көмек көрсетіс, іздеу салыс т.т.

Өзгеліс етіс –т; -тыр, (-тір, -дыр, -дір); -қыз (-кіз, -ғыз, -гіз) жұрнақтары арқылы және сол жұрнақтардың қабаттаса жалғануы арқылы негізгі етіс формасынан жасалады. Бұл жұрнақтар етістік негізінің мағынасына амалды басқа бір бөгде адам арқылы істелуін білдіретіндей мән үстейді. Әр жұрнақтың жалғану нұсқалары мынадай:

а) –т жұрнағы көбінесе дауысты я сонор дыбысқа бітетін негіздерге жалғанады. Мысалы: азай-т, көбей-т, көтер-т, күре-т, оқы-т, төле-т, ойна-т, жалын-т, қуан-т.

ә) –тыр (-тір, -дыр, -дір) жұрнағы көбінесе қатаң я сонор дыбысқа біткен етістік негіздеріне жалғанады. Мысалы: ал-дыр, біл-дір, айт-тыр, кел-тір, кеп-тір, жап-тыр, сат-тыр, жек-тір, тол-тыр, қыз-дыр т.б.

б) –қыз (-кіз, -ғыз, -гіз) жұрнағы дауыссыз дыбысқа біткен етістік негіздеріне жалғанады. Мысалы: ал -ғыз, бер-гіз, аш-қыз, іш-кіз, сеп-кіз, біл-гіз, жек-кіз т.б.

в) –т, -тыр, -ғыз жұрнақтарының бірінен соң бірі қабаттасып келеді де, әрқайсысы өзінше тиісті үстеме мағына жамайды. Мысалы: сөйле-т-тір, сөйле-т-кіз, сөйле-т-тір-т-кіз, жи-на-т-тыр-т-қыз; ал-ды-т-қыз, ал-ғыз-дыр-т, қайна-т-қыз т.б.

4) Ырықсыз етіс –ыл (-іл, -л) жұрнағы арқылы және етістік негізінде л дыбысы болса, -ын, (-ін, -н) жұрнағы арқылы жасалады. Бұл жұрнақ етістік негізінің мағынасына амал ырықсыз істелетіндей мән жамайды, үстейді, бірақ ол формадан амалды кім істегені, яғни субъектісі көрінбейді де, көбінесе логикалық объекті есебінде қызмет етеді. Мысалы: қой қамалды, үй жиналды, жіп үзілді, түйін шешілді, кір жуылды, қора тазаланды, ине сабақталды.

5) Өздік етіс –ын (-ін, -н) жұрнағы етістік негізіне жалғану арқылы жасалады. Бұл жұрнақ етістік негізіне амалдың шарпуы я нәтижесі оны жасаушы субъектінің өзіне тиетінін білдіретіндей мән жамайды. Мысалы: тара-н, жу-ын, ора-н, ки-ін, көр-ін, сұра-н.

Есімше оралымды сөйлемдер

Күрделенген сөйлемдердің қазақ тілінде ең жиі кездесетін түрі есімше оралымдармен күрделенген сөйлемдер.

Сөйлемдегі негізгі ой бір бас мүшенің (баствуыштың) төңірегіне жинақталса, есімше сөздер оралымды құрылымдарды ұйымдастыруда орталық байланыстырушы дәнекер болады. Есімшелі оралым негізгі сөйлемнің мазмұнын толықтыра отырып, күрделенген сөйлемдерді жасауға қатысады. Мысалы, ауылға тақай бергенде, алдынан Рай шықты.

Есімше оралым негізгі сөйлеммен байланысу тәсіліне қарай екі түрлі амалмен жасалады: 1) септік жалғаулы есімше оралымдар. М: Ауру баланы көргенде, ақбала есіне түсті. 2)көмекші сөзді есімше оралымдар: -ған сқң түрінде келген есімшелі оралым сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай әр түрлі мағыналық қатынастарда жұмасалып отырады. Солардың ішінен ең көп кездесетін – септік мәнділер. М: Шұжықтан көбірек жеген соң, Байсейіт азырақ көңілденіп алды.

-ғаннан кейін. Есімше оралымның осы түрі мезгілдік мәнде жұсалып негізгі сөйлемдегі оқиға, әрекеттің орындалуына мүмкіндіктер туғызады: Жылқыдан босанып келгеннен кейін, мен тағы да белгілі жаманшұбарда жүре бастадым.

-ғаннан бері. Бұлар да есімше оралымды жасауға қатынасып, мезгілдік мәнде жұмсалады: Әйгерім, Мақұлбайдың өлгенін естігеннен бері, үнсіз жылауда еді

Етістіктің өткен шақ формасы, оның жасалу жолдары.

Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы. Базаралы жағынан жамандық күткен кісінің бірі осы Әзімбай болған. Орыс-қазақ балаларының арасындағы ырың-жырың ит-жығыстары аяқталғанша айлар өтіп кетіп еді. Сол жайды жанкүйер, жақындар арасында күйзеліп айтқан шақтарында еңкілдеп жылап та жіберетін.

Берілген мысалдардағы болған, өтіп кетіп еді, жылап та жіберетін деген етістіктер болу, өту, беру, жылау қимылдарының болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр. Қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақ грамматикалық формасы мен мағыналық ерекшеліктеріне қарай жедел өткен шақ, бұрынға өткен шақ, ауыспалы өткен шақ;болып үшке бөлінеді.

а) Жедел өткен шақ;.Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды, -ді, -ты, -ты жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Нәргүл қолындағы көйлегін тастай беріп, шар айна алдында ұршықтай үйірілді.

Жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің тұлғаларына тікелей жалғанады. Әнші үш қайырмасын айтып тоқтайын деп еді, Базаралы тоқтаттырмады.

Жедел өткен шақтың болымсыз түрі етістіктің –ма, -ме, -ба, -бе, -па. –пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

ә) Бұрынғы өткен шақ;.Б.ө.ш. қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда, әлдеқашан бұрын болғандығын білдіреді. Жортар осы ортаның қолбасы, батыры болған.

Б. ө.ш. екі түрлі жолмен жасалады.

а) Б.ө.ш. –ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады. Ту ұстап, тұлпар мініп, ел қорғауға, Азамат азамат па аттанбаған.

Б.ө.ш. етістікке көсемшенің–ып,-іп,-пжұрнақтарының жалғануы арқылы жзасалады. Ауылынан аттанып кеткен соң сыртымнан мені сұрапты.

Б.ө.ш.-ң болымсыз түрі былай жасалады.

Есімше формалы б.ө.ш:







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3219. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия