Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Есімдіктер тарихы





Есімдер тобына жататын сөз табының бірі – есімдіктер. Есімдіктер заттың атын, санын, сынын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ олардың орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді.

Есімдіктердің мағыналары қаншама жалпы болғанымен, олар қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, сол сөздердің негізгі мағыналарына сәйкес (заттық, сындық, сандық т.б.) зат немесе заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып жатады. Мысал үшін сен, ол жіктеу есімдіктерін, бұл, сол сілтеу есімдіктерін, кім, не, қай сұрау есімдіктерін алайық. Егер осы есімдіктердің негізгі мағыналарын саралып қарайтын болсақ, қандай сөздердің орнына қолданылуына байланысты, біріншіден, заттық ұғымды білдіретін сөздердің орнына қолданылатын есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына жұмсалатын есімдіктер болып іштей екі жікке бөлінеді. Осындай екі жік сөздерді, біріншіден, заттық ұғымды білдіретін сөздердің орынбасарлары – субстантивтік есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары – аттрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөледі.

Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына қосылады. Ал олардың түрленуінде, жалпы алғанда, есімдерге есімдерге ұқсастықтар болмағанымен, өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Мысалы, субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла беретін болса, аттрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында, нағыз сын есімдер ретінде қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді, демек, грамматикалық формаларының ешбірін де қабылдамайды.

Есімдіктердің бәріне де тән, бәріне де ортақ деп есептерліктей я танырлықтай белгілі бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бұл ерекшелік негізінде есімдіктердің іштей субстантивтік және аттрибутивтік болып мағыналық екі жікке бөлінуімен байланысты.

Есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді: оның бір тобына өте ерте заманнан келе жатқан байырғы (көне) түбір есімдіктер енеді де, екінші тобына тіліміздің даму, жетілу процестерімен байланысты, кейінгі замандарда пайда болған, демек, соңғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер жатады.

Алғашқы топқа жататын есімдіктер әрқашан негізгі түбір сөздер сипатында болады. Бұған мен, сен, ол, біз, сіз, қай? не? міне, бұл, осы, сол т.б. сияқты қазіргі кезде бөлшектеп талдап жатуды қажет етпейтін түбір тұлғалы сөздер жатады. Есімдіктердің екінші, кейінгі тобына мынадай үш түрлі есімдік сөздер жатады:

Біріншіден, бұған белгілі бір категорияға тән сөздердің мағыналары өзгере келе есімдіктер дәрежесіне ауысуы арқылы, демек, лексикалық жолмен жасалған: бір, бар, біреу, бүкіл, түгел т.б. сияқты есімдіктер, әр, күллі, пәлен сияқты басқа (араб, парсы т.б.) тілдерден ауысып енген сөздер жатады.

Екіншіден, морфологиялық тәсіл арқылы жасалынған сөздерге сұрау және сілтеу сияқты негізгі түбір есімдіктеріне, мысалы, ‑у элементінің қосылуы арқылы жасалынған мына‑у, ана‑у, сона‑у тәрізді есімдіктер жатса, сонымен бірге оларға әр қилы формалар арқылы жасалынған: барлық, барша, қанша, неше, қандай, нешінші тәрізді есімдіктер де жатады.

Үшіншіден, синтаксистік тәсіл арқылы жасалынған есімдіктер тобына бірдеңе, бірнешеу, кейбіреу, әлдекім, әлдеқашан, әлдеқайда, әрбір, ешкім, ешқандай сияқты жеке сөздерден құралу арқылы жасалынған күрделі есімдіктер және кімде‑кім, қай‑қайсы, бірде‑бір сияқты қосарланып қолданылатын күрделі есімдіктер жатады.

Синтаксистік жағынан есімдіктер, әр түрінің ерекшеліктеріне қарай, демек, қай сөз табының орнына жүретініне қарай, бастауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, баяндауыш та болып қызмет арқара береді. Дегенмен, мағыналық ерекшеліктеріне қарай, әрбір есімдік белгілі бір синтаксистік қызметтерге бейім болып отырады. Мысалы, субстантивтік есімдіктер сөйлемнің барлық мүшесі болатын болса, аттрибутивтік есімдіктер негізінде анықтауыш болып қызмет атқаруға бейім тұрады да, сөйлемнің өзге мүшелерінің қызметін тек субстантивтенген жағдайда ғана атқара алады.

Қазақ тілінде есімдіктер сан жағынан көп емес, не бәрі 60‑70 сөз. Бірақ олардың атқаратын қызметі орасан зор. Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді: 1) жіктеу есімдіктері; 2) сілтеу есімдіктері; 3) сұрау есімдіктері; 4) өздік есімдіктері; 5) белгісіздік есімдіктері; 6) болымсыздық есімдіктері; 7) жалпылау есімдіктері.

Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, ол, сіз, біз, біздер, сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады. Жіктеу есімдіктері сан жағынан аз болғанымен, қызметі жағынан есімдіктердің ішіндегі аса жиі қолданылатын тобы.

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, әні, міне деген сөздер жатады. С.е.­‑ң мағыналарын екі тұрғыдан қарастырған жөн. Біріншіден, с.е.‑ң мағыналарын кеңістік аралықты я топографиялық кеңістікті білдіру тұрғысынан қарау, екіншіден, олардың мағыналарын, уақыт аралығын я хронологиялық мерзімді білдіру тұрғысынан қарау қажет.

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? Қандай? қанша? Қалай? Қашан? Орын жағынан сұрау е. тікелей бяндауышқа тете тұрады, өйткені білуді мақсат етіп, сұрау қойған кісі сұраулы сөзге жауап беруші адамның назарын аудара айтады.

Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.

Белгісіздік е. деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. М: біреу, әркім, әлдене, кейбір, әрбір, бірнеше, бірдеңе, әрқалай, әрне т.б.

Болымсыздық е. негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы.

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар, күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады. Ж.е. деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3950. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия