Студопедия — КОНКУРСТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІН ҰҒЫМЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

КОНКУРСТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІН ҰҒЫМЫ






КОНКУРСТЫҚ МiНДЕТТЕМЕЛЕР Конкурстық мiндеттемелер бiржақты iсəрекеттерден туындайтын мiндеттемелердiң тағы бiр түрi болып табылады. Оларда шетелдiк мемлекеттердiң жеке құқығында квази келiсiмшарттық деп аталатын мiндеттемелердiң белгiлерi жақын көрiнiс тапқан. Осы айтылған сөз, жоғары да қарастырылып өткен басқаның мүддесiне тапсырмасыз əрекет етуден туындайтын мiндеттемелерге де қатысты. Қазақстан Республикасының мiндеттемелiк құқығында топтастырудың мұндай негiзi қолданылмайды, алайда квизвкелiсiмшарттық мiндеттемелердi атап өту конкурстық мiндеттемелердi дұрыс түсiнуге жəне бағалауға мүмкiндiк бередi. Олардың кейбiреулерi шарттық мiндеттемелерге өте ұқсас, өйткенi конкурстық мiндеттемелер қатысушылардың ерiктерiн iс жүзiнде келiстiру алдағы уақытта бəрiбiр орын алады, бiрақ заңнама сол бiр немесе өзге нысанда конкурсқа бастамашылдық бiлдiрген субъектiнiң еркiне ғана жəне егер оның ерiк бiлдiруi құқықтық қатынастың негiзi ретiнде жеткiлiктi болса, басымды құқықтық маңыз бередi. Қалған субъектiлердiң еркi есте ұсталады жəне олар көмекшi маңызға ие болады (олардың мiндеттемелерге қатысуы, бiрқатар жағдайларда олармен конклюденттiк iсəрекеттердi жасаумен қамтамасыз етiлуi мүмкiн, алайда олардың белсендi iсəрекеттердi де жасауды, кокурстың барлық талаптарын сақтауы жоққа шығарылмайды). Осы мiндеттемелердiң мазмұны конкурстық тапсырма бойынша конкурсанттардың əдетте борышқорлармен бiрқатар азаматтық құқықтық шарттарды мердiгерлiк тапсырма, комиссия жəне т.б жасалатын iсəрекеттердi қамтуы мүмкiн. Конкурсанттардың заңдық қылықтарды – ғылым, əдебиет жəне өнер туындысын жасау жоққа шығарылмайды. Бiрiншi жағдайда конкурсанттармен конкурсы жария еткен субъектiнiң пайдасына заңдық маңызды бар iсəрекеттердi iс жүзiнде жасау туралы емес, сол конкурсты жария еткен тұлғамен өз талаптарын сақтаудың орнына өздерiнiң өздерiн заңдық мiндеттеуге дайын екендiгi туралы сөз болып отыр. Егер конкурсанттардың қайсы бiрiмен iс əрекеттер жасалса (жұмыс орындалса, тауарлар берiлсе, қызметтер көрсетiлсе) жəне конкурс жария еткен тұлға оны қабылдаса (олармен келiссе) жəне соңғысының мүлiктiк аясы конкурсан iсəрекеттерiнiң салдарынан белгiлi бiр игiлiктермен толықса, онда тараптардың арақатынасына белгiлi бiр шарт туралы ережелер қолданылуға тиiс. Конкурс жария еткен, шарттарды бекiтуге қатысты тұлға оферталар жасауды ұсынуды жəне өзiне ең жақсы жағдайлары бар офереттаға қосылу мiндеттемесiн алады. Ғылым, əдебиет жəне өнер туындыларын жасауға конкурс жария еткен кезде, нақты iсəрекеттердi жасау талап етiледi. Конкурстық мiндеттемелердiң көмегiмен тараптардың ара қатынасы жəне қажет болған кезде шарттар мен интеллектуалдық меншiктiң əртүрлi объектiлерiн жасаудан басқа, өзге де заңдық маңызы бар iсəрекеттер реттелуi мүмкiн. Конкурстық мiндеттемелер туралы нормалар Қ.Р. азаматтық кодексiнiң “конкурстық мiндеттемелер” деп аталатын 46тарауында (910914баптар) қамтылған. Аталған баптардаң нормаларымен сыйақы беруге көпшiлiк алдында уəде беруден туындайтын конкурстық мiндеттемелер жəне саудаластық негiзiнде (тендерлер, аукциондар) туындайтын мiндеттемелер реттеледi. Конкурстық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерi мен де реттелуi мүмкiн. Бiз Қазақстан Республикасының 16 мамыр 2002 жылғы “мемлекеттiк сатып алу туралы” заңын атап өткен болатынбыз. Сондайақ, мiндеттемелердiң аталған түрлерi үшiн маңызды болып табылатындардың қатарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң 23 желтоқсан 1995 жылғы “Жекешелендiру туралы” заң күшi бар жарлығы жəне басқа да бiрқатар заңды актiлер кiредi.Конкурстық мiндеттемелердi реттейтiн заңға сəйкес нормативтiк актiлер ретiнде ҚР Үкiметiнiң 31 қазан 1996 жылғы “Қазақстан Республикасының аумағындалотереялар (мемлекеттiк басқа) ұйымдастыру мен өткiзу тəртiбi туралы” қаулысын атауға болады. Сондайақ ҚР Үкiметiнiң 1 қараша 1996 жылғы “Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк лотереялар өткiзу мен ұйымдастыру тəртiбi туралы” қаулысы əрекет етуде. ҚР Үкiметiнiң 10 желтоқсан 1998 жылғы қаулысымен тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу тəртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлген.

31 Сыйға тарту шартының элементтерi.

Қазiргi кезде сыйға тарту шартының пəнi болып зат сонымен қатар мүлiктiк құқықтар да табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтықкодексiнiң 506б. 2тармағы). Нақты сыйға тарту затын көрсетпейақ өзiнiң барлық мүлкiн сыйға тартуға уəде беру жарамсыз болады. Бұл жағдайда сыйға тарту пəнi болмайды. Қандай да бiр игiлiктi қайтарымсыз алу əрқашан сыйға тарту болып танылмайды. “Рим құқығында қайтарымсыз пайдалану, процентсiз займ жəне қайтарымсыз сақтау сыйға тарту деп қарастырылмаған”. Сыйға тарту болып бiр нəрсенi уақытша пайдалануға беру немесе ақысыз қызметтi жүзеге асыру болып келмейдi, тек сезiлетiн нəрсенi (субстанцияны) беру сыйға тарту болып бағалануы мүмкiн. Айтылған Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық доктринасында қалыптасқан сыйға тарту шартының түсiнiгiне жəне оның пəнiне қарамақарсы келмейдi. Егер де сыйға тарту белгiлi бiр мiндеттемеден босатса, онда, бұл əрекетте бiз азаматтыққұқықтық мiндеттеменi борышты кешiру арқылы тоқтату сияқты Азаматтық кодексiнiң 373бабымен көзделген əрекеттен өзгешелiктi байқай алмаймыз. Ойланып қарауға болады. Бiр мiндеттемелiк құқықтық қатынастың дамуы соған негiзделген екiншi бөлек шарттың пайда болуына əкеп соғады ма? Жоғарыда айтылғанның цессияға да қатысты, яғни сыйға берушi үшiншi тұлғадан талап ету құқығын берген жағдайға. Ал егер тұлға өзiне қатысты құқық сыйласа, ол сыйға тарту негiзiнде туындайды яғни құқықтың пайда болу тетiгi цессияға қарағанда өзгеше. Ф. Карагусовтың пiкiрiне назар аударуға тұрарлық. Ол азаматтық құқықтың жекелеген объектiсi бола алатын мүлiктiк құқықтарды анықтап бөлу керек деген пiкiрдi алға тартады. 1 Қарастырылып отырған пiкiрдiң методологиялық маңызы бар, оның тек сыйға тарту шартының сұрақтарын ғана емес, сонымен қатар басқа пəнi (нысанасы) мүлiк жəне мүлiктiк құқықтар болып табылатын шарттарды қарастыруда мəнi бар. Сыйға тарту шартының нысанасы болып азаматтық айналымнан алынбаған заттар жəне азаматтық құқықтың дербес объектiсi бола алатын мүлiктiк құқықтар табылады. Сондықтан көрсетiлген сыйға берiлетiн мүлiктiк құқық тек сыйға берушi мен сый алушының арасында ғана мəнi болмай ол басқа да тұлғалардың қатысуымен азаматтық айналымда кеңiнен қолдануға жарамды болуы керек. Сый алушының мiндеттемеден босатылу жағдайында əдетте сыйдың пəнi болмайды. Бұл кезде сый алушы сый берушiден мүлiк алмайды. Сыйдың “нысанасы” болып сый алушы жеткен жетiстiктер саналады, бiрақ оны азаматтық құқықтың қандай да бiр объектiсi ретiнде бағалауға болмайды. Осы жағдайда сый алушы сыйдың арқасында өзiнiң мүлкiн сақтап қалады. Бiрақ оның құрамы сый алушы босатылатын мiндеттеме сияқты нақты емес сыйға берушi борышкердi үшiншi тұлғалар алдындағы мiндетiнен босатқан кезде де ұқсас жағдай пайда болады. Осындай қайшылықтар салдарынан сыйға тартуды реттейтiн заңнама бiздiң ойымызша өзгертулердi керек қылады. Бiздiң ойымызша сыйға тарту шарттардың қатарынан сыйға алушы сыйға берушi немесе үшiншi тұлға алдындағы мiндеттемесiнен босатылатын жағдайларды алып тастау керек. Сыйға тарту шартының нысанасын ол қандай түрге жататындығы əсер етедi. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 516бабына сəйкес жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырымдылық деп танылады. Қарастырылған норманың мазмұнынан бiз қайырымдылық нысанасы болып тек зат немесе мүлiктiк құқық табылатынын көре аламыз. Ал қарапайым сыйға тарту мұндай шектеулердi бiлмейдi







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 2429. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия