Студопедия — СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ






Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi, не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi. Қайтарымсыздылық – сыйға тарту шартының ең негiзгi белгiсi болып табылады. Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Сыйға тарту (кей кездерi) белгiлi жағдайларда азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк аймағындағы қажеттiлiктерiн қанағаттандыру қызметiн атқарады. Сыйға тарту шарты – мүлiкке билiк жүргiзудiң заңды амалы. Ол мүлiктi ерiктi беру актiсiн бекiтедi жəне меншiк құқығының ауысуын реттейдi. Осы арқылы сый алушының айналадағыларға қатысты мүдделерi қамтамасыз етiледi жəне ол өзiне берiлген құқықты заңсыз араласудан қорғау қабiлетiне ие болады. Ендi түпкiлiктi жəне бiржола заттың иесiнiң ауысуы болады. Сондықтан, сыйға тарту шарты мерзiмсiз болып табылады. Сый тартушы сый алушының арасындағы қатынастары (не себептен сыйлағаны) əртүрлi болуы мүмкiн, оларды анықтаудың сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану кезiнде маңызы болады. Қазiргi жағдайда сыйға беру маңызды əлеуметтiк функцияларды атқарады. Ұйымдар мен азаматтардың сандары өсе түстi, олар басқа тұлғаларға көмек ретiнде олардың өмiр сүруi үшiн аса қажеттi заттарды қайтарымсыз бередi. Мысалы: азықтүлiк, киiмкешек. Бiлiм беру, денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау берiлуде, кейкездерi сыйға тарту шет ел элементiнiң қатысуымен де жүргiзiледi. Қоғамды əрi қарай адамгершiлiк тұрғысына тарту барысында сыйға тарту қатынастары басқа да азаматтыққұқықтың қатынастар қатарынан нақты орын алады. ҚР АК бiр уақтылы кəсiпкерлiк сипаттағы қатынастарды реттегеннен сыйға тарту шарты осы кодекс реттеу көзқарасынан үйренiшсiз болып көрiнедi. Сөзсiз, ақшамүлiктiк қатынастарында қайтарымсыздыққа орын жоқ болып көрiнедi. Ал, егер сауда саттық құқықтық нормаларынан бөлек азаматтық құқыққа тоқталсақ, онда сыйға тарту шарты басқа шарттық құқықтық қатынастарын арасында да салмақтылау көрiнер едi. Шартта азаматтыққұқықтың ықпалы бар екенi айқын көрiнедi, егер қазiргi шет ел жəне құқық жүйесiндегi шартты саралауға жүгiнетiн болсақ, сыйға тарту шарты басқа шарттармен сатып алусату, айырбас жəне т.б. коммутативтi шарт болып табылады. Мұндай шарттың мəнiсi бойынша шартты жасасқан кезде əр тараптың пайдасы мен шығыны мүмкiн. 1 Қолданыстағы (күшiндегi) азаматтық заңнамаға сəйкес сыйға тарту шарты реалды немесе консенсуалды шарт болуы мүмкiн. Бұл едəуiр өзгерiс осы қоғамдық қатынастарды реттеу барысында пайда болған. Кеңес Одағы уақытындағы азаматтық заңнамада сыйға тарту шарты тек қана реалды болуы мүмкiн едi. Сыйға тарту шартына қатысушылары өздерiнiң ерiктерi бойынша реалды немесе консенсуалды мiнез беруi жалпы алғанда қазiргi заман талабына сай келедi. Осы жұмыстың кiрiспе бөлiмiнде айтылғандай мұны меншiк иесiнiң өзiнiң мүлкiне билiк ету мүмкiншiлiктерiнiң бiрi ретiнде бағалауға болады. Мүлiк шартты жасасу сəтiнде берiлетiн болса, онда сыйға тарту шарты реалды болып келедi. Ал басқа жағдайда, егер мүлiк болашақта берiлетiн болса, (шартта осыған қатысты талап бекiтiлсе) онда ол консенсуалды болып табылады. Əлдекiмге затты немесе мүлiктi құқықты тегiн беруге уəде ету не əлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен босату уəдесi егер ол уəде тиiстi (жазбаша) нысанда жасалса жəне алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрген болса, сыйға тарту шарты (болашақта сыйға тарту уəдесi) болып саналады жəне уəде берушiнi босатпай тастайды. (АК 506б. 2 тармағы).Сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы жоғарыда атап кеткендей оған қарсы берiлетiн заттың немесе құқықтың болмауында көрiнiс табады. Ал егер мүлiкке ақы төленетiн болса жəне ол бiрнеше мəрте өз құнынан аз төленетiн болса да бұл шартты сыйға тарту деп қарастыруға болмайды. Заңнамада басқа адамның ауыртпалығы бар мүлiктi беруге болмайды деп көрсетiлмеген. Сонда да М.В.Елисеевтiң пiкiрi онша нақты емес. Оның ойынша, берiлетiн мүлiкке сыйға берушiнiң өзiнiң де құқықтарының ауыртпалығын орнатып сыйға тарту шартын жасауға болады. 2 Бiрiншiден, мүлiктi бергенге дейiн оған иесiнiң ауыртпалығы болмайды. Бұл жерде несие берушi мен борышкер бiр тұлға болып қалуына байланысты мiндеттеменiң тоқтатылу ережесiн ұқсастық бойынша қолдануға болады. Екiншiден, сый əдейi өз пайдасына ауыртпалық орната отырып, осы арқылы сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы талабын бұзады. Бұл айтылған дəлелдерiмiз мүлiкке бұрынғы ие құқықтарының ауыртпалығы болуы мүмкiндiгiн мүлдем жоймайды. Бiрақ бұл ауыртпалықтар шарт негiзiнде емес, заң негiзiнде болу керек жəне шектелген мөлшерде, жағдайда ғана қолданылады. Мысалы: ортақ меншiк режимiндегi, кондиминумдегi, меншiк иелерiнiң, заңды сервитутпен байланысты ауыртпалықтарынан құтыла алмайсыз. Бiрiншi екi жағдайда ауыртпалық өзара болып келедi. Үшiншiде сый алушының жер учаскесi қасында орналасқан сый берушiнiң жер учаскiсiне қызмет етуi мүмкiн. Сый алушыға басқа да мүлiктiк мiндеттер жүктелуi мүмкiн. Сыйды берген соң сый берушi оны жалпыға пайдалы мақсатта қолданылуын мiндеттеуi мүмкiн. Сыйға тарту шарты бiржақты шарт болып танылады жəне негiзгi құқықтар сый алушы тарабында болады. Сый берушi шарт бойынша негiзгi мiндеттердi жүзеге асырады







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1888. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия