Мердігерлік шартының мінездемесі және маңызы.
Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының)тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға жəне белгiленген мерзiмде оның нəтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал тапсырысшы жұмыс нəтижесiн қабылдап алуға жəне оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттi. Мердiгерлiк шарты консенсуалды ақылы жəне өзара шарт. Жұмысты орындау үшiн белгiлi уақыт керек, сондықтан мердiгерлiк шарт бойынша шарт жасалу кезi жəне оның орындалу кезi сəйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға тəуелдiлiкке мердiгердiң жұмыс орындары қойылатын мерзiмдерге əсер етедi. Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы жəне жасалуы бiр уақытта болуы мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары “тез” фотосуреттер дайындаумен байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша қысқалығы болады, жəне осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының себептенушi негiзiнде болуы мүмкiн. Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нəтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айыр басталады. Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нəтижесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нəтижелерi болуы мүмкiн бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мəнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нəтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.
|