Айырбас шартының түсінігі
Айырбас шартының ұғымы. Айырбас шарты бойынша тараптардың əрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi (бұл ҚР АК 501 бабының тұжырымдамасы). Түсiнiктiлеу айтатын болсақ, айырбас шарты бойынша бiр тарап өз тауарын өзге (екiншi) тараптың тауарына айырбастайды. Тараптардың əрқайсысы бiр бiрiне тауарды меншiкке, шаруашылық жүргiзуге, оралымды басқаруға беруге мiндеттенедi. Тараптардың әрқайсысының екінші тарапқа бір тауарды екінші тауарға айырбастауға міндеттенетін азаматтық-құқықтықшарт. Егер бұл тәртіптерге және айырбас мәніне қайшы келмесе, айырбас шартына сатып алу-сату тәртібі қолданылады Айырбас шарты өзiнiң заңды табиғатына сəйкесконсенсуалды, өзара жəне өтеулi (ақылы) шарт болып табылады. Айырбас қатынастары тек тауарларды басқа бiр тауар айырбастағанда емес, сонымен бiрге тауарларды белгiлi бiр қызмет, жұмысқа (оның нəтижесiнде) айырбастағанда орын алады, əсiресе егер бiр тарап екiншi тарап одан белгiлi затты жасау үшiн материалын артығымен беретiн болса. Зат қызметке, жұмысқа айырбасталса, онда мердiгерлiк қатынастарын, ақылы қызмет көрсету бойынша қатынастардың құқықтық реттелуiнiң ерекшелiгiн, туындайтын мiндеттемелердiң мəнiсiн ескеру керек болады. Айырбас қатынастарына – бiр тауар мен екiншiсiн айырбастағанда, олардың құны бiрбiрiне сəйкес келмеуiне байланысты тараптардың бiрi қосымша ақшалай өтемақы беретiн жағдайларда жатады.
|