Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Миопия сипатталады





Актобе

Гидроаденит дегеніміз не?

- шажырқай безінің қабынуы

- шашты фолликуланың қабынуы

- лимфа түйіндердің қабынуы

+ тері бездерінің қабынуы

- тері асты қабатының қабынуы

\/

Пандактилит дегеніміз не?

+ бүкіл тіндерге таралумен жүрет ін саусақтың іріңді қабыну ауруы

- теріасты эпидермаастылық абсцессі

- саусақтың тырнақ ойығының қабынуы

- саусақтың теріасты клетчаткасының қабынуы

- фаланга остеомиелиті

\/

Қол саусақтарының сүйекті панарициясына тән:

- саусақ фалангілерінің аймағындағы флюктуация

- жергілікті гипертермия

- қалтырау

+ саусақтың соңғы фалангілерінің «солқылдатып» ауруы

- саусақтардың парестезиясы

\/

Сепсис кезінде біріншілік ошақты емдеуді неден бастау керек?

- жарақатты тампондау

+ жарақатты хирургиялық өңдеу

- гипербарилік оксигенация

- антибиотиктерді тағайындау

- иммуномодуляторлаушы препаратты енгізу

\/

Науқасқа қойылған диагноз: сол жақ сүт бездерінің ретромаммарлы абсцессі. Оперативті ем жургізудегі ең қолайлы ену жолы қандай?

- емізікшенің аймағындағы тілік

- жоғарғы квадрантадағы радиарлы тілік

- төменгі квадрантадағы радиарлы тілік

+ сүт безінің қыртыс астындағы көмкерілген тілік

- жоғарғы квадрантадағы көмкерілген тілік

\/

30 жастағы науқасқа оң жақ аяқтың анаэробты газды инфекциясы диагнозы қойылды. Сіздің тактикаңыз қандай?

+ оперативті ем- кең көлемде лампастық тілігі

- консервативті ем- антибиотиктік терапияны тағайындау

- консервативті ем- гипербарилік оксигенотерапия жасау

- оперативті ем- аяқтың ампутациясы

- консервативті ем- гангренозға қарсы сарысуды енгізу

\/

25 жастағы науқаста жоғарғы ернінің іріңдеген фурункулі анықталды. Тағайындалған оперативті емнен бас тартып, үй жағдайында өзіндік ем жүргізді. Қандай асқынудың пайда болуын күту қажет?

- гематогенді остеомиелит

- іріңді гайморит

+ кавернозды синустың тромбозы

- жоғарғы жақтың периоститі

- бет тілмесі

\/

Хирургиялық инфекция бөліміне іштің оң жақ бөлігінің артқы бүйір қабырғасының «инфильтратымен» науқас келіп түсті. Өзін 8 күннен бері науқаспын деп есептейді, дене қызуы кешкілік 38-39°С дейін көтерілген.

Үш жыл бұрын мықын сүйегі қырының алдыңғы беткейінің оқпен атылған остеомиелиті диагнозымен емделген. Консервативті ем нәтижесінде қабыну басылған. Содан бері өзін саумын деп есептейді. Науқаста қандай асқыну болып тұр?

- біріншілік остеомиелит асқынуы

- созылмалы остеомиелит асқынуы

+ оқпен атылған созылмалы остеомиелиттің ішпердеден тыс флегмонамен асқынуы

- сүйекшілік Броди абсцессінің асқынуы

- гемотогенді остеомиелит асқынуы

\/

Амбулаторлы хирургқа оң жақ білектің ластанған тістелген жарақтымен науқас қаралды. Анамнезінен –белгісіз ит қапқан. Тез арада жарақат орны залалсызданып, антибиотикті терапия тағайындалды. Сонымен бірге науқасқа тағы қандай емді міндетті түрде тағайындау қажет?

- қолын гипсті иммобилизациялау

+ сіріспе және құтыруға қарсы профилактика жүргізу

- плазмофарез жүргізу

- иммуномодуляторды тағайындау

- физиотерапиялық ем жасау

\/

Ортан жіліктің ампутациясынан кейін науқаста 3 тәуліктен соң дене қызуы 38,9°С көтерілген. Науқаста қозу байқалады. Пульс 100 мин. АҚҚ- 105/70 мм.сын.бағ. Сан аймағында байламның енуі анықталады және байламды алу кезінде тігістердің қыйылуы байқалады. Тері қабығында геморрагиялық сұйыққа толы төмпешік, кей жерлерінде крепитация анықталады. Сіздің тактикаңыз қандай?

- антибиотиктік терапияны күшейту

- аяқтың реампутациясын жасау

+ барлық тігісті шешіп, озонотерапия жасап, жараны дренаждау

- физиотерапиялық ем тағайындау

- иммуномодуляторларды тағайындау

\/

Науқас ауру басталғанына 3күн өткен соң емханаға қаралуға барды. Дәрігер оны жұмысқа қабілетсіз деп санап, ауруханаға емделуге жолдайды. Жұмысқа қабілетсіздік парағының толтырылу тәртібін көрсетіңіз:

+ Емхананың емдеуші дәрігері қаралуға келгеннен бастап жазып, аурухана дәрігері ауруханада жатқан күндерін ұзартып отырады

- Емхана дәрігері жұмысқа жарамсыздық парағын толтырады және ауруханаға жатқызылған күні жабады, аурухана дәрігері ауруханаға жатқан күндерін жаңа жұмысқа жарамсыздық парағына жазады

- Емхана дәрігері ауру басталғаннан бастап жұмысқа жарамсыздық парағын ашады, аурухана дәрігері ауруханаға жатқан күндерін ұзартып отырады

- Аурухана дәрігері жұмысқа жарамсыздық парағын ауырғаннан бастап ашады

- Аурухана дәрігері жұмысқа жарамсыздық парағын науқас ауруханаға келген кезден бастап ашады

\/

58 жастағы науқас амбулаторлы жағдайда келіп қаралды, көп жылдан бері артериялық гипертониямен науқастанады. Сол жақ білегінің ауырсынуына, дірілді бұлшықеттердің қозуы, жұтыну кезінде ауырсынуға, проксимальді орналасқан нерв талшықтарын басқанда ауырсыну, тершеңдік, рефлекстердің жоғарылауына шағымданады. Жарақатты 10 тәулік бұрын саябақта жұмыс жасау кезінде алған. Науқас өз ісіне жауап бермейді, өзіне не болды деп сұрақ қояды? Алғашқы диагнозды қойыңыз?

- сепсис

- иық нервінің плевриті

+ сіріспе

- жедел ми қан айналысының бұзылысы

- қол басының флегмонасы

\/

Кәдiмгi жағдайда өт қабының артериясы қай жерден басталады:

- жалпы бауырлық артериядан

+ оң жақ бауырлық артериядан

- сол жақ бауырлық артериядан

- құрсақ бағанасы

- жоғарғы панкреатодуоденальды артериясынан

\/

Нарата операциясы дегеніміз не:

- сан және балтыр аймағына лампастық кесулер жасап тері асты веналарын алу

+ тері асты веналарын кішігірім кесулер жасап алу

- тері асты веналарын зондтың көмегімен алу

- варикозды веналарды тері арқылы тігу

- коммуниканттық веналарды субфасциальды тігу

\/

Науқас лапароскопиялық холецистэктомиядан 48 сағаттан кейін ішінің ауырсынуына, кебуіне, жүрегінің айнуына шағымданады. Қандай емдік диагностикалық іс-әрекеттер жүргізген жөн?

- қан анализін қадағалап, динамикалық бақылау

- релапароскопия

+ перистальтиканы күшейтетін комплексті стимуляция жүргізу

- антибактериальды терапия

- лапаротомия, іш қуыс мүшелеріне ревизия жасау

\/

Өт тас ауруына байланысты жасалынып жатқан операция кезінде тасқа толы бүріскен өт қабы және 2,5 см-ге дейін кеңіген жалпы өт өзегі анықталды. Науқасқа қандай операция жасау керек:

- холецистэктомия жүргізу

- холецистэктомия және холангиография жүргізу

+ бірден өт өзегіне ревизия жасау

- холецистостома салу

- үлкен дуоденальды үрпекті ревизия жасаумен қатар дуоденоотомия жасау

\/

Лапароскопиялық холецистэктомия жасау кезінде өт қабының қуысы тесіліп кетті, не жасау керек?

- лапаротомияға көшу

- іш қуысынан конкременттерді алып, санациялау

+ өт қабын бөліп алуды жалғастыру

- өт қабы тесігін тігу

- тесілген тесікті поролон немесе дәкелі турундамен тампондау

\/

30 жастағы науқаста кенеттен дисфагия, тағамды жұтқаннан кейін төс артының ауырсынуы пайда болды. Сіздің болжамалы диагнозыңыз қандай?

- өңештің қатерлі ісігі

- халазия

+ ахалазия

- өңештің полиптері

- көк еттік жарық;

\/

Науқас шап аймағындағы жарықтың болуына және оның жиі қысылуына шағымданады. Қысылған сәтте қасаға үсті аймағына тартылып ауырсыну, кіші дәретке жиі баруы анықталады. Науқаста не болуы мүмкін?

- жапқыш тілігінің жарығы

- шаптың тіке жарығы

- сан жарығы

- шаптың қиғаш жарығы

+ жылжымалы жарық;

\/

Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатографияға негізгі көрсеткішті атаңыз?

- іріңді холангит

- паренхиматозды сарғаю

- өт қабының перфорациясына күмән

- жедел панкреатит

+ механикалық сарғаю, холедохтың терминальді бөлігінің тасы

\/

Науқас К. 55 жаста, екі ай бұрын холецистэктомия операциясы жасалған, операция кезінде қателікпен холедох тілініп, қайта тігілген. Орташа ауырлық дәрежесінде келіп түсті. Тері жамылғысы сарғыш. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға доғасының астында ауырсыну, іш қуысының тітіркену симптомы жоқ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

- резидуальді холедохолитиаз

+ холедохтың стриктурасы

- өт өзегінің тұқылының ұзын болуы

- Одди сфинктерінің тарылуы

- холецистэктомиядан кейінгі холедохтың кеңеюі

\/

Портальді гипертензиямен асқынған бауыр циррозы бар науқастарға қандай радикальді хирургиялық ем жүргізу қажет?

- порто-кавальді анастомоз салу

+ бауыр трансплантациясы

- экстраперитонизация жасау арқылы бауырдың электрокоагуляциясы

- лимфовенозды анастомоздар салу

- спленэктомия

\/

Бауырдың 5-6 сегментiнде орналасқан, көлемi 15-20 см кистасы анықталған, эхинококкэктомия жасалды, хитиндi қабығы алып тасталды. Фиброзды қабығы жартылай алынды. Қалдық қуысты қалай жабу керек?

- қуысты тампондап дренаж қою

- оментопластика, дренаж

+ капитонаж

- диафрагмапексия

- марсупиализация

\/

Науқас Т., әлсіздік, тамақтан ішкеннен соң 30 минуттан кейін үдемелі болатын құсыққа шағымданады. 20 күн бойына науқастанады. 10-15 кг жүдеген. Анамнезінде 8 жыл бойына 12 елі ішек жара ауруымен науқастанады. Қандай зерттеу әдісі диагностика мақсатында ең тиімді?

- іш қуысының УДЗ

- іш қуысының жалпы шолу рентгенограммасы

- ФГДС

- диагностикалық лапароскопия

+ асқазанның контрасты рентгеноскопиясы

\/

88 жастағы науқас хирургиялық стационарға түсті, диагнозы: холедохолитиаз, механикалық сарғаю. Операция алдылық дайындаудан кейін науқас операцияға алынды, осы кезде науқасқа қандай операция керек екені туралы сұрақ туды. Қандай операциялық әдіс бұл науқасқа тиімді?

- лапароскопиялық холецистэктомия

- лапаротомия операциясы, холедохолитотомия

+ ретроградты эндоскопиялық папиллотомия

- лапароцентез

- лапароскоптың бақылауымен микрохолецистостомия

\/

39 жасар науқас Р, қалтқының (привратник) субкомпенсация сатысындағы тарылуымен асқынған асқазанның созылмалы ойық жарасы клиникасымен түсті. Асқазан ойық жарасына тиімді жоспарлы операцияны атаңыз?

- ваготамия және пилоропластика

- антрумрезекция

- селективті проксималды ваготомия

+ асқазан резекциясы

- ойық жараны кесу

\/

Қан диабетінің I түрімен ауыратын 30 жастағы науқас инсулин жібергеннен 3 сағаттан кейін комотоздық жағдайға түсті. Ең алдымен қандай шара қолдану қажет?

- ЭКГ түсіру

- 5%- глюкоза ерітіндісін жіберу

- 10-20 бірлік инсулин жіберу

- қандағы креатининнің, элетролиттің және глюкозаның деңгейін анықтау

+ 20 мл 40% глюкоза ерітіндісін жіберу

\/

25 жасар науқас П,стационарға үнемі шуыл естілетін екіншілік варикозды кеңейген көктамыр, аяқ көлемінің ұзаруы мен ұлғаюы клиникасымен түсті. Аталған белгілер қандай ауруға тән?

- Паркс-Вебер ауруы

- Педжет-Шреттер синдромы

+ Мондер ауруы

- Бюргер ауруы

- Клиппель-Треноне синдромы

\/

52 жасар науқасқа, жоспарлы түрде созылмалы тасты холециститке лапароскопиялық холецистэктомия жасалды. Операциядан кейін екінші күні сарғаю пайда болды. Қандай асқыну болып тұр?

- өт өзегі тұқылының ашылуы

- гепатикохоледохтың интраоперациялық зақымдануы

- операциядан кейінгі панкреатит

- гепатит

+ холедохтың клеммамен бітелуі

\/

Науқас 60 жаста, өт-тас ауруымен бірнеше жыл ауырады, қазіргі ұстамасы түгелімен басылған жоқ, оң жақ қабырға тұсының ауырсынуы әлі мазалайды, 3 күннен кейін тері жамылғысының және склераның сарғаюы пайда болды.

Бауырдан тыс өт жолдарының қай бөлімінде тас болуы мүмкін?

- өт қабында

- ұйқы безінде

+ тас жалпы өт жолында болуы мүмкін

- жалпы бауыр жолында

- қап жолында

\/

Рихтер қысылуы дегеніміз не?

- дуоденальды-ащы ішек қапшығы айналасындағы ішектің қысылуы

- айналған сигма тәрізді ішектің қысылуы

- диафрагмальды жарықтағы асқазанның қысылуы

+ ішектің қабырғалық қысылуы

- Меккел дивертикулының қысылуы

\/

Рувилуа-Грегуар сынамасы нені дәлелдейді?

- клапанды пневмотораксты

- плевра қуысындағы құрылымның іріңдеуін

+ жалғасқан қан кетуді

- плевра қуысына қан кетудің көлемін

- пневмоторакстың көлемін

\/

Ішкі жарықтарда аш ішектің қысылуындағы ерте клиникалық көрінісін көрсетіңіз?

- диарея

- коллапс

+ қатты толғақ тәріздес ауырсыну, жел шығуының тоқтауы

- іш перденің тітіркену белгісі

- дегидратация

\/

Асқазан-ішек жолдарынан қан кетуінің ең тиімді диагносикалық әдісі болып табылады:

+ фиброэзофагогастродуоденоскопия

- Барий езбесін қолдана отырып R-гр.

- сцинтиграфия

- ангиография

- диагностикалық лапароскопия

\/

Ер адам 31 жаста, құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінде өте қатты ауырғандық шағымымен бөлімшеге түсті. Бұрын ауырмаған. Пульс-78 рет. Пальпация жасағанда: Құрсақтың алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері қатайған. Құрсақты жалпы шолу рентгенографиясында іш қуысында «бос» ауаның бар екендігі анықталады.Сіздің әрі қарай тактикаңыз қандай?

- эндоскопиялық эзофагогастродуоденоскопия

- асқазанды барий жіберіп, рентген сәулесімен қарау

+ жедел құрсақ қуысын ашу

- науқасқа бақылау тағайындау

- іш қуысын ультрадыбыспен қарау

\/

Аппендикулярлы перитонитке байланысты жасалған лапаротомия 6 күннен кейін іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, тенезм, дизуриялы белгілер пайда болды. Дене қызуы 39ºС, гектикалық қалтырау болды. Тілі ылғалды, іші жұмсақ. Шап үстінде аздаған ауырсыну бар. Ректальды қарағанда – кіші жамбасында үлкен және ауырсынатын инфильтрат анықталады. Сіздің диагнозыңыз қандай?

- тұзақ аралық абсцесс

+ Дуглас кеңістігінің абсцессі

- переаппендикулярлы абсцесс

- сепсис

- пилефлебит

\/

Іш қуысының мүшелерін рентген әдістімен зерттегенде ішек түйілуіне (өтпеуіне) қандай белгі тән?

- іш қуысының төменгі бөлігінде бірнеше жартылай овалды пішінді жарықтанулардың болуы

- көк-ет күмбезінде жарықтанудың пайда болуы

- жасанды контрасты затты қолданбай ауытқуды анықтау мүмкін емес

+ төменгі бөлігі горизонталды қараю деңгейімен шектелген көптеген жартылай овалды жарықтанулардың болуы

- іш қуысының төменгі бөлігінде көптеген қараюлардың болуы

\/

Жедел ішек түйілуі кезінде науқасты зерттегенде Цеге-Мантейфель және Обухов ауруханасы белгілері анықталса ол қандай ауруға тән?

- илеоцекальды инвагинация

- өрлемелі ішектің ісікпен обтурациясы

- аш ішектің айналып кетуі

+ сигма тәрізді ішектің айналып кетуі

- инвагинация.

\/

75 жасар науқас кейінгі төрт тәулік ішінде ішінің кебуіне, ауасының, нәжістің жүрмеуіне шағымданып хирургия бөліміне түскен. Ішіндегі ауру сезімі толғақ тәрізді, басқа аймақтарға берілмейді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай. Пальпация жасаағанда іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауру сезімі бар. Құрсақ қуысының тітіркену белгісі жоқ. Сол жақ мықын аймағында шекаралары анық емес ісік тәрізді өсінді бар. Ректалды – Обухов ауруханасы симптомы оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз қандай?

- копростаз

- ащы ішектің қатерлі ісігі

- жабысқақ ауруы

+ сигма тәрізді ішектің қатерлі ісігі

- иерсиниоз

\/

Науқас 26 жаста,іріңдеген аппендикулярлы инфильтрат көрінісімен түсті.Сіздің әрекетіңіз:

- Көктамырішілік антибиотиктерапия

- Дезинтоксикациялық ем

- Физиотерапия

+ Іріңдікті ашу және дренаждау

- Жергілікті рентгенотерапия

\/

Науқас лапароскопиялық холецистэктомиядан 48 сағаттан кейін ішінің ауырсынуына, кебуіне, жүрегінің айнуына шағымданады. Қандай емдік диагностикалық ісәрекеттер жүргізген жөн?

- қан анализін қадағалап, динамикалық бақылау

- релапароскопия

+ перистальтиканы комплексті стимуляция жасау

- антибактериальды терапия

- лапаротомия, іш қуыс мүшелеріне ревизия жасау

\/

Науқас К. 37 жаста тиреотоксикалық жемсауға байланысты струмэктомия жасалған 2 тәулiкте мынадай белгiлер пайда болды: дене қызуының 39 С дейiн көтерiлуi, бетiнiң қызаруы, тахикардия минутына 150 соққыға дейiн, аритмия, тахипноз, науқас мазасыз, қорқыныш сезiмi бар. Бұл жағдайы немен байланысты:

- Операциядан кейiнгi тетания

+ Операциядан кейiнгi тиреотоксикалық криз

- Трахеомаляция

- Ауа эмболиясы

- Жара жағынан iрiңдi инфекциялық асқынудың болуы

\/

Ішек өткізбеушілігінің қандай түрінде тік ішектен қанды бөлініс бөлінуі мүмкін?

- паралитикалық;

- спастикалық;

+ инвагинация

- тоқ ішектің айналып кетуі

- ішек инфаркты

\/

Сарғаю, асцит, ауыр бауыр циррозы жағдайындағы өңештің варикозды веналарынан қан кетуде науқасты емдеу кезіндегі хирургтың тактикасы қандай?

- портокавальды анастомоздар салу

+ Блекмор зондымен өңешті обтурация жасау

- асқазан резекциясы

- асцитикалық сұйықты бөлу

- спленоренальды анастомоздар салу

\/

Диагностикалық лапароскопия кезінде ісікті панкреатит, ферментативті перитонит табылды, не істеу керек?

- лапаротомия, шарбы май қабын ашу, ұйқы безін мобилизация жасау, холецистостомия және іш қуысын дренаждау

- іш қуысын дренаждаумен шектеліп, әрі қарай консервативті еммен жалғастыру

- лапаростома салу

- лапаростомия, іш қуысы мен шарбы май қабын дренаждау

+ шарбы май қабы мен іш қуысын лапароскопиялық дренаждау, холецистостомия

\/

Жедел панкреатитпен ауырған науқаста, ауырғаннан кейiн 15 тәулiкте эпигастральды аймағынан аздап ауырсынатын эластикалық түзіліс пальпация жасау кезінде анықталады. Қандай диагноз болуы мүмкін?

- iш пердесiнен тыс флегмона

- iш пердесiнен тыс қан ұюы

- жедел обструктивтi холецистит

+ оментобурсит

- iшекаралық абсцесс

\/

Науқас 38 жаста деструктивті панкреатитке байланысты 14 тәулікте гектикалық температура, қалтырау, тахикардия, солға ығысумен лейкоцитоз, эпигастрий аймағында размері 15х20 см инфильтрат анықталады. Сіздің диагнозыңыз қандай?

- холангит

- пневмония

- ішпердеден тыс флегмона

+ шарбы майы қалтасының абсцессі.

- жедел холецистит

\/

Миокард инфарктісімен ауырған 72 жастағы науқасты жедел түрде хирургия бөліміне ауыстырды. Бірнеше күн бұрын іші қатты ауырған. Қараған кезде перитонит белгілері анықталады. Операцияда тоқ ішектің сол жақ бөлігі, сигма тәрізді ішектер некрозға ұшыраған. Қандай артерияда қан айнылымы бұзылған?

- орта тоқ ішек артериясы

- оң жақ тоқ ішек артериясы

- жоғарғы шажырқай артериясы

+ төменгі шажырқай артериясы

- сигма артериясы

\/

12-елі ішектің ойық жарасында ауру сезімі басылып, қара май тәрізді нәжістің пайда болуы неге тән:

- ойық жарасың малигнизациялануына

- ойық жарасың тарылуына

- ойық жарасың көрші ағзаға өсуіне

+ ойық жарасынан қан кетуіне

- ойық жарасының тесілуіне

\/

Науқас 66 жаста, жедел тоқ ішек түйілуі клиникасымен шұғыл түрде операцияға алынды. Лапаротомия кезінде-сигма тәрізді ішектің циркуляциялы тарылуға әкелген ісігі, парааортальды лимфа түйіндердің ұлғайғаны және бауырға метастаз бергені анықталады. Гартман операциясы жасалды. Бұл қандай операция болып табылады:

- симультантты

+ паллиативті

- радикальды

- біріккен (комбинированный)

- қабаттасқан (сочетанная)

\/

24 жастағы науқас әйел жүрек айнуына, құсыққа, ұзақтығы 4 сағатқа созылған кіндік маңындағы ауырғандықтың іштің төменгі бөлігіне ығысуына, дене қызуының 37,8 °С көтерілуіне шағымданады, лейкоциті 12,0х109/л. Қандай диагноз қоясыз?

- жедел пиелонефрит

- жедел оң жақты аднексит

- овариальды кистаның жарылуы

- жатырдан тыс жүктіліктің бұзылуы

+ жедел аппендицит

\/

54 жастағы науқас қабылдау бөліміне келіп түсті. Түскен кезде жағдайы орташа ауыр. Шағымы: 5-6 рет құсу болған, соңғы рет құсқан кезде құсығы қан аралас болған, әлсіздік пайда болды. Дәрігерге 2 күн бұрын қаралған, ФГДС-те жара ауруы анықталмаған. Алғашқы диагнозыңыз қандай?

- асқазан жарасы, қан кетумен асқынуы

- 12- елі жарасы, қан кетумен асқынуы

+ синдром Мелори-Вейса

- өкпеден қан кету

- геморрагиялық гастрит.

\/

Ер адам 31 жаста, құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінде өте қатты ауырсыну шағымымен бөлімшеге келіп түсті. Бұрын ауырмаған. Пульс-78 рет. Пальпация жасаған кезде - құрсақтың алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері қатайған. Құрсақты жалпы шолу рентгенографиясында іш қуысында «бос» ауаның бар екендігі анықталады.Сіздің әрі қарай тактикаңыз қандай?

- эндоскопиялық эзофагогастродуоденоскопия

- асқазанды барий жіберіп, рентген сәулесімен қарау

+ жедел түрде лапаротомия жасау

- науқасқа бақылау тағайындау

- іш қуысын ультрадыбыспен қарау

\/

36 жасар науқасқа жайылмалы перитонитке байланысты тесілген ойық жараны тігу операциясы жасалды, 5-ші тәулікте ішінің ұстамалы ауруы, жүрек айну, қайталап құсу пайда болды. Медикаментозды терапиядан кейін аз мөлшерде желі шықты. Бірақ біраздан соң ауырсынуы қайта басталып, өт аралас құсқан. Жағдайы орташа ауырлықта, пульсі 100, тілі құрғақ, іші аздап кепкен, жұмсақ, ішектің сирек, бірақ күшейген перистальтикасы, «шалпу шуы» анықталады. Іш қуысының қайталанған R – граммасында (біріншісінен 4 сағ кейін жасалған) көптеген Клойбер тостағаншалары анықталады. Науқаста қандай диагноз?

- Диафрагма асты абсцессі

- Жедел панкреатит

- Перитонит

- Жедел жабыспалық ішек түйілуі

+ Ішек аралық іріңдіктер

\/

Асқазан жарасынан қан кетумен зардап шегетін науқасты жүргізілген емнен кейін шоктан шығарылды, бірақ жүргізілген консервативті шаралар гемостаздың толық қалпына келуіне мүмкіндік бермей тұр. Бұндай жағдайда не істеу керек?

+ лапаротомия және асқазанды резекция жасау

- гастростома салу

- гастростоманы қолдану

- консервативті терапияны жалғастыру, Мейленграхт диетасымен

- лапаротомия, гастроэнтероанасомоз, тамырдан қан кетуді тоқтату

\/

Ұйқы безін қарау және дренаждау үшін қандай байламды кескен жөн?

- асқазан-көкетті

- асқазан-көкбауырлық;

+ асқазан-көлденең тоқ ішекті

- бауырлық-асқазан

- бауырлық-бүйректік байлам

\/

Жедел панкреатит және тесілген асқазан жарасын бір-бірінен ажырату үшін не істеу қажет?

- жалпы қан анализі

+ іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

- колоноскопия

- көктамырішілік холицистохолангиография

- жалпы зәр анализі

\/

Науқас қабылдау бөліміне ішінің ауырсынуына, іш өтуге және көп ретті құсуға шағымданып келді. Науқас ішінің ауырсынуын кеше кешке тамақ қабылдаумен байланыстырады. Қабылдау бөлімінде инфекционист сальмонеллез диагнозын қойды. Бірақ хирург жедел аппендицит диагнозын жоққа шығара алмайды. Науқас қай бөлімшеге жатқызылуы тиіс?

- инфекциялық аурулар бөлімшесіне жатқызып, хирургті қайталап консультацияға шақырамыз

- хирургия бөлімшесіне жатқызып, инфекционистті қайталап консультацияға шақырамыз

- диагнозын толық анықтағанша, науқас қабылдау бөлімінде болуы керек

+ хирургия бөлімінің изоляторына

- реанимация бөлімшесіне

\/

35 жастағы науқаста жедел флегмонозды аппендицитке байланысты жасалған операциядан кейінгі 7-ші тәулікте қалтырау, тік ішекте ауырсыну, тенезмдер, зәр шығаруының жиіелеуі байқалады. Ректальды қарау кезінде кіші жамбаста инфильтрат анықталады. Науқастың жағдайы жылы сифонды клизма мен антибиотикті қосып емдесе де 3 күннен кейін жақсарған жоқ. Қайталап ректальды қарау кезінде кіші жамбастағы инфильтрат жұмсарған. Дене қызуы гектикалық. Сіздің диагнозыңыз қандай?

- іріңді сальпингоофорит

- тік ішектің қатерлі ісігі

+ кіші жамбас абсцесі

- нәжістік тас

- цистит

\/

Науқас 70 жаста, ішек қатуымен зардап шегеді, ауруханаға түсерден 2 күн бұрын ішінің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді сипаттағы аздаған ауырсыну пайда болған, ауасы шықпайды. Жағдайы орташа ауырлықта, пульс 90 рет, тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ, қарау кезінде ішінің оң жақ бөлігі кепкен, сол жағы төмендеген. Іші жұмсақ, оң жағында ауырсынады, пальпация жасау кезінде 15х20 см болатын тығыз эластикалық түзіліс анықталады. “Шалпыл шуы” симптомы оң мәнді. Ішперденің тітіркенуі белгілері жоқ. Іші қуысының рентгенограммасында тоқ ішек және ащі ішектің пневматозы, тоқ ішектегі Клойбер тостағаншалары анықталады. Науқасқа қандай диагноз қоясыз және қалай емдейсіз?

- аппендикулярлы инфильтрат, консервативті емдеу

- созылмалы колит, консервативті емдеу

- тоқ ішектің майлы салбырауығының айналып кетуі, некрозы, оперативті ем

+ соқыр ішек ісігі, оперативті ем

- аппендикулярлы инфильтрат, оперативті ем

\/

Қабылдау бөліміне 35 жастағы ер кісі, эпигастрий маңындағы «қанжар сұғу» тәрізді оң жақ мықын аймағына таралатын ауырсынуға, құсу, әлсіздік, дем жетіспеу сезіміне шағымданып түсті. Анамнезінен 3 жыл шамасында 12 елі ішек жара ауруымен науқастанған. Осы аурумен бірнеше рет стационарда ем алған. 2 жыл бұрын десируктивті холецистит аурумен операция жасалған. Іш қуысының жалпы шолу R-граммасында диафрагма астында бос ауа жоқ. Іш қуысының УДЗ-нде оң жақ мықын аймағында сұйықтық анықталады. Сіздің диагнозыңыз қандай?

- жедел аппендицит

- деструктивті панкреатит

+ перфорациялық жара

- жабысқақты ішек өткізбеушілігі

- бауыр кистасының жарылуы

\/

Ауруханаға ауыр дәрежелі жедел панкреатит дигнозымен түскен науқасқа сырқаттың бастапқы кезеңінде хирург құрамына келесі дәрілер кіретін кешенді емді тағайындады - атропин (инъекциядағы), промедол (инъекциядағы), 5% глюкоза ертіндісі инсулинмен бірге, тұзды ерітінділер, интралипид, аминопептид, гемодез, антибиотиктер. Ферментті уыттануды басу үшін қандай дәріні тағайындау керек еді?

+ протеаз ингибиторлары

- өт айдағыш

- құртты шығарғыш

- бронхолитиктерді

- зәр айдағыш

\/

Науқас “Іштің енбелі тесіп-кесілген жарақаты. Ішперде ішілік қан кету. Геморрагиялық шок III-IV дәрежесі” диагнозымен қабылдау бөліміне келіп түсті. Дәрігердің тактикасы қандай?

- гемодинамиканы қалпына келтігенге дейін шокқа қарсы шаралар жүргізу, содан кейін оперативті араласу

- қан кетуді тоқтату мақсатында шұғыл түрде операция жасау, содан кейін шокқа қарсы шаралар жүргізу

+ қан кетуді тоқтату мақсатында шұғыл түрде операция жасау, қосымша шокқа қарсы шаралар жүргізу

- консервативті гемостатикалық шаралар жүргізу

- шұғыл түрде реанимациялық шаралар жүргізу

\/

53 жастағы адамда іштің қатты ауырсынуы пайда болды. Бірнеше рет қан құсты, үлкен дәреті сұйылып қан аралас болды және әлсіздік қосылды. Жедел жәрдем дәрігері қарап науқастан ауру таппады, ем тағайындап үйде қалдырды. Науқастың іші кеуіп, перитонит белгілері пайда болды, сонымен ауырған мерзімінен 20 сағаттан кейін жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Диагноз қандай?

- жедел аппендицит

- жедел ішек өтімсіздігі

+ жедел мезентереальді қан айналымының бұзылуы

- жедел панкреатит

- тесілген асқазан жарасы

\/

46 жасар науқасқа жабысқақтық жедел ішек түйілуіне байланысты операция жасалған. Опер







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 2507. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.033 сек.) русская версия | украинская версия