Антибиотиктер, физиотерапия 8 страница
Сіздің диагнозыңыз? - Қабырғааралық невралгия - Перикардит - Өкпе эхинококкозы + Өкпе абсцесі - Тимома \/ /\ Науқас оң жақ өкпесінің ортаңғы бөлігінде шектелген абсцестің клинико-рентгенологиялық белгілері анықталғанына байланысты ауруханаға жатқызылды. Кеуде хирургиясы бөлімшесінде алып жатқан ем барысында науқаста кеуде қуысының оң жақ жартысында кенеттен қатты ауыру сезімі, цианоз пайда болды, ентікпе күшейді. Кеуде клеткасының аускультациясында оң жақта тыныс естілмейді. Кеуде клеткасының жоғарғы бөліктерінде перкуторлы тимпанит, ал базальды бөліктерінде – перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады. Аталған клиникалық көрініс науқас ауруының қандай асқынуына сәйкес келеді? - Қабырғааралық невралгия - Перикардит + Іріңді абсцестің плевра қуысына жарылуы - Жедел жайылған миокард инфарктісі - Өкпеден профузды қан кету \/ /\ Кеуде хирургиясы бөлімшесінде оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігі абсцесі бойынша ем қабылдау барысында науқаста кеуде клеткасының оң жақ жартысында кенеттен қатты ауыру сезімі, цианоз пайда болды, ентікпе күшейді. Кеуде клеткасының аускультациясында оң жақта тыныс естілмейді. Перкуторлы кеуде клеткасының жоғарғы бөліктерінде тимпанит, ал базальды бөліктерінде – перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық әдісті қолданған жөн? - Фибробронхоскопия - Эхокардиография + Кеуде клеткасының полипозициялық рентгенографиясы - Бронхиалды артериография - Диагностикалық торакоскопия \/ /\ Кеуде хирургиясы бөлімшесінде жедел өкпе абсцесі себебімен ем қабылдап жатқан науқаста қан қақыру басталды, динамикалық бақылауда оның күшеюі байқалды. Қандай диагностикалық әдіс қан кету себебін (ошағын) анықтайды? - Фибробронхоскопия - Кеуде сегментінің компьютерлі томографиясы - Кеуде клеткасының полипозициялық рентгенографиясы + Бронхиалды артериография - Диагностикалық торакоскопия \/ /\ Шынтақ өскінінің сынығы қай бұлшықеттің күрт жиырылуында пайда болады? + иықтың үшбасты бұлшықеті - иықтың екібасты бұлшықеті - иықтың құстұмсық бұлшықеті - иықкәріжілік бұлшықеті - дельта тәрізді \/ /\ «Терезе» тәрізді қабырға сынықтары кезінде тыныс алудың бұзылу түрін атаңыз: - Биот типі - Испираторлы ентігу + «Парадоксальді» тыныс алу - Экспираторлы ентігу - Чейн-Стокс типі \/ /\ Бұғананың акромиальді шетінің шығуына тән симптом? - Байков симптомы + «перне» симптомы - «алдыңғы жылжымалы жәшік» симптомы - Гирголав симптомы - Стаматин симптомы \/ /\ Кеуде жарақатымен зардап шегушіге алғашқы және емханада көмек көрсету барысында қандай қалыпқа келтіру дұрыс? + отырғызып - жартылай отырғызып - ішіне жатқызып - арқасына жатқызып - Волкович бойынша \/ /\ Кеуде жарақаты бар науқасқа қандай қосымша зерттеу жүргізу мүмкін болатын асқынуларды анықтайды: - Бронхоскопия - Бронхография - Спирография - ЭХО-кардиография + ЭКГ \/ /\ Егде адам көшеде тізесі бүккен қалыпта аяғы тайып құлады.Емханаға өздігімен қиналып жетті,бұл кезде тізе буынынан сираққа берілетін қатты ауырсынуды сезді.Тізе буыны ісінген,буын ішілік сұйықтық анықталады.«Шайқалу» симптомын анықтау тізе үстінің күрт ауырсынуын шақырады.Жазылған аяғын науқас көтере алмайды.Зақымдалу диагнозын көрсетіңіз? + тізе үстінің сынығы - тізе буынының айқыш байламының жыртылуы - тізе буынының ішкі бүйір байламының жыртылуы - ортан жіліктің айдарша аралық сынығы - сирақтың сыртқа шығуы \/ /\ Науқас 67 жаста,кіреберістен шыға аяғы шалынып оң жақ бүйіріне шалынып құлады,ауруханаға зембілмен имобилизациясыз жеткізілді.Қарай кезінде оң жақ аяғы жазылған қалыпта сыртқа ротацияланған.Буындағы пассивті қозғалыс мүмкін,алайда ауырсынулар туындатады.Аяғын өлшеу жүргізу барысында 3 см қысқарғаны байқалады.Сипмтом Гирголаева оң.Аяқты бекітудің қандай тәсілін қолдайсыз? - деротационды гипсті етік - саусақ ұштарынан қабырғалық доғаға дейінгі гипсті лонгета - кокситті гипсті таңғыш - қаңқалық тарту + остеосинтез \/ /\ Екі бала таудан сырғанаған кезде артында отырған бала алдында отырған баланың арқасына құлады.Алдындағы бала арқасында күрт пайда болған ауырсыну сезіміне шағымданады.Емдік орталықта 10-шы кеуде омыртқасының компрессионды сынығы анықталды,салдарынан омыртқа денесінің биіктігі 1/3 бөлікке кеміді.Неврологиялық бұзылыстар жоқ.Жарақаттан кейін алғашқы күндері пайда болған сынық аймағындағы қан кетулермен байланысты асқынуды атаңыз: - аяқ парезі - зәр шығару бұзылыстары - менингиальді синдром + жалған өткір іш - тетраплегия \/ /\ Омыртқа денесінің компрессионды сынығы кезінде корсет киілу барысында омыртқаның зақымдалған бөлімі қандай қалыпта болуы қажет? - бүгілген қалыпта - ортафизиологиялық қалыпта - күшейген кифоз қалпында - күшейген лордоз қалпында + жазылған қалыпта \/ /\ Иықтың ортаңғы 1/3 және төменгі 1/3 бөлігінде сүйектің бетінде қай нерв жатады және аталған аймақтың сынығында зақымдалады? + кәрі жілік нерв - шынтақ нерв - ортаңғы нерв - тері-бұлшықеттік нерв - дельта тәрізді \/ /\ Аяқ басы бармағының шығуын салғаннан кейін гипсті таңғыш қанша мерзімге қойылады? - 5 күнге - 7 күнге + 2 аптаға - 3 аптаға - 4 аптаға \/ /\ Науқас жер үстінен ауыр затты күрт көтергенде бел аумағында ауырсынуды сезді.Тексеру кезінде науқастың тұрған қалпында оң жақ бел бұлшықеттерінде тырысу анықталады.Науқастың оңға қарай бүгілуі ауырсынудың күшеюімен жүреді.Оң жақ паравертебральді сызық бойынша жасалған пальпация күрт ауырсынумен.Зақымданулардың алдын-ала диагнозын атаңыз? - біз тәрізді өсіндінің сынығы - омыртқа денесінің компрессионды сынығы - омыртқа аралық дискінің жыртылуы + көлденең өсіндінің сынығы - біз тәрізді өсіндінің аралық және үстілік байламдарының жыртылуы \/ /\ Жамбас-сан буынын эндопротездеу қай жағдайда орындалмайды? - ортан жілік мойынының жалған буыны - ортан жілік басының асептикалық некрозы - деформациялаушы артрозы + ортан жілік басының остеомиелиті - ортан жілік мойын сынығы \/ /\ Фолькман контарктурасы кезінде қандай оперативті араласулар орындалады? - алақан апоневрозын ойып алу - білек терісін сөгу + білек артерияларының фасциотомиясы және ревизиясы - сөгілген фасцияларды тігу - терілік кескіндерді тігу \/ /\ Асықты жіліктің (сирақ сүйек) варусты деформациясынан дамыған деформациялаушы гоноартроз кезінде төменде көрсетілген операциялардың қайсысы тиімді? - буын байламдарына жасалатын операциялар - артродез - эндопротездеу + коррекциялаушы остеотомия - буын артролизі \/ /\ Аяқ-қолдың бұрыш жасап артқа ашылған бұрыштық деформациясы қалай аталады? - вальгусты - варусты + антекурвация - рекурвация - ротация \/ /\ Дәрігер буындардың деформациясы мен контрактурасын емдік мақсатта күштеп түзеуі қалай аталады? + редрессация - репарация - артродез - артролиз - артропластика \/ /\ Қандай жағдайда супинатордың киілуі көрсеткішке жатады? - эквинді-сыңарлы(полая) табан - балтыр және табан бұлшықетінің парезі - аяқтың 1,5 см-ге қысқаруы + жалпақ табандылық; - аяқтың 1,6-6 см аралығында қысқаруы \/ /\ Жамбас сүйегі сынған науқасты қалай тасымалдау керек? - Дитерихс шинасы қойылғаннан соң; - ішке жатқызып - Виноградов шинасы қойылғаннан соң; - жамбас белдеуін қысып байлап + «бақа» позасында қатты зембілде \/ /\ Туа пайда болған бұлшықеттік қисық мойынның этипатогенезі не болып табылады? + кеуде-бұғана-емізікшелік бұлшықеттің дамуының ақауы - босану барысындағы жарақат - ұрықтың дұрыс жатпауы - қабыну үрдісі - жүрек ишемиясы \/ /\ Тоқпан жіліктің ортаңғы 1/3 бөлігінің қиғаш сынуы бар науқаста қол басының белсенді жазылуы және бірінші бармақтың сыртқа әкетілуі шектелген.Сынық бастары көлденең және бұрыш жасап шамалы ығысқан.Сыныққа қосалқы жарақатты атаңыз: - ортаңғы нервтің зақымдалуы - шынтақ нервінің зақымдалуы - тері-бұлшықеттік нервтің зақымдалуы + кәріжілік нерві зақымдалуы - иық нерві зақымдалуы \/ /\ Айқыш байламдардың зақымдалуында қай симптом негізгі болып саналады? - сирақтың жанына қарай девиациясы + «жылжымалы жәшік» - гемартроз - «шертпе» - буын блокадасы \/ /\ Іріңді омфалит кезінде қандай аурумен ажыратпалы диагноз жүргізіледі? + Сары уыз жылѓасының бітелмеуі (толық емес жыланкөз) - Кіндік бауының жарығы - Кіндік жарыѓы - Қуықтың экстрофиясы - Терілі кіндік \/ /\ Омфалиттің қандай түрінде кіндік сақинасы арқылы ішек эвентрациясы болуы мүмкін? - Жай түрі - Құрама түрі + Некрозды - Флегманозды - Суланатын кіндік \/ /\ Флегманозды омфалиттің белгілерін көрсетіңіз: - Кіндіктен шырышты бөлінулер болады + Кіндік шұңњқырының түбінде іріңді-фиброзды қабыршақтар болады - Іштің төменгі жағында шекарасы анық қызарудың болуы - Кіндік шұңқырының түбінде грануляция бар, кальцинаттар анықталады - Кіндік шұңқырының айналысындағы терінің некрозы \/ /\ Жедел бейспецификалық қолтықтағы лимфаденитте жиі болатын ену жолдарын көрсетіңіз: - Асқазанның шырышты қабыѓы + Білезіктегі іріңді жара - Кариесті тістер, жаралы стоматит - Қолтық аймағындағы гидраденит - Мастит \/ /\ Инфильтрация сатысындағы жедел бейспецификалық лимфадениттің емдеу принциптерін көрсетіңіз: - Қабыну инфильтратын тілу + УВЧ (УЖЖ) қолдану, антибиотиктер тағайындау - Антибиотиктер тағайындау, қабыну инфильтратына суық басу - Тілуден кейін антибиотик тағайындау - УВЧ және жылу процедураларын тағайындау \/ /\ Бронхопневмониямен емделіп жатқан үш айлық баланың жалпы жағдайы нашарлады, бастың шашты бөлігінде, мойнында майда түзілімдер пайда болды. Терінің бетінде көтеріліп тұратын, диаметрі 0,5 - 1 см, қара, көк түсті, тығыз ісіктер пайда болды. Сіздің диагнозыњыз: + Сепсис, псевдофурункулез - Тілме қабынудың буллезді түрі - Антибактериальды терапияға аллергиялық реакция - Сепсис, бактериальді эмфизема - Тершеңдік \/ /\ Сегіз жастағы бала бес күн бойы ауырады. Оң балтыры және сол білегіндегі қатты ауыру сезіміне шағымданады, балтырдың және білектің көлемі үлкейген. Сипағанда және перкуссия жасағанда қатты ауыру сезімі бар, жалпы жағдайы ауыр, уыттану айқын байқалады. Екі өкпеде де көп мөлшерде ылғалды сырылдар естіледі. Алдын ала қойылған диагноз: - Біріккен токсикалық бронхопневмония - Оң балтырдың және сол білектің флегмонасы + Жедел гематогенді остеомиелиттің септикопиемиялық түрі - Жедел гематогенді остеомиелитің жергілікті түрі - Эрба параличі \/ /\ Жедел остеомиелиттің токсикалық түрін сипаттайтын белгіні атаңыз: - аяқ-қолда ауыру сезімі, жалпы жағдайы орта дәрежелі +Сандырақтау, есінен тану, аяқ-қолдағы ауыру сезімі - Сүйек үсті қабатының ажырауы және қабаттануы - Сүйектің патологиялық сынуының пайда болуы - Үйрек тәрізді жүріс \/ /\ Жедел гематогенді остеомиелиттің ерте диагностикасына (алғашқы 1-2 күн) бағытталған әдістердің қайсысы жатады? - рентгенологиялық зерттеу - жұмсаө тіндердің іздеуші пункциясы - буын пункциясы, пунктатты зерттеу + сүйекішілік қысымды өлшеу - қанның жалпы анализі \/ /\ Ішек өтімсіздігі кезіндегі консервативті емнің нәтижелігін анықтайтын критерийді атаңыз: + Газ бен нәжістің шығуы, ауыру сезімінің жоқ болуы - Лейкоцитоздың азаюы - Дене қызуының төмендеуі - Артериальды қысымның көтерілуі - Рентгенограммада Клойбер табақшаларының болмауы \/ /\ Жаңа туған нәрестеде босану залында-ақ анал тесігінің жоқ екені анықталды. Бқл ақаудың клиникалық түрін қандай әдіспен анықтауға болады? + Вангестин бойынша рентгенография - ирригография - құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы - лапароскопия - УДЗ \/ /\ Жедел деструктивті аппендицитпен ауырған балада құрт тәрізді өсіндінің қандай орналасуында Щеткин-Блюмберг симптомы мен бұлшықеттік дефанс әлсіз байқалады? + өсіндінің ретроцекальді орналасуында - оң жақ қабырға астында - сол жақ мықын аймағының жамбас астауында - оң жақ мықын аймағында - кіндік аймағында \/ /\ 12 жастағы қыздың жағдайы ауыр, 5 күн бұрын суықтап қалған. Дене қызуы 39,9 С. Оң санының төменгі 1/3 бөлігі көлемінде үлкейген, ісінген, санды сипағанда өткір ауыру сезімі болады. Қанның анализіндегі өзгерістер: лейкоцитоз, формуланың солға қарай ығысуы; оң тізе буынының бүгілген контрактурасы, СРБ+++. Алдын алу диагнозы койыңыз: + Санның жедел гематогенді остемиелиті - Ревматоидты артрит - Тізе буынының іріңді жұқпалы артриті - Санның лимфоангаиты - Тізе асты шұңқырының жедел лимфоадениті \/ /\ Бес айлық балаға езілген алма берген соң ішінде ұстамалы ауыру сезімі пайда болған, көп рет құсқан. Оң жақ қабырға астында кішкене ауыратын жылжымалы сопақша түзілім анықталады. Тік ішек арқылы тексергенде - саусақта қан бар. Диагноз қойыңыз: - Жедел аппендицит - Аппендикулярлы инфильтрат - Копростаз - Вильмс ісігі + Ішек инвагинациясы \/ /\ Ішек инвагинациясының айқын белгісін атаңыз: - Нәжіс жүруінің нашарлауы - Кіші дәреттің жиілеуі - құсу - Дене қызуының көтерілуі + Инвагинатты пальпациялау \/ /\ Ішектің кеш жабыспалы өтімсіздігі кезінде консервативті емдеу жүргізудің уақытын белгілеңіз: + 1 - 3 сағтқа дейін - 3 - 6 сағтқа дейін - 12 сағтқа дейін - 24 сағтқа дейін - 48 сағтқа дейін \/ /\ Егер анустың және тік ішек атрезиясы бар нәрестеде зәрдің барлық порциялары мекониймен жасыл түске боялса, тік ішектің жыланкөзі қайда ашылған? - зәр шығару өзегіне - несепағарға + қуыққа - қынаптың кіреберісіне - балада тотальді эписпадия \/ /\ Анус пен тік ішектің атрезиясынің төменгі түрін анықтайтын қандай клиникалық белгә бар? - іштің кебуі - зәрі мекониймен боялған - құсу + тері астында меконийдің көрініп тұруы, итеру симптомы - анустың орнында нүктелік өзектің болуы \/ /\ Төмендегі белгілердің қайсысы гемангиомаға тән? + теріде алқызыл түсті ісіктің болуы - теріде көк түсті шашталған ісіктің болуы - ісіктің үстіндегі тері боялмаған, флюктуация анықталады - ісіктің үстіндегі тері боялмаған, ісікті пальпациялағанда тығыз болып келеді - ісік флюктуацияланады, үстіндегі терісі көк түсті болады \/ /\ Оташалуға дейінгі кезеңде жедел аппендициттің асқынуын атаңыз: - копроcтаз - ішектің жабыспалы өтімсізідігі - ішетік жыланкөздер + жергілікті және жайылған перитонит - илеоцекальді инвагинация \/ /\ Хирургиялық бөлімшеге жедел аппендицит диагнозымен түскен баланы зерттеу барысында оң жақ мықын аймағында тығыз қозғалмалы, ауырсынатын аппендикулярлы инфильтрат анықталды. Сіздің іс-шараңыз? - жедел оташа жасау - жоспарлы түрде оташалау + конcервативті емдеу(антибиотиктер, физиотерапия) - динамикада бақылау - амбулаторлы түрде емдеуге жіберу \/ /\ Балалардағы перитониттің себептерін атағыз: + Меккель дивертикулының перфорациясы - кіндіктің толфқ жыланкөзі - урахустың бітіспеуі - некротикалық флегмона - пилороcпазм \/ /\ Қандай құрылымдар тұрақты жас түзілуіне қатысады? - жас безі - Цейс, Молл бездері + Вольфринг, Краузе бездері
|