Студопедия — АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 9 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 9 страница






- Пневмония

- Пневмоторакс

- Жіті бронхит

+ Өкпе эмфиземасы

- Созылмалы бронхит

\/

/\

Ауыр дәрежелі бөлікті пневмония анықталған 72 жастағы науқастың жоғары температурасы тез түскенде кенеттен айқын әлсіздік, бас айналуы, құлағының шуылдауы, жүрек айнуы, құсқысы келу сезімі пайда болды. Объективті: бозғылттық, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары тұйық, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының күрт нашарлауының неғұрлым мүмкін аебебі:

- Сепсис

- Кардиогенді шок

- Өкпе артерияларының тромбоэмболиясы

+ Инфекциялық-токсикалық шок

- Жіті респираторлық дистресс-синдром

\/

/\

Науқас 72 жаста, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен көп жылдан бері ауырады, дене қызуының көтерілуіне, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке, шағымданады. Бұл шағымдары суық тигеннен кейін пайда болған. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:

- Тетрациклин + метрогил + лазолван

- Амоксиклав + гентамицин + бромгексин

- Кларитромицин + преднизолон + бромгексин

+ Кларитромицин + амброксол + ипратропиума бромид

- Цефуроксим + амброксол + ипратропиума бромид

\/

/\

Науқас 46 жаста, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде сыздап ауырсыну, жағымсыз иісті іріңді көлемді қақырықпен жөтел мазалайды. ТЖ – минутына 26 рет, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде амфоралық тыныс. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің рентгенограммасында қуыс анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:

- Ампициллин + гентамицин

- Плазмаферез курсы + цефтриаксон

+ Ошақты санациялау + қуысқа моксофлоксацин енгізу

- Өкпе бөлігінің резекциясы + цефтриаксон

- Левофлоксацин + инфузиялық терапия

\/

/\

43 жастағы науқаста 4 ай бұрын субфебрильді лихорадка, аз өнімді жөтел, баяу үдейтін ентігу, әлсіздік пайда болған. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Қанда: лейкоциттер-10,5 мың, ЭТЖ-23 мм/сағ. Пенициллинмен емдеу барысында науқастың ентігуі күшейіп, жағдайы нашарлаған. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу: рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігінің белгілері. Неғұрлым мүмкін этиологиялық фактор:

- Вирус

+ Саңырауқұлақ

- Токсин

- Паразит

- Бактерия

\/

/\

М. атты, 48 жастағы науқас тәулігіне 5-6 ретке дейін мазалайтын тұншығу қстамаларына, шырышты көбікті қақырықпен жөтелге шағымданады, тұншығу ұстамасы түн сайын мазалайды. Қарғанда: ТАЖ – минутына 26 рет. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 55%. Неғұрлым мүмкін диагноз:

+ Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ II

- Бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II

- Созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ II

- Созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ III

- Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ III

\/

/\

К. атты, 45 жастағы науқас, тыныс шығарудың қиындауымен айқын ентігуге, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: ТАЖ минутына 25 рет, ЖСЖ минутына 95 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., өкпе аускультациясында – өкпенің барлық алаңында әлсіз тыныс, жайылған ысқырықты сырылдар, тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы – қалыпты деңгейден 50%. Неғұрлым мүмкін диагноз:

- Жүрек демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі

+ Бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II

- Бронх демікпесі, жеңіл дәрежесі, өршуі, ТЖ I

- Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ III

- Бронх демікпесі, демікпелік статус, ТЖ IV

\/

/\

38 жастағы науқасты тұншығу ұстамасы, экспираторлық ентігу ұзақ уақыт бойы мазалайды. Тұншығу ұстамаларын беротекпен емдейді, 2 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдайды. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 65%. Осы науқас үшін неғұрлым тиімді базисті терапия:

- Теотард

- Атровент

+ Будесонид

- Сальмотерол

- Дексаметазон

\/

/\

Науқас 42 жаста, бронх демікспесімен ауырады, аптасына бірнеше рет мазалайтын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Дипроспан инъекциясынан кейін бір айға жуық уақыт бойы тұншығу ұстамалары болмаған. Дәрігерге қаралар алдында жөтел және беротекпен басылмаған ентігу пайда болған. Түнде жағдайы нашарлаған. Қарағанда: науқас мәжбүрлік қалыпта, ентігу айқын, дистанциялық сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

- фенотерол к\т, оттегі

- вентолин небулайзер арқылы, оттегі

- преднизолон к\т 30-60 мг, оттегі

- преднизолон к\т 30 мг, эуфиллин к\т, оттегі

+ метилпреднизолон 120 мг, фенотерол к\т, оттегі

\/

/\

М. атты науқас, 48 жаста, тәулігіне 6-8 ретке дейін болатын тұншығу ұстамаларына, тәулігіне 4 рет қолданған сальбутамол ингаляциясының әсер етпеуіне шағымданады. Қарағанда: ТЖ – минутына 30 рет. Тынысы әлсіреген, кейбір жерлерде естілмейді. Неғұрлым мүмкін диагноз:

- Бронхты демікпе, ауыр ағымды, өршуі, ТЖ II

- Бронхты демікпе, орташа дәрежелі, өршуі, ТЖ II

- Бронхты демікпе, ауыр ағымды, демікпелік жағдай

- Созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ III

+ Бронхты демікпе, ауыр дәрежелі, өршуі, ТЖ III

\/

/\

Ауылшаруашылық жұмысшысында шөппен жұмыс істегеннен кейін бірнеше сағат өткенде аралас сипатты ентігу, қалтырау, дене қызуының 390С дейін көтерілуі, аз өнімді кейде қан аралас қақырықпен жөтел пайда болды. Қан сары суында: преципитирлеуші антиденелер. Неғұрлым мүмкін диагноз:

- Созылмалы бронхит, өршуі

- Микоплазмалық пневмония

- Аспергиллез

+ Экзогенді аллергиялық альвеолит

- Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

\/

/\

Науқас 57 жаста, орташа ауырлық дәрежесіндегі персистирлеуші бронх демікпесімен және ІІ дәрежелі қатер тобы ІІ артериялық гипертензиямен ауырады. АҚҚ төмендету мақсатында үнемі эднит 5мг тәулігіне екі рет және индапамид 2,5 мг күн ара қабылдайды. Тұншығу ұстамаларын емдеуде беротек күніне 1-2 рет 2-3 мөлшерлі дозада қабылдайды. Жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралды, шағымдары: тұрақты сипаттағы мазасын алатын құрғақ жөтел. Тұрақты құрғақ жөтелдің неғұрлым мүмкін себебі:

- Индапамидтің қосымша әсері

- Беротектің қосымша әсері

+ Эдниттің қосымша әсері

- Беротек мөлшерінің жеткіліксіздігі

- Кіші қан айналым шеңберінде іркілістің қалыптасуы

\/

/\

К. атты науқас, дезодорант қолданғаннан кейін ерін аймақтарында ісіну, мұрын-ерін қыртысының тегістелуі пайда болды. Біртіндеп ісіну бүкіл бетіне және мойнына жайылды, тыныс алуы қиындады. Объективті: терісі бозғылт, беті және мойны ісінген, ТЖ минутына 24 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., ЖСЖ минутына 90 рет. Тынысы әлсіз везикулярлы, аздаған құрғақ сырылдар. Неғұрлым тиімді тағайындау:

- Атропин

- Адреналин

+ Преднизолон

- Сальбутамол

- Кетотифен

\/

/\

Артериялық гипертензия, көлемді протеинурия, шумақты фильтрацияның төмендеуі неғұрлым тән:

- Пиелонефритке

- Бүйрек поликистозына

+ Гломерулонефритке

- Зәр тас ауруына

- Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

\/

/\

27 жастағы науқас жүрек қағу ұстамаларына және төс артындағы қысу сезіміне, естен тану кезеңдеріне шағымданумен кардиология бөлімшесіне жатқызылды. Объективті: дене бітімі астениялық, жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ – минутына 88 рет. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ- ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

- Эхокардиография

- Вентрикулография

- Коронароангиография

- Велоэргометрия

+ ЭКГ тәуліктік мониторлау

\/

/\

Науқас 45 жаста қалтыраумен фебрильді қызбаға; жөтелге, қан түкіруге; буындардағы және бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде - фурункулез. Қарағанда: терісі «сүт қосылған кофе» түсті, аяқтарында – петехиялы бөртпелер; «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы». Симптомдары анықталады. Тексергенде: эритроциттер - 2,9 мың, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпеде сына тәрізді көлеңке. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

- Бронхоскопия

- Сцинтиграфия

+ Эхокардиография

- Буындар рентгенографиясы

- Өкпенің компьютерлі томографиясы

\/

/\

Жоспарлы электроимпульсті терапияны нәтижелі жүргізу үшін неғұрлым тиімді:

- Кардиоспецификалық ферменттер деңгейін анықтау

+ Іс-шара жүргізгенге дейін антикоагулянттар тағайындау

- Кардиоверсияға дейін 3 күн бұрын жүрек гликозидтерін тағайындау

- ЭИТ жүргізгеннен кейін антикоагулянттарды және дезагреганттарды бермеу

- Кардиоверсия жүргізер алдында бір күн бұрын антиаритмиялық препараттарды бермеу

\/

/\

68 жастағы науқас тыныштықта және аздаған физикалық күштемеде пайда болатын төс артындағы басып ауырсынуға, ентігуге шағымданады. Анамнезінде –миокард инфаркты болған. ЖСЖ – минутына 62 рет. АҚҚ – 110/60 мм. с.б.б. Тропонин I - 0 нг/мл. ЭКГ – коронарлық созылмалы жетіспеушілік белгілері. Неғұрлым тиімді тағайындау:

- Кетонал

+ Кардикет

- Дигоксин

- Коринфар

- Эуфиллин

\/

/\

А. атты, 47 жастағы науқас ірі ошақты артқыдиафрагмальды миокард инфарктымен ауруханаға түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ-минутына 110 рет. АҚҚ-150/100 мм с.б.б. ЭхоКГ: гипокинезия аймағы анықталады. Тромболитиктерді тағайындау неғұрлым тиімді:

+ Алғашқы 6 сағатта

- Алғашқы 24 сағатта

- Екінші тәулікте

- тыртықтану кезеңінде

- Жіті кезеңінде

\/

/\

Науқас 34 жаста, бас ауыруына, бас айналуына, талуға шағымданады. Объективті: жүрек табанында, төстің оң жағында систоланың ортасында ең жақсы естілетін дөрекі систолалық шу, мойын тамырларына өткізіледі. Вальсальва сынамасында шу азаяды және және тыныс алғанда өзгермейді ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүректің конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Неғұрлым тиімді тактика:

- Медикаментозды ем

- Митральды комиссуротомия

- Трикуспидальды қақпақшаның пластиксы

+ Қолқалық қақпақшаны протездеу

- Митральды қақпақшаны протездеу

\/

/\

Көбінесе төстің сол жақ қырында, науқас алдыға қарай сәл еңкейіреп отырғанда жақсы естілетін Жоғары жиілікті, үрлемелі диастолалық шу неғұрлым тән:

- Қолқа сағасының стенозына

+ Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне

- Митральды қақпақшаның жетіспеушілігіне

- Сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозына

- Оң жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозына

\/

/\

З. атты науқас, 43 жаста сол жақ қолға және жауырын астына берілетін төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, аздаған тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V4. сегментінің элевациясы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

- Велоэргометрия

+ Коронарография

- Вентрикулография

- Эхокардиография

- Позитронды-эмиссионды томография

\/

/\

Науқас 48 жаста, ірі ошақты миокард инфарктына байланысты емделуде. 2-тәулікте кеуде клеткасында қатты ауырсыну, ентігу, аз өнімді қақырықпен жөтел, қан түкіру пайда болып, жағдайы күрт нашарлады. ЭКГ: миокардтың алдыңғы қабырғасының жіті инфаркты. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде үшбұрышты қараю анықталады. Науқаста неғұрлым мүмкін дамыған асқыну:

- Өкпенің ісінуі

- Жіті аневризма

- Жүректің тампонадасы

- Дресслер синдромы

+ Өкпе артериясы тамырларының тромбоэмболиясы

\/

/\

Науқас 19 жаста ентігуге, бас ауыруына, көз алдының "қарауытуына", аяқтарының жансыздануына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артерияларындағы пульс кернеулі, жылдам, сан арерияларында әлсіз, аз кернеулі. АҚҚ қолдарында 170/90 мм с.б.б., аяқтарында 100/70 мм с.б.б. Жүрек аускультациясында: Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында естілетін паравертебральды аймаққа берілетін әлсіз систолалық шу. Рентгенологиялық: қабырғалар узурациясы. Неғұрлым мүмкін диагноз:

- Фалло триадасы

- Қолқа сағасының стенозы

- Митральды қақпақшаның пролапсы

- Сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы

+ Қолқаның коарктациясы

\/

/\

Жүректің ревматизмдік созылмалы ауруымен ауыратын 30 жастағы науқаста: ортопноэ, акроцианоз; өкпенің төменгі-бүйір бөліктерінде дауыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін дөрекі пансистолалық шу; тахиаритмия, бауырдың үлкеюі, аяқтарының ісінуі. Неғұрлым тиімді тактика:

+ Диуретиктер

- Кортикостероидтар

- β-адреноблокаторлар

- Кальций антагонисттері

- Физиотенз

\/

/\

Науқас 67 жаста, жатқан кезде пайда болатын ауыр ентігуге, кейде түнгі уақыттағы тұншығуға, аз өнімді құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінде бірнеше рет миокард инфаркты болған. Тексергенде: өкпе артериясында ІІ тонның акценті, өкпеде дауыссыз ылғалды сырылдар, гепатомегалия, аяқтарында айқын ісіну, асцит. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасында тыртықты өзгерістер. ЭхоКГ: айдау фракциясы - 36%. Алдыңғы қабырғада, пердеде, жүрек ұшында және сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасында гипокинезия аймақтары. Неғұрлым тиімді тактика:

- Эгилок

+ Лазикс

- Вазилип

- Моноприл

- Дилтиазем

\/

/\

Науқас 73 жаста реанимация бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Төс артындағы қатты басып ауырсыну ауруханаға жатқызғанға дейінгі кезеңде жүргізілген емнің нәтижесінде басылған. Объективті: терісі сұр түсті, суық жабысқақ тер басқан. Өкпеде – іркілісті сырылдар. Жүрек тондары тұйық, айқын тахикардия, АҚҚ 30/0 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V6 сегментінің депрессиясы. Жіті жүрек жетіспеушілігін емдеу мақсатында неғұрлым тиімді тағайындау:

- Лазикс

- Изокет

+ Допамин

- Промедол

- Варфарин

\/

/\

32 жастағы науқас әйел рецидивті түйінді эритемаға, еріндерінің және беттерінің шырышты қабаттарындағы афтозды жараларға шағымданады. Тексергенде: қынаптың шырышты қабатында увеиттің белгілері және жаралар анықталған. Неғұрлым мүмкін диагноз:

- Туберкулез

- Рейтер синдромы

+ Бехчет синдромы

- Шарп синдромы

- Шегрен синдромы

\/

/\

52 жастағы науқас әйел қолдың фалангааралық буындарындағы ауырсынуға және қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Қарағанда: дистальды фалангааралық буындарда өлшемдері 0,5 см дейін, пальпацияда аздап ауырсынатын тығыз түйіндер. Буындары аздап деформацияланған, қозғалысы шектелген. Қол басы буындарының рентгенографиясында: буын қуыстары тарылған, остеопороз. Неғұрлым тиімді тактика:

- СеҚҚП + метотрексат

- СеҚҚП + антибиотики

+ СеҚҚП + хондропротекторы

- СеҚҚП + аллопуринол

- СеҚҚП + преднизолон

\/

/\

Науқас 16 жаста, білезік, тізе, тобық буындарындағы ауырсынуға, дене қызуының 39° С дейін көтерілуіне, жүрек қағуына шағымданады. Екі апта бұрын ангинамен ауырған. Қарағанда: сақина тәрізді эритема анықталады. Буындары дефигурацияланған, ұстағанда ыстық, қозғалғанда қатты ауырсынады. Жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық. ЖСЖ-52/мин. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн., Нв-140 г/л, лейкоциттер - 15 мың, ЭТЖ-40 мм/сағ. Неғұрлым тиімді емдеу:

+ Амоксициллин + диклофенак + преднизолон

- Амоксициллин + диклофенак + дигоксин

- Диклофенак + преднизолон + конкор

- Диклофенак + преднизолон + эналаприл

- Амоксициллин + диклофенак + гипотиазид

\/

/\

Науқастың беті амимикалы, ауыз қуысы тарылған, аузының айналасында кисет тәрізді қыртыстар, саусақтардың дистальды фалангалары қысқарған, жұтынуы қиындаған. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу:

- Ревматоидты факторды анықтау

- LE-жасушаларын анықтау

+ Тропоизомеразаға (SCL-70) антиденелерді анықтау

- Қос тізбекті ДНК-ға антиденелерді анықтау

- Антинуклеарлы антиденелерді анықтау

\/

/\

Жүйелі қызыл жегімен ауыратын 34 жастағы науқас, тәулігіне 20 мг преднизолон қабылдайды, қызбаға, бетіндегі эритемалық бөртпелерге, ісінулерге, бас ауыруына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына, парестезияларға шағымданады. Тексергенде нефротикалық синдром, лейкопения, нативті ДНК-ға антиденелердің жоғары деңгейі анықталды. Аурудың өршуін эндометритпен асқынған медициналық түсік тастаумен байланыстырады. Неғұрлым тиімді тактика:

- Преднизолонның мөлшерін тәулігіне 40-50 мг дейін көтеру

+ Метил-преднизолонмен пульс-терапия

- Азатиоприн

- Циклофосфамид

- Кризанол

\/

/\

23 жастағы бойжеткен көз өткірлігінің нашарлауына, әлсіздікке, дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне, талуға шағымданады. Тексергенде сол жақ ұйқы және бұғана үсті артерияларында систолалық шу анықталды. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульс анықталмайды. ЭТЖ 22 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:

+ индометацин + стугерон

- преднизолон + диклофенак

- триамцинолон + продектин

- метотрексат + преднизолон

- метилпреднизолон + плазмаферез

\/

/\

Гипербилирубинемия неғұрлым тән:

- Созылмалы панкреатиттің ауырсыну формасына

- Созылмалы панкреатиттің латентті формасына

- Созылмалы панкреатиттің склероздаушы формасына

- Созылмалы панкреатиттің рецидивті формасына

+ Созылмалы панкреатиттің псевдотуморозды формасына

\/

/\

Науқас 40 жаста тамақтан кейін пайда болатын, жатқан кезде күшейетін төс артындағы ауырсынуға, қыжылдауға, қышқылмен және ішкен тамақпен құсуға шағымданады. рН-метрияда гиперсекреция анықталады. Рентгенде: өңеш өтімді, кардиальды бөліктің кеуде қуысына шығуы және контрастты заттың асқазаннан өңешке қарай керу өтуі байқалады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

- Өңештің қатерлі ісігі

- Кардия ахалазиясы

- Өңештің дивертикулі

- Өңештің пептикалық жарасы

+ Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

\/

/\

45 жастағы науқас асқазанэзофагеальды-рефлюксті ауруымен ұзақ уақыт ауырады, по поводу которой постоянно принимает протон помпасының ингибиторын үнемі қабылдайды. Соңғы 2 апта бойы тәулігіне 2-3 ретке дейін сұйық, көбікті нәжістің болуы және іштің құрылдауы мазалайды. Емдік ашығу және левомицетин көмектеспеген. Диагнозды нақтылаудың неғұрлым деректі әдісі:

- Копрограмма

- Колоноскопия

- Ирригоскопия

- Нәжісті жасырын қанға зерттеу

+ Нәжісті бактериялогиялық зерттеу

\/

/\

45 жастағы науқасты 10 жыл бойы жұтынудың кезеңді бұзылуы, әсіресе қатты тамақты жұтудың қиындауы, мазалайды. Жұтынуды жеңілдету мақсатында тамақтану кезінде денесін артқа қарай шалқайтуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, құсуға, физикалық күштемеге байланыссыз пайда болатын төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

- Метоклопрамид

- Лактулоза

- Домперидон

- Цизаприд

+ Нифедипин

\/

/\

Науқас 28 жаста, екі жақты аднекситке байланысты антибактериялық массивті терапия курсын 24 күн бойы қабылдағаннан кейін, кенеттен ішінің төменгі жағында және бүйір бөліктерінде толғақ тәрізді ауырсыну, тәулігіне 6 ретке дейін су тәрізді сұйық нәжіс, дене қызуының 38одейін көтерілуі пайда болды. Тексергенде: іші жұмсақ, пальпацияда тоқ ішек бойында ауырсыну анықталады. Анализдерінде: Нв 124 г/л, лейкоциттер 1 мкл-де 12 мың, лейкоциттік формуланың солға ығысуы т/я 12%, ЭТЖ 35 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:

- Метронидазол + амикацин + бактисубтил

- Бацитрацин + пефлоксацин + бифиформ

+ Ванкомицин + метронидазол + бацитрацин

- Левомицетин + гентамицин + платифиллин

- Цефтриаксон + цизаприд + линекс

\/

/\

72 жастағы науқасты эпигастрий аймағында тұйық керіп ауырсыну, тамақ ішкеннен кейін асқазанының аса толу сезімінің пайда болуы; шіріген иіспен кекіру; метеоризм; іш өтумен кезектесетін іш қату мазалайды. Объективті: төмен нәрлі; терісі бозғылт және құрғақ, тырнақтары сынғыш, ангулярлы стоматит белгілері. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

- Сорбифер + алмагель + гепабене

- Фамотидин + панзинорм + но-шпа

- Цизаприд + алмагель + мезим-форте

- Домперидон + креон + бифидумбактерин

+ Табиғи асқазан сөлі + панзинорм + мильгамма

\/

/\

Асқазан диспепсиясының жара тәрізді вариантына неғұрлым тән симптом:

- Қыжылдау

- Жүрек айну

- Тез тою сезімі

+ Аш қарынға және түнгі ауырсыну

- Тамақ ішкеннен кейін эпигастрий аймағында керу сезімі

\/

/\

Науқас 54 жаста, тамақтан кейін 40-60 минут өткенде эпигастрий аймағында басып ауырсынуға және ауырлық сезіміне, қышқылмен, ауамен кекіруге, әлсіздікк, ашушаңдыққа шағымданады. Объективті: эпигастрийде ауырсыну анықталады. Қан анализінде: Нв – 90 г/л, эритроциттер – 3,8 х 1012/л, жалпы белок – 56 г/л. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде және синусы аймағында привратникке шығып тұрған алып қыртыстар. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

- Асқазанішілік манометрия

- Ирригоскопия

+ ЭФГДС нысаналы биопсиямен

- Ректороманоскопия

- Колоноскопия биопсиямен

\/

/\

Науқас 39 жаста, дефекациядан кейін басылатын іштің төменгі бөліктеріндегі толғақ тәрізді ауырсынуға; тәулігіне 3-4 ретке дейін үлкен дәреттің жиілеуіне, әлсіздікке, ашушаңдыққа шағымданады. Тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, төменгі бөлігінде, әсіресе сол жағына таман, аздап ауырсынады. Анализінде өзгерістер жоқ. Колоноскопияда тоқ ішекте органикалық өзгерістер анықталмады. Неғұрлым мүмкін диагноз:







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1256. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.058 сек.) русская версия | украинская версия