АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 18 страница
\/ /\ Науқас К., 36 жас, денесінде петехиальды-дақты бөртпе пайда болды қызыл иекті, мұрыннан қан кету мазалайды. Көкбауыр шеті пальпацияланады. Қанда - Эр. 4,0 х 1012/л; лейкоциттер 4,5 х 109/л, лейкоформула – өзгермеген, тромбоциттер 12 х 109/л, қан кету уақыты ұзарған. Науқасттың сүйек кемігінде қандай өзгерістер болуы барынша тән? - Сүйек кемігінің босап қалуы - Бластоз 30% жоғары - Плазмоклеткалық инфильтрация - Қан жасау мегалобластты + Мегакариоцитарлы өсінділерінің тітіркенуі \/ /\ Ер адам 37 жаста стационарға мұрыннан қан кетуге, әлсіздікке шағымданып келді. Қарап тексергенде тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары әлсіз бозарған, аяқтарында және денесінде әртүрлі көлемде көгерулер бар. Қан анализінде: Эритроцит – 3,8*10/12/л; Нв-123 г/л; тромбоцит 63*10/л, Лейкоцит – 5,2*10/9/л, Нейтрофил: с/я –44 %, т/я – 3%, Моноцит – 4%, Лимфоцит – 49%, ЭТЖ –12 мм/сағ. Науқасқа тағы қандай зерттеу жүргізу керек? + Жұлынға пункция жасау - Ph-хромосоманы зерттеу - Миелопероксидазаға реакция - Цитогенетикалық зерттеу - Шеткері қан жасушаларын иммунофенотиптеу \/ /\ Әйел 34 жаста жалпы әлсіздікпен, тамағының ауруына, қызыл иектің қанауымен қаралған. Тері қабаты бозарған, көптеген бөртпелер мен экхимоздар бар. Бадамшаларында - некроздық жабындылар бар.Жақ асты лимфа бездері мен көк бауыры пальпацияланады. Қанда: Эритроциттер – 2,3 млн. Hb- 73 г/л, лейкоциттер – 24 мың, бластты жасушалар – 98 %; сегмент таяқшалар – 2 %, тромбоциттер – 35 мың, ЭТЖ – 53 мм/сағ. Цитохимияда: миелопероксидаза реакциясы – оң. Иммунофенотиптеу: CD 11.CD 13.CD 14.CD15. Аталған диагноздардың кайсысы нақтырақ? - Созылмалы миелолейкоз - Созылмалы лимфолейкоз - Жедел лимфобласты лейкоз - Миелодиспластикалық синдром + Жедел лимфоблассыз лейкоз \/ /\ 52-жасар ер адам эндокринологқа кезекті диспансерлік тексерілуге келді. Шағымдары жоқ. 5 жыл бұрын қант диабеті анықталған. Көмірсу алмасуын коррекциялау мақсатында диетотерапия и фитотерапия қабылдайды. Объективті статусы: дене температурасы 36,70С, АҚ 140/85 мм рт.ст., ЖСЖ 72 рет\мин, ТЖ 18 рет\мин. Гликемия ашқарынға 5,9 ммоль/л аспайды; зәрде - аглюкозурия. Төменде берілген әдістердің қайсысы қант диабетінің компенсация дәрежесін анықтайды? + Гликозилирленген гемоглобин анықтау - Глюкозуриялық профиль - Гликемиялық профиль - Көмірсуға толеранттылықты анықтау - Глюкозаны аш қарынға анықтау \/ /\ 35 жастағы әйел адамда стресстен кейін жүрек аймағында ауыру сезімі, ашуланшақтық, әлсіздік, денедегі діріл пайда болды. Қарап тексергенде: тәбетінің төмендеуі, гипергидроз, пальпациялағанда қалқанша безінің бірінші дәрежеге дейін ұлғаюы анықталады. Жүрек тондары айқын, ЖСЖ - 120 рет/мин. АҚ - 150/70 мм с.б. Диагнозды нақтылуға қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты? - Жалпы Т3 және ТТГ анықтау - Жалпы Т4 және ТТГ анықтау - Тиреоглобулинге антиденелерді зерттеу - Тиреопероксидазаға антиденелерді зерттеу + Т3 және Т4, ТТГ бос фракцияларын анықтау \/ /\ Әйел 22 жаста ауруханаға вирусты гепатит күмәнданып түсті, ол маркерлік диагностика нәтижелері арқылы жоққа шығарылды. Адекватсыз әс-әрекеттер, тремор анықталады. Биохимия: АЛТ – 2,2 ммоль/л. УДЗ: бауыр паренхимасының тығыздалуы. Анамнезінде 6 ай бойы оральды контрацептивтер қабылдаған. Көзін қарау кезінде анықталды (фото). Сарысу церулоплазмин деңгейі анықталды – 0,17 г/л (норма 0,16–0,45 г/л). Диагностиканың келесі кезеңінде қандай зерртеу жүргізу керек?
- Ферритин деңгейін анықтау - Анти-lkm-1 деңгейін анықтау - 1-антитрипсин деңгейін анықтау + Мыстың зәрмен тәуліктіік бөлінуін анықтау - Мырыштың зәрмен тәуліктіік бөлінуін анықтау \/ /\ 65 жастағы ер адам бас айналуға, әлсіздікке шағымданады; кейде қысқа уақытты синкопемен пульстің 35 рет мин дейін баяулауын анықтаған. ЭКГ: AV-блокада II дәрежесі Мобитц II. Тұрақты электрокардиостимулятор имплантацияланған, варфарин тағайындалды. Жүргізіліп жатқан терапияны қадағалау үшін көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы БАРЫНША ақпартты болып табылады? - Халықаралық қалыптастырылған қатынас - Тромбоциттер агрегациясы - Тромбоцитов адгезиясы + β-нафтолды тест - Фибриноген \/ /\ Аяқтарының варикозды ауруы бар 56 жастағы әйелде ентігу, төс артындағы ауру сезімі, қан қосындылары бар жөтел пайда болды. ЭКГ-да: ЖЭО оңға ығысуы, QIII S1.. Қарағанда: аяқтарының варикозды тамырларының кеңеюі. Өкпеде: оң жақта ылғалды сырылдар, перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Бірінші кезекте қандай көрсеткішті анықтау барынша тиімді: - Халықаралық қалыптастырылған қатынасты (МНО) - Милы натрийуретикалық пептидті - КФК-ң МВ фракциясын - Тропонин + Д- димер \/ /\ 32 жастағы ер адамда тізе және жамбас буынының артриті, табан-фалангалық буындардың артриті, оң қолдың 2-4 саусақтарының және сол қолдың 3-4 саусақтарының проксималды және дистальды фаланга аралық буындарының артриті; жамбас бұлшықеттерінде ауыспалы ауру сезімі. Қарап тексеру кезінде баланопостит, жайылған лимфаденопатия, алақанында бірнеше пустулалар, табандарының гиперкератозы, ахил сіңірінің ауру сезімі. Анамнезінде: соңғы бір жылда 15кг дене массасын жоғалтқан, 6 ай бұрын бір ай бойы түсініксіз диарея болған. Науқасқа қандай тексеру жүргізу керек? - HLA-B27 анықтау керек - ИФА Cl. Trachomatis-ке - РПГА Y. Enterocolitica-ға - ИФА Campylobacter jejuni-ге + АИВ-қа ИФА және иммуноблотинг \/ /\ Науқас Т. 37 жаста қалаға 8 жыл бұрын көшіп келген. Көшіп келгенге дейін жылына 1-2 рет ЖРВИ-мен ауырған, әр эпизодтың ұзақтығы шамамен 10-14 күн болған. Шаршағыштық, тершеңдік, әлсіздікке шағымданады. Объективті тексергенде: науқастың тамақтануы біраз төмендеген, таңдай бадамша бездері борпылдақ, II-дәрежелі гипертрофия. Жақасты лимфа түйіндері 1 см-ге дейін ұлғайған, консистенциясы жұмсақ, эластикалы, қозғалмалы, қалған топтар пальпацияланбайды. Қалған ағзалар мен жүйелерде патология анықталмады. ЖҚА – моноцитоз (9%), ЭТЖ – 22 мм/сағ. Төменде аталғандардың ішінен қай зерттеуді бірінші жүргізу керек. - Листериозға РПГА - Лимфа түйінінің биопсиясы - Жұлын пункциясы - Гепатит С маркеріне ИФА + ВПГ, ВЭБ, ЦМВ антиденелеріне ИФА \/ /\ 35 жасар әйелді 2 жылдан бері тағам немесе дәрі қабылдауға байланыссыз пайда болып, бірнеше сағат ішінде өздігінен жойылатын, қышитын, бір-бірімен қосылған күлдіреуік бөртпелер мазалайды. Бөртпе пайда болған кездерде тыныс алудың қиындауы мен жөтел мазалайды, Қақырығында «ақ жармалар(крупинки)». ЖҚА: Эр-2,8х1012/л, Гем – 109 г/л, Л- 5,2х109/л, нейтрофилдер – 60%, эозинофилдер – 25%, лимфоциттер – 15%, ЭТЖ – 17 мм/сағ. Қандай диагностикалық тактика барынша ұтымды? - Терілік аллергиялық сынамалар жүргізу - АІЖ патологиясын анықтау үшін ФГДС жасау - Спирография және бронхолитикпен сынама жасау + Ішектік инвазияның кешенді диагностикасын жүргізу - H.pylory анықтауға ИФА және уреазды тест жасау
\/ /\ Ер адам 47 жаста, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы ауру сезіміне, алдыға еңкейгенде және жатқан кезде күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тамақтанғаннан 1 сағат өткеннен кейін басталады, әсіресе майлы тағамнан кейін, тұйық сипатты қатты ауру сезім пайда болады. Сонымен қатар қыжыл, кекіу, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет мазалайды. Тексерген кезде: арық, терісі құрғақ, «рубин тамшылары», Мейо-Робсона нүктесінде ауру сезімі бар. Науқаста қандай лабораторлы тексерулер өткізілу керек? - Липидті профиль - ГГТП және Сілтілі фосфатаза деңгейі - Гликемиялық профиль + Амилаза және липаза деңгейі - Алкогольдегидрогенез деңгейі \/ /\ Әйел 37 жаста үзақ уақыт антибиотикпен ем қабылдағаннан кейін ішінің кебуіне, шуылға, жайсыздыққа, кей жағадайда кіндік аймағындағы ауру сезіміне, үлкен дәретін ұстай алмауына шағымданады.Қарап тексергенде: тәбеті төмендеген, тері қабаты құрғақ, тырнақтары сынғыш келген.Дұрыс ем тағайындау үшін қандай зерттеу жұмысын жүргізген дұрыс? - Дем шығару кезіндегі сутегінің мөлшері - Дуоденальды зондтау + Дисбактериозға нәжіс анализі - Копрологиялық - Колоноскопиялық \/ /\ 56 жасар әйел адам. Қан құюдан 6 айдан соң гепатит маркерлеріне ИФА жасалды: HBsAg – оң, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – оң, antiHBc IgG – әлсіз оң, HBeAg – оң, anti HBe – теріс; anti-HCV – теріс. ПТР HBV ДНК – 3,4х104 көшірме/мл. Науқасқа төменде көрсетілген қандай иммунологиялық зерттеу жүргізу қажет? - NS3, NS4, NS5 HCV- ға антиденелер - HGV- ға антиденелер - ВИЧ- ға антиденелер + HDV- ға антиденелер - CMV- ға антиденелер \/ /\ Әйел 26 жаста, бірінші жүктілікте жүктіліктің үзілу қаупі дамыған кезде дюфастон (дидрогестерон) тағайындалды. Дюфастонды қабылдаудан 2 аптадан кейін тері қышуы, трансаминазалар көрсеткіштерінің жоғарылауы (АЛТ – 885 ед/л, АСТ – 447 ед/л) байқалған. Препаратты тоқтатқаннан кейін көрсеткіштер төмендеген. Дені сау бала туылады. Екінші жүктілік: 8-9 апталық кезінде дюфастон 10 мг күніне 2 рет тағайындалған. 2 аптадан кейін жүрек айну пайда болды, АЛТ – 982 Ед/л, АСТ – 1072 Ед/л. Билирубин жалпы – 119,0 мкмоль/л, билирубин тура – 114,78 мкмоль/л, билирубин тура емес – 4,22 мкмоль/л. Цитолиздік синдромның себебі не болып табылады? - HELLP синдром - Дәрілік фульминатты гепатит - Дәрілік гепатит, цитолиздік вариант + Дәрілік гепатит, холестаздық вариант - Жүктілерде бауырдың жедел майлы дистрофиясы \/ /\ Науқас бауыр циррозымен асциттің айқын көріністерімен түсті. Сонымен қатар науқаста, белгісіз локализациялы іштің ауруы. Асцит және бауырлық энцефалопатия көріністері соңғы 1 апта ішінде жоғарлаған. ЖҚА: Л – 8,4 х109/л, СОЭ- 22 мм/с. Науқастың жағдайының ауырлауын қандай зерттеу әдісі нақты мәлімет береді? - Электроэнцефалография - Сарысуда және зәрде Na, K, Ca деңгеін анықтау - Сарысуда және зәрде креатинин, мочевина көлемін анықтау - Құрсақ құысының ағзаларын компьютерлі томографиясы + Асциттік сұйықтықты зерттеу (белок, рН, жасушалар, бак.себінді) \/ /\ 33 жасар әйел адам, тексерілуде анықталды: anti HCV IgM – оң; anti HCV total – оң. HBsAg – оң, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – оң, antiHBc IgG – оң, HBeAg – теріс, anti HBe – оң. Биохимия: АЛТ – 0,74 ммоль/л. АСТ – 0,45 ммоль/л. Билирубин – 25,25 мкмоль/л, тура – 10,95 мкмоль/л, тура емес – 14,35 мкмоль/л. ПТР HCV РНК 3 генотип, 4 800 000 көшірме/мл. ПТР HВV ДНК 10 500 көшірме/мл. Бауыр эластографиясы – F1 Metavir бойынша. Берілген жағдайда вирусқа қарсы терапияның ұзақтығы? - 24 апта - 36 апта + 48 апта - 72 апта - 96 апта \/ /\ Билирубин деңгейі – 44 мкмоль/л, альбумин – 28 г/л, ПТИ – 67%, асциті, гепатоспленомегалиясы бар науқасқа бауыр биопсиясын жасау ұйғарылды. Бауыр биопсиясы кезінде қандай асқыну дамуы мүмкін? - Өңештің варикозды кеңейген көк тамырларынан қан кету + Паренхиматозды бауырлық қан кету - Спонтанды бактериальды перитонит - Жедел бауырлық энцефалопатия - Гепато-ренальды синдром \/ /\ 27 ж әйел жедел ауырған, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, кілегейлі- іріңді қақырықты жөтел, әлсіздік, мазасыздық. Бір апта өткен соң оң жақ қырының ауырсынуы, тыныс алуының қиындауы пайда болған. Обьективті: Оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы және тыныс алуының әлсіреуі. ТАЖ-28 рет/мин., ЖСЖ-86рет/мин. R-графия: оң төменгі бөліктің интенсивті қараюы, костодиафрагмалық синустың түзелуі. Плевральды ауытқудың сипаттамасына ең дұрысы? - Мөлдір, Ривальт пробасы теріс - Қою, лимфоцитарлы цитоз + Қою, нейтрофильды цитоз - Қою, хилезды - Геморрагиялық \/ /\ 30 жасар әйел ЖРВИ кейін ауырды:білезік, шынтақ, алақанөфалангаралық және табанөфалангаралық буындары ауыра бастады, ісінді, қызарды, таңертеңгі сағат 11 деін созылатын құрысу пайда болды, (төсектен тұру қиын, өз-өзіне қарау қиындады); дене қызуы 38,5° дейін көтерілді. Жоғарыда айтылған белгілер ң апта боый күшейіп келе жатыр. Диклофенакқабылдайды, әсері шамалы. Объективті қарағанда: зақымдалған буындары ісінген, жергілікті температурасы көтерілген, қолбасы буындарын қысу белгісі оң, қимыл-қозғалыс шектелген. ЖҚА: Эр – 3,2, Нв – 105 г/л, Л- 13,9 *109/л, Нф – 88%, Лф – 12%, СОЭ 55 мм/сағ. Осы ауруда РФ қандай нәтижесі тән? - РФ теріс болады, оң АЦЦП тән - РФ ауру басталғаннан 6-24 ай ішінде оң болады + РФ 1/64-ден төмен титрде оң болады - РФ және АЦЦП екеуі де оң болуы мүмкін - РФ IgMтеріс, РФ IgG – оң болады \/ /\ Науқас, жас келіншек қолы мен аяқтарының ұштарының көп жылдар бойы әсіресе суық ауа-райында ағаруы мен көгеруіне шағымданады. Екі жыл бұрын аяғы мен қолдарында депигментация ошақтарының пайда болғанын байқаған. Кешірек аузының ашылуы қиындап, шамалы физикалық күштемеде ентігу пайда болған. Объективті – терісінде депигментация, атрофиия, қатаю ошақтары. ЖҚА – эритроцитттер 3,6× 1012/л, лейкоциттер- 4,2 × 109/л, гемоглобин – 129 г/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жургізу дұрыс? - Ревматоидты фактор - Антинуклеарлы антиденелер - Екі спиральды ДНК-ға қарсы антиденелер + Тропоизомеразаға қарсы антиденелер (SCL-70) - Циклді цитрулиннирленген пепетидтерге қарсы антиденелер \/ /\ «Целиакия» диагнозы қойылған 19 жастағы науқас қыз тамақты көп жегеннен кейін пайда болған тізе буындарының ісінуі мен ауыру сезіміне шағымданады. Науқасқа жасалған иммуногенетикалық зерттеудің нәтижелері қандай болуы мүмкін? - HLA B5 - HLA B27 - HLA DR1 + HLA DR3 - HLA DR4 \/ /\ 55 жастағы науқас жедел нефритикалық синдроммен және БЖЖ-мен стационарға түсті. Анамнезінде: бронх демікпесі 30 жылдан артық. Лабораторлы: гиперэозинофилия, п-АНЦА +, зәр тұнбасының микроскопия эритроцитарлы цилиндрдер. Болжам диагноз: - ГУС - Өкпелік жүрек - Гудпасчер синдромы + Чардж-Строусс синдромы - Түйінді полиангиит \/ /\ 30 жастағы әйел адам, суықтанғаннан кейін әлсіз ісінулер пайда болды, АҚҚ 150/95 мм.с.б. Анализдерінде: ЭТЖ 55 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л. Зәрде: протеинурия 1.5 г/л, макрогематурия. ШФЖ 47 мл/мин. Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болып табылады? - Пиелонефрит + Нефритикалық синдром - Нефротикалық синдром - Жеклеген зәрлік синдром - Тез үдемелі гломерулонефрит \/ /\ Науқас М., 53 жаста. Жүрек аймағында ауру сезімі, бас ауруы, қышыну, ванна қабылдағаннан кейін күшейді. «Қоян көз» симптомы, Куперман сиптомы бар. АҚ= 180/100 мм рт. ст., көкбауыр +3 см, ЖҚА: Эр. 6,9 х 1012/л, Нв – 201 г/л, лейк. 11,9 х 109/л, тромбоцит – 600,0 х 109/л, ЭТЖ – 1 мм/час. Қандай диагноз барынша тиімді? - Пиквик синдром - Созылмалы лимфолейкоз - Созылмалы миелолейкоз + Эритремия - Миеломды ауру \/ /\ 28 жастағы әйелде ЖРВИ фонындағы қан анализінде: Эритроциттер – 2,0*10/12/л; Нв-73 г/л; ТК -1,01, тромбоциттер- 243*10/л, Лейкоциттер – 5,2*10/9/л, Нейтрофилдер: с/я –45 %, т/я – 4%, Моноциттер – 6%, эозинофилдер – 3%, Лимфоциттер – 42%, ЭТЖ –24 мм/сағ. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин – 82 мкмоль/л, тура емес –71 мкмоль/л, Кумбс сынамасы – оң. Емдеу бағдарламасына нені қосу керек? - Преднизолон - Спленэктомия - Темір препараттары + Цианокобаламин - Аминокапрон қышқылы \/ /\ Жедел лимфобласты лейкозбен күдікті науқасқа бластты жасушалардың мембранасын иммунофенотиптеу жүргізгенде келесі антигендер анықталды: CD 19+ CD 20+CD 21+CD 79+. Науқаста жедел лимфобласты лейкоздың қандай нұсқасы? + В – жасушалық - Т – жасушалық - NK– жасушалық - Аралас жасушалық - Дифференцияцияланбаған \/ /\ Ер адам 26 жаста, шөлдеу, несепке жиі баруы, жалпы әлсіздік, дене салмағының төмендеуі мазалайды. Объективті: терісі құрғақ, екі беті қызыл, тынысы везикулярлы. Жүрек тондары дыбысты. Тілі құрғақ. Ішперденің тітіркену симптомдары жоқ. Қандай зерттеу әдісі ЕҢ ақпаратты болып табылады? + Қандағы қант деңгейін тексеру - Жалпы қан талдауы - Жалпы зәр талдауы - Зимницкий бойынша несеп талдауы - Бауыр сынамаларын жүргізу \/ /\ 37 жастағы әйел жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағу, тез шаршағыштықты байқады. Ауыру сезімі үш ай бойы мазалайды, осы уақытта ашушаңдық, жылауықтық пайда болып, 5 кг арықтады. Объективтi: жүдеу, тері гипергидрозы, қалқанша безі қарағанда байқалады. Қолдарында майда тремор, «телеграфт бағанасы» симптомдары анықталады. АҚ - 130/60 мм.с.б. ЖСЖ – 120 рет мин. Диагнозды нақтылау үшін немен сынама жүргізу БАРЫНША мәліметті: - Инсулинмен - Клофелинмен + Тиреолиберинмен - Кортикотропинмен - Калий перхлоратымен \/ /\ Ер адам 37 жаста, терісі қола (бронзовое) түстес, гепатоспленомегалия, табан ұсақ буындарының артриті бар. Тексеру кезінде сарысулық темірдің деңгейі жоғарылауы, ЖТБҚ (ОЖСС) төмендеуі, сарысу ферритин жоғарылауы және трансферрин қанығуы 52% байқалады. Аталған патологияны емдеудің қай әдісі дұрыс? - Гемосорбция курсы - Д-пеницилламин - Плазмаферез курсы - Mars-терапия + Қан шығару \/ /\ 72 жасар ер адам нитраттар көмектеспейтін төс артындағы қатты басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, гипотония. ЭКГ да сол жақ қарыншаның артқы бүйір қабырғасы зақымданған. Осы жағдайды нақтылауға көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысы БАРЫНША ақпаратты? - Жүректік натрийуретикалық пептидті - С-реактивті белокты - Трансаминазаны - Гомоцистеинді + Тропонинді \/ /\ Жиі салқын тиюмен ауратын 19 жастағы қыз баланы ентігу, жөтел, периодты түрде қан түкіру; физикалық күшпен байланысты бас айналу мен есінен тану мазалайды. Қарағанда: акроцианоз, төмен тамақтанулы, саусақтарының «барабан таяқшалары» және тырнақтарының «сағат әйнектері» тәріздес өзгерісі, өкпе артериясында ІІ тонның акценті, гепатомегалия. ЭКГ-да: оңграмма (правограмма). ЭХОКГ-да: өкпе гипертензиясының 2 дәрежесі. Науқасқа гепарин қолданылатын базисті терапия тағайындалды. Антикоагулянтты терапияны бақылауда қандай көрсеткіш ең ақпаратты болып табылады: - Этанолды тест - Бета – нафтолды тест - Тромбоциттердің агрегациясы - Ерігіш фибринмономерлі комплекстер + Активтелген жартылай тромбопластинді уақыт \/ /\ Науқас 28 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, преднизолон 20 мг /тәул мөлшерінде 2 жыл бойы қабылдайды. Преднизолон қабылдап жүргенде түнгі ұстамалар аптасына 1-2 рет, сальбутамолда қажеттілік- күніне 1-2 рет, жағдайы қанағаттанарлық, физикалық жүктемені көтеруі жақсы. Преднизолон мөлшерін төмендету амалында жағдайы нашарлайды – тұншығу ұстамалары жиілейді. Ингаляциялық кортикостероидтар қолданбаған, бірақ эуфиллин таблетка түрінде қабылдайды. Ары қарай қандай емдеу тактикасы ең дұрыс? - Преднизолон демікпені бақылауда ұстайды – сол мөлшерде қалдыру - Будесонид қосу және жайлап преднизолон мөлшерін төмендету - Будесонид ең жоғары иөлшерде тағайындау және преднизолонды алып тастау - Демікпе бақылауына жеткенге дейін теотард қосу + Преднизолонды төмендету үшін метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу \/ /\ 47 жастағы әйел адам тамақтанғаннан 1,5-2 сағаттан кейін пайда болатын, асқазан тұсындағы сыздап ауыру сезіміне; әсіресе таң ертеңгісінгі ауызға қышқыл келуге; оң жақ қабырға астындағы ауырлау және жайсыздық сезіміне, іш қатуға шағымданады. ФГДС да: асқазанның антральді бөлігіндегі кілегей қабатының ісінуі мен гиперемиясы, бірен саран эрозиялар; асқазан қуысында – шырыш пен өт; шыға берісі аңырайған. Уреазды сынама – теріс. Науқастың жағдайын келтірілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША жақсартады? + Урсодезоксихол қышқылы - Платифиллин - Фосфалюгель - Сандостатин - Рабепразол \/ /\ Әйел 49 жаста, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы, майлы құырылған тамақ ішкеннен кейін күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тамақтанғаннан 1 сағат өткеннен кейін басталады, кейбір кездері белдемелі ауру сезімді. Сонымен қатар эпигастрий аймағындағы, тартып ауру сезімі, метеоризм, көп мөлшерлі үлкен дәрет, қиын жуылатын. Тексерген кезде: терісі өте құрғақ, ангулярлы стоматит, іші біраз кепкен, эпигастрий аймағындағы және өң қабырға астындағы ауру сезімі. Копрологияда стеаторея және креаторея анықталды. Науқасқа қандай дәріләі препарат тағайындауға болады? - Фестал + Креон - Ксеникал - Силимарин - Ацидин-пепсин \/ /\ Ер адам 28 жаста, оң мықын аймағындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Соңғы уақытта ауруы күшейген, тәулігіне 10-12 реттік көп мөлшерлі сұйық көпіршікті нәжіске, құсуға, бөрітпесі – 38,5 дейін, дене салмағының 7 кг азаюы, балтырындағы ісікке, бел аймағындағы ауру сезіміне бейім.Зерттеу кезінде макроцитарлы анемия, гипопротейнемия анықталды. Биопсияда:ішектің шырышты және шырыш асты қабатынан гранулема анықталды.Өткізілген емдік терапия – месалазин, будесонид, азатиоприн – тиімді болмады, науқас жағдайы нашарлады.Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған дұрыс? - Метилпреднизолон - Циклоспорин А + Инфликсимаб - Меропонем - Тиенам \/ /\ 55 жасар науқас 4 апта бойы созылмалы вирусты гепатит С, В бойынша пег-интерферон және рибавиринмен стандартты вирусқа қарсы терапия қабылдайды. Ем барысында гемоглабиннің келесі өзгерісі байқалады (г/л): 132-114-88-72. Вирусты жүктеме деңгейі: емге дейін – 3,8х105 көшірме/мл, 4 аптада – 7,2х102 көшірме/мл. Ары қарай қандай тактика дұрыс?
|