Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оң бағамдық айырма бойынша табыс қалай танылады?





Бағамдық айырма (оң, теріс) - шетелдік валютамен жасалған операциялар бойынша пайда болатын айырма. Бұл айырма бухгалтерлік есепте операция жасалған күн мен ұлттық валютамен жасалған операцияны көрсету нәтиже-сінде осы операция бойынша есеп айырысқан күн арасында пайда болады.
Сөйтіп, салық салу мақсатында бағамдық айырма солар бойынша есеп айырысулар жүргізілген шетелдік валютамен жасалған операциялар бойынша ескеріледі, ал бухгалтерлік есепте бағамдық айырма шетелдік валютамен жасалып өткізілген операциялар бойынша да, өткізілмеген операциялар бойынша да ескеріледі. Бұл орайда операция жасалған күн де, онымен есеп аиырысу күні де орын алған операциялар өткізілген операциялар деп танылады.Салық салу мақсатында шетелдік валютамен жасалатын операция операция (төлем) жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен қайта есептеледі.Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы ұғымы берілген - ол қазақстандық қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген тәртіппен анықталған теңгенің шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы; теңгенің қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледі. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері, оған қоса оң бағамдық айырма енгізіледі. Теріс бағамдық айырманы шегерімге жатқызу жөніндегі ережелер біраз күрделі болып белгіленген. Мәселен, 102-бапқа сәйкес құрылысқа алынған кредиттер (қарыздар) бойынша және құрылыс кезеңіндегі төлемдер бойынша туындаған теріс бағамдық айырма объект құнына енгізіледі; шегерімге жатқызылуға тиіс теріс бағамдық айырманың ең жоғары сомасы салық төлеушінің салық салынатын табысының 50% мөлшеріндегі сомаға оң бағамдық айырма түрінде алынған табыс қосылған сомамен шектеледі. Осы баптың мақсатында салық салынатын табыс салық төлеушінің бағамдық айырма бойынша табыстары мен шығыстары есепке алынбай, оның жылдық жиынтық табысы мен шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады. Теріс бағамдық айырма орын алған салық кезеңінде осы тармақтың ережелеріне байланысты шегерімге жатқызуға болмайтын теріс бағамдық айырманың қалған сомасы Салық кодексінде белгіленген талап қою мерзімі ішінде осы тармақтың ережелеріне сәйкес келесі салық кезеңдерінде, яғни салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жылдың ішінде өтеледі.

Оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі орын алған жағдайда ол табыс ретінде танылады.

100.17.020 жолында:

А бағанына 100.00.019 жолы көшіріледі;

В бағанында оң бағамдық айырманың теріс бағамдық айырмадан артуы көрсетіледі;

 

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1589. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия