Салықтық есеп бойынша шегерім дегеніміз не
шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуге тиіс. Салық Кодексінде шығыстарды нормалар шегінде шегерімдерге жатқызу жағдайлары айқындалған. Шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады. Болашақтағы кезеңдердің шығыстары қай салық кезеңіне қатысты болса, сол кезеңде шегерілуге тиіс. Табиғи монополистер шеккен залалдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгілеген нормалар шегінде шегерілуге жатады. Егер шығыстардың бірнеше баптарында белгілі бір шығындар көзделсе, салық салынатын кірісті есептеу кезінде көрсетілген шығындар тек бір рет шегеріледі. Мемлекеттік бюджетке енгізілуге тиістілерін қоспағанда, жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы шегеріп тасталуға тиіс. Шегерімдер есептеу әдісі бойынша танылады, оған сәйкес жұмыстар орындалғанда, қызметтер көрсетілгенде тауарлар жөнелтілгенде оларды сату мақсатында және мүліктерді кіріске алғанда табыстар мен шығындар төлем уақытына байланыссыз есепке алынады. Табыс алумен байланысты құжаттармен расталған шығындар ЖЖТ – тан шегерімдерге жатады, сондықтан егер салық төлеуші мысалы, ЖЖТ алумен байланысты өнім өндіру кезінде материалдардың нормадан артық шығыны болғанын дәлелдейтін болса онда бұндай шығындар шегерімдерге Салық Кодексінің 104 бабының 1 тармағы (жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар шегерімдерге жатпайды) бойынша жатқызылуы қажет. Шығындарды шегерімдерге жатқызу олар нақты орын алған салық кезеңінде болашақ кезеңдер шығындарынан басқа орындалады. Яғни бір операция бойынша шығындар мен табыстар бір мезгілде табылады және мұндай резервтерді құру 5 БЕС талаптарына сәйкес орындалады. 20. Шегерімдер түрлерін атаңыз? Шегерімдер есептеу әдісі бойынша танылады, оған сәйкес жұмыстар орындалғанда, қызметтер көрсетілгенде тауарлар жөнелтілгенде оларды сату мақсатында және мүліктерді кіріске алғанда табыстар мен шығындар төлем уақытына байланыссыз есепке алынады. Табыс алумен байланысты құжаттармен расталған шығындар ЖЖТ – тан шегерімдерге жатады, сондықтан егер салық төлеуші мысалы, ЖЖТ алумен байланысты өнім өндіру кезінде материалдардың нормадан артық шығыны болғанын дәлелдейтін болса онда бұндай шығындар шегерімдерге Салық Кодексінің 104 бабының 1 тармағы (жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар шегерімдерге жатпайды) бойынша жатқызылуы қажет.Шығындарды шегерімдерге жатқызу олар нақты орын алған салық кезеңінде болашақ кезеңдер шығындарынан басқа орындалады. Яғни бір операция бойынша шығындар мен табыстар бір мезгілде табылады және мұндай резервтерді құру 5 БЕС талаптарына сәйкес орындалады.Шегерімдерге жатқызылатын шығындарды сәйкесінше есепті ұйымдастырып шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады: І. Салық салынатын табысты анықтаған кезде толығымен шегерімдерге жатқызылатын шығындар: Ø іс-сапар шығындары; Ø еңбек ақы бойынша шығындар; Ø 7 БЕС сәйкес ТМҚ өзіндік құнына қосылатын шығындар (Салық Кодексінің 65 бабының 3 тармағы (Салық мақсаттары үшін тауар-материалдық қорлар есебі бухгалтерлік есеп жөніндегі ережелерге сәйкес жүргізіледі); Ø уақытша еңбекке жарамсыздық күндеріне төлем ақы және жүктілік және жәрдем ақы төлемдеріне шығындар; Ø бюджетке енгізілуге жататындардан басқа айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыппұлдары; Ø болашақ кезеңдер шығындары (басылымдарға жазылу, сақтандыру полистері және т.с.с.); Ø міндеттік күнтізбелік, қосымша және төтенше салымдар сомалары (ұжымыдық кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктері үшін) және басқа табыс алумен байланысты және құжаттармен расталған сомалар.
ІІ. Шегерімдерге нормалар мөлшерінде және шектеулермен жатқызылатын шығындар:
|