Кіріспе. Адам анатомиясы – адам организмінің құрылысы мен пішіні, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым
Адам анатомиясы – адам организмінің құрылысы мен пішіні, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым. Анатомия дене ағзалары мен бөліктерін жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктеріне байланысты пішінін, құрылысын, орналасуы мен топографиялық өзара қатынасын жүйелі түрде зерттейді. Ол эмбриология, салыстырмалы анатомия, антропология негіздеріне сүйене отырып, қоршаған ортаның және әлеуметтік факторлардың, еңбек пен дене шынықтырудың адам ағзаларының құрылысына әсерін қарастырады. Анатомия медициналық білімдердің фундаментін құрайтын пән болып табылады, бұл пәнсіз студентке тәжірибелік дәрігерге қажет мамандық клиникалық пәндерді меңгеру қиын болады.
Анатомия тек қазіргі адамның құрылысын анықтап қана қоймайды, сонымен бірге адам организмінің тарихи дамуы кезінде қалай қалыптасқандығын зерттейді. Анатомия – 1 пәнінің бағдарламасы адам организмін құрайтын ағзалардың, мүшелер мен тіндердің құрылысын, жеке, жыныстық және жастық ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі дамыған микро- макроскопиялық анатомия, физиология, биология жетістіктерін және оның пренатальды дамуын қоса, мүшелердің өзара анатомо-топографиялық қатынастарын зерттеуге бағытталған.
Пәннің мақсаты:Студенттерді анатомиялық модельдермен,мәйітпен жұмыс істеуге үйретіп, адам ағзасы мүшелерінің құрылысын, олардың жасқа байланысты, жыныстық және жеке ерекшеліктерін, мүшелердің анатомо-топографиялық өзара қатынасына байланысын оқып білу, алынған мәліметтерді клиникалық пәндерде қолдану.
Оқытудың міндеттері:
Ø Білім: Нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық, эндокриндік жүйелер және сезім мүшелерінің құрылысының ерекшеліктерін,құрылымдық элементтерін, олардың жасқа байланысты, жыныстық ерекшеліктерін білу.
Ø Түсіну: Нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық, эндокриндік жүйелер мүшелерімен сезім мүшелерінің негізгі қызметтері туралы түсінікті қалыптастыру.
Ø Білімі мен түсінігін тәжірибеде қолдану: Анатомиялық модельдерден және мәйіттен нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық, эндокриндік жүйелер және сезім мүшелерінің құрылысының айырмашылық-ерекшеліктері туралы дағдыларды меңгеруге үйрету.
Ø Пікірлер айту, идеяны бағалау және қорытындыларды қалыптастыру: Нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық, эндокриндік жүйелер және сезім мүшелерінің қызметтері жайында пікірін айтып,осы жүйелер мүшелерінің құрылыстарының ерекшеліктерін бағалап,ситуациялық есептердің шешімін талдап,түсініктіме беріп, өз ойын тұжырымдау.
Ø Жеке түсінігі мен ептілігін жеткізу: Нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық, эндокриндік жүйелер және сезім мүшелерінің құрылысы және даму заңдылықтары жайында ақпарат құрастырып,олардың маңыздылығын бағалап, өз пікірін айтып,реферат, презентация, жобалар түрінде тәжірибелік сабақтарда,студенттік үйірмелердің отырыстарында,студенттердің ғылыми конференцияларында көрсетуді қалыптастыру.
Ø Өз бетімен әрі қарай оқуды жалғастыру қабілеті: алған білімдерін келесі пәндерде қолдануға қалыптастыру:патологиялық анатомия 1,патологиялық физиология-1, анатомия-2,гистология-2, физиология-2, клиникаға кіріспе, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальді диагностика, жалпы хирургия.
Ø Оқытудың соңғы нәтижелері:
Дескрипторлар
| Оқытудың соңғы нәтижелері
| Біліктілік
| А
| сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу
| Болашақ мамандығына пәннің атқаратын міндеттері мен мақсаттарына түсініктеме береді, латын тілінде халықаралық анатомиялық номенклатураны баяндайды,
анатомиялық модельдерден сүйектердің негізгі элементтерін, ерекше өзгешеліктерін,сүйек байланыстарының анатомиясын және биомеханикасын, бұлшықеттердің анатомиясын, классификациясын, қызметін, ас қорыту, тыныс алу, несеп-жыныс, нерв, сезім, жүрек-тамырлар, иммунды, эндокринді мүшелердің анатомиясын атап, тауып көрсетіп,
бас,мойын және тұлғаның,қол-аяқтың терісіне морфофункционалдық сипаттама береді.
| 1,2,3,6
| В
| Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу
| Анатомиялық терминологияны меңгеріп,
мәйіттен, анатомиялық модельдер мен ылғалды препараттардан сүйектердің, сүйек байланыстарының, бұлшықеттердің, ас қорыту, тыныс алу, несеп-жыныс, нерв, сезім, жүрек-тамырлар, иммунды, эндокринді жүйелер мүшелерінің құрылымдық элементтерін тауып, ерекше өзгешеліктерін көрсетіп,адам денесінің бетінде мүшелердің,тамырлардың,нервтердің кескіндерін анықтап, топтық жұмыс дағдысын меңгереді.
| 1,2,3,6
| С
| Дәйектемелер құрастыру және оқыған саласындағы проблемаларды шешу
| Тірек-қимыл, ас қорыту,тыныс алу, несеп-жыныс, нерв, қан-тамырлар,иммунды, эндокринді жүйелер мүшелерінің құрылыстарының ерекшеліктерін бағалап, қызметтері жайлы пікір айтып,ситуациялық есептердің шешуін түсіндіріп беріп, өз қорытындысын жасайды.
| 1,2,3,5,6
| D
| Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру
| Организм жүйелері және мүшелерінің құрылысы мен даму заңдылықтары жайлы ақпаратты құрастыруға қабілетті, олардың маңыздылығын бағалап, реферат, презентация, жоба құрастырып, тәжірибелік сабақтарда, студенттік үйірмелердің отырыстарында,студенттердің ғылыми конференцияларында талқыға салып, көпшілік алдында өз пікірін айтып, ақпараттарды талқылап,синтездеу дағдыларын меңгереді.
| 1,2,3,4,5,6
|
| Ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау
| Студенттерге,оқытушыларға, өзінің білімі мен біліктілігін жеткізіп,организм жүйелерінің және мүшелерінің құрылыстары даму заңдылықтары негізінде алған білімін студенттерге, оқытушыларға қорытындылап жеткізіп,ақпаратпен (оқу, анықтама, ғылыми) жұмыста білімі мен біліктілігін жеткізе алады.
| 1,2,3,4,6
| E
| Өз бетімен білім алуды жалғастыру қабілеті
| Негізігі пәндердің оқытылуы негізінде келесі пәндер бойынша өз бетімен білім алуды жалғастыру:Анатомия 2, гистология 2, физиология 2, патологиялық анатомия 1, патологиялық физиология 1, клиникаға кіріспе, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальды диагностика, жалпы хирургия.
| 1,2,3,4,5,6
|
Міндеттер тізімі: 1. Жалпы білімдарлық 2. Биомедициналық ғылымдарды бiлуі 3. Коммуникативті дағдылар 4. Үздіксіз өздігінен жетiлу дағдылары 5. Ғылыми зерттеу дағдылары 6. Топтық жұмыстағы дағдылары 7. Кəсіпқойлық 8. Клиникалық дағдылар
Реквизитке дейінгі:анатомия-1(1-курстың бағдарламасы).
Реквизиттен кейінгі: анатомия 2, гистология 2, физиология 2, патологиялық анатомия 1, патологиялық физиология 1, клиникаға кіріспе 2, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальды диагностика, жалпы хирургия.
Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...
|
Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...
|
Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...
|
Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...
|
Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...
В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...
Закон Гука при растяжении и сжатии
Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...
|
Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...
ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...
Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала
Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...
|
|