Бап. Фитосанитариялық нормативтер
1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектiлерге қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол берiлетiн сандық және (немесе) сапалық мәнiн айқындайды. 3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн объективтi және негiздеп жоспарлауды жүргiзу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкiндiгiн болжау үшiн негiз болып табылады. Бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы ғылым зерттеулердi және өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру 1. Уәкiлеттi орган өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды, фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген әдiстердi, әдiстемелердi, ұсыныстарды бекiтедi. 2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу бағдарламалары уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады. Ескерту. 14-4-бапқа өзгерту енгiзiлдi – ҚР 2009.07.17 №189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
|