Бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн бақылау
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды бақылау мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлерде тыйым салынған, жарамсыз жағдайға келген пестицидтер (улы химикаттар) мен пестицидтердiң (улы химикаттардың) залалсыздандыруға жататын ыдыстарын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн анықтау үшiн жүзеге асырылады. 2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртiбiн, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда ұстау шарттарын қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган анықтайды. 3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды бақылау жылына екi реттен көп емес кезеңдiлiкпен және екi күннен көп емес ұзақтылықпен дала жұмыстары аяқталғаннан соң жүзеге асырылады. Бап. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде мерзiмдiлiгi жылына екi реттен және ұзақтығы екi күннен аспайтындай етiп жүргiзiледi.
|