Сiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құқықтары 8-бап.
1. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың: 1) тармақшаға қатысты өзгерiстi қараңыз – ҚР 2009.07.17 №188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 №189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 1) мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау мақсатында мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне баруға; 2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығаруға; 3) айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап арыз бере отырып, аталған мерзiмге жеке және заңды тұлғалардың қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл орайда тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады; 4) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бар. Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi – ҚР 2009.07.17 №188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 №189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, Астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi 9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне: 1) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; 3) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасы және фитосанитариялық iс-шаралар туралы мүдделi адамдарға ақпарат берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 4) арнайы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салу, тиiстi жағдайда күтiп-ұстау және қолдау; 5) мыналар: пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау); Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда – ҚР 2006.01.10 №116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.17 №189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
|