Саяси орта 5 страница
Баға мен сұранымның арақатысын анықтаған кезде нарық маманы бағадан басқа сұранымға әсер ететін басқа да факторларды ескеруі тиіс. Егер фирма бір мезгілде бағаны төмендете отырып, жарнамалық бюджетті көбейтсе, онда сұранымның қай бөлігі бағаның төмендеуімен, қай бөлігі жарнаманың жоғарлауымен түсіндірілетінін анықтау мүмкін болмайды. Осындай жағдай мейрам күндерінің алдында, бағалар төмендеген кезде байқалады. Шығындарды бағалау Сұраным, ереже бойынша, фирма өз тауарына қоюға болатын ең жоғарғы бағаны айқындайды, ал ең төменгі баға фирманың шығындарымен анықталады. Компания тауар өндірісіне, оны бөлуге және өткізуге, сонымен қатар пайданың әділ мөлшерін алуға жұмсалатын барлық шығындарды толығымен жабатын бағаны белгілеуге тырысады. Шығындардың түрлері Фирманың шығындары екі түрлі – тұрақты және ауыспалы болады. Тұрақты шығындар – бұл өзгермейтін шығындар. Мысалы, фирма ай сайын ғимарат жалдағаны, жылу, қызметкерлердің еңбекақысы және т.б. үшін төлемақы төлейді. Тұрақты шығындар өндіріс деңгейіне қарамайды, үнемі болып тұрады. Ауыспалы шығындар өндіріс деңгейіне тікелей байланысты өзгеріп отырады. Әрбір қол калькуляторы өзін жасау үшін пластмассаны, сымдарды, орауды және т.б. жұмсалатын шығындарды қажет етеді. Өнім бірлігіне шаққанда бұл шығындар негізінен өзгермейді, ал ауыспалы шығындар деп жалпы сомасы тауардың өндірілген мөлшеріне байланысты өзгеріп отыратын шығындарды атайды. Жалпы шығындар деп өндірістің әрбір нақтылы деңгейіндегі тұрақты және ауыспалы шығындардың қосындысын атайды. Фирма тауар үшін өндірістің барлық жалпы шығындарын неғүрлым толық жабатын бағаны қоюға тырысады. 2. Баға түрлері және факторлары Баға – нақтылы тауар үшін алынатын ақшалай сома. Баға маркетингтің маңызды элементі болып саналады. Кәсіпорындар бағаны өздері қалыптастыруға тырысады. Баға қай тауар қозғалысының сатысында қалыптасуына байланысты белгіленеді. Жалпы алғанда тауар үш қозғалыс кезеңінен өтеді, олар: - Кәсіпорын – көтерме сауда - Көтерме сауда – бөлшек сауда - Бөлшек сауда – тұтынушылар Тауар қозғалысының осы сатыларына байланысты бағаның үш негізгі түрін бөліп алады: - кәсіпорындардың көтерме бағалары (босататын бағалар) - өнеркәсіптің (сауданың) көтерме бағалары - бөлшек бағалар Бағаның белгілі бір құрылымы болады. Кәсіпорындардың көтерме бағалары (босататын бағалар) кәсіпорыннан шығатын тауардың бағасы жөне ол тауардың өзіндік құны мен кәсіпорынның пайдасынан құралады. Өнеркәсіптің көтерме бағалары (сауданың) өзіндік құн мен пайдадан басқаны қамтиды – өткізу шегермесін (скидка) енгізеді. Қамту – өткізу шегермесі – ол қамту және өткізу қызметі үшін төленетін баға. Бұл шегерме қамту-өткізу мекемелерінің шығындарын қайтаруға және пайда беруге тиіс. Бөлшек бағалар – бұл ең соңында тұтынушыға келетін тауардың бағасы, яғни процесті аяқтайтын баға.
Сурет 3. Кәсіпорындардың көтерме бағалары Сауда шегермесі – ол ең соңында тұтынушыға (халыққа) тауар өткізу қызметінің бағасы. Сауда шегермесі процент бойынша бөлшек бағаға белгіленеді. Өнеркәсіптің көтерме бағасы, егер кәсіпорынның меншік сауда орындары болса, онда кәсіпорынның көтерме бағасымен бірдей болуы мүмкін. Баға белгілеу – нақтылы тауарға баға қою процесі. Көпшілік жағдайда баға белгілеу жөнінде шешімдер қабылдау кәсіпорын үшін сыртқы себептермен айқындалады. Кейбір жағдайларда бұл себептер кәсіпорынның баға белгілеу еркіндігін айтарлықтай азайтады, басқа жағдайларда баға белгілеу еркіндігіне көп әсер етпейді, үшінші бір жағдайларда бұл еркіндікті ерекше кеңейтеді. Баға қоймай тұрып, кәсіпорынның өнімге бағаны белгілеу "еркіндігінің ара-жігін" ажыратып алған жөн. Тұтынушылар Тауар қозғалысы арналарының Баға Нарықтық орта қатысушылары
|