Пәннің мақсаты мен міндеті
Күрделі кемістігі бар балалардың санын көбеюіне байланысты оны бақылау үрдісі осы бағыттағы арнайы білім беру жүйесіне айтарлықтай түзетулер енгізілді. Реаблитациялық орталықтар жүйесі, атап айтқанда психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер, психологиялық-медициналық педагогикалық кенес беру мекемелер дамуында әр түрлі категориялы ауытқуы, күрделі ақаулары бар балаларға коррекциялық көмек беру мүмкіндігін қамтамасыздандырады. Яғни осы бағытта болашақ арнайы педагогтардың құзыреттілігін қалыптастырумыз қажет. Ұсынылып отырған оқу бағдарламасы күрделі кемістігі балаларды оқыту, тәрбиелеу теориялық және тәжірибелік сұрақтары қарастырылады. Пәннің мақсаты: Студенттерде күрделі кемістігі бар балалардың даму ерекшеліктері және жүргізілетін коррекциялық жұмыстың негіздері туралы білімдерін тереңдете отырып, осы категориядағы балалармен педагог-дефектолог ретінде сапалы жұмыс жүргізуге даярлау. Курстың міндеттері: 1. Күрделі кемістіктері бар балалардың психикалық және дене даму ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Дүние жүзіндегі күрделі кемістіктері бар балалармен коррекциялық жұмыс тәжирибесі туралы білімдерін кеңейту. 3. Күрделі кемістіктері бар балалармен психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізуді үйрету. 4. Бір немесе одан да көп кемістігі бар балалармен тәрбие және коррекциялық-дамытушылық жұмысын ұйымдастыра білу қабілетін қалыптастыру. Курсты меңгерген кезде игерілетін құзыреттіліктер:
|