Студопедия — Бурабай
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бурабай






Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі – Бурабай. Ол – емдік қасиетімен және әсем табиғатымен халықтың жүрегінен орын алған көл. Ол Көкше тауының шығыс жақ етегінде теңіз деңгейінен 320,9 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 4,5 км, ені – 3,9 км, орташа тереңдігі – 4,5 м. Көл суы жұмсақ әрі мөлдір. Ең терең тұсында да түбі көрініп жатады. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі. Бурабай көлін бұрынғылар Күміскөл деп атаған.

Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар.

Бурабай көлі – географиялық атау болса, мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Бурабай көлінің жағасында аты аңызға айналған Абылай алаңы, Оқжетпес, Жұмбақтас, Жекебатыр деп аталатын табиғат ескерткіштері

бар. Оны көрген жан таңғалмай тұра алмайды.

 

7. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Көкшетаудың ең әсем жері қалай аталады?

2.Бұрын көл қалай аталған?

3.Көкшетауда неше көл бар?

 

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1.Солтүстік Қазақстан аймағына қай өңірлер кіреді?

2.Халқының орташа тығыздығы қандай?

3.Бұл аймақтың жер бедері қандай және неге қолайлы?

4.Ақмола өңіріндегі ең үлкен көл?

5.Қостанай өңірі қайда орналасқан?

6.Майкөбеде қандай көмірлер бар?

7.Қызылжар өңірінің климаты қандай?

8.Көкше өңірі туралы қазақтың қай ақынының өлеңі бар?

 

«Бурабай – ел мақтанышы» тақырыбына шығарма жазыңыздар.

 

11-САБАҚ;

Оңтүстік Қазақстан аймағы

Болымды, болымсыздықтың берілуі

Мақсаты: Студенттерге еліміздің аймақтары туралы мәлімет беру арқылы елді, жерді құрметтеуге баулу, сөз байлықтарын молайту.

 

1. Ойтүрткі сұрақтар.

1. Қазақстан қанша аймаққа бөлінеді?

2.Қай аймақта халық жиі орналасқан?

3.Қазақстандағы ең ыстық аймақ?

4.Оңтүстік Қазақстан аймағы тіршілікке қолайлы ма?

 

2. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Оңтүстік Қазақстан аймағына Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағы енеді. Айматың ауданы 711,1 мың шаршы километр немесе республика аумағының 26,2%-ы. Халқының саны – 5,3 млн. шамасында. Бұл Қазақстан бойынша жалпы тұрғындар санының 36,5%-ын құрайды.

Оңтүстік Қазақстан аймағында табиғат байлықтарының, соның ішінде, жер-су ресурстарының молдығы, климаттық жағдайларының тіршілікке қолайлылығы халықтың көптеп қоныстанып, ауыл шаруашылығын өркендетуіне, тағам мен жеңіл өнеркәсіпті дамытуына елеулі ықпал еткен.

Аймақта мақта, бидай, қант қызылшасы, күріш, темекі, көкеніс, жеміс-жидек секілді мәдени дақылдар өсіріледі. Ет, жүн өндіріледі. Жеңіл тағам және кен-химия өнеркәсібі басым.

Оңтүстік Қазақстан аймағы 7 климаттық атырапқа бөлінеді. 1. Балқаш-Алакөл атырабы. 2. Іле Алатауы атырабы. 3. Қаратау маңы-Қызылқұм атырабы.

4. Батыс Тянь-Шань атырабы. 5. Солтүстік Тянь-Шань атырабы.

6. Жетісу Алатауы атырабы. 7. Биік таулы атырап.

Балқаш-Алакөл атырабының қысы жылы емес әрі ұзаққа созылады. Ал Іле Алатауы атырабының жазы Балқаш-Алакөл атырабына қарағанда

2-3 градусқа салқын болады.

Қаратау маңы – Қызылқұм атырабы Қаратау қыратының түстік жағын ала орналасқан. Қысы суық болмайды және ұзаққа созылмайды.

Батыс Тянь-Шань атырабы Талас Алатауын, Өгем тауларын, Қаржантау алаптарын, Қаратаудың түстік-батыс беткейі аралықтарын қамтиды. Өзге таулы алқаптарға қарағанда мұнда жауын-шашын көбірек болады.

Солтүстік Тянь-Шань атырабы солтүстік Тянь-Шаньның таулы қыраттарын қамтиды. Қысы қатты болып келеді. Ал жауын-шашын мөлшері көп болмайды.

Жетісу Алатауы атырабы солтүстік-шығысында Жетісу қақпасы мен түстігіінде Іле ойпатының арасын қамтиды. Қысы басқа атыраптарға қарағанда суықтау болады да, жазда ылғал көп түспейді.

Биік таулы атырап аймақтағы таулардың жоғарғы бөліктерін қамтиды. Қыста бұл өңірдің температурасы Орталық Тянь-Шаньмен салыстырғанда 3-10 градусқа жылы.

 

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Оңтүстік Қазақстан аймағында халықтың көп қоныстанып, ауыл шаруашылығы мен жеңіл және тағам өнеркәсібінің дамуының себебі не?

2.Оңтүстік Қазақстан аймағы неше атырапқа бөлінеді?

3.Жетісу Алатауы атырабының қысы жылы ма, суық па?

4.Батыс Тянь-Шань атырабы қай жерлерді қамтиды?

5.Оңтүстік аймақтың халқы Қазақстан тұрғындарының қанша пайызын құрайды?

6.Талас Алатауы мен Өгем таулары қай атырапқа жатады?

 

4. Мәтіннен болымды, болымсыз мағыналы сөйлемдерді тауып, жазыңыздар.

5. Берілген болымды сөйлемдерді болымсыз сөйлемдерге ауыстырыңыздар.

Балқаш-Алакөл атырабының қысы жылы. Жазы салқын болады. Жауын-шашын көбірек болады. Жетісу Алатауы Жетісу қақпасы мен Іле ойпатын қамтиды. Қататаудың қысы суық болып, ұзаққа созылады.

 

Есте сақтаңыздар!   Қазақ тілінде етістік түбір күйінде де (түрлі грамматикалық тұлғаларында да) қимылдың, іс-әрекеттің болғанын, болып жатқанын, болатынын білдіреді: жазды, жазып жатыр, жазады. Іс-әрекеттің болмағаны, болып жатпағаны, болмайтыны етістікке: -ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарының жалғануы арқылы беріледі: жазбады, жазбаған, жазбайды; - ған,-ген,-қан,-кенжұрнақтарынан кейін жоқ сөзі тіркесуі арқылы беріледі: барған жоқ, келген жоқ, айтқан жоқ, күткен жоқ; - ған,-ген,-қан,-кен,-атын,-етін,-йтын, -ар, -ер,-р жұрнақтарынан кейін емессөзі тіркесуі арқылы беріледі: жазған емес, көрген емес, айтқан емес, кеткен емес, баратын емес, келетін емес, оқитын емес, барар емес, берер емес, сұрар емес.

6. Берілген сөздерді болымсыз формаға айналдырыңыз.

 

Әпер, дәлелде, тәрбиеле, өсір, оқы, бар, айқайла, байқа, тұр, сөйлес, кездес, бағала, әңгімелес, демал, жина, төк, ал, бер, жаз, көр, айт, сөйле, айтқан, жөнде, жүр, тазала, сат, жүгір, ойна, шық, күт, отыр.

 

7. Болымсыздық мағынада тұрған сөзді табыңыздар.

- Кітапты бердің бе?

- Бермедім.

- Неге?

- Ол сабақта болмады.

 

8. Сөйлемдерді жазып, болымды формадағы сөздердің астын сызыңыздар.

Таң атты. Барлық адамдар ұйқыдан оянды. Балалар да ерте тұрды.

Арманды апасы оятты. Бірақ ол тұрмады. Түнде ұзақ уақыт ұйықтамады. Сабаққа бармады. Қалада әсем үйлер салынды. Сен сабаққа барған жоқсың. Мен үйде болған жоқпын. Мен кітап оқыған емеспін. Сіз кітапты оқитын емессіз.

 

9. Берілген сөйлемдерді болымсыз сөйлемдерге айналдырыңыздар.

Ол Астанада оқиды. Мен Көкшетауға барамын. Айнұр жақсы оқиды. Алмат университетте оқыған. Айдос әскерде болған. Бүгін үйге жолдастарым келеді. Көйлек сатып алдым. Әжеме сыйлық беріп жібердім.

Автокөліктен қалып қойдым. Кеше театрға бардық. Таза ауада серуендеңдер.

Жиналысқа көп адам қатысты. Достарымды қатты сағындым. Ауылға қайтамын.

 

10.Қалып етістіктерінің болымсыз формада берілуіне назар аударыңыздар.

Мен үйде отырған жоқпын. Сен көшеде жүрген жоқсың. Тамақ дайындап жатқан жоқсың. Біз босқа жүрген емеспіз. Сендер ұйықтап жатқан жоқсыңдар. Ұшақты күтіп тұрған жоқсыңдар. Сөйлесіп тұрған емеспіз. Кездесіп жүрген жоқпыз. Сөйлесіп жүрген жоқсыздар. Олар барып жүрген жоқ. Сабаққа қатысып жүрген жоқ. Үйге үнемі келіп тұрған емес. Университетке түсіге дайындалып отырған жоқ.

 

11.Сөздікпен жұмыс.

қоныстану – распологаться, размещаться, оседать

өркендету – развивать, способствовать процветанию

беткей – склон горы, скат

қамту – охватывать

 

БӨЖ тапсырмалары.

 

12. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Қазақстанның көне қалалары

Қазақ жерінде көне өркениеттің айғағы ретінде көптеген қалалардың орны табылуда. Сондай қалалар қатарына Сарайшық, Сауран, Түркістан, Тараз, Отырар және т.б. қалалар.

Еуропа мен Азияны қақ бөліп жатқан Жайық өзенінің оң жағлауында орналасқан Сарайшық қаласының іргесі Алтынорда тұсында қаланған. Оны Шыңғыс ханның шөбересі Бату хан салдырған.

Сатайшық қаласында Алтын Орда сарайының бірнеші хандары мен елге танымал тұлғалар жерленген. Олар: Мөңке Темір, Тоқтай, Жәнібек, Бердібек хандар. Бұл қала біраз уақыт Қазақ хандығының батысындағы астанасы да болып есептелген. Осы қалада қазақтың әйгілі ханы Қасым хан жерленген деген болжам бар.

Қала 1580 жылғы орыс казактарының ойранынан күйреді.

Тараз – Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгі қалалардың бірі. Тараз қаласы ҮІІ ғасырда Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, маңызды рөл атқарған. Ол туралы көптеген аңыздар мен шежірелерде айтылады.

Тараз – ортағасырлық географтар, тарихшылар, саяхатшылардың мәліметтері бойынша – түргештер, қарлуктар, қарахандар кезінде мемлекет астанасы болған. Қалада саудамен қатар, рухани мәдениет пен өркениет те дамыды.

Ақтөбе – орта ғасыр қаласының бірі. Жамбыл облысы, Шу өңірінде орналасқан. Аумағы 36 шаршы км. Алғаш рет 1947 жылы қазылған. Көне шахар үш бөліктен тұрған: бекіністен, шахирстаннан және рабаттан. Археологтардыңқазба жұмыстарының мәліметтерінде Ақтөбе қаласының Түрік, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттері дәуірінде Ү-ХІІ ғасырларда өмір сүргені айтылады.

13. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіздер.

1.Сарайшық қаласының іргесі қай кезде қаланған?

2.Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ең ежелгі қаланы атаңыз.

3.Ақтөбе қаласы қай жерде орналасқан?

 

Ағымдық бақылау сұрақтары.

1.Оңтүстік Қазақстан аймағына қандай облыстар енеді?

2.Онтүстік Қазақстан аймағына халықтың көп қоныстанып, шаруашылық жүргізуіне не әсер етіп отыр?

3.Оңтүстік Қазақстан аймағында қандай таулар бар?

4.Қазақстанда қандай көне қалалар болған?

 

Қазақстанның көне қалалары туралы реферат жазып келіңіздер.

 

 

12-САБАҚ;







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1757. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия