(552 – 603 жж.)
Ø Түрік қағанатының саяси тарихы, жер аумағы
- «Түрік» этнонимі бірінші рет кездеседі: 542 жылы қытай жылнамаларында.
- 545 жылы түрік қолбасшысына бейбіт қарым-қатынас орнату үшін келген: Қытай елшісі.
- 552 жылға дейін түріктер Жужан қағандығына тәуелді болып, салық ретінде темір төлеген.
- 552 жылы Жужан қағаны Анағұйды жеңіп, «елхан» деген атақ алған, Түрік қағанатының негізін салушы: Бумын қаған.
- 552 жылы Бумыннан жеңіліс тапқан Жужан қағаны: Анағұй.
- Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды: Жужан қағанын жеңгеннен кейін.
- Қазақстанда ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекет: Түрік қағанаты (552 – 603 ж.)
- 552 жылы Бумын қаза болғаннан кейін Түрік қағаны болған: Қара–Еске.
- Қара-Еске қаған аварларды (жужандарды) екінші рет жеңді: Букрат тауларында (Орхонның жоғарғы жағында).
- 552–554 жылдары (553 жылы) жужандар мүлде бас көтерместей болып жеңілді: Мұқан қағанның кезінде.
- Түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды: Жужан қағанатын біржола жеңгеннен кейін.
- VI ғасырда 10 түмен қол бастап, түріктердің Батыс жорығын бастаған Бумын қағанның інісі: Иштеми.
v 555 жылы түріктер жол бойы ешбір тегеурінді қарсылық көрмей, Арал теңізіне дейін жетті.
- Орта Азияда түріктерге қатты қарсылық көрсеткен: Эфталиттер.
- VI ғасырдың ортасында Түрік қағанаты жаулап алған эфталиттердің өмір сүрген жері: Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістан ға дейінгі жер.
- 561–563 жылдары түріктердің эфталиттерге қарсы одақ құрған елі: Иран.
- Түрік қағанатының эфталиттермен соғыс жылдары: 563–567 жылдар.
- 10 түмен қол бастаған Иштемидің бағындарған елі: Соғдылықтар (ху елі).
R 568 жылы Константинопольге барған Түрік қағанатының елшілігін басқарған: соғды көпесі Маниах.
- 568 жылы Түрік қағанаты Византия мемлекетімен әскери одақ құрды: Иранға қарсы.
- Түрік қағанатының үстемдігі Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін жеткен кезең: VI ғасырдың 70-жылдары.
v Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттермен терезесі тең түсіп, оларға өзінің саяси жағынан ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.
- 570–580 жылдары Түрік қағанатының шығыстағы саяси ықпалының күшті болғанын көрсететін жағдай: Қытай мемлекеттерінің түріктерге салық төлеуі.
- Қытай елінің билеушілері Түрік қағанатына жібек матамен салық; төлеп отырды: Мұқан қағаның кезінде.
v Қытайлардың бір жағының өзі түріктерге жылына 100 мың тең жібек матасын төлеген.
- Түрік қағанатында Мұқан қағаннан кейін билікке келді: Тобо (Арслан).
- 581 жылы (Тобо қаған қаза болғаннан кейін) Түрік қағанатында болған оқиға: Қағанат ішінде өзара соғыс болды.
- Түрік қағанатының Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінген уақыты: 603 жыл.
Ø Халқы
- Түрік қағанаты халықының негізгі құрамы болған тайпа: теле.
v Түрік қағанатының құрамында отыздан (30) аса теле тайпасы болған.
- Теле – көптеген түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы.
- «Теле» сөзінің мағынасы түрік.
Ø Шаруашылығы мен мәдениеті
- Түрік қағанаты халқының айналысқан шаруашылығы: Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы.
- Түріктердің басты көлігі: жылқы.
- Түріктердің Жетісу мен Орта Азия жерлеріндегі қалалық өмірмен танысып, кейбір бөліктерінің отырықшылыққа көше бастағанын көрсетеді:
R Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда түріктердің тұрақты үй-жайлары, Тараз маңайынан қыстақ-кенттер табылды.
R «Күлтегін» ескерткішінде қала туралы сөздер кездеседі.
- Ең алғашқы кезеңдерде (V-VII ғ.) түріктердің жерлеу рәсіміне тән: Мәйітті өртеу.
- Ертедегі түріктердің отқа табынуының дәлелі: Жерлеу орындары.
v Түріктердің отқа табыну салты түрік қағанына Византия елшісі Земархты жанып тұрған оттың арасынан өткізіп барып кіргізуінен көрінеді.
R Түрік садақтары құрамалы болған.