Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Түргеш қағанаты





(704-756 жж.)

 

Ø Жер аумағы мен халқы

  1. Түргештер туралы алғашқы деректер кездеседі: қытай жазба деректерінде және «Күлтегін» ескерткішінде.
  2. VI ғасырда түргеш тайпаларының мекендеген аймағы: Шу, Іле өзендері аралығы.
  3. Батыс Түрік қағанатының сол қанатына енген, адам саны жағынан көп болған тайпа: Түргештер.

? Әл Идрисидің айтуынша «түргеш» сөзінің мағынасы: «Нағыз түрік».

  • Қағанаттың жер аумағы – Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралық.
  1. Түргеш қағанатының астанасы (орталығы): Суяб.
  2. Қағандық халқының негізгі құрамы түргештерден тұратын. Басқа түркі тілдес тайпалардың көпшілігі осы түргештерге бағынған. Түргештердің өзі екі топқа бөлінді:

I. Сары түргештер – ордасы Суяб қаласы.

II. Қара түргештер – ордасы Тараз қаласы.

 

Ø Қағанаттың ішкі және сыртқы саяси жағдайы

  1. Түргеш қағанатының негізін қалаушы және алғашқы қағаны: Үшлік (704-706 жж.).
  2. Үшлік қаған өзінің негізгі тайпаларын бөлді: Екі ордаға.
  3. Түргеш қағанатының Үлкен ордасы: Суяб.
  4. Түргеш қағанатының Кіші ордасы: Іле бойындағы Күнгіт қаласы.

v Күнгіт қаласын және оның аймағын мекендеген тайпа: күнгіт.

  1. Түргеш қағанаты бөлінген әкімшілік аймақ саны: 20.

v Соғыс жағдайында әр аймақ 7 мыңнан әскер жинады.

R 706 жылы Үшлік қаған қаза болғаннан кейін билік басына келген: Сақал қаған (706-711 жж.).

  1. 708 жылы басталған сары және қара түргештер арасындағы билік үшін талас-тартысты пайдаланып, Түргеш қағанатына шабуыл жасаған Шығыс Түрік қағаны: Қапаған.
  2. Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды: VIII ғасырдың басында.
  3. 709 жылы Бұхараны соғыссыз алған, 714 жылы Шашты басып алып, Испиджабқа жорық жасаған араб қолбасшысы: Кутейба ибн Муслим.
  4. 715 жылы билік үшін тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, билікке келген: Сұлу қаған.
  5. Сұлу қағанның билік құрған жылдары: 715-738 жылдар.
  6. Сұлу қаған кезінде Түргеш қағанатының орталығы болған қала: Талас (Тараз).
  7. Сұлу қаған Түргеш мемлекетінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрес жүргізді: үш жақта:

v Батыстаараб шапқыншылығы.

v Шығыста – Қытай мемлекеті.

v Солтүстік-шығыста – Шығыс Түрік қағанаты.

  1. 717 жылы Сұлу қағанның барып қайтқан елі: Тан империясы.
  2. Сұлу қағанға шығыстағы саяси жағдайын түбегейлі жақсатуға мүмкіндік берді: Шығыс Түрік қағанымен, Тибет патшасымен құдаласуы.
  3. Сұлу қаған шығыстағы саяси жағдайын дұрыс жолға қоюға тырысқан: Құдандалық арқылы.
  • Сұлу қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың (Самарқан, Бұқара, Шаш, Ферғана тұрғындары) күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты.
  1. 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен Сұлудың әскербасы: Күли шор.
  2. 737 жылы Тоқарыстанда Сұлу қағанмен бірігіп арабтарға ойсырата соққы берді: қарлұқтар.
  • 738 жылы Сұлу қаған Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болды.
  1. Арабтардың Сұлу қағанға берген атағы (атауы): «Сүзеген», «мүйізді қаған» («Әбу Музахим»).
  2. Сұлудан кейін қаған болған оның баласы: Тұқарсан Құтшар.

v Оның қағандық құрған мезгілі бір-екі жылға созылған. Бұл кезде сары және қара түргештердің арасында талас-тартыс ушығып кетті. Ішкі талас-тартыстан қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлде әлсірейді.

  1. Қытай әскерлері Суябты жаулап алды: 748 жылы.
  2. 751 жылы Атлах қаласының жанында арасында үлкен шайқас болды: Арабтар мен қытайлар арасында.
  3. Атлах шайқасының үлкен тарихи маңызы болды, себебі Қытай әскерлері Жетісу жерін тастап кетуге мәжбүр болды.
  • 749-753 жылдары қағандықты өз қолына алған қаратүргештердіңтарханы Жыпыр.

v Бірақ оның билік құрған кезінде де жағдай жақсара қоймайды.

  1. Түргеш қағанатының әлсіреу себебі: Қара және сары түргештердің билік үшін таласы.
  2. 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа: Қарлұқ;.

 

Ø Шаруашылығы

  • Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашлығы, жартылай отырықшы егіншілік. Ел сауда, қолөнер де айналысты.
  • Аң аулау – бай-шонжарлар үшін көңіл көтеріп, сауық құру, кедейлер үшін күн көру мен жан бағу көзі болды.
  • Шұрайлы жер қағанның;жеке меншігінде болған. Көкорай-шалғын жерлерді ақсүйектер иеленді.
  1. 704-766 жылдар арасында соғылған, «Түргеш қағанының теңгесі» немесе «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен жазылған теңгелер табылған қала: Тараз.
  • Сауда дамуының басты себептері:

v Қағанат жерінің Ұлы Жібек жолы бойында орналасуы.

v Суяб, Баласағұн, Тараз, Испиджаб сияқты қалалар әсер етті.

 

Ø Жетісудағы соғдылар

  1. СоғдыларОрта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық;.

v Ежелден Зеравшан мен Қашқадария өзендерінің алабын қоныстанған.

  1. VII ғасырдың басында Жетісуда болып, соғдылар туралы жазған қытай саяхатшысы: Сюань Цзянь.

v Өзінің күнделігінде: «Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала бар. Олар басқаларға тәуелсіз, бірақ түріктерге бағынышты өз билеушісі бар. Шу өзенінен Кушанияға дейінгі бүкіл ел Сули (Соғды) болып аталып келген. Тұрғындарының жартысы егіншілікпен, жартысы саудамен шұғылданған» деп жазады.

  1. Қытай саяхатшысы Сюань Цзяннің деректері бойынша соғдылардың негізгі кәсібі: сауда мен егіншілік.
  2. VI-VII ғасырларда соғдылықтарды жаулап алған: Түрік қағандығы.
  3. Соғдылардың Жетісуға қоныстануы туралы үш пікір бар:

1. Сауда арқылы келіп қоныстанған.

2. Соғды диқандары мен саудагерлеріне Бұқараның әмірі Абруйдың алым-салықты көп алып, қысым көрсетуі.

3. Араб шапқыншылығы.

  1. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан зерттеуші: В.В.Бартольд.
  2. Соғдылықтар Жетісуға ағыла бастаған кезең: VI-VIII ғғ;.
  3. Соғдылардың Жетісуға қоныстануы дамытты: Егіншілік пен қала мәдениетін.

? «Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ;» деп жазған ХІ ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым: М. Қашғари.

? Соғдылар мен түріктердің әдет-ғұрпы, тілі, киім кию салты бір-біріне өте ұқсас екендігін жазған: Махмуд Қашғари.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 28281. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия