Азақстан Республикасының қаржы органдары
ҚР Республикасы Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы Жарлығына] сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 қаңтардағы қаулысымен министрліктің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті құрылды. Комитет мемлекеттік сатып алулар үрдісін реттеу жөніндегі уәкілетті орган болып табылатындығы белгіленді. Министрлік ведомстволарының қатарына Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комитеті енгізілді. Министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай саясатын жүргізуді, оларды үйлестіруді және мемлекеттік сатып алулар үрдісі мониторингін ұйымдастыру міндеті жатқызылды. ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен министрлік ҚР Қаржы министрлігі мен ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі Агенттігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды, оның бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді. ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі де ҚР Қаржы министрлігіне қосу арқылы қайта ұйымдастырылды, оның мемлекеттік кірісті жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, кеден істері — ҚР кедендік бақылау агенттігіне берілді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді, сондай-ақ министрліктің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті мен Салық комитетіқұрылды. Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және пайдаланылуын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді таратуды соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептілік
|