Студопедия — Экономика
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Экономика






1965 жылы экономиканы басқаруда одақтық республикалық министрліктер құрылды. 1981-1985 жылдары әртүрлі министрліктер ведомствалардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.

1960ж. Қазақстан картасында пайда болған жаңа қалалар Рудный, Ақтау 1960ж. Қостанай облысында пайда болған жаңа қала Рудный.

І960ж. Қазақстан картасында Маңғыстау өңірінде мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының көлемі арта бастады. 1965ж. Өзен мұнай-кен орны өзінің алғашқы мұнайын берді. 1960ж. II жартысында Ақтау қаласына Өзеннен мұнай, газ құбырлары тартылды. 1970ж. қарай республика халық шаруашылығындағы мұнай өндіру мен химия салалары одақтық маңызға ие болды.

Каспий теңізінің жағасында әлемде тұңғыш рет атом қуат түшытатын ковдырғы орнатылды.

Алматы кадасын седден сактау үшін 1966ж. Кіші Алматы шзт**** бағыгталган тгі|Н.иі ң тягілі аркылы су тоғаны салына бастады..

1960ж. II жартыеывла Жмбыл эяектр станішасы, ал 1972ж. электр станцңасы саяыңды.

 

 

металургия зауыты. ХХғ.60ж. ғылыми техникалық прогресс негізінде

электротехникалық машина жасау жөніндегі пайда кәсіпорындардың бірі Өскемен конденсатор зауыты.

1960-1970ж.ж. Семейде кабель зауыты салынса, 1960ж. Павлодардағы машина зауытының негізінде трактор зауыты құрылды.

1960ж. Жамбылда былғары аяқ-киім жасайтын фабрика салынды. 1960ж. Алматыда төмен вольтті аппараттар зауыты бой көтерсе, 1960 жылдары мақта-мата комбинаты да Алматы қаласынла ашылды.

1970 жылдар ішінде Екібастұз өндіріс орны көмірді арзан бағамен, ашық әдіспен өндіре бастады. 1984 жылы шығарылған көмірдің көлемі 1970 жылмен салыстырғанда 2 еседен астам артты.

1970 жылдары республика сары фосфор өндірісі бойынша одақта жетекші орынға шықты.

1967ж. соңына қарай 193 өнеркәсіп орындары жаңаша жұмыс істей бастады. 1970 жылдары кәсіпорындардың 80% жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеуге көшті. Қазақ КСР-ның экономикасында 60жылдары ҒТР-дың өндірісті электрлендіру бағыты басымдыққа ие болса,

«Қарағандыуголь» комбинатында өндірісті автоматтандыру еңбек өнімділігін 6 пайызға көтеруге мүмкіндік берді.

60-жылдардың екінші жартысында тамақ өнеркәсібінде 40 кәсіпорын

салынып, іске қосылды.

1970 жылдары Қазақстандағы қатты төсенішті автомобиль жолдарының

ұзындығы 40000 шақырымға жетті.

 

Ғылымның дамуы

XX ғ. 60-80ж.ж. ғылыми еңбектерді бағалап, оның авторларына ғылыми дәреже беру Мәскеуде шешілді. 1960-70ж.ж. генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жеткен М.Айтхожиннің еңбегі Лениндік сыйлықпен атап өтілді. Белгілі ғалым Д.Сокольский катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін көтерсе, У.Ахметсафин гидрогеология және гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек етті.

1960-1980ж.ж. академик ғалымдар Букетов пен Марғұланның есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал болды.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Алматыдан басқа Өскемен, Қарағанды, Шымкентте ірі ғылыми орталықтар бой көтерген болатын.

XX ғ. 60ж. КСРО-да енгізілген ғылыми-техникалық жаңалықтардың 3% Қазақстанның үлесіне тиді.

XX ғ.70-80 жылдары ғылым мен білімді қаржыландыруда «қалдықты» принципі қолданылды.

 

Мәдениет және тоқырау жылдары (1960-1980)

1950 жылдары ҚазМу-де философия факультеті ашылды. 1958ж.

Қазақстанда Қазақ КСР ғылым академиясының Философия және құқық ннституты шаңырақ көтерсе, 1961ж. Қазақ КСР ғылым академиясының

Тіл білімі, әдебиет, өнер ннституты ашылды. 1957-1959 ж.ж. «Қазақ КСР тарихының» екі томы жарияланды. 1965-66ж.ж. Қазақстандағы жоғары оқу

орындарының саны 39-ға жетті.

1962-6Зж.ж. жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беруге көшіру көзделді. 1970ж. ішінде жалпыға бірдей міндетті орта білім беруге көшу науқаны өріс алды. 1970ж. «Болашағы жоқ» елді-мекендерде жүздеген мектептер жабыла бастады. «Болашағы жоқ» елді-мекендердегі жабылған мектептердің бәрі қазақ тілінде оқытатын мектептер және шағын комплексті мектептер (1954-1986 жылдар аралығында 600-ден астам қазақ мектептері жабылды).

1963ж. Мәскеуде қазақ студенттері бірігіп, «Жас тұлпар» ұйымын «Жас тұлпар» ұйымын ұйымдастырғандар Қадыржанов пен Тайжанов болса, ал ұйымның дем берушісі М.Әуезов болды. Бұл ұйым айналасына 800 студентгі біріктірді. 1960ж. казақ жастары Семейде «Тайшұбар ұйымын кұрса, 1960ж. қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым «Жас қазақ» ұйымын құрды.

1978 жылы 12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясын» шығару аяқталды. 1978 жылы республикада 19 мыңнан астам кітапхана болған 1960-1970 жылдары Қазақстанда «Қайнар», «Жалын» баспалары пайда болды.

1975ж. О.Сүлейменовтың «АЗ и Я» атты талдау-лингвистикалык еңбегі жарық көрді, алайда бұл еңбек бас идеолог М.Сусловтың басшылығымен пантюркистік және орысқа қарсы бағытталған деп айыпталып, қолданыстан алынып тасталды. О.Сүлейменов тұңғыш ғарышкерге арналған поэмасы «Адамға табын, Жер енді» деп аталады.

1976 жылы Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» повесі орыс тіліне аударылы. Қазақ жазушылары арасынан бірінші болып Ғ.Мүсірепов Социалистік Еңбек ері атағына ие болған.

Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер» трилогиясын жазды. (1974ж. М.Әуезов театрының ұжымы «Қан мен тер» драмасын қойғаны үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған).

Хан Қ.Қасымұлы туралы тарихи шындықты І.Есенберлин жазды.

Тарихи романдары арқылы бұқараның санасына асқақ отаншылдық сезім ұялата білген жазушы Әнуар Әлімжанов Әл Фараби хақында «Ұстаздың оралуы» атгы роман жазды (1970ж. Әл Фарабидың туғанына 1100 жыл толған еді). Ә.Әлімжанов Дж. Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған қазақ жазушысы.

Б.Момышұлының Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған шығармалары оқырман көңілінен шықса, Ж.Молдағалиев КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды.

  Музыка саласында Н.Тілендиев этнографиялық оркестр құрып, әндерді ұлттық сарындағы аспаптармен уағыздады. 1970 жылдары «Жас тұлпар» ұйымының ықпалымен Дос-Мұқасан,Айгүл, Гүлдер ансамбльдері кұрылды. XX ғ. 60-80 жылдары Дос-Мұқасан ансамблі халықаралық сайыстарда лауреат атанып, шетелдерге танылды. XX ғ.60-80ж.ж. көптеген шетелдерге танылған әнші Р.Рымбаева халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болды. XX ғ. 70-80ж.ж. Ә.Дінішевтің есімі әлемге әйгілі болды.

1946-1980ж.ж. Қазақстанның шетелдермен мәдени байланысы біршама жақсы дамыды.

1970ж. Есік қорғанынан алтын киімді сақ жауынгерлерінің табылуы дүниежүзі тарихшыларының назарын аударды.

1960ж. ортасынан бастап 1980ж. ортасына дейінгі мерзім «Тоқырау жылдары» деген атпен қалды. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған фильмдер: Қыз-Жібек (режиссері: С.Қожықов); Атаманның ақыры (режиссері:Ш.Айманов). Тоқырау жылдарында қазақтар медицина, гуманитарлық, ауылшаруашылығы ғылымдарын меңгерсе, жаратылыстану ғылымында қазақтардың үлесі тым аз болды. Тоқырау жылдарында Қазақстандағы ғылыми еңбектердің көпшілігі орыс тілінде жазылды.Тоқырау жылдарында қоғамдық ғылымдар қатты зардап шегіп, Қазақстан тарихы ғылымы қатты бұрмаланды.

 

 

1980-1990 жылдардағы Қазақстан

Қоғамдық-саяси өмір

1982ж. КОКП ОК-ң XXV съезінде азық-түлік бағдарламасы қабылданды.

1982ж. 10 қарашада Л.Брежнев қайтыс болып, орнына Ю.Андропов келді. (1982-1984). Ал 1984ж. Ю.Андропов қайтыс болып, КОКП ОК-ң Бас хатшысы болып К.Черненко сайланды. (1984-1985). 1985ж. Черненко өлген соң КСРО-ң Бас хатшылығына М.Горбачев келді (1985-1991). КСРО-ң ең алгашқы және ең соңғы президенті Горбачев 1985ж. «Қайта құру бағытын» жариялады. 1985ж. сәуірде КСРО-ң әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағыты қабылданды. 1987ж. КСРО-да қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіне қадам жасалды.

1986ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясының V-ші пленумыңда (18 минуттық) республика басшылары ауысты. Қазақстанды 40 жылдай, басқарған қайраткер Д.Қонаевтың (1960-1962; 1964-1986) орнына Ульяновск облысының І-ші хатшысы болған Г.Колбин (Қазақстанда Г.Колбин іс жүзінде генерал-губернатор миссиясын атқарған) келген соң 17-18 желтоқсанда қазақ жастарының Алматыда ереуілі басталды. 1986ж. желтоқсанда қазақ жастарының бой көтеруі бейбіт және саяси сипатта болды. Желтоқсан оқиғасына кеңестік билік «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріп, желтоқсан оқиғасына қатысқан жастарға «ұлтшылдық» деген айдар тақты.

Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы «Бүқарасын-86» деген құпия жоспар жасалды. КОКП Ішкі Істер министрі А.В.Власов еліміздің 8 қаласынан Алматыға Ішкі Істер министрлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдады.

Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін 8500-ге жуық адам ұсталып, жазаға тартылды. 2 адам өлім жазасына кесілді. «Жасақшы Савицкийді өлтірді» деп айыпталған Қ.Рысқүлбековке 20 жыл түрмеде отыру жазасы кесілді, алайда ол 1988ж. абақтыда қайтыс болды. 1996ж. оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін 246 студент жоғары оқу орнынан шығарылып, 12 ректор қызметінен алынды. 52 адам КОКП қатарынан, ал 787 адам комсомол қатарынан шығарылды.

Желтоқсан оқиғасы кезінде студент және жұмысшы жастар жиналған Алматыдағы алаң қазір Республика алаңы (сол кездегі атауы Брежнев алаңы) деп аталады.

1991ж. желтоқсанда Н.Назарбаевтың «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқан және жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі» жарлығы шықты. 17 желтоқсан Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.

1989 ж. күзде алғаш рет балама кандидаттардың дауысқа түсу құбылысы көрініс берген Қазақстанның жоғары және жергілікті кеңестеріне сайлау өтті.

1989ж. маусымда жаңадан сайланған КСРО халық депутаттарының I съезі болып, онда кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырау себептері


талданды. 1989ж. маусымда өткен КСРО Халық депутаттарының I съезінде М.Шаханов (желтоқсан оқиғасын тексеру комиссиясының төрағасы) желтоқсан оқиғасына әділ баға беруді талап етті.

ХХғ.ІІ жартысында (1989ж. маусымда) Жаңаөзен оқиғасы әлеуметтік- этникалық сипатта болып халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды.

1989ж. шілдеде Қарағандыда 15 мың адам қатысқан жұмысшылардың ереуілі болды. Ереуілге шыққан жұмысшылар Назарбаев келген соң ғана тарады. 1989 жылы шілдеде Қарағандыдағы кеншілер мынадай талаптар қойды: 1) Семей ядролық полигонын жабу: 2) Одақтық министрліктердің монополиясын тоқтату.

1988ж. бастап Балтық бойындағы ұлттық-демократиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау жөнінде мәселе қозғала бастады.

1990ж. Ресей Федерациясының өз тәуелсіздігін жариялауы Кеңестік жүйеге ауыр соққы болып тиді.

1990ж. 25қазанда «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы» қабылданды. Сондықтан да, 25 қазан Республика күні деп бекітілді.

Н.Назарбаев 1990ж. басында КСРО-ң келешегіне қатысты жаңарған федерация ұстанымдары негізінде одақты сақтап қалу ұстанымын жариялады.

1991ж. 8 желтоқсанда Минскіде үш славян мемлекеттерінің басшылары бас қосып, «КСРО-ны құру туралы» шарттың күшін жойды. Ал 1991ж. 13 желтоқсанда Ашхабатта Орта Азия республикаларының басшылары бас қосты. 1991ж. 21 желтоқсанда Алматыдағы келісімнен кейін КСРО-ны тарату туралы шешім қабылданып, оның орнына ТМД дүниеге келді (КСРО 1922-1991ж.ж. өмір сүрген болатын). Алматы кездесуінде бұрынғы Кеңес одағын ойға түсірмес үшін «одақ» деген сөз «Достастық» сөзімен алмастырылды. Алматы кездесуінде Қазақстан,Ресей,Украина, Белоруссия басшылары ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісімге қол қойды.

1991ж. Варшава шарты ұйымының жұмысы тоқтатылды. (Варшава шарты ұйымы 1955ж. Польша астанасында КСРО-ның бастамасымен құрылған болатын).

1991ж. диссидент жазушысы А.Солженицынның «Біз Ресейді қалай көркейтеміз» деген мақаласы Қазақстанда өрекпіген саяси-ахуалдың қалыптасуына себеп болды.

1980ж. ортасына қарай Қызылорда мен Атырауда жергілікті халықтың үлесі басым болды. 1991ж. Қазақстанда ауыл тұрғындарының үлес салмағы 42,4% жетті

 


Экономика

1985ж. Қазақстанның экономикалық сауда-байланыстары алғаш рет Оңтүстік Кореямен басталды. 1990ж. Қазақстан Оңтүстік Кореяның «Самсунг»,«Голд Стар»корпорацияларымен байланыс орнатты.

1986-1990ж.ж. Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 5 есеге өсті. Сондай-ак, 1990ж. қазақстандык студенттер алғаш рет Қытайға жіберілді. 1990ж. Қазақстан мен Қытай арасында Алматы-Үрімші әуе қатынас жолы және Жаркент—Инин автобус қатынас жолы ашылды.

1980-1990ж.ж. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарында Жайрем-Атасу-Алакөл ерікті экономикалық аймақтары басты атқарды.

1980ж. соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға сай дамыту үшін Қазақстанда Сыртқы экономикалық банк құрылды.

1980ж. соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға сай дамыту үшін Қазақстан үкіметі мынандай екі заң қабылдады:

1) «Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақ туралы» заң;

2) «Қазақ КСР-гі шетел инвестициялары туралы заң».

1990жылдары Қазақстан шетел капиталын тарту үшін инвесторларды 5

жылға дейін пайда салығынан босатты. 1991ж. Қазақстанда 24 ел ресми тіркеліп, 35 кәсіпорын ашты. «Теңіз» мұнай алабын игеруге шетелден Аджип, Эльф Акитен компаниялары тартылды. 1990ж. қарашасында Сауд Арабиясымен бірігіп Қазақстан «Әл-Барака банк Қазақстан» банкін құрды. Тәуелсіз Қазақстанда экономикалық реформаларды дамыту үшін 30 дан астам банк құрылған болатын.

1984ж. темір кенін өндірудегі жылдық өнім 24 млн. тонна болды.

1990ж. жылдары Қазақстанның сыртқа шығарылған өнімінің 97% шикізат және жартылай дайын өнімдер болды. 1988ж. республикадан сыртқа 6,7 млрд. сомның өнімі шығарылды. Экспортқа шығарудан Қазақстан КСРО-да 5-орында тұрды. 1980-1990ж.ж. Қазақстанға әкелінген өнімдер металл кесетін станоктар мен электровоздар болды. 1988ж. Қазақстанға сырттан 13,8 млрд. сомның өнімі әкелінді.

 

Мәдениет

1988ж. Қазақстан Компартиясы ОК-ң қаулысымен ақын-философ| Ш.Қүдайбердіұлы; атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог М.Жүмабаев; М.Дулатов; тіл, әдебиет, журналистика салаларында мол мұра қалдырған А.Байтүрсынұлы; және жазушы әрі ғалым Ж.Аймауытов ақталды. 1990 жылы қыркүйекте Н.Назарбаевтың «30-40 ж.ж. аралығында және 50 жылдың басында заңсыз қуғын-сүргіннен зардап шегіп, кейін ақталған азаматтарға жәрдем көрсету жөніндегі шаралар туралы» жарлығы шықты.

1990 ж. басында осыған дейін тиым салынып келген Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» қойылымы М.Әуезов театрының сахнасында қойылды.

 

ХХғ. 90ж. Қазақстанда 48 театр, және 19 ұлттық мәдени орталықтар болған. ХХғ. 80ж. соңында «Соңғы аялдама», «Бөлтірік бөрік астында», «Сұлтан Бейбарыс» фильмдері түсірілді.

1980 ж. республикада 55 жоғарғы оқу орындары; 246 орта арнаулы оқу орындары болды.

1984 жылғы кезекті мектеп реформасы бойынша алты жастан бастап оқыту шарасы енгізілді. 1990 жылдан 1991 жылға дейін республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін 155 мектеп, және 482 балабақша ашылды.

1987 жылы қазақ және орыс тілдері туралы қаулылар шықты. 1989 ж. 22 қыркүйекте «Қазақ КСР-дегі тілдер туралы» заң қабылданды. Осы заң бойынша қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ал орыс тілі - ұлтаралық тіл болып жарияланды.

 

 

1991ж. тамыз төңкерісі

1991 ж. 19тамызда Горбачевтің денсаулығы нашарлауына байланысты президент өкілеттілігі КСРО-ның вице-президенті Янаевтың қолына көшті. Осылайша елде мемлекеттік төңкеріс жасау үшін «төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет» (ТЖМК) құрылды.

ТЖМК-ның құрамына КСРО-дағы ең ықпалды 8 адам кірді: 1)Янаев (КСРО вице-президенті); 2)Павлов (КСРО премьер-министрі); 3)Язов (КСРО корғаныс министрі); 4)Пуго (КСРО ішкі істерминистрі); 5) Крючков (КСРО МХК-ң төрағасы); 6) Бакланов (КСРО корғаныс министрінің бірінші орынбасары); 7)Стародубцев (КСРО шаруалар одағының төрағасы); 8) Тизяков (КСРО транспорт, байланыс, құрылыс президенті).

Янаевтың мәлімдемесі бойынша төтенше жағдайды 6 ай мерзімге енгізу көзделді. Қырымдағы Фарос аралында отбасымен демалып жатқан Горбачевтың сыртпен байланысы тоқтатылды.

ТЖМК-ң құрылуын Ирак, Қытай ғана жақтады. ТЖМК демократияны қолдаған «Московские новости» газетінің шығарылуына тиым салды. Қазақстанда Азат, Желтоқсан қозғалыстары ТЖМК-ға қарсы болды. ТЖМК-ң құрылуын Орта Азиядағы республикалардың президенттері ішінде алғаш болып А.Ақаев катты сынға алды.

М.Горбачев КСРО президенті қызметпен 1991ж. 25 желтоқсанда босады.

 

Ескі Кеңестік органдардың таратылуы

1990ж. соңына қарай Қазакстандағы КОКП-ң қатарында 800 мыңдай коммунист болды. 1991ж. тамызда Н.Назарбаев КОКП құрамынан шығатындығын мәлімдеді. 1991 жылы 7 қыркүйекте Қазақстан Компартиясының төтенше съезі Қазақстан Компартиясын тарату туралы шешім қабылдады. Қазақстан Компартиясы таратылған соң, оның орнына Социалистік партия құрылды.

1991 жылы қазанда Кдзакстан Ленин Комсомолыныд кезектен тыс XVIII съезі епазшп, Республикадагы комсомол уйымы Казацстан Жастар Одагы болып кайта курылды.

1993 ж. кузде Қазақстандағы жергілікті кеңестер өзін-өзі тарата бастады. 1993 жылы 16 қарашада Алматы қаласындағы Алатау аудандық Кеңесі өзін-өзі тарату жайлы алғаш рет мәлімдеді. 1993 жылы қараша айының соңында Қазақстанда 100-ге жуық Кеңестер таратылды. 1993 жылдың соңында Қазақстанда Кеңестер жаппай таратылды.

Ал Жоғарғы Кеңестің ресми түрде таратылғандығын 1993 жылы 13 желтоқсанда С.Әбілдин жариялады.


1991 жылдан кейінгі Тәуелсіз Қазақстан

Қазақ халқының тәуелсіздік алғанға дейін екі жарым ғасыр бойы патша отаршылдары мен шовенистік большевиктерге қарсы ұйымдастырған 400-ге жуық көтерілістері ақыры 1991ж. 16 желтоқсанда өз нәтижесін берді. 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні деп жарияланды. (1991ж. 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы» деген атау пайда болған болатын).

1991ж. аяғына дейін екі апта ішінде 18 мемлекет Қазақстанның тәуелсіздігін таныды. ҚР-ның тәуелсіздігін алғаш мойындаған Түркия Президенті Тұрғыт Өзал бірінші болып Н.Назарбаевты тәуелсіздікпен құттықтады. Тәуелсіз Қазақстанның дипломатиясы тарихында алғаш рет сенім грамотасын Түркия елшісі Арғын Өзпай тапсырды. 1991ж. 31 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін ГФР мойындады. 1992ж. ортасына қарай ҚР-ң тәуелсіздігін әлемнің 30-дан астам елі мойындап, олардың ішінде АҚШ, Канада, Швейцария, Иран, Қытай, Пәкістан елдері болды. 1992ж. Қазақстан 2 наурыз күні БҰҰ-ға мүше болып қабылданды.

1992ж. 11 желтоқсанда ҚР-ң Мемлекеттік Әнұранының мәтіні

қабылданды. 1992ж. 4маусымда ҚР-ның Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілді. Тудың авторы Ш.Ниязбеков болса, Елтаңбаның авторлары Ж.Мәлібеков пен Ш.Уалиханов.

1992ж. қаңтарда Қазақстанның алғашқы сом алтын ақшасы шығарылып, алтын қорын жинау басталды. 1992ж. қаңтарда ҚР-ң Ішкі істер әскері құрылды.

1992ж. желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының түңғыш форумы өтті. 1992ж. шетелдерде 3 млн. 200 мың қазақ диаспорасы тұрып жатты. 1992ж. қыркүйек-қазан айларында дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтіп, құрылтайдағы ғылыми конференция тақырыбы «Қазақтар: кеше, бүгін, ертең» деп аталды. 1992 жылғы құрылтайдың ресми ашылуында ҚР-ң президенті Н.Назарбаев «Құшағымыз бауырларға ашық» деген баяндама жасаған болатын. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында Түркиядан келген қария, «Алаш» сыйлығының иегері Халифа Алтай сөз сөйледі. 1992ж. «Заман Қазақстан» газеті шыға бастады.

1992ж. президенттің бағаны босатуына Ресейдегі тұтынушылық бағаның босатылуы себеп болды.

1993ж. 15 қарашада ҚР-ң валютасы теңге айналымға шықты.

1993ж. 28 қаңтарда ҚР-ң тұңғыш Конституциясы қабылданып, бұл заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан түрды. Конституцияда қазақ тіліне мемлекепттік тіл, ал орыс тіліне ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесі берілген. Осы конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті 7 жыл мерзімге сайланады.

1993ж. президенттің «Болашақ» атты 250 халқаралық стипендиясы тағайындалды.

1993ж. Н.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойып, осы келісім бойынша Қазақстан ядролық қарудан еркін (азат) аймақ деп мәлімдеді.

1993ж. 3-4 қазанда Ресейде Ельцин мен вице президент Руцской арасында билік үшін талас болып Мәскеу төңкерісі орын алды.

1994ж. көктемде Қазақстанда жекешелендірудің ІІ кезеңі басталды.

(жекешелендірудің I кезеңі Қазақстанда 1991ж. басталған еді). 1994ж. шілдеде 2-ші қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев ғарышка ұшты ал тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров 1991ж. 2 қазанда ғарышка ұшқан болатын).

Т.Әубәкіров Қарағанды облысында туылған. ҚР-да «Халық қаһарманы», «Ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер.

1994 ж. наурызда болган оқиға Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау өтті.

1994 жылы 19 сәуірде жаңа парламент өз жұмысын бастады, төрағасы Ә.Кекілбаев (1995 жылы көктемде парламент таратылды).

1994 ж. қыркүйекте Еуразиялық мемлекеттер одағының конференциясы Алматы қаласында өтті.

1994 ж. Қазақстанда егіс көлемі 6 млн. гектарға қысқарды.

1995ж. қыркүйекте ел астанасы Ақмолаға көшетіндігі туралы республика

президентінің жарлығы жарық көрді (1997ж. астана Ақмолаға көшіп 1998ж. 6 мамырда Ақмола қаласын Астана деп атау туралы жарлық шықты. 1998ж. 10 маусымда Астананың саптанатты жағдайда тұсау кесері болып 1995ж. 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. 1993ж. 28 қаңтардағы және 1995ж. 30 тамыздағы конституциялар бойынша республикадағы биліктің қайнар көзі халық деп көрсетілген. Конституция бойынша халық атынан Президент пен Парламент сөйлей алады. Президент - Қазақстан Республикасы және оның атқарушы өкіметінің басшысы. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 98 бап, 9 бөлімнен тұрады.

1995 ж.референдумға қатысушыларға: «Сіз 1991ж. 1 желтоқсанда бүкіл халық сайлаған президент Н.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?» деген сұрақ қойылды.

1995ж. Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылды. 30 қыркүйек Қазақстанда ұлттық бірлік күні деп жарияланды.

1995ж. ҚР-ның тәуелсіздігін жариялауын мәңгі есте қалдыру мақсатында Алматыда Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы шешім қабылданды.

1995ж. ұлы ақын Абайдың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

1996ж. 26 сәуірде «Шанхай бестігі» (кейіннен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы) басшыларының алғашқы кездесуі өтті (1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасындағы келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау аяқталды. Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы көлемі 1000 шаршы шақырым болатын даулы жердің мәселесі 57% Қазақстанға, ал 43% Қытайға қарады). А

1996ж. 30 каңтарынан бастап Сенат пен Мәжілістен тұратын парламент тұрақты түрде жұмыс істей бастады.

1996ж. Жамбыл жылы деп аталды. (150 жылдығы). Ж.Жабаев «XX ғасырдың Гомері» атанған ақын.

1997ж. Н.Назарбаевтың «Қазақстан—2030» жолдауы жарияланды.

1997ж. 7 мамырда президент жарлығымен ҚР-ның Қорғаныс Министрлігі құрылды.

1997 жыл республика президентінің жарлығымен жалпы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды. Ақмолада саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.

1997ж. М.Әуезовтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. М.Әуезовтың шығармалары әлемнің 72 тіліне аударылып, жарық көрген.

1998 жылы 1 каңтарда Зейнетақы заңы кушіне енді.

1998ж. Шанхай ынтымақтастық ұйымының басшылары Алматыда бас қосты.

1998ж. Парламент шешімімен президенттің өкілеттігінің мерзімі 5 жылдан 7 жылға ұзартылды.

Президенттің жарлығымен 1998ж. «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланды. 1998ж. бастап Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Отан тарихы» деген журнал шығара бастады.

Президенттің жарлығымен 1999ж. «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жарияланды. 1999ж. ЮНЕСКО-ның шешімімен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы тойланды. 1999 жылы Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі жарық көрді (ал1996ж «Ғасырлар тоғысында»; 2003 жылы «Сындарлы он жыл» еңбектері шыққан болатын).

1999 жылы ақпан, наурыз айларында халық санағы өткізілді. 1999ж. халық санағы бойынша республика тұрғындарының саны 14 млн. 952,7 мың адам болып, оның ішінде қазақ халқының үлесі 53,4% жетті. (ал 1989ж. санақ бойынша республика тұрғындардың саны 16 млн. 199,2 мың адам болатын).

1999 жылы 11 маусымда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы жарияланды.

2000 жылдары (XXI ғ. басында) республикада мектептер саны 8 мыңнан астам болып, 3 млн-нан астам оқушы оқыды.

2000 ж. Еуразия мемлекеттерінің одағы (ЕуразЭС) құрылды. (Н.Казарбаев 1994ж. Еуразиялық мемлекеттер одағын құруды ұсынған болатын).

2000ж. Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды, Түркістанның 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланды.

2002 ж. Түркістанда Дүниежүзі қазақтарының 2-ші құрылтайы болды.

2003ж. Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының І-ші съезі, 2006 ж. ІІ-ші съезі, 2009 ж. ІІІ-ші съезі, ал 2012 ж. әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІV-ші съезі болып өтті.

 

 

Тәуелсіз Қазақстандағы әдебиет пен өнер

М.Шаханов адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескілеуін «Өркениеттердің адасуы» кітабында көтерсе, О.Сулейменов «Жазу тілі» атты еңбегінде дуниежузі тілдерінің даму заңдылықтарын саралады.

і

Қ.Жұмаділов Қаракерей Қабанбай туралы «Дарабоз» атты диалогиясын жазды. Е.Рахмадиевтің «Абылай хан» операсы жанр табысы деп танылды. 2004ж. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының 5 томы жарық көрді.

Тәуелсіз Қазақстандағы саяси қозғалыстар мен партиялар

1990ж. Қазақстанда 100-ден астам қоғамдық-саяси бірлестіктер болса, 1993ж. олардың саны 300-ден асты. 1990ж. жазда құрылған азаматтық қозғалыс «Азаттың» көкейкесті арманы Қазақстанның егеменді ел болуы. 1991 жылы маусымда «Қазақ КСР-дегі қоғамдық бірлестіктер туралы» заң қабылданды. 1989ж. О.Сулейменов антиядролық Невада-Семей ұйымын құрса, М.Шаханов 1980ж. аяғында халықаралық Арал-Балқаш экологиялық ұйымын құрды. 1991 ж. 5қазанда О.Сулейменов пен М.Шаханов «Қазақстанның Халық конгресі партиясы» деген ұйым қурды.

90 жылдары славян текті ұлттардың мүдделерін қорғау мақсатында «Славян» қоғамы құрылса, мүшелері көп, қаражаты мол, Германиямен тығыз байланыста болган қазақстандық немістердің ұйымы «Видергебурд» (қайта өрлеу) пайда болды.

1993ж. Қазақстанда 3 саяси партия ресми түрде тіркелді: 1) Социалисік партия; 2) Қазақстан Халық Конгресі; 3) Қазақстан республикалық партиясы.

1993ж. «Қазақстан халық бірлігі одағы» құрылып, жетекші Н.Назарбаев болды.

1999 жылы қаңтарда «Отан» партиясы құрылып, төрағасы С.Терещенко болды.

2001ж. үкімет құрамы мен басқа да билік құрылымындағы жас олигархтар «Қазақстанның демократиялық таңдауы» деген қоғамдык қозғалыс ұйьмдастырды.

2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны 15 болды. 2004ж. парламент мәжілісінің кезекті сайлауы алдында ресми түрде саяси партия тіркелді.


Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Шамалған ауылында туылған. Ол еңбек жолын 1960 ж. Теміртауда жұмысшы болып бастаған. 1984-1989 ж.ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1990 жылы маусымда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, 1990 жылы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңесте Қазақ КСР-нің тұңғыш Президенті болып сайланған. 1991 жылы 1желтоқсанда бүкілхалықгық сайлау қорытындысымен Н.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды.

Елбасы Н.Назарбаевтың еңбектері:

1.1993 жылы 9 қазанда «Қазақстанның болашағы-коғамның идеялық бірлігінде»;

2. 1996 жылы «Ғасырлар тоғысында»;

3. 1999 жылы «Тарих толқынында»;

4. 2003 жылы «Сындарлы он жыл» еңбектері шықты.

«Қазақстан-2030» стратегиясы

1997ж. қазанда Н.Назарбаев жариялаған «Қазақстан-2030» стратегиясы 7 басымдықтан (бөлім) тұрады: 1)Ұлттық қауіпсіздік; 2)Ішкі саяси тұрақтылық; 3)Нарықтық қатынастар негізіндегі экономикалық өсу; 4)Азаматтардың денсаулығы, білімі, әл-ауқаты; 5)Энергетика рссурстарын жете пайдалану; 6) Инфрақұрылым, көлік байланыстарын дамыту; 7) Кәсіби мемлекет құру.

Президенттің жолдауында Қазақстанның дамуына сыртқы факторлардан қолайлы географиялық жағдайы өз септігін тигізеді. Жолдаудағы президенттің пікірі бойынша Қазақстан Еуразияның орталығы бола отырып, Ресей, Қытай және мұсылман әлемі арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы рөлін атқаратын болады. Президенттің пікірі бойынша Орталық Азия одағын Қазақстан Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қарым- катынасын дамыту арқылы нығайтады.

Президенттің халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі миграциялық саясат делінеді, ол халықтың бір елден басқа елге немесе бір елдің ішіндс қоныстауы.

Президент өз жолдауында Ресейдің соңынан біз де «демографиялық түйыққа» түсуіміз мүмкін деп халық санының тек миграция есебінен емес, табиғи жолмен де азаюын меңзеп отыр. Президент жолдауда демографиялық мәселелерді шешуді ата-аналардың бала тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырудан бастауды ұсынды.

Президенттің пікірі бойынша Қазақстанды гүлдендіруді күшті экономика кұрудан бастау керек. Президент жолдауы бойынша Қазақстан жоғары дамыған ел құру үшін өзінің моделін негізге алуы керек.

Президенттің пікірі бойынша шетелдік инвестициялармен келісім-шарт кезінде бірінші кезекте экологияны ескерту қажет.

Жолдаудағы Президенттің пікірі бойынша шетелдермен байланыста ноу-хауды пайдалануға қатты көңіл бөлу керек. Авиациядағы қиындықтарды

алдымен телекоммуникациялық қызметті дамытуды ұсынады.

Президенттің жолдауы бойынша республикадағы макроэкономиканы түрақтандыру процесі дсгеніміз мемлекеттік бюджеттің таншылығын қысқарту жэне қатал монетарлық және несие саясатын жүргізу.

Президенттің пікірі бойынша қазіргі кездегі республикадағы ауыр жүктерді тасуда теміржол транспортының ролі зор.

Президент жолдауында көрсетілгендей, қазіргі кезде біздің мемлекетіміздің басты тірегі мен тұрақтандырушы факторы орта тап болып

табылады. Сондықтан мемлекет орта таптың мүддесін қорғауы тиіс.

Халыққа жолдауында президент көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанда қажет үш белгіні ұлттық бірлік, әлеулметтік шындық,

азаматтардың әл-ауқатының артуын белгілеп берді. Президент жолдауындағы өзекті сөздер халықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігнің

және әл-ақуатының артуы. Президенттің халыққа жолдауы бойынша казіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор адамдар, олардың ерік-жігері, білімі, күш-қуаты. Жолдауда көрсетілгендей қазақстандықтардың өзіне тән ерекше қасиеттері байсалдылығы мен төзімділігі болып табылады.

Жолдаудағы стратегиялық бағыттарды жүзеге а







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2760. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия