Мәдениет
Ұлы Отан соғысынан кейін мектептерге көмек көрсету жексенбіліктер ұйымдастырылды. 1948ж. республикада 15 жасқа 200 мың бала окуға тартылмай жүрді. Халық сирек қоныстанған аудандарда малшы балалары үшін мектеп-интернаттар салынды. 1949ж. жалпыға бірдей міндетті жетіжылдык білім беру ісі қолға алынды. Ұлы соғысынан кейінгі жылдарда Қазақстанның жоғары білім жүйесінде педагог мамандарды даярлау ісі басым болды. 1950 жылдары Қазақстанның орындарында Қытай елінің жастары көп оқыды. Қазақстанда 1954ж. бастап техникалык училищелер ашыла бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары зауыт-фабрикалардағы адамдардың кәсіби даярлығын арттыру және жұмысшы мамандарды көбейту мақсатында еңбек резервтерінің мектептсрі мен училищелер ашылды. 1945 жылы қазанда КСРО үкіметі Қазақ Ғылым Академиясын құру туралы шешім кабылдаған болатын. 1946ж. маусымда Қазақ ғылым академиясы ашылып, оны құруға орыс ғалымы Панкратова көмек көрсетті. Қазақ ғылым академиясының тұңғыш президенті болып Қ.Сәтбаев сайланды (Қ.Сәтбаев 1942ж. Жезқазған мыс-кен орындарын зерттегені үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болған. Ал минералды шикізаттар мен кен орындарының табиғатта таралу заңдылықтарын ашып, металлогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Қ.Сәтбаевқа Лениндік сыйлық берілген болатын). 1950ж. ішінде Қазақстан ғылымында қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді. 1947ж. М.Әуезов «Абай» романының екі кітабын аяқтап, 1949ж. М.Әуезовке «Абай» романының осы екі кітабы үшін I дәрежелі Мемлекеттік сыйлық берілді. 1955 жылы «Абай жолы» эпопеясы жазылды. І959ж. осы еңбегі үшін оған Лениндік сыйлық берілген болатын. Н.Погодин: «Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай» деген болатын. Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған С.Мұқановтың повесі Өмір мектебі деп аталады. «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін» романдарын жазған Ғ.Мустафинның «Шығанақ» повесі орыс тіліне аударылды. 1950 жылдары Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке» романы ұлттық прозаның жетістігі болды. 1950 жылдары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин сияқты ағартушы- ғалымдардың шығармаларын жинап, жарыққа шығару қолға алына бастады. Ш.Айтматов өзінің «Ғасырдан да ұзақ күн» (Боранды бекет) романында жазықсыз жазалағандардың тағдырын сипаттады. 1952 жылы Сталиннің «КСРО-дағы социализмнің экономикалық проблемалары» деген еңбегі жарияланды. 1954ж. Шуховтың бүкіл одаққа танымал болган «Тың игерушілер» кітабы шықты. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда композиторлар Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова симфониялы кемел туындыларды дүниеге әкелді. 1946 жылы «Біржан-Сара» операсы койылған болатын. 1949 жылы М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. 1952 жылы В.Голубович Қазақ драма театрында М.Әуезовтың «Абай» драмасын қойды. Қойылым КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Қазақ КСР Мемлекеттік ан және би ансамблі жастар мен студенттердің дүниежүзілік VI фестивалінің лауреаты атанды. Қ.Қожамияров тұңғыш ұйғыр операсы «Назугумды» жазды. 1954 жылы ұйғыр сазгері Қ.Қожамияровтың «Ризвангүл» атты симфониялық туындысы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Қ.Телжанов «Атамекен»; С.Мамбеев «Тауда», «Киіз үй қасында»; М.Кенбаев «Шопан әні», «Сұхбат» атты суреттерін дүниеге әкелді.
1960—1970 жылдардағы Қазақстан Халықаралық саяси-ахуал 1961ж. 12 сәуірде Ю.Гагарин Байқоңырдан тұңғыш рет ғарышқа ұшып, ғылымның дамуындағы революциялық дүр сілкінуді жасады. 1962жылы КСРО-ң Кубада зымырандар орналастыру саясатына байланысты Кариб дағдарысы өршіді. 1963ж. Мәскеуде кеңес-американ келіссөзі өтіп, екі жақ ауада, ғарышта, суда атом бомбасын сынауға тиым салу жөніндегі келісімге қол қойды. 1964ж. КОКП ОК-ң пленумында Суслов Хрущевты айыптайтын баяндама жасады. Осыдан кейін Хрущев қызметінен кетіп, оның орнына Л.Брежнев келді.(1964-1982). Ол 1967 жылы КСРО-да кемелденген социализм қоғамы орнайды деп мәлімдеді. 1968ж. Чехословакияда А.Дубчек басқарған «Прага көктемі» деп аталатын ереуіл орын алған еді. Чехословакия Шығыс Еуропадағы социалистік елдер арасынан бірінші болып, социализмнен бас тартқан ел болды. Тоқырау жылдарында Югославия да КСРО-дан іргесін аулақ ұстап, нәтижесінде Кеңестер Одағымен қарым-қатынасы нашарлап кетті. 1960 жылдың ортасынан бастап КСРО-Қытай қатынасы салқындай бастады. 1969 жылы 13 маусымда екі ел әскері Даман аралында, ал 13 тамызда Жалаңашкөл маңында (Семей облысы) ірі әскери қақгығысқа түсті. 1969ж. 11 қыркүйекте Пекин әуежайында КСРО мен ҚХР премьер-министрлері Косыгин мен Чжоу Энлай кездесіп, екі ел арасындағы ядролық соғыстың қаупін тоқтатты. 1970 жылдардың соңына қарай Қытай Халық Республикасының экономикасында түбегейлі өзгерістер басталды. 1979ж. КСРО «социализм орнатамыз» деген желеумен Ауғанстанға басып кірді. Брежневтің бүл шешіміне қарсы шыққан әйгілі академик Сахаров жер аударылды. Ауған соғысына 21979 қазақстандық жауынгерлер қатысып, оның 780-і қаза тапты. 393-і мүгедек болып, 22 адам хабарсыз кетті. Бүл соғыс КСРО-ға 5 млрд. сом шығын әкелді. 1989ж. 15 ақпанда Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін әкету толық аякталды.
Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір XX ғ. 60 жылдары (1962 ж.) Н.С.Хрущев партиялық ұйымдарды өндірістік белгілері бойынша бөлді. XX ғ. 70жылдары Қазақстанда шаруалардың еркін еңбек етуіне жағдай туғызу идеясын көтерген Худенко фермерлік шаруашылықгы дамытуға тырысып, ауыл шаруашылығындағы дамудың тиімді әдістерін үсынды, бірақ сотталып түрмеде қайтыс болды. 1978 жылы 17 наурызда Қазақ КСР Конституциясының жобасы бүкілхалықгық талқылауға түсті. 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-нің жаңа конституциясы қабылданды. Конституцияда көрсетілгендей, республикадағы ең жоғарғы заңды билік органы Жогаргы Кеңес. Ал атқарушы билік Министрлер кеңесі. 1979 ж. көктемде Қазақстан Целиноградта неміс автономиясын құру туралы хабар тарады. 1979 ж. Целиноградта неміс автономиясын құру саясатына қарсы Ақмола жастарының демонстрациясы басталды. Неміс автономиясын құру туралы Ю.Андропов қабылдап, неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке А.Коркин басшылық етті. Автономия құрамына Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау облыстары кіріп, орталығы Ерейментау қаласы болуы тиіс болды. 16-19 маусымда Акмола жастары наразылық шерулерінің аркасында автономия құру ісі тоқтатылды.
|