Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан-2050» стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты





Біз бүгін –өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз. Біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түсті. Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды. Қазақстан ХХ1 ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз –егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХ1 ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.

Біздің басты мақсатымыз- 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады. Дәл осы себепті мен сіздерге жаңа Жолдау ұсынып отырмын. Бұл-еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым. Бұл- жаңа саяси бағыт…

Елбасы Жолдауынан, 2012 ж.14 желтоқсан

Қазақстан Республикасы президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Қазақ елінің дамыған отыз елдің қатарында болу мақсаты баяндалған.

Жолдау стратегиясының жеті бағыты анықталған:

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты-пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген экономикалық прагматизм.

2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші-кәсіпкерлікті жан-жақты қол- дау.

3 Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері-әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік.

4. Білім мен кәсіби машық –заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары.

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.

6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат-ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

7. Жаңа қазақстандық патриотизм –біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыздың табысының негізі.

Жолдауда «Бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз», «Бәріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы», «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан».

Білім сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл туралы «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деді Елбасы өзінің «Қазақстан-2050»стратегиялық Жолдауында. Бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру- білім беру саласы мамандарының басты мақсаты.

Мемлекеттің жаңа саяси бағытын айқындап берген «Қазақстан-2050» стратегиясында бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін сауаттылығы мол елге айналу керектігіне аса мән берілгені мәлім. Осы елдің ертеңі, болашағы –бүгінгі өскелең ұрпақ десек, оларға осы бағытта дұрыс тәлім-тәрбие, сапалы білім берілуі міндетті шара.

Қазақстандық патриотизм-Қазақстанды Отаным деп сезініп, басқа этностардың қазақ халқына құрметпен қарауын, әр этностың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін және оны қорғауға дайын болу. Елбасы Жолдауында /Қазақстан-2050/ біздің қоғамымыздың табысының негізі-жаңа қазақстандық патриотизм екендігі айтылды. Бұл ретте біз ел тәуелсіздігі мен қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз.

Жоғары патриоттық сезімдер-ұлттық намыс, өз ұлтының жетістіктерін бағалау, отан қорғауға әрқашан дайын болу, ерлік дәстүрін қадір тұту.

Төменгі патриоттық сезімдер-өзінің бойында ұлттық намысы жоқ, өз ұлтының жетістіктеріне қарсы болу, құлдық сезім т. б. жатады. Мұндай төменгі патриоттық сезімдердің ішіндегі құлдық сезім өте қауіпті.

Патриоттық тәрбиенің негізі, қазақ патриотизімі ерте кезден бері қалыптасты. Себебі сонау сақ дәуірінен, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қағаннан, Қазан төңкерісіне дейінгі кезенде туған жер үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына Отанымызды, «қазақ” атауын біздерге мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында ауызекі түрде жыр, өлеңмен тараған патриоттық өсиеттердің негізінде бізге жеткен. Демек, қазақ патриотизімі-рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата-бабаларымыздың қаһармандық, батырлық отансүйгіштік тәлім-тәрбие беру идеалдарының жиынтығы деп айтуымызға болады.

»Қазақстан-2050"стратегиялық бағытын жүзеге асыруда біздің-қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Тағлымы мол тарихымыз бен ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Осыдан үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. Сын сағатта туғын елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де батыр бабаларымыздың бостандық жолында төгілген қаны деп білеміз. Біз бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан.

Патриотизм-бұл болашақ елдің игілігіне жұмсалатын инвестиция. Ол- білім, жасампаз еңбек арқылы қалыптасады. Патриотизм- бұл өз Отанына деген көркем махаббат. Жүрегінде еліне деген сүйспеншілігі болмаса, қанша білікті болсаңда өмірің зая кетті.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 964. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия