Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тегінде тәлім тәрбие жұмысы – педагогика іліміне қатынасты сала.





Тегінде – 3 буын, 7әріп, 7 дыбыс, 3дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс.

Т- дауыссыз, қатаң, шұғыл, тіл мен тіс.

Е- дауысты, жіңішке, ашық, езулік.

Г- дауыссыз, ұяң, шұғыл, тіл ортасы.

І- дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.

Н- дауыссыз, үнді, мұрын жолды, тіл алды.

Д- дауыссыз, ұяң, шұғыл, тіл мен тіс.

Е- бар

Тәлім –2 буын, 5 әріп,5 дыбыс,2 дауысты,3 дауыссыз дыбыс.

Т- бар

Ә- дауысты, жіңішке, ашық, еріндік.

Л- дауыссыз, үнді, ауыз жолды, тіл алды.

І-бар

М- дауыссыз, үнді, мұрын жолды, ерін.

Тәрбие –3 буын, 6дыбыс,6 әріп,3 дауысты дыбыс, 3дауыссыз дыбыс.

Р- дауыссыз, үнді, діріл, тіл алды.

Б- дауыссыз, ұяң, шұғыл, ерін.

И-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.

Жұмысы- 3буын, 6 әріп,6 дыбыс, 3дауысты дыбыс,3 дауыссыз дыбыс.

Ж-дауысссыз, ұяң, ызың, тіс.

Ұ- дауысты, жуан, ашық, еріндік.

Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік.

С-дауыссыз, қатаң, ызың, тіс.

Педагогика- 5 буын,10 дыбыс,10 әріп,5 дауысты дыбыс,5 дауыссыз дыбыс.

П – дауыссыз, қатаң, шұғыл, тіл арты.

А-дауысты, жуан, ашық, езулік.

О-дауысты, жуан, ашық, еріндік.

К- дауыссыз, қатаң, шұғыл, тіл ортасы.

Қ – дауыссыз, қатаң, шұғыл, тіл арты.

3.Шағын жинақталған мектептегі қиындықтарды жеңу жолдары. Бүгінде біздің елімізде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру мақсатында шағын жинақты мектепке үлкен көңіл бөлініп, қамқорлық жасалуда. Оған дәлел:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.02.2002 ж №300 қаулысын
қабылдауы, онда шағын жинақты мектеп қызметінің құқықтық-нормативтік жақтарының анықталуы;
2. Шағын жинақты мектептің негізгі нормативтік-құқықтық базасының
болуы;
3.«Білім туралы» Заңда шағын жинақты мектеп мәселелерінің бел-гіленуі;
4.«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» шағын жинақты мектептерде білім беру сапасын арттыру мәселелерінің нақтылануы, атап айтқанда:
- Шағын жинақты мектептерді дамытудың республикалық орталығының Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру базасында құрылатындығы;
- Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың жанынан 14 өңірлік орталықтың ашылатындығы;
- ШЖМ қызметінің үлгі ережесі әзірленетіндігі;
- «Мектепке және мектептен тегін әрі қауіпсіз жеткізетін мектептер жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қамтамасыз ету» стандартының әзірленетіндігі және қабылданатындығы.
5. Шағын жинақты мектепте бала санының аздығына қарай:
- әр түрлі жастағы балалардың бір-бірімен толық қанды қарым
қатынасының орнауы;
- тілдің дамуына үлкен мүмкіндіктің болуы;
- әр оқушыны табысты оқыту;
- мұғалім мен оқушылардың тығыз ынтымақтастығы;
- оқытудың жеке әдіс-тәсілдерін ұғымдық түрімен ұштастыруға
мүмкіндіктің тууы.
6. Педагогикалық оқу орындарында шағын жинақты мектеп үшін
педагог кадрларды дайындауға деген бетбұрыстың жасалуы;
7. Педагог кадрларының біліктілігін арттыруды бюджеттік
қаржыландыру (шағын жинақты мектеп педагогтарын түгел біліктілікті арттырумен қамту).
Шағын жинақты мектеп мәселелері еліміздің барлық өңіріне тән жағдай.
Мемлекет тарапынан шағын жинақты мектептерді дамыту мен оның жұмыс жүйесінің назарға алынуы, қолдау көрсетілуі – еліміздің рухани-мәдени ошағына айналған ауыл мектебін сақтап қалуға қосқан үлес деуге болады.

– Көптеген елдерде шағын жинақты мектептердің болуын әлемдік білім беру кеңіс-тігіндегі феномен ретінде сипаттауға болады. Ұқсас проблемалар, оларды дамыту мен шешу жолдары бірдей болса да, әр елде шағын жинақты мектептердің өзіндік бағыты бар, өзіндік білім беру тәжірибесі мен саясатын жүзеге асыратын жолы бар.

Мысалға алатын болсақ, АҚШ-та әрбір, тіпті ең кішкене ауыл мектебін сақтап қалуға тырысады, ол үшін мұғалімдерге материалдық тұрғыдан қолдау көрсетіледі, әлеуметтік көтермелеулер жасалады. Мұнда ауылдағы «шағын жинақты» мектеп педагогтерінің жалақысы қаладағы әріптесіне қарағанда екі есе көп.

Франция мен Германияда шағын мектептердің сабақтарының бір бөлігін кәсіпорындарда, кәсіптік оқу орындарымен тығыз байланыста өткізу кеңінен қолданылады. Бұл оқу үдерісін жергілікті өнеркәсіптік және экономикалық ерекшеліктермен сәйкестендіруге және білім алушыларды еңбекке, қызметке араласуға көмектесуге мүмкіндік ашады. Қоныстары шашыраңқы орналасқан Австралия мен Польшада балаларды оқыту проб-лемасы ақпараттық технологиялар арқылы қашықтан оқытумен шешіліп отырады екен.

Батыс Еуропадағы халықтың тығыз орналасуы халқы аз елді мекен оқушыларын толық кешенді мектептерге тасымалдап оқыту толығымен жолға қойылған. Балаларды тасы-малдауды ұйымдастыру, оны қажетті қаржымен қамтамасыз ету мәселелерімен біздің еліміздегі жергілікті атқарушы органдар сияқты муниципалитеттер айналысады.

2009 жылғы мәліметтер бойынша Ресейдегі жалпы білім беру ұйымдарының 70%-ын шағын жинақты мектептер құрайды, яғни, әр төртінші бала шағын жинақты мектепте оқиды. Ресейдің білім беру тәжірибесінде шағын жинақты мектептерді әлеуметтік ортамен біріктірудің түрлі формасы бар. Онда мектеп, балабақша және мәдениет үйі, сынып-сабақтық емес типтегі мектептер, базалық мектептер енетін ауылдың мәдени өмірін біріктіретін орталық құрылған.

Украинада әрбір бес мектептің біреуі 40-50-ден аспайтын оқушысы бар шағын жинақты мектеп болып табылады. Бұл елде қаржылық қиындықтарға қарамастан, екі есе төлемге 1-5 сыныптардың барлық пәндерін бір мұғалімнің оқытуы, сыныптағы толымдылықтың нормативін үш оқушыға дейін азайту, сыныпта 16 оқушы бар жағдайда жекелеген пәндерді топқа бөліп оқытуды енгізу, педагогикалық сағаттар санын оқу жүктемесіне түзету жүзеге асырылған.

Міне, шағын жинақты мектептер қазақстандық білім жүйесіне ғана тән емес. Ол басқа елдерде де кездеседі. Әрқайсысының өз ерекшеліктері және қиындығы бар. Біз кез келген шетелдік тәжірибеге сүйену үшін бір нәрсені анықтап алуымыз керек: яғни ұлттық болмысымызға кері әсері жоқ па немесе оның түбі неге алып келеді. Ал ой елегінен өткізілген, өзімізге қарай оңтайланған тиімді тәжірибелерді неге енгізбеске?!







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1649. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия