Билет-16
1.Тұрақты сөз тіркесі.Фразеология Тұрақты тіркес сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.Мысалы:қой аузынан шөп алмас, таяқ тастам жұмған, аузын ашпау.Сондай ақ мұндай тіркес көркем бейнелі бір ұғымды білдіреді. Неше сөзден құралса да тұрақты тіркес бір ғана мүш қызметін атқарады.Осы сөйлемдегі көзі ашық көкірегі ояу тұрақты тіркестің сұрағы қандай саналы деген бір мағынаны білдіретін бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркесті тұрақты тіркес дейді. Мәсслен, мұрнын көкке көтерді дегеннін, орнына қолын көкке көтерді десек, мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Тұрақты тіркес еркін тірксске айналып кетеді. Ал көк деген сөздін, орнына оиың синонимі аспан сөзімен ауыстырсақ (мурнын аспанға.көтерді), мағына тұтаастығы онша бұзылмағанымен, стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды тимейді. Көтерді деген етістікті көтермеді, көтеріп түр, көтермейікші дегендей түрлендіріп, өзгерте беруге де көнбейді. Тек өзінің сіресіп қалыптаеқан қалпында қолдануды талап етеді. Сол сияқты бар-мағын тістеді деудін, орнына саусагын тістеді десек, фразеоло-гиялық мағынасынан ажырап, баскаша мән алады. Фразеология деген грамматикалық термин гректің фразис (сөйлемше), логос (ілім)-деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған. Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы тұрақты сөз тіркестері деген ұғымды береді. Сондықтан фразеология деудің орнына кейде грамматикада тұрақты сөз тіркестері деп те қолданылады. 1) Бөліп жаруға келмейтін және оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер. 2)құрамындағы сөздердің мағынасында метафоралық пародиялық ерекшіліктер болатын мәтеге және тұрақты тіркеске бейім келетін сөздер. 3)Өзге тілге тура аударуға келмейді. Фразалық тіркес дегеніміз –құрамындағы сөздер дің біреуі немесе бірнешеуі өзінің бастапқы лексикалық мағынасын сақтап қалатын сөз тіркестер.Мысалы тайға таңба басқандай «анық»деген фразалық тіркеске негіз болып тұрған –тайғатаңба басу деген тіркес;тепсе темір үзеді деген,мықтылықты, қайраттылықты білдіртін ұйытқы сөздер –тебу мен үзу,ал жарғақ құлағы,жаман көз,сақар тау,алма мойын деген фразалық тіркестердің екінші сөздері негізгі алмағыналарын сақтап қолданылады. Мақал-өмір құбылысын жинақтай отырып,түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі. Мысалы:Еңбек етсең, емерсің,Кеңболсаң,кем болмассың, Жел тұрмай, шөптің басы қимылдамайды.Жері байдың елі бай. Мәтел халық арасына көп тараған белгілі бір ойға,ұғымға ишара жасайтын, сатарлап,жұмбақтайтын айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.Мысалы баяғы жартас,сол жартас. Фразеологизмдер дербес лингвистикалық сала екенін танытатын 3 түрлі белгі бар: 1)даяр қалпында жұмсалу белгісі. 2) мағына тұтастығы 3) тіркес тиянақтылығы Біздің негізгі қарастыратын мәселеміз – фразеологиялық антонимдер. Тұрақты сөз тіркестері мән-мағынасы жағынан қарама-қарсы болып та жұмсалады. Ондай қолданыстарды фразеологиялық тіркестер тәрізді фразеологиялық антонимдер даяр қалпында жұмсалады. Бұл белгі еркін тіркестермен салыстырғанда айқын байқалады. Еркін сөз тіркестеріне қарағанда фразеологиялық сөз тіркестерінде құбылту болмайды, яғни айтушы ойын еркін түрде емес, тілде бұрыннан қалыптасып даяр тұрған тіркестерді пайдалану арқылы жеткізеді. Мысалы: Жамбасының астынан жеп жату (қиналмай, еңбектенбей өмір сүру). Ащы тер төгу.(қатты қиналып әрекет ету.Ащы терің жерге төгілсе төгілер, менің дәулетім төгілмес.) Фразеологизмге тән екінші белгі – ол мағына тұтастығы. Фразеологизмдердің қолданысы да мағына тұтастығына тікелей тәуелді. Фразеологизмдердің бәріне де белгілі бір меншіктік мағына болады. Мысалы: 1. ине жіптен жаңа өткен (су жаңа киім). Досекңнің өзі де жаңа шыққан люкс костюмін столдың еш жеріне тигізбеймін дегендей сіресіп отыр. (Ә.С.). Дәстүрлі сабақ - мұғалімге бағынатын оқушылардың тәртібімен, тіл алғыштығымен, нәтижелігімен сипатталатын сабақ; қалыптасқан дәстүр мен таптауырын бойынша оқу материалдарының дәлме-дәл кескіні.[1] 3Жалпы алғанда мектептердегі балалардың өз ара қарым-қатынасы,олардың аздығы Сабақ түрлерін байытуды оқыту әдістерін түрлендірудң талап етеді.Оқушы дамуына әсерететін негізгі әдістер ішіне сыртына,диалогтық оқу,проблемалық оқыту оқыту әдістері т.б Ішін ара іздену сабағында мұғалім баланың әр қадамын назарға алып,оның жасерекшелігін ескере отырады.Эвристикалық әңгіме жүзеге асады, мұғалім проблемалық сұрақтар қойады оқушы жауап береді. Диалоктық –оқу материалының мазмұнына негізделеді,мұғалім мен оқушы тең дәрежеде әнгімелесе алады. Проблемалық сабақ түсдіріледі.Мұғалім төтілген тақырыпқа байлнысты проблема қойады. 3.ШЖМ-гі оқыту әдістері Жалпы алғанда, шағын комплектілі мектептердегі балалардың өзара қарым-қатынастарының шектеулігі мен олардың аздығы сабақ түрлерін байытуды, оқыту әдістерін түрлендіруді талап етеді. Оқушы дамуына әсер ететін негізгі әдістер ішінара іздеу, оқу диалогы, проблемалық оқыту әдістері т.б. болып табылады. Ішінара іздеу сабағында мұғалім баланың әр қадамын назарға алып, оның жас ерекшеліктерін ескеріп отырады. Ішінара іздеу эвристикалық әңгімеде жүзеге асады, мұғалім проблемалық сұрақ қояды, оқушы талқыланатын сұрақтарды ой елегінен өткізіп, жауап береді. Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері оқу диалогын өз тәжірибелерінде сәтті қолданады. Диалог – оқу материалының мазмұнына негізделеді. Бірақ мұндай диалог сөздерін жоспарлау сабақ басталмастан бұрын өтеді де, ол оқушының тапсырманы игеру дәрежесіне немесе дайындығына бағытталуы керек. Себебі, жоспарланған диалог мәтіні мұғалімге белгілі болғанмен, оқушыларға белгісіз болады. Диалог сабақтарда оқушылар мұғаліммен тең дәрежеде әңгімелесе алады. Сондықтан оқыту мазмұны ол үшін маңызды, ол өзіне керекті сұрақты өзі қояды, іштей өзімен-өзі диалог құрады. Проблемалық оқыту әдісі де маңызды. Сабақты түсіндіру проблема қоюға алмастырылады. Мұғалім басты проблеманы қояды, оны шешуде балалар алдына жеке проблемалар қою арқылы қарама-қарсы шешу жолдарын көрсетеді, көзқарас күресін тәжірибе көмегімен дәлелдемелер арқылы көрсетеді. Шағын комплектілі мектепте, сондай-ақ ойын әдістері амалдары мен түрлері (рөлдік ойындар, іскерлік ойындар), қалыпты емес сабақтар (саяхат сабақ, аукцион сабақ, театр сабақ) өткізіледі. Ойын кезінде бала қимыл субъектісі. Демек, ол ойын нәтижесін көздейді. Бастауыш сынып оқушылары рөлдік ойындар ойнағанды ұнатады. Костюм мен модельдері бар рөлдік ойындар оқу үрдісін белсенді ететін маңызды дидактикалық құрал болып табылады. Сонымен қатар, “Ертегі” әдістемелік амалын мұғалімдер бастауыш сыныпта кеңінен қолданады. Яғни, ертегіден үзінділер, кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастарды пайдалану балалардың тілдік қорын молайтуға, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Ал, ойын үлгілерін жаңа білімді меңгерту, білімін пысықтау, білігі мен дағдысын бақылау үшін қолдануға болады. Бастауыш сынып балаларының қиялы мен ойлауы ұшқыр болады. Қиын тақырыптарды олар ойын арқылы да игереді. Оқу мақсаты мұндай сабақтарда сәтті жүзеге асады.
|